.
.
Қожабекова Данагүл Жанғазықызы Бауырсақ жолмен домалап кетті
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2403 | Размер: | Автор: гостьАқтөбе облысы,
Ырғыз ауданы,
«Балдырған» балабақшасы МКҚК
ІІ санатты тәрбиеші
«Қарлығаш» (3-4 жас) ІІ кіші топ
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Бауырсақ жолмен домалап кетті»
Мақсаты: Ермексазды алақанмен илей арқылы дөңгелек пішінді жасауды (бауырсақ)
меңгергендіктерін пысықтау. Ермексазды ұқыпты пайдалануға қолмен илеуге
үйрету.
Әрекеттердің
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Психологиялық дайындық.
Бүгінгі күн қандай тамаша!
Қол соғады бар бала
Ақылды біз шашпаймыз,
Сонда біздер қандаймыз?
- Балалар тілек шарын ұшыру арқылы жылы лебіздер айтайық.
- Жарайсыңдар балалар! Тілектеріңді, жылы лебіздеріңді білдірдіңдер.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста ауа райы қандай болады.
Әдемі, тәртіпті, ақылды.
- Еліміз аман болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Деніміз сау болсын!
- Балабақшамыз жайнай берсін!
- Қыс мезгілі
- Қар жауады, аяз болады, боран болады.
Ұйымдас-
тырушылық -
ізденістік - Балалар қазір біз мүсіндеу жұмысымен айналысамыз.
- Балалар, біздің сабағымызға қонаққа бауырсақ домалап келіпті
(бауырсақ музыка әуенімен келеді)
Бауырсақ. Менің атым бауырсақ, мені ұннан, қамырдан жасады, қаймаққа иледі, майға пісірді.
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым,
Тыңдамадым атамды,
Тыңдамадым әжемді.
- Жолмен домалап сендерге келдім.
Тәрбиеші: Бауырсақ кел отыр, қонақ бол.
Балалар бауырсақ
- Бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?
- Бауырсақтың түсі қандай?
- Бауырсақтың пішіні қандай?
- Дәмі қандай?
- Бауырсақ қатты ма, жұмсақпа?
- Балалар қазір біз бауырсақ мүсіндейміз.
- Алдымен керек құралдарымызды ермексаз, сүлгі, тақтайшаларымызды дайындап алайық.
- Мен сендерге әуелі бауырсақты мүсіндеп көрсетемін.
- Балалар ермексазды сол қолымен ұстап, оң қолмен үзіп аламыз. Ермексазды алақанда илеу, созу, сығу арқылы жұмсартамыз. Ермексаз жұмсарғаннан кейін алақанымызға домалақтау арқылы бауырсақ мүсіндейміз.
Жарайсыңдар, әдемілеп мүсіндедіңдер.
- «Бауырсақ» ертегісі
- Сары
- Домалақ, шеңбер
- Тәтті, дәмді
- Жұмсақ
Балалар тәрбиешінің көмеімен бауырсақты мүсіндейді.
Рефлексиялық
-түзетушілік Сергіту сәті
Еңбекті апам сүй дейді,
Апам қамыр илейді.
Қашан барсаң қазанда,
Бауырсақтар билейді.
- «Бауырсақ» ертегісін еске түсіріп айтып жіберейік.
- Ертегі сендерге ұнады ма?
- Бауырсаққа тақпақ айтып жіберейік.
Кернейді хош иісің,
Тамсандырып үй ішін.
Жесем тоймай қаламын,
Әжемді еске аламын.
Бауырсақ: Жарайсыңдар, балалар, сендер тақпақ айтып бердіңдер, бауырсақты керемет мүсіндейді екенсіңдер, сендерге менің ала келген сыйлығым бар.
(Балаларға бауырсақты үлестіріп береді)
- Бауырсақты шығарып салайық. Бауырсақ біздің сабаққа келіп қатысқаныңызға көп-көп рақмет!
- Жарайсыңдар, балалар, сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сергіту сәтін қимылмен жасайды.
- Ұнады.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Бауырсақ ертегісін еске түсіріп жаңғыртады.
Түсінеді: Ермексазбен жұмыс жасау ережесін түсінеді.
Қолданады: Ермексаз, тақтайша, сүлгі, көрнекіліктерді қолданады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.