.
.
Нағыз таланттың басты белгісі қандай? Білікті маман – білім көкжиегінің тұмары
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1391 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsfБұл ұдайы даму, ұдайы өзін-өзі жетілдіру
В.В.Стасов
Білікті маман – білім көкжиегінің тұмары
Кәсіби тәжірибемді арттыруды, заман талабына сай оқушылардың білімін жетілдіруді, үйренген дәрістерімді сабақ барысында қолдануды мақсат етіп курсқа қатыстым. Бағдарлама бойынша оқып келген мұғалімдердің сабағына кірген сайын ойланатынмын: бұлардың қолданған әдіс-тәсілдерін күнделікті қолданамыз, бұның сыры неде деген сұрақпен келдім. Осы оқуға келе жатып үш ай бойы нені оқимыз? Өзгеріс не береді? Мен оны іске асыра аламын ба? деген ой мазалады. Сабақ басталды. Әрбір берілген тапсырма мен ойды дамыту үшін берілген тапсырманы орындаған сайын қызыға бастадым.
Жаңа бағдарлама біліктілігімізді арттырып қана қоймай, әлем өзгерісіне деген көз қарасымды өзгертіп,сенім ұялатты. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді мен ойлағандай емес жан-жақты, тереңнен сыни тұрғыдан ойлауға үйрету керектігіме көзім жетті. Өзіме тән кәсіби тәжірибемнің дамуында басқаларды дамыту, жетілдіру, өзгерістер енгізуге көшбасшылық жасау,сонымен қатар әдіс тәсілдер алмасу мақсатында желілік қауымдастық құрып, бірлескен жұмысқа тарту керек екенін толық түсіндім.Үш ай бойы нені оқи беремін деген ойымды ұмытып, білгенімнің аз екенін ұғына бастадым. Мектептің даму жоспарын жасағанда құрған жоспарыма сенімсіз едім, осы оқу аясында жоспар құруды үйрендім. Ең бастысы әрбір тұлға өзіне, өзгеге деген сенімділігін арттыру керек. .Оқушы үнін, ата-аналар пікірін тыңдауды, ұжым мен ата-ана арасында, оқушылар арасында коллаборативті орта құруды үйрендім. Білім саласындағы өзгерістің берері мол екенін түсіндім. Бірінші бетпе –бет кезеңінде алған білімімді жеткізе аламын ба? деген сұрағымның жауабын іс-тәжірибе кезеңінде, мұғалімдерден құрылған топқа өз еркімен мұғалімдердің келіп қосылуы өзгеріске деген бетбұрыстың болғаны.
Кемел білімді қалыптастыруға стратегиялық жоспарды іске асыру, басқару мен көшбасшылықта дұрыс шешім қабылдау, білім беру принцптерін талдау, тиімді терең болжауды білу қажет. Оқу процесін заман талабына сай заманауи білім негіздерін енгізу керектігін түсіндім.
А.Байтұрсынұлы «Білім жаңашылдықты қажет етеді. Ол заман ағымына қарай дами береді» деген. Бізде ғарыштаған Қазақстанның ертеңгі тізгінін ұстар, ел дамуының әр алуан саласында жемісті қызмет ететін білімді де жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет.
.
«Оқытуды басқару және көшбасшылық» тақырыбы бойынша коучинг жоспары
Тақырыбы Оқытуды басқару және көшбасшылық
Мақсаты Коучингке қатысушылардың көшбасшылық қасиеттерін анықтау;
Коучингке қатысушылары көшбасшылык арқылы мектепті дамытуға болатынын ұғыну;
Кез келген жағдайда көшбасшылық қабілетімен мақсатқа жету;
Күтілетін
нәтижелер • Коучингке қатысушыларға көшбасшылык арқылы мектепті дамытуға болатынын ұғынады;
• Кез келген жағдайда көшбасшылық қабілетімен мақсатқа жетуге болатынына сенеді;
• өзара білім алмасуға жағдай туады;
• қатысушылар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады.
Қолданылатын ресурстар «Мұғалімге арналған нұсқаулық», А. Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері», үлестірме материалдары, интернет ресурстары,бейне және дыбыстық жазбалар,тәсілдер
Көрнекі
құрал-жабдықтар Флипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер, түрлі-түсті қаламдар, суреттер, желім мен қайшы, интербелсенді тақта,слайдтар
Коучингтің
өту барысы Коучтің іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті
Психологиялық жағымды ахуал орнату (4 мин)
«Айт мерекесіне арналған » сергіту сәті. Әрбір қатысушы өз әріптесіне Айт мерекесіне арналған суреттер арқылы жақсы тілек айтады.Әр суреттер астында « Үш бидің» суреті арқылы топқа бөлінеді. Аудиторияда жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.
Топтық ереже қатысушыларға топтық ереже құрдыртады. қатысушылар өздері топтық ереже құрайды.
Үш бидің көшбасшылық қасиеттері
(5 мин) Коуч қатысушыларға
«Үш бидің» көшбасшылық қасиеттеріне анықтама береді. Қатысушылар сөздерді байланыстырып
«Үш бидің» көшбасшылық қасиеттері туралы өз ойларын ортаға салады.
Коучинг басындағы
көңіл –күйді анықтау
(2 мин)
Қатысушылар бір парақ ақ қағаз алып, ортасынан екі бүктейді. Бір бөлігіне көңіл -күйін бейнелейтін смайликтің немесе табиғат құбылыстарының бірінің суретін салып қояды. Бұл іс-әрекет арқылы қатысушының коучинг басындағы көңіл –күйі анықталады.
Миға шабуыл
(8 мин) Бейнефильм «Құмырсқалар» Қатысушылар өз ойларын түйіндейді
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл
(15мин) 1. Топтарға қойылатын сұрақтар
Бейнероликтер ұнады ма? Несімен ұнады?
Осы роликтерге ортақ нені көре алдыңыздар?
2. Коучинг тақырыбына байланысты «Көшбасшы" дегенді қалай түсінесіздер? Өз ойларыңызды постерге түсіріңіздер.
Әр топ постерлерін қорғайды.
Сергіту сәті
(2 мин) Адам кейпін бейнелеу Қатысушылар бейнелейді,сыйлық ретінде әріптесіне тапсырады.
Бірлескен жұмыс
(15 мин) Көшбасшыға тән –
«21 қасиет»
Слайдтан көрсетеді. Әрбір қатысушы көшбасшының қасиетін біртіндеп оқып шығады.
Тапсырма Ceн көшбacшы бoлуғa лaйықcың ба?-деген сауалнама тест түрінде тарқатылады. Өзінің қандай көшбасшы екенін ұпай жинау арқылы біледі.
Коучинг соңындағы
көңіл –күйді анықтау
(2 мин)
Қатысушылар бір бөлігіне коучинг басындағы сурет салынған парақтың екінші бөлігіне коучинг соңындағы көңіл–күйін бейнелейтін смайликтің немесе табиғат құбылыстарының бірінің суретін салып қояды. Бұл іс-әрекет арқылы қатысушының көңіл –күйі анықталады.
Рефлексия
(5 мин)
• Оқытуды басқару және көшбасшылықтың маңыздылығы туралы ойларыңызбен бөліссеңіздер
• Көшбасшылық мұғалімдердің білім беру мүмкіндіктерін қалай кеңейтеді?
• Оқытуды басқару және көшбасшылық оқушы, мұғалім бойында қандай жағымды қасиеттерді қалыптастырады?
• Кері байланыс сұрақтарына жауап береді.
• Стикерлерге бір сөйлеммен жазып қорытады.
Тақырыбы Топпен жұмыстың тиімділігі
Мақсаты ортада жайлы әрекеттестік орнату,әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасау;
-өз идеяларын зерделеп, өзара әрекеттестік орнату;
-мұғалімдердің белсене қатысуына көмектесу;
Күтілетін
нәтижелер • Ұжымда коллаборативті орта орнайды.
• Өзара білім алмасады. Сенім пайда болады;
• қатысушылар бір-бірін тыңдап, еркін ойларымен мен бөліседі, идея туындайды.
Қолданылатын ресурстар «Мұғалімге арналған нұсқаулық», А. Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері», үлестірме материалдары, интернет ресурстары,бейне және дыбыстық жазбалар, тәсілдер
Көрнекі
құрал-жабдықтар Флипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер, түрлі-түсті қаламдар, суреттер, желім мен қайшы, интербелсенді тақта, слайдтар
Топтық ереже қатысушыларға топтық ереже құрдыртады. қатысушылар өздері топтық ереже құрайды.
р/н Коуч әрекеті Мұғалім әрекеті
1 Коучинг барысы:
Таныстырылым.
Топқа бөлу
Түрлі-түсті стикерлер түсіне қарай бөлініп отырады.
2 Ой қозғау. «құмырсқалар» бейнефилімін көрсетемін.
1.Қалай ойлайсыздар сіздер мына көрністен қандай процесті байқадыңыздар?
2.Қалай ойлайсыздар топтық жұмыс тәсілді қаншалықты жиі және қалай қолданасыз?
3.Сіз мысал келтіре аласыз ба?
Осы уақытта тақырыпты хабарлаймын. Алдарына топтық жұмыстың тиімділігін көрсететін материалдарды беремін. Талқылау мұғалімдер өз идеясын зерделейді өзара әрекеттестікті жақсартуға,топтық жұмыстың қарқынды өтуіне ықпал етеді, белсенді түрде қатысады.
Олар топтық жұмыстың тиімділігімен танысып шығады
3 Миға шабуыл: Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?
«Кемпірқосақ» әдісін пайдаланам.
«мәдениет» дегеніміз не
Мәдениет сөзі туралы өзіңіздің парағыңызға «Кемпірқосақ» әдісі бойынша ойыңызды жазыңыз. Барлық жайттарды қосыңыз, келесі әдіске өту үшін топтарды араластырамын. Мұғалімдер «Кемпірқосақ» әдісі бойынша өз ойларын шынайы жазады . Жаңадан келген адамға түсіндіреді жаңадан келген адам өз тобына оларды да басқа топтан көрген нәрселерін қосады.
4 «Ақылдың алты қалпағы» әдісін қолданамын . Бұл әдісте мұғалімдер санау арқылы топ болып қайта топқа бөлінеді. Әр топ қалаған түстерін таңдайды. Әр түрлі түстерді хобдишаның ішінен «компьютер» сөзі берілді. Әр түсті таңдаған адам бірдей түстермен бірігеді. Содан кейінгі қадам ол әр топ .«Топтық жұмыс» сөзіне әр түрлі шешімдерін ішінен ойды бір мәселе төңірегінде шоғырландырады. Ақ қалпақ –қажетті ақпараттарды жинайды.Сары қалпақ – жағымды жақтарын айқындайды. Жасыл- жаңа ой айтады, идеяға бағыттайды. Қара қалпақ- кері жақтарын айтады.
5 Серігу сәті. Берілген сағат суретіне топ мүшелерін жазып. Сан қасына жазылған тапсырманы орындау.
6 Сынып мәдениеті туралы саулнама. Сіз әдетте сыныппен қалай әңгімелесесіз? Ағымдағы тәжрибені бағалау ретінде сауалнама тарқатып шынайы турде жауап жазсаңыздар дұрыс болар еді: деп алдарына сауалнаманы тарқатып беремін. Мұғалімдер берілген сауалнамаға барынша шынайы және нақты жауаптарын жазады.
7 Піл суреті арқылы бағалау Шынайы баға
8 Кері байланыс:
1.Қалай ойлайсыз оқушылардың бір-біріне сұрақ қою мүмкіндігі қаншалықты маңызды?
2.Оқушыларға сабақ уақытында өзінің сыныптастарымен сөйлесу мүмкіндігі қаншалықты жиі беріледі?
3.Осы коучингтен кейін өз сыныбыңызда қолдар ма едіңіз? Мұғалімдер сұраққа жауап бере отырып сабақ барысындағы тақырыптан алған әсерлері зерделей отырып шынай түрде жауап береді үстемдік ететін «мұғалімнің сөйлеудің» орынан «оқушы сөйлеуіне» ықпал жасайды.
9 Бүгінгі сабаққа рефлекция жазуды ұсынамын Бүгінгі сабаққа рефлекция жазады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.