Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бастауышым-бал бұлағым. -

Бастауышым-бал бұлағым.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1629 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Темірбаева Гулжан Мірәліқызы

Бастауышым-бал бұлағым.
«Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!»
«Бастауышым-Бастамам, білім жолын бастаған»
Сабақтың мақсаты: 4-жыл білім алып , алғаш мектеп табалдырығын аттаған бастауыш сыныппен қоштасу.Оқушыларды мейірімділікке, ұқыптылыққа өз-өзіне деген сенімділікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Шарлар, көрнекіліктер ,бүктемелер.
Адина : Ал, қанеки қыздар бүгін бізде қуанышты және өте қимастықпен білім нәрімен сусындатып 42 әріпті танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасатын күн де келген сияқты.Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған біздер – яғни 17-қыз, 11-ұл бала бүгін бастауыш сыныпты аяқтап,орта буынға көшкелі отырмыз.Осынау қимаста қуанышты сәтте бізбен бірге болғандарыңызға қуаныштымыз.
Жанерке: Ия, Адина дұрыс айтасың. Алғашқы ұстаз! Мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланы жылы жүзбен қарсы алады.Қолынан жетектеп алып партаға отырғызды.
Аружан: Достар есіңе түсір.Сен оның көмегімен қағазға алғашқы әріптерді түсірдің, сан санауға үйрендің.Ол саған қаламсапты қалай ұстау керек екенін көрсетті.Әріптерден құрастырып жеке сөздерді, онан әрі тұтас сөйлемдерді оқуға машықтандырды.Сен оның көмегімен жүріп тұру, маңайыңдағылармен қарым-қатынас жасау ережелерін игердің.Тіпті, дұрыс амандасып, дұрыс қоштасуды да содан үйрендің.
Д.Гүлназ: Дұрыс айтасың, Аружан.Шынында ол таңқаларлық төзімділікпен бізді жан-жақты үйретті.Әр оқушының қасына келіп, қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетті.Содан кейін түсініксіз сөздерді зор ынта қойып ұғындырды.
Насихат: Ол өзі байқамастан, асқан ерлік жасады.Кенет, біздің алдымызға жаңа, бұрын-соңды естіп, көз көрмеген әлемді жайып салды.Одан біз тап сол кезде Қазақстандай үлкен тәуелсіз мемлекет бар екендігін естідік.
Сандуғаш: Әлемде ғаламат үлкен теңіздер бар екенін, ол теңіздерде таудай кемелер жүретінін білдік.Кәдімгі базардан әкелетін жермайды жер астынан өндіріп алатынына да көз жеткіздік.
Арайлым: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар жиналған болса , ертеңгілігімізді бастайық.Біздікі не тұрыс?
Аяна:Дұрыс,дұрыс қыздар бастайық 4 жыл тынығуды білмей тыным таппаған ,Ұстазымызда бір дем алып бізді тамашаласын.
Сол кезде алып ұшып , алқа –салқа Нұржан кіріп келеді, де . Ой қыздар бастап қойдыңдар ма? Мен және кешігіп қалдым ба?
Ия! Нұржан сенің әдетің емеспе әрдайым кешігіп жүретін.Дәл осы жолы үлгердің .
Кешіріңдер,қыздар көңілімді түсірмеңдерші! ұстазымызбен қоштасу сәтін кереметтей өткізейік.
Жарайды олай болса бастайық.
Барлығы бірге тұрып қол ұстасып сәлем береді.
Би «Маленькая страна»
Жанерке:
Аса қадірліаналар мен ұстаздар және оқушылар!
Бүгін білім ғылымның алғашқы баспалдағы «Бастауыш» атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асып тұрмыз.
Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаздар!
Той-жиынсыз өмірдің мәні болмас.
Арамыздан талпынып, қақты қанат,
4 жыл бойы оң-солын таныған жас.
Аяна:
Армысыздар,аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар.
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған.
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Аққаршын:
Армысыздар, ағайын!
Армысыздар,мұғалімдер әз жандар.
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді.
Өлең оқып, би билеп, ән де бүгін айтылар.
Аяулым: Оқу елге керек пе?
Керексіз бе?
Болды дау...
Жар сап әлемге
Соғылды бір қоңырау.
Ол Ыбырай атаның
Қоңырауы болатын,
Жарық етті әлемді ,
Қараңғы еді дала тым.
Жырын жаттап жатамыз
Жалықпастан қыс-жазы.
Ұлы Ыбырай атамыз-
Ұстаздардың ұстазы.
Ұран тастар көп елге.
«Кел,балалар, оқылық!»
Деген сөзін көңілге
«Ықыласпен тоқылық!»
Аруна: Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәтте келіп жетті.Осынау алтын ұяда теңдесі жоқ ана да, дана да, жаны шуақта, нұрлы жүрегі сарыарқаның самалына татитын ізгі жан барын бәріміз жүрегімізбен сеземіз.
4 ә сыныбының биші қыздарының орындауында. Би «Саржайлау».
Ш.Гүлназ.
Алғаш рет өзіңнен
Білім алды балалар.
Оқу сырын өзіңнен
Біліп алды балалар.
Жастың өсті санасы.
Елжірейді жүрегі
Бастауышқа бар бала алғыс айтып жүреді.
Олай болса, сіздерді өзіміздің 4 жыл бір сыныпта тай құлындай тебісіп өскен оқушылармен таныстырып өтейік.
Адина:
1.Білімімен үлгі болған сыныпқа,
Отырмайтын ойланбастан тыныпта
Жанерке біздің өнегелі өнерлі
Арасында достарының беделді.
Жанерке:
2.Мен дәрігер боламын.
Үлкеннің де баланың
Деп, жүр біздің Сандуғаш
«Өзім емдеп жазамын!»
Адина:
3.Математиканы ұнатады.
Қыздарды кейде жылатыды.
Ризат біздің әрқашан
Күлдіреді кейде жылатады.
Жанерке:
4.Сөз сөйлесе жарқын-ақ,
Біздің Гүлназ күлімдейді жарқылдап.
Өсіреді ой санап
Сырымызды біледі.
Адина:
5.Оқытты ұстазым анашым,
Білгір ер болып өсемін.
Мен агроном боламын.
Жеріме дән себемін. дейді Тұрар.
Жанерке:
6.Қоштасуға қимай жұмсақ жүрегі,
Арай біздің апайына еркелеп
Бетінен сүйіп шығарып сап жүреді.
Адина:
7.Мен үлкейіп толамын.
Сіздей ұстаз боламын.
Деп жүр біздің Айдана.
Үлгісі кіші баланың.
Жанерке:
8.Сынып намысын ақтаған,
Жүрекке сыр жаттаған.
Гүлнұр мектеп ұясын.
Жан тәнімен сақтаған.
Адина:
9. Бойында алаулаған жалын,
Жақсылық толғандырып жанын.
Аружан біздің қайтпай үйге
Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.
Жанерке:
10.Сыйлап сәлем береді.
Үлкендерді көргенде,
Гүлназды сыныпта
Ізетті деп біледі.
Адина:
11. Қай кезде де ол анық,
Қайғырмайды өзі үшін.
Аяжан біздің қуанып,
Қызарады біз үшін.
Жанерке:
12. Болармын күні ертең-ақ мақтанышың,
Білім алып тер төгем еңбек етем.
Мен боламын елімнің қорғанышы.,деп
Данияр жүр, рахмет айтып ұстазына.
Жанерке:
13. Мынау менің сезгенім
Ол сыныптың данасы.
Өзгенің де өзінің
Адина болар панасы.
Адина:
14. Мінезі сондай салмақты.
Бәрімізге ардақты
Кім білмейді Аббасты.
Суретші болу арманы.
Жанерке:
15. Жыр оқып, тарихын ол танытқан.
Кітап оқып білімін де дамытқан.
Жұлдыз сыныбымыздың озаты.
Білімін ол болаттай қып қорытқан.
Адина:
16. Аңқау, бірақ ақылды
Сыйлап жүрер жақынды
Нұржан біздің ұлдарды,
Тәртіпке әркез шақырды.
Жанерке:
17.Әзілді жаны сүйеді.
Армансыз ол күледі.
Аққаршында әрқашан
Жып-жинақы жүреді.
Адина:
18. Өзі сондай салмақты,
Ұқыптыда, тиянақты,
Али біздің әрқашан
Таза ұстайды, сыныпты
Адина

19. Ал мен ақын боламын.
Сусылдаған қаламым.
Дейді біздің Аяулым.
«Таудан асқан талабым».
жанерке
20. Би билейді талмайды
Әсем әнін арнайды.
Біздің нәзік Аянаны
Барлық бала тыңдайды.
Жанерке:
21. Әдепті ол сақтайды.
Әділетті жақтайды.
Насихатты біздің апайлар
Тәртіпті деп мақтайды.
Адина:
22. Мен инженер боламын.
Жерден алтын табамын.
Деп жүр біздің Ерлан.
«Алтыннан мектеп саламын.»
Жанерке:
23. Бастауыштың түлегі.
Ел деп соққан жүрегі.
«МАЙ» қызметкері болам деп
Ердәулет біздің жүреді.
Адина:
24. Ұқыптылықты ұнатады,
Дарынды, әрі көңілді.
Арманшыл біздің Аруна.
Жалқаулықты білмейтін.
Жанерке:
25. Күні бойы тынбаған,
Үлкендерді сыйлаған.
Сабырлы біздің Қуандық.
Ұқыптылыққа бой лаған.
Адина:
26.Білімді алғыр жан-жақты.
Қыздарымыз сымбатты.
Жанель біздің әрқашан
Досымыз болар қымбатты.
Жанерке:
27. Өнер қуған жасынан.
Сөз асырмас басынан.
Намысқой біздің Ильяс
Табылар дос қасынан.
Адина:
28. Келеді сонау қашықтан.
Мектепке әркез асыққан.
Алмас біздің ақкөңіл
Көңілі дария тасыған.
Аруна: Құрбыласпыз.
Данияр: Тұрғыласпыз.
Нұржан: 28-біз.
Аяулым: Күлімдейміз.
Аяжан: Бір бақшаның гүліндейміз.
Тұрар: Барлығымыз бір сыныптаспыз.
Али: Таланттымыз.
Айдана: Талаптымыз.
Ильяс: Қанаттымыз.
Аққаршын: Жақсы оқимыз, сабақты біз.
Ән: «Ертегілер» . Адина Ертегілерге түрлі киім киіп шығады.

Али:
Қоштасу тойын тойлайық,
Ән мен биге басайық.
Құрметіне бұл тойдың
Ән мен шашу шашайық.
Ильяс:
Әлі есімде мектепке алғаш барғаным.
Өз қолыммен әліппені алғаным.
Ақтардым да Әліппенің парағын
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.
Ерлан:
Бастауышым- балбұлағым.
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып,білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
Өтті сенде қызық шағым.
Бастауышым-балбұлағым.
Қоштасу күн жетті міне.
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Алмас:
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ.
Насихат:
Ұрпақ пен өмір жолы жалғанады.
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Ән шашу, әсем әуен,түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Гүлнұр.
Естілді қоңыраудың алғашқы үні,
Ол сені жас өмірмен жалғастырды.
Сол бір үн өн бойыңды жылытты да,
Байыппен аяғыңды жәй бастырды.
Шәкірттің құлақ түріп тынысына.
Келесің тәтті қиял уысында.
Бір тентек сонау кезгі өзіңе ұқсап,
Тығылып тұр есіктің қуысында.
Көргенде балбыраған бал бөбекті,
Жаныңды бір жылы леп орап өтті
Жинадың тез бойыңды, кеттің сергіп.
Ұстаздық жас кеудеңе қона кетті.
Толқындай жатқан жаңа жағаны ұрып,
Ойыны балалардың қалды тұнып,
Қоштасып сеніменен ақырғы рет
Балалық босағада қалды тұрып.
Гүлназ.Ш.:
Біз бүгін бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Тұрыңдар келе жатыр мұғалім!
Кім боласың?
Кім болсаң да, бол аман!
Бастықпысың?
Өте жақсы , тұра қал.
Академик министр бол тіптен сен.
Кім болсаң да мектеп көрдің кеше сен.
Кім болсаң да, қарайлап жүр ұстазға.
Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары.
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі.
Қай баласың?
Кім боласың шырағым?
Кім болсаңда кідіре тұр кішкене
Кідіре тұр өтіп кетсін мұғалім.
Тұрар:
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын.
Ғылым сырын түсіндім деп мақтанамын.
Осы сырды үйреткен 4 сыныбым.
Түстей болып міне бүгін артта қалдың.
Насихат:
Апайымыздың жүйкесі неткен мықты,
Бәрімізді түп –түгел сүйреп шықты.
«Дым болмайсың» деп жүріп,демеу болды.
«Ержетесің дегені» шын боп шықты.
Енді міне бәріде артта қалды,
Көрген кісі біздерге таң қалады.
Қызығы мен қиыны қатар өрген
Балалық шақ сен неткен қызық едің.
Ән «Балалық шаққа саяхат» Хор. Ердәулет,Тұрар,Гүлнұр,Аяна,Жанерке,Аружан,Сандуғаш,Насихат,Арайлым.Гүлназ.
Арайлым:
Қасым Аманжолов ағамыз «Мектеп кеме білім теңіз» деп, тектен- текке айтпаған-ау, сірә.Егер адамның жүрегіне ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі.Сол нұрдың әрбір жеткіншектерге жеткізіп ,жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңші!.Адамды тәрбиелеп оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе? Сондықтан да ұстаз еңбегі ұлы еңбек.
Гүлнұр. «Ұстазыма».
Сары үрпек балапандай жапырласып,
Алғаш біз мектеп кірдік есік ашып,
Күлімдеп өзің сонда қарсы алғансың.
Еппенен әр жүректің кілтін басып.
Жылынған қызғалдақтай күн көзіне
Жаутаңдап қарайтын ек біз өзіңе.
Ержетіп біз де сендей болсақ дедік.
Еліктеп қимылыңа, мінезіңе.
Күн өтті күнді қуып, күн артынан.

Өзіңдей жан болмады бізге жуық.
Ұшырған балапанын қарлығаштай
Қараушы ең бәрімізге жүзің жылып.
Жаныңның шуағына жылынсақ та,
Кейіттік біз өзіңді кейбір шақта,
Күн санап сотқарың мен сойқандарың
Ақ тал боп бірте-бірте кірді шашқа
Сонда да қажымадың қамықпадың
Сондада мәпелеуден жалықпадың.
Күнде ойлап келешегін әр бөбектің
Арманның қанатында қалықтадың
Ержеттік өтті ол күндер дүбірменен,
Еске алып соның бәрін бүгінде мен,
Өткізіп көз алдымнан көп елесті,
Сағынам нұр жұзіңді күлімдеген.
Сүйсінем еске аламда өміріме,
Ұялып тәтті сезім көңіліме,
Толғанып тебіренем, өзің жайлы,
Білмеймін теңерімді сені кімге
Азамат бір тентегің міне бүгін
Өмір шат көгімізде күледі күн
Мақтана атыңды атап мен келемін.
Өйткені мен өзіңнің түлегі.
Гүлназ.Д.
Құрбылар бізді болашаққа не бастайды?
Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы,
Ата-ананың ақылы.
Болашаққа деген сенім.
Ән : «Школа» Насихат, Аяна. Адина,Жанерке билейді.
Қуандық:
Мектеп кеме, білім теңіз.
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда.
Ұстаз берген білім қолда.
Айдана:
Алтын ұя, алтын бесік -мектебім.
Мәңгі есімде анам болып өткенің,
Парызымды өтедім сен, білемін,
Ал, қарызым саған берер көп менің.
Ризат: .
Мектеп- сенсің адалдықты үйреткен.
Мектеп- сенсің жамандықтан-жиренткен
Мектеп- сенсің жақсылықты ұран ғып,
Мектеп-сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.
Насихат:
Мектеп үйім, ұстаздарым ата-анам.
Сенен өсіп,сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Ақыл,білім көп бердің,
Сенде өсіп көктедім.
Сенсің өмір көктемім.
Ән: «Мектебім» Арайлым. Хор.
Гүлнұр:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға» деп, Абай атамыз айтқандай,ұстазымыз білім нәрімен сусындатып көп нәрсені үйретті.Сондықтан алғашқы ұстазымызға мың алғыс!.
Хормен мың алғыс алғашқы ұстаз!
Сандуғаш:
Үйретіп өмір ұстамын.
Үлгі іске нұсқадың.
Ақ көңіл іскер, қашанда.
Ақылшым менің ұстазым.
Аяна:
Ұстаз сөзі күн нұрына пара-пар
Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар..
Аяжан :
Мұғалім-бұл адамның ардақты аты,
Білімді бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да, жақын жаты...
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді
Сыйлайды мәңгі бақи беріп бәрін
Данияр:
Ұстаз-деген қасиетті адам бар
Біле білсең, сенің екі анаң бар.
Бірі сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң ұстаз деген данаң бар.
Туған анаң болмаса, ойнамас ең, күлмес ең.
Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең.
Ұстаз ана болмаса сен өмірдің
Мәні менен мағынасын білмес
Би: «Арабша» 4ә қыздар тобының орындауында.
Жанель:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп,
Ұстаздардың есімін,
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудың үлесін
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім
Арайлым:
Мол өнегең, ұрпаққа мол дәрісің,
Қанаттандыр, қатайтып колдан ұшыр,
Саған деген алғыстың шеті де, жоқ шегі жоқ.
Әрбірінің азамат болғаны үшін.
Басса бұрыс, жол сілтеп қате дейсің,
Әр балаға сен ана, әкедейсің
Болашақтың көктеген жас шыбығын
Бағбанындай аялап, мәпелейсің
Адина:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаны батыр да, тілінен бал тамызған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып,мал бағып тер төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.
Ердәулет: 5-оқушы:
Білім алған өзіңнен
Дәрігер, ұшқыш, не ғалым
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт мұғалім.
Мен де, өзіңді әрдайым
Қамқоршым деп ұғамын
Күліп атқан таңдайын
Жарқынсың сен мұғалім
Аружан.
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де, көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әр әріпті.
Қоссаңдар бірді екіге үш болады,
Деуші едің Білімменен күш болады,
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,
Таласып алушы едік біздер жаттап
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
Адина: -Достар, бүгін бізде ерекше күн.Бастауышты бітіріп жатырмыз.
Бір-біріңе қандай жақсы тілек тілер едіңдер?
Жұлдыз:
Құтты болсын құрбыжан,
Алға аттаған қадамың.
Білім деп соқсын жүрегің
Жолыңа бестік шашамын! (бестік баға шашады.)
Аруна
Жайнаса бал-бұл бүлдіршін,
Бір сынып тағы өрлесін
Жайқалып тұрған көктемгі
Өмірің сенің гүл болсын! ( гүл шашады)
Жанерке
Өмір деген сан-саналы қиыр жол,
Адаспасаң одан да аларың мол.
Ұстаз, ана, әкенің,құрбының да,
Саған достым тілейтінім тек ақ жол. (ақ жол) плакат ұстайды.
Гүлнұр:
Құрметті ұстаздар! Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз.Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.
Нұржан:
Арманым боп аңсаған
Мәңгілік қалдым мекендеп,
Өзіңе арнап жыр айтам,
Ардақтап сізді өтем деп.
Ұстаздарға арнау:
Аяна:
Ұстаз деген білімдердің панасы.
Ұстаз деген ән жырымның анасы.
Ұстаздар ғой гүлдерімнің даласы.
Ұстаздар ғой балалардың санасы.
Жұлдыз:
Біз ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтімізде даярлық сыныбына келдік.Сол кезде басымыздан сипап қалам ұстатып, партаға түзу отыру мен жүріс тұрысымызды үйреткен Сәуле апайға басымызды иеміз.Апай жүз жасаңыз тағы көптеген шәкірттер шығара беріңіз.
Жібек мінез салмақты.
Бәрімізге ардақты,
Үйреткен ұқыптылықты,
Рахмет Сәуле апайға.
Адина:
Жұмыста ылғи қайсарлы
Көрмейсіз мұндай жайсаңды,
Ұжымның мықты ұстазы
Алтыншаш апайды айтсаңшы.
Аяулым::
Білімділік-тіршіліктің тірегі.
Шолпан апай тереңнен сыр шертеді,
Сөйлегенде мәдениетті тілменен,
Барлық жанның елжіретер жүрегін.
Аруна:
Ләззат апай тәрбиелікке оқытқан,
Санамызға қырын-сырын тоқытқан,
Ізгілік пен ізеттікке жетелеп,
Ақыл кенін болаттай қып қорытқан.
Д.Гүлназ:
Бизнес тек экономикадан тарайды,
Таусылмайтын кенге өзіңді балайды.
Талай шәкірт мақтан тұтар Гүлнар апайды.
Өмірдің өзегі деп санайды.
Ердаулет:
Гүлмира апай шебер-ақ,
Үйреткен әні жып-жинақ
Шәкірттері молайып,
Жемісін ылғи берер-ақ
Жұлдыз:
Таңат ағай орыс тілін танытқан
Ойландырып ой-саланы дамытқан.
Баршаңызға тілеріміз жақсылық
Арналады өлең атты шабыттан.
Аяжан:
Бояу сырын үйреткен
Шын көңілмен жүректен
Рахия апай керемет
Сабақ берген суреттен.
Жанерке::
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға,
Тарап демде кетеді шаршауыңда
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер.
Тұрғаныңда солардың қоршауында.
Ақылшым-асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор болып қалам ұштадың
Жалықпай үйреттіңде балаларды
Өмірге тарту еттің даналарды.
Ізгілікке жол ашып көрсетумен
Қара шашың қыраулап ағарады.
Ән: «Ұстазым» Хор. Тұлғаңды
Аббас:
Ұстаздар жаққан шырақты
Өшірмейік , балалар
Бәрін-бәрін білесің
Оқи берсең кітапты
Аружан:
Міне, ойға тоқып үйренгені көп оқушыларымыздың ішінде тілінен бал тамызған ақын аға-апаларымызға ұқсап баққан жас өрендеріміздің өлеңдеріне кезек берейік.
Арайлым:
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға
Ұқсатып ек біз сізді анамызға
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық
Жүргеніңді ұнаттық арамызда.
4-жыл білім беріп, алғаш білім ұясын жүрексіне аттаған кезімізде. құшақ жая қарсы алып, әрбір қателігімізді кешіре білген,жүзі жылы, құшағы кең , ойлылық пен парасаттылыққа жетелеген.әрбір балдырғанды тура жолды таңдай білсе ,бақытым сол деп қуанған –ұстазым, жанашырым Гүлжанапайды қошаметтеп ортаға шақырамыз.
2-оқушы шығып бір шумақ гүл беріп ,бетінен сүйіп ортаға алып шығады.
Ұстаз: Құрметті ұстаздар!,ата-аналар, алғаш мектеп табалдырығын осыдан 4 жыл бұрын жүрексіне аттаған бүлдіршін балаларым!
Міне 4 жыл кеше ғана сияқты еді.Осы 4 жылда бойларың өсіп, ойларың толып білім деген кеменің жел қайығына еріп кетіп бара жатырсыңдар.Сендерге тілерім әрдайым ақылмен іс істеп, сабақтарыңды жақсы оқып, орта буындада мені ұятқа қалдырмай, әдепті, ұстамды болыңдар! Айта берсем әрқайсысыңның мен үшін орның бөлек.Әр ұл мен қыздың есте қаларлық сәттері де болды.Мен сендерді ешқашан ұмытпаймын.Сендерге сәттілік!
Хормен: Берген білім. Ерен күш.
Ұстазыма мың алғыс!
Ән. «Ұстазым» Хор. Динара Қырықбаеваның әнімен.
Сандуғаш :
Жүзің жылы құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
Аяна:
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Өздеріңізге арналған концерттік бағдарламаны ұсынамыз.
1.Би: «Қамажай»
2.Ән: « Сәлем саған,Туған ел» Арайлым.
5. Акробатика. Арай, Ш.Гүлназ Д.Гүлназ.Арай
6.Би: Ағылшынша. «Тока-тока»
7.Ән: «Алтын ұя мектебім» Дайырбек Гүлназ
8.Би. «Өзбекше» Жұлдыз, Аққаршын.
10.Вальс: «Есіл ағады» Қуандық- Аққаршын, Нұржан- Аяулым, Аббас -Жұлдыз,Данияр- Аяулым.
11.Би «Өзбекше» 4ә қыздар тобы.

Нұржан : Бата: «Жүйрік тілді ақын бол.
Жақсыларға жақын бол,
Достарыңмен тату бол.
Дұшпаныңа қату бол.
Ұсақ болма ірі бол.
Өз ортаңның гүлі бол.
Ата-анаңның көзінің
Сөнбейтұғын нұры бол.
Кім болсаң да әйтеуір,
Азаматтың бірі бол,
Туған елдің ұлы бол!»
Ойға тоқы, парқын сез.
Ата сөзі –алтын сөз.
Аумин
Адина:
Бітіруші түлектер
Жүктелер бар аманат.
Айтылды ізгі тілектер
Болмасын еш жаманат
Бастауышта оқыдық.
Ойға білім тоқыдық.
Бұлар бізден жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар.
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман-есен болыңдар!
Гүлназ:
Ән «Сыныптастар, құрдастар» ( Армандастар әнінің әуенімен)
Бүгін міне бастауышпен қоштасамыз
Ұстаздар-ау жақсы істі қоштасаңыз
Үлкен сынып балалармен достасамыз,,
Сыныптастар, құрдастар.
Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік.
Бәріміз де өмір жолын бастап едік.
Білімменен алға, білімменен алға.
Ұмтылайық, ұмтылайық біз достар

2.Білімменен көрсетелік біздер қызмет
Білім берген ұстазыма көп-көп рахмет.
Көрсетпесін өмір өзен еш тауқымет.
Балалық босағада қалды тұрып.
Сыныптастар, құрдастар.

Толқындай жатқан жаңа жағаны ұрып,
Ойыны балалардың қалды тынып,
Қоштасып сеніменен ақырғы рет,
Балалық босағада қалды тұрып.
Сыныптастар, құрдастар.
Сахналық көрініс.
Қатысатын оқушылар 28.
Мұғалімнің сөзі. Балалар сендердің қайта айналып келмес ең соңғы мүмкіндіктерің.Бұл әрине бастауышпен қоштасу.Оқушылар сендер бастауышқа қандай өсиет айтар едіңдер.
Оқушылар өздерінің тілектерін айтады.

Бастауыштың балаларға айтар тілегі.
8 сынып Айдана. 4ә сынып оқушылары сендерге айтарым, Әрқашан биік шыңдардан көрініп, үлкен жетістіктерге жете беріңдер.Орта буында да осы қалпынша 5-ке оқыңдар. Әр күндерің күлкі мен қуанышқа толы болсын.

Оқушылар айтады.
Қош бол менің, Бастауышым!

М.Шаханов. «Арман»

Ерте, ерте ертеде.
Отырарда,Біздің іңкәр өлкеде
Иық бұрмай тек білімнен басқаға
Қатар өсті екі бірдей жас бала,
Қатар жүріп сан өнерге машықты.
Бірге оқыды, бірге ойнады асықты.
Екеуіне назар бұрды ел ерек.
Өйткені олар дарынды еді керемет.
Таңдайымыз өрісті оймен татымақ.
Деп қуана езу тартты атырап.
Ал дарындар медресені тауысты.
Он екіге жасы ілікпей жатып-ақ
Сыбағасын тағдыр дара бөлгендей,
Өсе берді төске шауып,төрге өрлей,
Екеуіне қараған жұрт сүйсінді,
Отырардың болашағын көргендей
Отырарда жаны жайқын дария.
Ойы безбен бар еді бір қария.
Сол қария бір күні екі шәкіртті
Құрметпеннен өз үйіне шақыртты.
Балақайлар,балапандар көк өрім,
Сендерге бір сауал қойсам деп едім.
Туған жан деп өнеріммен өртімен
Екеуіңді сөз етіп жүр ел түгел
Менде танып білсем деп ем кімсіңдер
Қандай арман жетегінде жүрсіңдер
Қандай бағыт ұстайсыңдар түбінде
Сонша неге құштарсыңдар білімге
Қане, Дойыл, сен айтшы
Дойыл айтты:
Жалғыз арман бар менде
Шектесетін қулықпенен де,армен де.
Жалын шашса,өнерімнің өрнегі
Сонау Иемен,Мысыр,Бағдат елдері
Түгел танып жыр ететін таңдана
Саудагер боп шықсам деймін жан баба
Тірлігімде жабырқамай,жасымай,
Ата жолын қусам деймін осылай.
Бой шалдырмай бос мақтан мен өсекке
Өмірімді құрсам деймін есепке.
Ұтыласың,жебемесе желекті ой,
Бұл өнердің табиғаты ерек ғой
Қаншама елмен сауда саттық жасауға
Соншама елдің тілін білу керек қой.
Табу үшін жұрт таппаған айланы
Көру үшін жұрт көрмеген пайданы
Шығу үшін жұрт көрмеген белеске,
Жұрттан асқан білім керек емеспе
Тілін тапсаң кім созбайды қол үшін,
Өнер қажет,білім қажет сол үшін.
Қарт күрсінді..
Ұлым, желік қуыпсың
Неге мұнша желтоқсандай суықсың
Бағымызға туған дарын болар деп,
Қуанып ем, сорымызға туыпсың.
Сор боларсың одан не мән табарсың
Арманыңды бәлкім қайта қарарсың
Бірақ Дойыл тұрып алды паңдана.
Арманыңды өзгерте алман жан баба.
Ал сен қалай бағыттадың нұрыңды.
Жасырмай айт, жасқанбай айт сырыңды.
Деп, қария Дойыл мен бір отырған.
Ұяң шәкірт жас Әбуге бұрылды.
Әбу айтты:
Менде де бар бір арман,
Маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан.
Ұлы баба бір-ақ менің арманым,
Парыз бенен махаббаттан құралған.
Шамын жақсам ғылым менен өнердің
Елімді зор мерекеге бөлермін.
Бұл сапарым азапты да шығар-ау,
Неде болса, пешенемнен көрермін.
Мейлі мәңгі жарымайын,киімге.
Мейлі түйір нан қалмасын үйімде,
Мейлі ұлының еңбек етіп арымен
Жүргендігін ұғынбасын қалың ел,
Қарлы боран қыран жолын бөгер ме?!
Өнеріммен тасып толам кемерге.
Мен өзіме риза емеспін,елімнің
Мақтанышы бола алмасам егерде,
Қарт жымиды:
Бәрекелді жаз жайран!
Көл болмаса тояттайды қас қайдан?!
Біреуіңнің арманыңнан шошып ем,
Бірің міне еттің лезде мәз-меирам.
Бірің үшін күрсінумен, өтермін.
Бірің үшін сүйсінумен өтермін.
Сөйте-сөйте менде өмірден кетермін.
Беттеріңнен жарылқасын тәңірім,
Ал, жарайды батам осы барыңдар.
Отырар да туған ұлы дарындар.
Әжуасын әжіміне жасырып.
Жылдар ақты,
Жылдар ақты асығып.
Жалын еді-ау, арманы айқын,
Өр көңіл.
Екі досты ,екі арнаға бөлді өмір.
Дойыл солай өзгертпеді шешімін.
Дәулет оған жылдам ашты есігін.
Өнер асқан саудагердің көп өтпей
Бағдат ,Мысыр түгел білді есімін.
Есепсіздің несібесі озар ма,
Әйелін де баулыды ол со заңға.
Қонаққа арнап асылатын етті де,
Өзі салып беріп жүрді қазанға.
Тек байлыққа деген жұрттан сараңдық.
Жіберді оның бар өнерін қараң ғып.
Міне, осылай жазық дарын жас тұлға.
Ұшырады әбілетті тозғынға.
Саудагерді өзге түгіл өзінің
Ұрпақтары кетті ұмтылып аз жылда.
Ал, Әбу ше, кеңге жайды ол қанатын.
Әбуіміз әрі ғылым, әрі ақын.
Әбуіміз біздің ұлы бабамыз.
Әбу-Насыр Әл-Фараби болатын.
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда.
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда.
Үлкен болып қалу үшін ғаламда.
Үлкен арман керек екен адамға.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.