Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БИДАЙ МЕН ҚАҢБАҚ -

БИДАЙ МЕН ҚАҢБАҚ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2139 | Размер: | Автор: гость
. «БИДАЙ МЕН ҚАҢБАҚ»
А.Тоқмағанбетов.
Б.Алманов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі. Сыдықова Ардақ.
Ақтөбе облысы.Ырғыз ауданы.Құрлыс ауылы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өлеңді мәнерлеп оқи отырып,қазақ халқының ежелден келе жатқан кәсібі – егін өсіру туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: ой-өрісін,танымдық қабілеттерін арттыру,өз ойын жүйелі жеткізу,ойын қорыта білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: еңбек сүйгіштікке,салмақты,ақылды болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: топпен жұмыс, ойын,Венн диаграммасы,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: автор суреті,жұмбақтар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың психологиялық дайындығы.
а) сәлемдесу рәсімін жасайық.
Қайырлы күн балалар !
Шеңбер болып тұрайық,жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
- Сендердей ақылды,мейірімді,білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын.Ендеше,сендерде сондай қуанышты жүзбен бір-бірлеріңе күлімсерей қарап,бас иіп амандасайық.
- ә) Дөңгелектене күн жасап,достық шеңберіне тұрайық.Бір-біріміздің қолымыздан ұстайық.не сезіндіңдер?
- Жылылық.
- Достарымыздан жылу алып,көңіл-күйіміз қандай болды?
- Керемет.
- Олай болса,орнымызға 2 топқа бөлініп отырайық.
І-топ. «Зеректер».2-топ. «Білімділер»
ІІ. Үй тапсырмасы сұрау.
Жеңіс Қашқынов «Ұнатам күзді мен».Өлеңді бөлімдерге бөліп оқыту.
І-топ. «Күзгі дала,табиғат
2-топ.Күзгі еңбек.
Әр топ өлеңді мәнерлеп оқиды.
Суретен жұмыс.Күз мезгілі туралы үйде салып келген суретті әр топ әңгімелейді.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Жұмбақтар шешу.
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар. (бидай)
Шеңбер жасап өседі
Желмен бірге көшеді.(қаңбақ)
А.Тоқмағанбетов «Бидай мен қаңбақ».
І)Автор туралы мағұлмат беру.
Асқар Тоқмағанбетов -19 қыркүйек 1905 жылы Қызылорда облысы,Тереңөзек ауданында дүниеге келген.Ақын жазушы,Талантты акын прозайк,сатирик.Жетпістен астам кітаптың авторы.
Ол 1-дәрежелі Отан соғысы 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен мараппатталған.21 тамыз 1983 жылы қайтыс болған.
2) Мысалды мәнерлеп оқу.
3)Бидай,каңбақ туралы түсінік беру.
Бидай – астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл.Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы,
Пальша бидайы,көже бидай,жұмсақ бидай,катты бидай,көбен бидай)өседі,жабайы түрлері сирек кездеседі.Бидай – дәнді-дақылдар тобына жататын,көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік.Дәндә-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл.Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени т түрі белгілі.Бір гектардың 30-40 центнер өнім береді.
Қаңбақ – жабайы өсімдік.Оның тамыры томыраққа әлсіз бекиді.Оны мал жемейді,отқа да жақпайды.Қаңбақ желмен жарысып көшіп жүреді.
«Бидай мен қаңбақ» атты мысал өлеңінде ақын ұшарын жел,қонарын сай білетін қаңғыған қаңбақ пен айналасы әнге масағы дәеге толы құт берекелі бидайды айтыстырады да қаңбақ арқылы еткен еңбегі жоқ,елге тиер пайдасы жоқ,белгілі тұрағы жоқ қуыс кеуде берекесіз жандарды бейнелейді.
4)Мысалды оқушыларға рөлге бөліп,мәнерлеп оқыту.
5) Топпен жұмыс.
І-топ.Мысал кейіпкері бидай туралы білгендерін топтайды.
Бидай:
Салмақ,молшылық,көңілді,бірлік,дән,береке.
2-топ.Мысал кейіпкері Қаңбаққа мінездеме беру.
Қаңбақ:
Жеңіл мінезді,жалқау,тұрақсыз,күншіл,мақтаншақ.
Сергіту сәті. Көлдің беті кілегей,
Жер сап-сары бірегей
Тырау-Тырау тырналар,
Түстікке бетті бұрды олар.

Қара суық жел есті,

Күннің көзі көмескі.

-Ал біз сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.
6)Шығармашылық тапсырма.
1-топ.Мысал өлең жолдарын пайдалана отырып бидай мен қаңбақ туралы жұмбақ құрастыру.
2-топ.Бидайдың қандай пайдасы бар?
Нанға байланысты тыйым сөздер жинастыру.
7).Ой шақыру.
Оқушыларға сұрақтар беріледі.
а)Өлеңде не жайлы айтылған?
ә)Ақын не айтпақшы болды?
б)Бидайды қандай адамға теңейді?
в)Қаңбақты қандай адамға теңейді?
Оқушылардың жауаптарынан өлеңнің тақырыбы мен идеясы ашылады.
8)Топтық жұмыс.
І-топ.Венн диаграммасын құру.
2-топ.Мысалды сахналау.
ІV.Қортынды. Ойын «Егінді ору»
1.Бидай масақтарының артындағы сұрақтарға жауап беру.
2.Қаңбақ бидайға не деп тіл қатты?
3.Қаңбақ бидайдан қандай жауап алды?
«Уф» десе ұшасың «Суф» десе қонасың дегенді қалай түсінесің?
4.Дұрыс айтқан Бидай ма,қаңбақ па?
5.Бидайдың қандай пайдасы бар?
6.Бидайдан қандай тағамдар жасайды?
Дұрыс жауап берген балаларды бағалау.
Көп бидай масағын жиған топты мадақтау.
V.Үйге тапсырма.
.Мысалды мәнерлеп оқу.
.Мысал желісі бойынша сурет салу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.