Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Би жаттығулары, эстафеталық ойындар -

Би жаттығулары, эстафеталық ойындар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3708 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: Би жаттығулары, эстафеталық ойындар
Міндеттері: Сабақ барысында сыныпты қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, сақталуын қадағалау.
1. Сауықтыру:
а) тепе-теңдікті сақтау қасиеттерін дамыту;
б) жылдамдық, шапшаңдық қасиеттерін дамыту
2. Сауаттандыру:
а) ойын ережелерін би жаттығуларын үйрету;
б) төреші жестерін түсінуге үйрету
3. Тәрбиелік:
а) жігерлікке, қайраттылыққа, ұстамдыққа тәрбиелеу;
б) әріптестеріне дереу көмекке келу қасиеттерін тәрбиелеу.
Уақыты: 45 минут
Өтетін орны: Спорт залы
Керекті жабдықтар: кедергілер, уақыт өлшеуіш, ысырық, жалаушалар, тығыздалған доптар, шеңберлер (обруч) , секіртпелер (скакалка).
Кіріспе бөлім: сапқа тұрғызу, сапқа бұрылу жаттығулары, залды айналып жүру жаттығуларын орындау, қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру, қол арқада өкшемен жүру, қол желкеде аяқтың ішкі қырымен жүру, спорттық жүріске көшу, жүгіру жаттығуларын орындау, жеңіл жүгіріспен жүгіру, оң және сол жағымен қадамдап жүгіру, өкшені биік лақтырып жүгіру, жылдам жүгіру, спорттық жүріске көшу, жай жүріс, тынысты қалпына келтіру жаттығуларын орындау. Жалпы жетілдіру жаттығулары. АҚ негізгі тұрыста, қол белде, басты айналдырамыз, оңға солға АҚ қол иықты аяқ иық деңгейінде 1-2 санына алдыға, 3-4 санына артқа айналдырамыз. АҚ негізгі тұрыста қол белде 1-2 санына белді сол жаққа 3-4 санына оң жаққа айналдырамыз. Отырып тұру жаттығулары АҚ негізгі тұрыста қол белде отырғанда алдыға созу.
Негізгі бөлім: Балаларды 4 қатар сапқа тұрғызып, би жаттығулары, АҚ 1 жағына аяқты секіріңке түрде ашып қолды жоғары көтеріп алақан соғу. 2 санына қайта қалыпқа келу, АҚ қол алақанымен кеудеде 1 санына аяқты 1 адымға артқа басып қолды жазып артқа бұру тура солай басқа жаққа эстафеталық ойындар шапшаң жүгіру 2 командаға бөлініп тығыздалған топтарды айналып жүгіру, жалаушалар арасымен жүгіріп өтіп айналу шеңбері уақытты айналдыру.
Қорытынды бөлім: Сыныпты сапқа тұрғызып, залды айналдырып жеңіл жүгіріспен жай жүгіріске көшіп тынысты қалпына келтіру жаттығуларын жасатамын, сапқа тұрғызып көзге түскен және нашар оқушыларды атап өтіп, бағаларын қоямын. Үйге тапсырмасын беремін, қоштасамын.
Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы,
КММ «Алға орта мектебі»,
Дене шынықтыру пән мұғалімі
Косаев Азамат Рысбекович.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.