.
.
БІЛІКТІ ПЕДАГОГ - БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ КЕПІЛІ БІЛІКТІ ПЕДАГОГ - БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ КЕПІЛІ
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1328 | Размер: | Автор: гостьШымкент қаласы, №46 мектеп-лицей, Сарсенбаева Зухра Абдуллаевна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен
әлдеқайда жоғары болу керек.
Ол үшін жаңа фармацияның педагогі қажет»
Н.Ә. Назарбаев
Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны-«ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі-оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.Сондықтан қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажет құрал – білім.Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың белсенді ойлау қабілетін дамыту жаңа технологияны тиімді пайдалану жолдарын көрсету, қазақ тілі сабағына деген қызуғушылығын арттыру оқушыларды топтық жұмысқа дағдыландыру белсенділік, іскерлік жаңа жетістіктерге ұмтылдыру. Қазіргі білім берудегі басты мақсат – ой өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан – жақты қалыптасқан жеке тұлға даярлау. «Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол»,- Махатма Ганди айтқандай, бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне көз жеткізудеміз. Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі – тіл байлығы, өз ойын нақты,терең мағыналы әрі көркем жеткізе білуі. Бүгінгі білім жүйесінде оқушыны белігілі көлемдегі пәндік білім, білік, дағдылармен қаруландыру жеткіліксіз, олардың барынша толықтырылған мазмұны баланың ой-өрісін, өзіндік дүние танымын қалыптастырып, біліктілігін дамытатын деңгейге алып келуі керек. Тиімді педагогикалық шарттарды ұтымды пайдалана отырып, әр баланың бойындағы табиғи қабілеттерін анықтауға, рухани жетіле түсуіне жағдай жасау керек. Мектеп қабырғасынан бастап мәдениет әлемінен нәр алатын еркін тұлға, зор қабілет иесін оқыту мен тәрбиелеуге баса мән берілуі қажет. Кез-келген істің нәтижелі болуы еңбекке байланысты десек, "Адамның адамшылдығы ең алдымен жақсы ұстаздан" деп ұлы Абай айтқандай мектептің сапалы білім, саналы тәрбие беріп, алдыңғы деңгейден көрінуі мектеп басшысы мен ұстаздарға байланысты екендігі анық.Заманның ағымы талаптары оқу мен оқыту үдресіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Қазіргі заман талабына сай сындарлы оқыту технологиясында сабақтарда оқушыларға берілетін сапалы білім әрбір ұстаздан ерекше ізденіс пен біліктілікті, қажырлы еңбекті талап етеді. Оқушылардың топтаса жұмыс жасауы,сыни тұрғыдан ойлау қабілетін түрлі тәсілдер арқылы бере алуы мұғалім ізденімпаздығының жемісі болмақ. «Білікті педагог – білім мен тәрбие кепілі» демекші оқушылардың білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, ғылым – ізденіс қабілеттерін ашып, нәтижелі жұмыс жүргізу, мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыру, оқу педагогикалық тәжірибелерде тиімді пайдалану сияқты істер жетерлік. Өйткені XXI ғасыр білімділер ғасыры . Ендеше бізге ой - өрісі жоғары дамыған зерделі, жан -жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жоқ. Ертеңін ойлайтын болашағына үмітпен қарайтын көшпелі ел- ең алдымыен, ұрпақ тәрбиесіне , шәкірт біліміне ерекше назар аударады. Бүгінгі жас ұрпақтың жаңаша ойлауына дүниетанымының қалыптасуына білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін қалыптастыру, жетілдіру, жақсарту мақсатында олармен жүргізу қажеттігін ұғыну, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгергенін жете түсінуі. Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымынан және негізгі көзқарастарынан, білімге қатысты пікірлерге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді білуі. Сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланысты.Оқытудың сапалы және табысты болуы мұғалімнің қалыпты жағдайда бейімделе алуына да тығыз байланысты.Сапалы оқыту - мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс.Осыған байланысты жаңа әдіс-тәсілдерді мейілінше қолдану қажет.Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады.Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Елмен елді, халықпен халықты теңестіретін білім» деген екен. Білмегеніңді үйрету, тәжірибесімен бөлісу, өзге жұрттың озық үлгілерін меңгеру қашанда маңызды. Белгілі философ Г. Галилей: «Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі,оған жаңалық ашуға көмектескен жөн» -деген.Осы орайда білім саласына оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық қарым-қатынас құзіреттілік желілерге шығу керек. Елбасы халыққа жолдауында дамыған елдердің қатарына ену үшін біріншіден, білім қажет екенін атап көрсетті. Қазақстан бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, білімді ұрпақ қажет, ал білімді ұрпақты тәрбиелеу мұғалім құзырындағы еңбекті талап ететін жұмыс екендігі белгілі.Халқымызда «Тұлпар дүлдүлдігімен, адам білгірлігімен озады»,-деген сөз бар. Ғарыштық жылдамдылықпен дамып келе жатқан XXI ғысырда адамзат үшін ешқашан өзгермейтін темірқазықтар бар.Ол - білім ! Ол – еңбек!сондықтан сөз соңында айтарым, қай кезде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы жақсы ұзтазға байланысты, сондықтан әр мұғалім сабақ беру алдында Ж.Аймаутовтың «Сабақ беру – үйреншіктікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңа табатын өнер », - деген сөздерін есінде ұстап биік асулардан көріне берсін демекпін. Осыған орай бүгінгі уақыт талабына сай, мұғалімдер өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, өз болжамдары мен ойларын ашық айтатын тұлға дайындауға бағытталған оқыту үдерісі мектеп бағдарламасына енуіне тілектеспін!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Табылдиев Ә. Халық тағылымы – А.: Мектеп, 1992
2. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие - А.: Білім, 1995
3. Подласый И.П. Педагогика– Питер.: Владос, 1999
4. Елікбаев Н. Ұлттық психология – А.: Білім.: 1992
5. Макаренко А.С. Педагогика индивидуального действия– М.: Книга, 1960
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.