Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бейнелеу өнерінің жанрлары. -

Бейнелеу өнерінің жанрлары.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2087 | Размер: | Автор: гость
. Ашық сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің жанрлары.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүние танымын, эстетикалық талғамын кеңейту.
2. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын дамыту. Оқушылардың байқағыштығын, көру арқылы қабылдауын дамыту.
3. Жалпы өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: репродукция, тақта, слайд, шағын көрме.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушы назарын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын жариялау.
Силуэт суреттерге қарап отырып негізгі сөзіміз «Бейнелеу» сөзін құрастыру ( бесік, ерін, ине, нан, етік, лақ, екі, уық ) Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Өткен тақырыпты қайталау.
- Балалар, бүгін біз Ашық сабағымызда «сиқырлы кілемге» жайғасып Бейнелеу өнерінің жанрларына саяхатқа шығамыз. Алдымызда бейнелеу өнері жанрлары жинақталған «пейзаж» , «натюрморт», «протрет», «анамалистік жанр», сол мұражайларға жетіп кіру үшін берілген тапсырмаларды орындау қажет, сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.
- Балалар өткен сабақта бейнелеу өнерінің жанрлары «пейзаж», «натюрморт» туралы өткен болатынбыз дұрыс па? Ал,қане кім айтады «Натюрморт» дегеніміз не? Қандай жанр?
- Қозғалмайтын әр түрлі заттар, жемістер т.б. бейнелейтін жанр.
Ал, «Пейзаж» жанр дегеніміз не?
- Табиғатты бейнелейтін жанр.
- Ия, дұрыс балалар. Өткен тақырыпты ұмытпапсыздар.
3.Жаңа тақырып.
- Шығарманың жанрын анықтау үшін біздер қайда қараймыз? «Суретші салған шығармасында нені бейнелеген ?» деген сұраққа жауап беру керекпіз. Сонда біздер қандай жанр екенін анықтаймыз.Оқушылар бүгінгі сабақта бейнелеу өнерінің пейзаж, натюрморт жанрлары сияқты тағы да бейнелеу өнерінің тағы да жанрлары портрет және анималистік жанр деп аталады.
Жануарларды бейнелейтін жанр анималистік жанр деп аталады. Кітаптарымыздың 38 бет ашыңыздар. Жануарларды тікелей өзіне қарап салған дұрыс. Бірақ олар қозғалмай тұра алмайды. Сондықтанда олардың суретіне қарап салуға болады. Жануарлар көптеген ертегілер мен мільтфильмдердің кейіпкерлері болып жүр .Олардың кейіптерін анималист суретшілер салады.
Оқушылар, кітабымыздың 34 бетін ашыңыздар .Қаңдай сурет көріп тұрсыздар. Ия қазақ әйелі мен кішкентай сәбиді . Яғни адамдарды көріп тұрсыздар. Қазақтың белгілі суретшісі Үкі Әжіұлы Әжиевтің «Қазақ мадоннасы» деп аталады. Ол кісі көптеген тамаша портреттердің авторы. Егерде суретте адам бейнеленсе Портрет жанры деп атаймыз. Портрет жаныры латын тілінен аударғанда адамды бейнелеу деп аударылады. Портретте жалғыз адамды сонымен екі-үш адамдарды және толық бойымен салуға болады . Интерактивті тақтада портретті салу кезеңдері бейнеленген. Кіта тарымыздың 35 бетін қараңыздаршы әлемдегі ең танымал әрі таңғажайып туынды «Жаконда» портреті. Оны салған итальяндық суретші Леонарда да Винчи. « Жаконданы» Париж қаласындағы әйгілі Лувр мұрайжайынан тамашалауға болады.
4.Практикалық бөлімі.
- Оқушылар портрет жанры тақырыбы бойынша сурет саламыз. Яғни өз достарымыздың портретін саламыз. Альбомдарымызды қаңдай бағытта аламыз? Көлдеңінен бе алде тігінен бе? Ия дұрыс суретімізге байланысты. Қазір құралдарымызды дайындап , артық заттарымызды салып , альбомдарымыз алдарыңызға алып суретімізді бастаймыз.

5.Сергіту сәті.
- Оқушылар бәріміз орнымыздан тұрып бір сергіп алайық. (Бейнеролик қосу)

6. Тақырыпты бекіту.

Ал, балалар бәріміз өткен тақырыбымызды бекіт у мақсатында арнайы дайындалған «Жанр» сөзжұмбағымызды шешейік.
1.Табиғатты бейнелейтін жанр.
2.Жануарларды бейнелейтін жанр.
3.Қозғалмайтын әр түрлі заттарда, жемістерді т.б. бейнелейтін жанр.
4.Адам бейнелейтін жанр.

7. Оқушыларды бағалау.
1. Белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.
2. Оқушылардың білімін салыстыра отырып бағалау.
Ой толғау
- Мен не білемін?
- Мен не білгім келеді?
8.Сабақты қорытындылау.
Біз бүгін бейнелеу жанрларын еске түсірдік және жаңа жанрлармен таныстық. Суретшілердің шығармаларымен таныстық , олар қоршаған ортаны, табиғатты, өмірдегі құбылыстарды танып білуге, сұлулықты сезіне білуге жетелейді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.