Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бастауышым  –  бастамам,  білім  жолын  бастаған -

Бастауышым – бастамам, білім жолын бастаған

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2339 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
Қоянды ауылы
№35 ЖББОМ КММ
Жумабекова Сандугаш Кайроллаевна
Бастауыш сынып мұғалімі

Ертеңгілік "Бастауышым – бастамам, білім жолын бастаған"

Арман Армысыздар, мұғалімдер, ардақтылар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
Қош келіпсіз, қадірлі ата-аналар,
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда гүлдей жайнап құлпырған,
Біз көңілді, балдай тәтті балалар.
(ән "Мерекем" Бегайым, Нұрбибі)
Дәурен Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш
сыныбымызбен, алғаш қолымызға әліппе, қалам ұстатып, оңымыз
бен солымызды танытқан ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

Нұрбибі "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға"- деп Абай атамыз айт-
қандай, ұстазымыз 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, көп нәр-
сені үйретті. Сондықтан да ұстазымызға бәріміз мың алғыс айтамыз.

Бегайым Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған
ақын да, ғарышқа самғаған ғарышкер де, темір балқытқан кенші де
бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан біз ұлағатты
ұстаздар алдында бас иеміз.

Алина Үйретіп алғаш бізге әліппені, мұғалім ғылым жолға салып берді,
Адамның ой - арманы, мақсаттары, оқудың сәулесімен жарық көрді.

Әділ Арманым болып аңсаған, мәңгілік қалдың мекендеп,
Өзіңе арнап ән салам, ардақтап сізді өтем деп.

Ән "Мұғалім - ол біздің"

Арман Әліппемен аштым өмір есігін, тербетемін білім бөбек бесігін,
Өмір деген өрлі өзенге шомылып, жаттап өстім ұстазымның есімін.

Дәурен Балғын шақта келіп едім, бал қызыққа еніп едім.
Тағдырымның билігін де, сеніп сізге беріп едім.

Нұрбибі Өз аузына қаратқан, ұстаз ойын ұғамыз.
Сөйтіп әрбір сабақтан, сәл есейіп шығамыз.

Бегайым Жүрегімде ұстаз берген сабағы, өн - бойыма тамырланып тарады,
Ұмытпаймын салған жолын, ақылын, мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.

Ән "Ұстазым"

Алина О, ұстаз, неткен мықты, төзімдісің,
Қол бастаған батырдың дәл өзісің.
Шаршасаң да сездірмей күлімдейсің,
Оқушым білім алсын, білсін дейсің.
Әділ Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,
Таласып алушы едік біздер жаттап.
Өзіңіз баға қойған күнделікті,
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Үнді биі. Бегайым

Кезек оқу пәндеріне беріледі

Қазақ тілі Мен қазақтың тілімін, беретін көп білімім,
Нұрбибі Орта мектепте сендерден, қалмайтын пәннің бірімін.
Үйретем тіл заңдарын, сөзіме құлақ сал бәрің,
Менімен тез іске асар, ойға алған арманың.


Ана тілі Менің атым "Ана тіл", орным көптен дара тұр,
Әділ Мені жақсы оқысаң, боласың шешен - оратор.
Атқаратын көп ісім, кеңітем ой - өрісін,
Әңгіме, ертегі, жырымды, көп оқыңдар ол үшін.


Математика Менмін есеп сабағы, менмін қояр бағаны,
Алина Біткенімен "әліппе", мен біткенім жоқ әлі.
Қадағалап жүр мені, бола түсем күрделі,
Есеп дұрыс шықпайды, қате болса бір жері.


Еңбекке баулу Жаттықтырам еңбекке, қиындықты жеңбекке,
Арман Үйретемін қолөнер, шаттық сыйла сен көпке.
Еңбектің жоқ жаманы, еңбекпен ер бағалы,
Шебер бола түсесің, көп істен бар хабары.


Музыка Мектептің әдемі ғой әр сабағы,
Бегайым Қызық қой әсіресе ән сабағы.
Үш қызымыз биші болып би билесе,
Үш ұлымыз әнші болып ән салады.
Бәріміз бұл сабақта тамашамыз,
Ән айтып, көңілденіп жарасамыз.
Ұстазға ән үйреткен риза болып,
Үй - үйге өлең айтып тарасамыз.


Бейнелеу Қылқаламды билетем, бояу сырын үйретем,
Дәурен Көркем мүсін сомдауға, пластилин илетем.
Сүйсең сурет сабағын, шабыт берер алабың,
Әсемдікті түсініп, арта түсер талабың.


Би "Калинка"
Мектепалды даярлық тобына 4 сынып оқушыларының аманаты

Арман Үйретсек біліңдер, әрненің жайын біз,
Тіл алып жүріңдер!

Даярлық топ балалары: "Әрқашан дайынбыз!"

Нұрбибі Ұқсаңдар сабақты, ризамыз дәйім біз.
Біліңдер талапты!

Даярлық топ балалары: "Әрқашан дайынбыз!"

Бегайым Көріп жат әдетті, етпейік уайым біз,
Болыңдар әдепті!

Даярлық топ балалары: "Әрқашан дайынбыз!"

Алина Жарар деп керекке, күтсек күн сайын біз,
Келіңдер көмекке!

Даярлық топ балалары: "Әрқашан дайынбыз!"

Барлығы: Қомқор боп кішіге, көз қырын салыңдар,
Отанның ісіне адал боп қалыңдар!

Даярлық топ балалары: "Әрқашан дайынбыз!"

А м а н а т т а п с ы р у

Арман 1 сыныпқа қабылданатын бастауыш мектепті бітіруші
4 сынып оқушыларының эстафеталық аманаты

- мектепте, сыныпта үлгілі, тәртіпті болуды;
- ұстаздарды, ата-аналарды сыйлауды, құрметтеуді;
- сабақты жақсы оқуды;
- оқулықтарды, сынып мүліктерін ұқыпты, күтіп ұстауды;
- қоғамдық жұмыстардың белсенді мүшелері болуды аманат етіп
тапсырамыз.

Нұрбибі Азаматы болсын деп саналы елдің,
Кілтін бердік білімнің, сан өнердің.
Орындалсын арман-тілек, талаптарың,
Ақ жол тілеп отыр міне қауымдарың.

Бұл жиынның өнерімен сәні келді,
Талаптанған жас ұлан міне келді.
Ортаға жас бишілер тобы шықты,
Орындайтын вальске кезек келді.
Вальс "Достық"

Әділ Білеміз ертең бізден де, сабақтың талап сұрарын,
Сол кезде Сандуғаш мұғалім, уәдемде берік тұрамын.

Нұрбибі Мықты болса ұстазың, кемшілікті өзіңнен іздегін,
Түсінбей бәрін қиналсаң, біреуден көріп жүрмегін.
1. Халық әні "Секіртпе" Алина
2. Нұрбибі, Бегайым домбырамен бір кісі боп ән айту

Алина Шаттанамын, бүгін мен шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып, міне, бүгін артта қалдың.

Дәурен Бастауышым - балбұлағым, алдым сенен білім нәрін,
Әріп танып, оқи алып, алғысымды жаудырамын.

Бегайым Өтті сенде балғын шағым, бастауышым - балғын шағым,
Қоштасар күн жетті міне, қимастықпен қол бұлғаймын.

Ән "Жаса, Қазақстан" Арман

45 м и н у т х и к а я л а р ы

Бегайым - Дәурен, глобус деген не?
- Глобус дегеніміз аяғы бар доп.
- Глобус ненің дәл үлгісі?
- Көкала доптың дәл үлгісі.

Нұрбибі - Арман, жалаң сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлегенде тіліміз жалаң - жалаң етсе ондай сөйлемді
жалаң сөйлем дейміз.
- Ал, Арман, жайылма сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлегенде тіліміз екі жаққа қарай жайылып кетсе ондай
сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

Арман - Балам, үйге берілген есептерді шығар, сосын тексеремін.
(бала саусағын санай бастайды)
- Әй, саусағыңмен емес, басыңмен есепте!
- Әке, басым біреу - ақ, саусақтарым көп қой!

Алина - Сен неге сабаққа оқушы формасын киіп келмегенсің?
- Мен күнде - күнде оқушы формасын киіп жүрсем, басқа
киімдерімді қалай тоздырамын?

Әділ - Бегайым, тік төртбұрыштың периметрі деген не?
- Ол - Р.
- Ал, фигураның ауданы деген не?
- Ол теріс қараған г.

Дәурен - Нұрбибі, үйдің жұмысын неге істемегенсің?
- Істедім кеше үйдің жұмысын. Ағаш жардым, су тасыдым.

Арман - Алина, қалтаңда 5 кәмпит бар еді, 5-еуі де түсіп қалды.
Сонда не қалды?
- Тесік қана қалды.
Бегайым - Нұрбибі, қаратпа сөз дегеніміз не?
- Сабақта мұғалімге жалт қарасақ, сол қаратпа сөз болады.

Ән "Асыл әжем" Нұрбибі
Ата - аналармен ойын. "Жүк тасу"
Сиам егіздері "Конфет жеу"

Арман Бастауышым - балбұлағым, лаулап жансын шамшырағың,
Өзіңіз берген білімменен, самғап ұшар жас қыраның.

Нұрбибі Осыдан оншақты күн бұрын 2 пән бойынша алынған
мемлекеттік тестілеудің қорытындысы 100 пайызды көрсетіп,
үлкен жетістікке жеттік.

Арман Ерке, тентек болсақ та, сеніммен сізге қарадық,
Басқа ұстаздар алдында енді, оқуға біз де жарадық.

1. Ата - аналармен ойын "Қорапта не бар?"
2. Би "Қаражорға"

Алина Көрмеген артық күліп, артық жүріп,
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз біз бүгін бастауышпен,
"Ұстаз" әнін жаңғыртып айтып тұрып.

Бегайым Ұстазымызды жоқтатпай, бізге білім берген екінші ұстазымыз
Әсел апайға біздің де айтар алғысымыз шексіз. Мына орындалар
әніміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

1. Хор "Ұстазым" әні
2. "Құрдастар" әні
3. Оқушыларға диплом, мақтау қағаздары, алғыс хаттар, сыйлықтар
тапсыру. 1-4 сыныптардағы сақталынған дәптерлерін беру.

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Ақ тілектер баршаға тілек айтар қонақтар.
Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
Қоянды ауылы
№35 ЖББОМ КММ
Жумабекова Сандугаш Кайроллаевна
Бастауыш сынып мұғалімі

Әліппем, менің әліппем, әріпті танып алдым мен
Кіріспе сөз
- Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі 1сынып оқушыларының «Әліппем, менің, әліппем,әріпті танып алдым мен» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
- Әліппе - білім жолының бастауы. Әліппені бітіру алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Бүгін біз оқушыларымыздың үш айда алған білімдерін және өнерлерін ортаға саламыз. Шәкірттеріме білім жолындағы биіктерге қанаттары талмай самғай берсін деп тілегімді білдіремін.Келешекте үміттерімізді ақтайтын, еліміздің саналы азаматтары болатынына сенемін. Ендеше, ертегілер әлеміне сапар шегейік.

1-уәзір - Ерте, ерте,ертеде, үлкен ертегілер шаһарында «Әліппе хан», «Білім
ханшайымы» уәзірлерімен билік жасапты. Әліппе хан Білім ханшайы-
мына, уәзірлеріне ел аралатып білімсіз балаларды жинатып, жазалап,
сауаттандырады екен. Бірде, Әліппе хан тақтан кететінін жарияламақшы
болады.
2-уәзір - Уа, халайық! Әліппе хан тақтан, хандықтан кеткелі жатыр.
Білім ханшайымы - Уа, жарандар, жарандар! Әліппе хан өз орнына өз ұлын
сайламақшы. Әліппе ханды шығарып алу салтанатына куә
болыңыздар!
Әліппе хан - Иә, көмекшілерім, уәзірлерім, Білім ханшайымы, ел аралап не
білдіңдер, не естіп келдіңдер? Маған айтарларың бар ма? Мына
таққа ұлымды отырғызар кезде елде сауатсыз балалар болмауы керек.

1-уәзір - Әміріңізге құлдық, хан ием! Біз ел ішін түгел араладық. Сіздің қатал
мінезіңізбен бұйрығыңыздың арқасында елде еш сауатсыз бала жоқ.
Барлығы білімді, сауатты, өнерлі екен.
Әліппе хан (көңілденіп)
- Тамаша, бәрекелді-і-і! Мен осынша уақыт неге көңілсіз, қатал болдым? Барлық балалардың сауаты ашылғанша мен де уайымдап, көңілсіз жүрдім. Бүгін менің де, мына отырған қонақтардың да көңілін көтеріңдер! Мына Білім ханшайымының сұрақтары мен тапсырмаларына дұрыс жауап береді деп ойлаймын. Өздеріңнің білімдерің мен өнерлеріңді көрсетіңдер! Менің осы жарлығымды орындаңдар!

Білім ханшайымы - Хан жарлығына құлақ салыңыздар! Дәл бүгін хан ием мен
мына қонақтардың көңілін көтеріп, бар өнерлеріңді,
білімдеріңді көрсетіңдер. Олай болса бүлдіршіндерге кезек
берейік.
Мұғалім - Рахмет, Білім ханшайымы! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Әліппе тойын
бастаймыз!
Нұрлы үмітін арқалап,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға!

(көңілді музыка ойнап тұрады, 2 уәзір екі-екіден оқушыларды ортаға алып шығады)

1-уәзір Бар білімнің бастауы
Бар ғылымның бастауы
Жас балаға нұр шашқан
Әліппе кітап тіл қатқан.

2-уәзір Кешіміздің пердесін
Ән шашумен шашайық.
Бүлдіршіндердің өнеріне,
Қол соғып қошамет жасайық!
Хор «Әліппе» әні
1 - уәзір Құрметті қонақтар!
"Әліппем, менің, әліппем,
Әріпті танып алдым мен! "
атты тойымызға қош келдіңіздер!

2- уәзір Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

1 - уәзір Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

2- уәзір Ой - білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік.
Әріптерді таныған,
Өңкей білгіш балдырған.
Өсті білім, бойларың,
Құтты болсын тойларың! - дей отырып, 1 сынып оқушыларының бал
тіліне құлақ салайық.

Амир Елбасы Нұрсұлтан атамыз,
Білімнің күнімен құттықтап,
Сыйлады біздерге көк кітап,
Өсеміз, жайнаймыз, жанамыз,
Аман бол Елбасы атамыз.

Әнуар Бар байлықты басқарып,
Оқу- білім тұрады.
Кітапты көп оқыған,
Білімді боп шығады.

1 - уәзір Алфавитті біліңдер,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде,
Қырық екі әріп бар.

"Алфавит сыры " әні

2 - уәзір Алфавиттер, шығыңдар,
Орындарыңа тұрыңдар.
Бастайық, кәне, айтысты,
Жібермейік намысты.

Айым Алғашқы әрпім атаған,
"А" дегенім ата-анам.

Әнуар "Ә" десем - көп көргені,
Әже дегім келеді.

Бекжан "Б" деген мен - баламын,
Би билеуге жарадым.

Байжан Вова шебер мен дейді,
Вагондарды жөндейді.

Ернар Гүл - өсімдік ажары,
Гүлдер жердің базары.

Амир Ғылым қуып жалықпай,
Ғалым болам қалайда.

Нұрдос Дән тамыры әріде,
Дәннен өсер бәрі де.

Балнұр Егін шықса жайқалып,
Елі жүрер шаттанып.

Ернар "Ё"-дан сөзді бастасам,
Ёлка ойда тұрмай ма?

Айым Жомартта бар әліппе,
Жомарт жетік әріпке.

Әнуар Аспан түсі зеңгір көк,
Бояулары шексіз көп.

Бекжан Игі іске батыл бол,
Игілікке жақын бол.

Байжан "Й" деп қысқа қайырдым,
Йодын сұрадым Айымның.

Ернар Кәкен орақ салғалы,
Комбайнын қамдады.

Амир Қайыржан қой бағады,
Қойы егізден табады.

Балнұр Леп ыстықты басады,
Тынысыңды ашады.

Айым Мұзарт мұздан тұрады,
Қарлы мекен тұрағы.

Нұрдос Наурыз айы келгенде,
Наурыз тойы тойлансын.

Айым "Ң"-ды "н" деп жаңылма,
"Ң"-ды сақта жадыңда!

Әнуар Орман - табиғат дәулеті,
Аң мен құстың әулеті.

Бекжан Өзен ағар жарқырап,
Кейде ағар арқырап.

Байжан Папам әперген доп көк,
Допты дәлдеп теп кеп.

Амир Роза шықса ән салып,
Риза оған бар халық.

Ернар Су - тіршілік өзегі,
Ақса болар өзені.

Нұрдос Тау басында ақшақар,
Етегінде бақша бар.

Балнұр Уля уылдырық алуға,
Универсам жанында.

Айым Ұя бұзған оңбайды,
Ұғып ал сен ондайды!

Әнуар Үйдегілер үнемі,
Үкі құс - дейді, киелі.

Бекжан Футболға қатты құмартқан,
Фархат допты дәл қаққан.

Байжан Хауыз суы - сән шашу,
Тамшылары - ән шашу.

Ернар Көз жауһарын алады,
Жиһазымыз үйдегі.

Амир Ц, ц, ц, ц, - деп тұрып,
Цифр жаздым көп қылып.

Нұрдос Чемпион болу ойымда,
Шынығып өсем ойында.

Балнұр Шөлге тамшы тамбайды,
Көлің суға қанбайды.

Айым Щётка, щётка, щёткалар,
Неше түрлі щётка бар.
Бірі тісті жуады, бірі шаңды қуады.

Әнуар Ысталғанда ыдысың,
Ысқылап жу тез ішін.

Бекжан Інген мінген інімді,
Іздеп ағам жүгірді.

Байжан Электр шамы сөнбесін,
Жарық етер бөлме ішін.

Балнұр Юра юбка киді де,
Қатырды әзіл биді де.

Айым "Я" деген әріппен,
Аяқталды әліппем.

Оқушылар хормен Қырық екі әріппен,
Достастырды әліппем.
Қандай кітап қалауым,
Өзім оқып аламын.
Мұғалім - Балалар, мен сендерге бір сұрақ қояйын, соған жауап беріңдерші.
Іші толған әріпке, білімдегі жарық не?
Оқушылар - Әліппе, әліппе!
Мұғалім - Олай болса, тойымыздың басты кейіпкері Әліппе ханға сөз берейік.

Әліппе хан - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
Мерекелеріңіз құтты болсын.
- Армысыңдар, менің жас достарым! Міне, көзді ашып-жұмғанша екі
тоқсан да, яғни, үш ай артта қалды. Осы уақыт ішінде менімен текке
дос болмапсыңдар.
- Айтпақшы, Алматы қаласындағы мен келген жер - "Атамұра"
баспасынан бізге хат келген екен. Жаңа ғана Нұржамал апай
әкеліп беріп кетті. Хатты бізге Білім ханшайымы оқып берсін.

Білім ханшайымы
- Амансыңдар ма, балалар! Міне, екі тоқсан артта қалып, әйбат әліппеңмен
қоштасып жатқан боларсыңдар. Біз сендердің жақсы оқып, елін, жерін
сүйетін, жаны ізгі азамат болып өсетіндеріңе сенеміз. Әліппемен қалай дос
болсаңдар, ана тілі оқулығымен де солай дос болады деп сенеміз. Ана тілін
ренжітпеңдер! Сәлеммен "Атамұра" баспасының ұжымы.

Мұғалім - Ендеше, балалар,
Әліппе деген - Оқушылар: - Білім бұлағы,
Әліппе деген - Оқушылар: - Өмір шырағы.
Әліппе деген - Оқушылар: - Білім көзі,
Әліппе деген - Оқушылар: - Ұстазымның айтқан ақыл сөзі.

Әліппе хан - Сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге
математика, дүниетану оқулықтарымен де таныстыңдар.

Мұғалім - Сонымен, балалар, осы уақытқа дейін не үйрендік, не білдік?
(оқушылар әліппе, математика, дүниетану пәндерінен алған
білімдерін көрсетеді)

Білім ханшайымы «Бұл қай әріп?» ойынын ойнайық.
(Әріптерді мүсіндеп көрсетеді: О,Ф,І,К,Т,Б,Р,Л)
Әліппе хан
Ата салтын дәстүрді
Үйренуден қашпайық.
Әліппенің шежіресінен
Айтысты біз бастайық.
Жібермейтін намысты
Айтыскерлерді ортаға шақырайық
(Ортаға Айым мен Ернар шығады)
Айым Ата салтын, дәстүрді,
Үйренуден қашпайық.
Әліппенің тойында,
Тереңнен ой қозғайық.
Айта қойшы достым-ау,
Білесің бе шынымен,
Әліппенің атасын?

Ернар Оятқан ой-сананы,
Сүйіп өткен баланы.
Әліппе жазып толғаған,
Ахмет ата болады,
Ұрпақ қамын ойлаған.

Айым Сауаттылық негізін,
Салып кеткен ғалымды.
Білсең айтшы Ернар дос,
Қазақтың бар дыбысын,
Белгілі бір жүйемен,
Тізіп кеткен ғалымды.

Ернар Сауат ашу теориясын,
Ұрпаққа кеткен жазып.
Әліппенің авторы –
Атам - Әуелбаев Шәріп.
Әліппеге арнаған,
Білім жолын ойлаған.

Білім ханшайымы - Ал, енді балалар, Әліппе ханнның құрметіне арналған
жырларыңды тыңдайық.

Балнұр Ең алғаш қолға алғанда әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін ашып берді.

Айым "А"-ны айтқанда дауысым дірілдеді,
Ұстазым маған қарап күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын буынды қосып енді.

Нұрдос Асыл сөзі тілімнің,
Бойға құйған әліппе.
Нақ бастауы білімнің,
Қырық екі әріпте.

Бекжан Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітірдім,
Бала болдым ақылды.

Байжан Барлық бала таңқалып,
Әліппені ашады.
Сөз құраған әр әріп,
Білім нұрын шашады.

Амир Мынау менің Әліппем
Бастауы ол білімнің
Бірінші беттен елімнің
Рәміздерін таныдым.

Ернар Әліппем, менің, әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Әнуар Әліппе тойын тойлаймыз,
Балдырғанбыз талапты.
Үлкендерді сыйлаймыз,
Жақсы оқимыз сабақты.

Балнұр Үңіліп Әліппенің сырларына
Дыбыстың ілесіп ап ырғағына
Ажыратып дауысты, дауыссызды
Бірін көк, бірін қызыл бояуына.
Дыбыстан буын жасап сөз құрадық.

Айым Енді жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе!
Білім ханшайымы - Балалар, сендерге Әліппе хан риза болып отыр. Хан
сарайында келе жатқан жаңа жылға арналған шырша
орнатылып қойған екен. Ондай шырша еліміздің қалалары -
Астанамызда да , облысымыз Қарағандыда да орнатылып
жатыр.
Хан сарайындағы шыршада сендерге арналған тапсырмалар ілулі тұр. Оларды орындасаңдар сендерді Жаңа жылдық карнавалға шақырады.

(тапсырмалар:санамақ, мақал-мәтелдер, математика, дүниетану, әліппе, ағылшын тілі, орыс тілі тапсырмалары)

Әліппе хан - Мен сендерге сондай риза болып отырмын. Мені жақсы
меңгеріпсіңдер. Өздерің әрі өнерлі екенсіңдер. Енді мен сендерді
орнымды басатын балам Ана тілімен таныстырайын.
- Уәзірлер, балам Ана тілін шақырыңдар!
(уәзірлер Ана тілін ертіп келеді)

Ханзада-Ана тілі - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендермен танысқаныма
қуаныштымын.
Туған елдің тілімін, Ана тілім - елдігім,
Ақылыммен танылам. Ана тілім - ерлігім.
Түсіндірер бәріңе, Ана тілім болмаса,
Ана тілі пәнімін. Бүтінделмес кемдігім.

- Енді білімдеріңді мен арқылы әрі қарай дамытып, тереңдетіп, толықтырасыңдар.

Хор Қош бол құтты Әліппеміз,
Ана тілін дәріптейміз.
Ана тілін сүйеміз,
Бәріміз бас иеміз.

Әліппе хан - Рахмет сендерге, қарақтарым. Бар білімнің басы болғандықтан
сендерге бойымдағы бар біліміміді бердім. Оны ары қарай балам Ана
тілімен жалғастырасыңдар.Білім жолында ешқашан шаршамаңдар.
"Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар" дегендей сендерге
сенемін. Қош, сау болыңдар!

Оқушылар - Қош, сау болыңыз, Әліппе хан!
(Әліппе ханның орнына Ханзада-Ана тілі отырады)
Би "Сарбаздар"

Сырттан уәзірлер келеді де:
- Ханзада, сізге жолығуға бір адам келіп тұр, айтарым бар, - дейді.
Ана тілі - Кірсін!
(Ақшақар мен Жаңа жыл - Мешін кіреді)
– Ханзада, қадамыңыз құтты болсын! Сізді құттықтап және оқушыларыңызға
Аяз атаның сыйлығын ала келіп едім. ("Ана тілі" кітабын таратады)

Мұғалім: - Білім деген -
Білім ханшайымы: - Менің жарқын көңілім.
Мұғалім: - Білім деген -
Білім ханшайымы: - Шаттық толы өмірім.
Мұғалім: - Білім деген -
Білім ханшайымы: - Әнім болып төгілдің,
Ана болып та көріндің.

Ән "Әліппе", "Рахмет" биі

Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
Қоянды ауылы
№35 ЖББОМ КММ
Жумабекова Сандугаш Кайроллаевна
Бастауыш сынып мұғалімі

"Гүлденсе аулымыз, гүлденеміз бәріміз"
(Қоянды жәрмеңкесіне 167 жыл)

Мақсаты Атақты адамдар, біртуар қоғам қайраткерлері басқан жер, қойнауы
қазынаға, көлдері шоршыған балыққа, тарихы бай, шежіреге толы
туған ауыл - Қоянды жайлы сыр шерту.
Көрнекілік Қоянды ауылының картасы, Қоянды жәрмеңкесі жайлы кітаптар,
газет-журналдар, атақты адамдар мен қоғам қайраткерлерінің
фотосуреттері.

1 бастаушы Қоянды жәрмеңкесі Қарқаралы - Қызылжар жол бойында
Қоянды бекетінде 1848-1930 жылдар аралығында жұмыс істеген.
Жәрмеңке жылына 1рет ұйымдастырылған. ХІХ ғасырдың 50
жылдарына дейін 25 мамыр мен 25 маусым аралығында, ал 1882
жылдан 1 маусым мен 1 шілде аралығында жұмыс істеген.
Жәрмеңкеге сол кездің қат бұйымдары Ресейден, Орталық
Азиядан мата, қант, айна-тарақ, ине-жіп т.б. тұрмыстық заттар
әкелінген. Байлар мал да сатқан. Қазақтың көзі ашық азаматтары
осы жерде түрлі жиындар өткізген екен.
Тұрағым Қазақстан - елдімекен,
Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Көк байрақты асқақтата желбіретем.
2 бастаушы Көркейе бер, Қоянды туған өлкем,
Боласың жер ұйығы күндей көркем.
Дүниенің тірегі болса бірлік,
Жалғасар берекеге той, мерекең.
1 бастаушы Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Қоянды жәрмеңкесіне 167 жыл" атты сайысымызды бастаймыз.
2 бастаушы Сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар:
1 кезең Топтардың аты, таныстыруы, ұраны, таңбалары.
2 кезең Топтардың бір-біріне сәлем жолдауы.
3 кезең Үй жұмысы, сурет сайысы.
4 кезең Жыр сайысы. Ауыл жайлы жыр, өлеңдер айту.
5 кезең Сұрақтаға жауап алу.
6 кезең Көрініс "Менің ауылдас құрдастарым" (сатиралық көрініс)
7 кезең Мақал-мәтелдерден сайыс.
8 кезең Қорытынды.
1 бастаушы Гүлденсе біздің аулымыз, гүлденеміз бәріміз,
Ауылыммен әрқашан, кіреді біздің сәніміз.
2 бастаушы Береке мен бірлігім, ауылымнан таралар,
Ауылымыз көркейіп, өркендеген ел болар.
1 бастаушы Уа, көрермен, халайық! Мұнда назар салайық,
Сайыскерлер ортада, білімдерін сынайық.
1 кезең Топтардың аты, таныстыруы, ұраны, таңбалары.
І топ "Мұрагер"
Ұраны "Арқа тұтпас тегін адам туған жерін,
Тарихымен аты шығар туған елің" (өздерін таныстырады)
ІІ топ "Ұландар"
Ұраны "Бүгінің бар жарқын, ертеңің бар айқын,
Асырамыз әлі ауылымыздың даңқын" (өздерін таныстырады)
2 кезең Топтардың бір-біріне сәлем жолдауы.
І топ "Мұрагер" Армысыздар, жиылған жұрт сайысқа,
Сәлем бердік қарсылас құрбы, жолдасқа.
Тебіреніп, әңгіме қозғап ауыл жайлы,
Қояндыны білмейтін жан табылмайды.
2 топ "Ұландар" Сәлем бердік, жиылған жұрт, Қоянды елім,
Туған жерім, өзен-көлім, белестерім.
Ауылым - ырысы мол құт мекенім,
Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.
3 кезең Сурет сайысы. "Менің ауылым" тақырыбына салған
суреттерін қорғау.
4 кезең Жыр сайысы. Екі топ ауыл жайлы жыр-өлеңдерімен
айтысады.
5 кезең Сұрақтарға жауап алу.
- Қоянды жәрмеңкесі қай жылы құрылды?
- Қай елдерден саудагерлер келген?
- Бұл жерге қандай атақты адамдар келген?
- Ауылымызда ертеректе қандай қасиетті, әруақты адамдар тұрды?
- Ауыл маңында қандай өзен-көлдер бар?
- "Балықтыкөл" көлінде қандай балық түрлері бар?
- Ауылымыздың маңын қандай аң мен құстар мекендейді?
- "Қарасор" көлі жайлы не айтуға болады?
- Қоянды ауылы қай жылы құрылды?
- Ауылымыздың қандай соғыс және еңбек ардагерлерін білесің?
6 кезең "Менің ауылдас құрдастарым" 2 топ өз көріністерін көрсетеді.
7 кезең Мақал-мәтелдер сайысы. Туған жер, атамекен жайлы 2 топ
айтысады.
8 кезең Қорытынды.
1 бастаушы Қояндым, туған өлкем аялаған,
Саяңда салған ойын талай балаң.
Өзің жайлы жыр жырлаймыз әлі де,
Өзіңнен шалғай асып, шет жүрсек те.
2 бастаушы Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Әділқазы алқасы,
Жеңімпаздарды құттықтауға бола ма?
1 бастаушы Мен баласы ауылдың,
Ақылмен бәрін тыңдаймыз.
Жанашырлық танытып,
Ауылымызды қолдаймыз.
2 бастаушы Ержетіп үмітіңді ақтармыз,
Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.
Қасиетті Жер-Ана, ауыл, елді,
Көркейтетін болашақ - біз жастармыз!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.