.
.
Солтүстік Қазақстан облысы Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2145 | Размер: | Автор: гостьТайынша ауданы
Зеленый Гай аулы
«Зеленогай орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Шаханова Шамшия Рахимжановна
Қазақ әдебиеті 6 сынып (орыс сыныбы)
Әдебиет 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» ашық сабақ
Мақсаты: Оқушылардың халық ауыз әдебиеті және мақал-мәтел, жұмбақтар туралы білімдерін кеңейту. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
(Аринаның жауабы)
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
II.Үй тапсырмасын тексеру
1.Сұрақ-жауап.
III.Жаңа сабақ.
Сабағымыз 4 кезеңнен тұрады
1 кезең БӘЙГЕ
2 кезең ПОЛИГЛОТ
3 кезең ҒАЖАЙЫП АЛАҢ
4кезең ЖОРҒА
Кезеңдер
1 кезең Бәйгеде оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды, қолдарын көтерген оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса, келесі қол көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 ұпайдан есептеледі.
1.Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2.Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетіне тән ортақ қасиет қандай?
3. Ауыз әдебиеті қашан туған?
4. Халық ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылығы?
5. Ауыз әдебиетінің түрлері?
6. Ауыз әдебиеті ғылымда қалай аталады?
7. Ауыз әдебиетін неге синкретті өнер деп атайды?
8. Мақал-мәтелдер дегеніміз не?
9. Мақал-мәтелдердің тақырыбы қандай түрлерге бөлінеді?
10. Жұмбақтардың жасалу жолдары қандай?
2 кезең «Полиглот» әртүрлі тақырыпта мақал-мәтелдер берілген, арасында бір сөз алынып тасталған, сол сөзді оқушылар тауып, оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір ұпайдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай. «Жоғалған сөз»
«Жеті тілді білсең, бар әлемді билейсің»
1. Отансыз …, ормансыз бұлбұл.(адам, человек, мэн)
2. Еңбек ширатады, ... үйретеді. (өмір, жизнь, лайф)
3. Оқу – білім бұлағы, ... – өмір шырағы. (білім, знание, нолидж)
4. Максим. ... азбайды, білім тозбайды. (ақыл, ум, маинд)
5. Шешен ... бастар, Батыр ... бастар. (сөз, слова, ворд, қол, рука, хэнд)
6. Көп сөз - ..., аз сөз - .... (көмір, уголь, коул, алтын, золото, голд)
7. Сөз асылы - .... (мақал, пословица, провеб)
8. Жақсы ... үшін жан пида. (дос, друг, френд)
9. Батыр ортақ, ер ортақ,
Күн ортақ, …ортақ. (жер, земля, ёс)
10. … заман көркі. (адам, человек, мэн)
3 кезең «Ғажайып алаңда» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайлық жүйе беріледі.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын!
1. Ертегінің қандай түрлері бар? (қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, жан-жануарлар, хайуанаттар, шыншыл)
2. Жануарлар туралы ертегі атауларын айт (Мысық пен тышқан, Түлкі мен қасқыр т.б)
3. «Алтын сақа» ертегісінің бас кейіпкерлері кімдер? (Бала мен жалмауыз кемпір)
4. Бұл үзінді қай ертегіден? (Толағай ертегісі)
Ел аузында ертеректен, ертек болған қызық көптен,
Бір әңгіме есімде бар. Айтып соны баяндайын,
Ерінбейін, аянбайын, Тыңдау үшін кел, балалар!
Бес жүз жылдар шамасында, Сонау Ертіс жағасында,
Болған біреу саржан атты. Даңқы шыққан мерген екен, Талай дерді көрген екен, Сүйіпті жұрт сол қазақты.
Жұбайы да өзіне сай, Аты Айсұлу – ақ маралдай.....
5. Мақал-мәтелдер қандай мұра? (Мақал-мәтелдер ертеден қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен халықтық мұра)
6. Мақал-мәтелдер немен ерекшеленеді? (Ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді)
7. Мақал-мәтелдер құрлысына қарай қалай бөлінеді? (Қарасөзді, өлеңсөзді болып бөлінеді)
8. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы қандай? (мақалда даналық қорытынды ,ой тұжырымдалыпайтылады, мәтелде ой жанамалап нұсқай салу түрінде айтылады)
9. Жұмбақтар халық ауыз әдебиетінің қандай түрі? (Ертеден келе жатқан түрі)
10. Жұмбақтардың жасалу жолдары қандай? (салыстыру, қарама-қарсы қою, жоққа шығру арқылы)
11. Ғалымдар жұмбақтарды қалай бөлген? (сұрақ, сипат, қалжың, санды, астарлы)
12. Жұмбақтардың тақырыптары қандай? (табиғат, қоршаған орта, өсімдіктер, адам, оқу, білім, т.б)
4 кезең «Жорғада» жазбаша берілген тапсырманы кім тез және дұрыс орындап шығады.
Сұрақтың орнына дұрыс жауабын қойып, мақал-мәтелді аяқта.
1.Күлме кімге? Келер басыңа. (досыңа)
2.Талаптыға не жауар? (нұр)
3.Тіл не жарады? (тас)
4.Қандай үй базар? (балалы)
5.Жас келсе қайда? (іске)
6.Көрдім деген неше сөз? Көрмедім деген неше сөз? (көп, аз)
7. Ашу не? Ақыл не? (дұшпан, дос)
Төрт ертегіден үзінді көрсетіп, оның қандай ертегі екенін және ертегінің қай түріне жататынын сұрап білу.
Қорытынды.
Бағалау.
Үйге: Эссе жазу «Ертегі әлемінде».
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» ашық сабақ
Бағалау парағы
Оқушылардың аты-жөні Бәйге кезеңі Полиглот кезеңі Ғажайып алаң кезеңі Жорға кезеңі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.