.
.
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2043 | Размер: | Автор: гостьБолганова Айгул Маликовна
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО ПҚБАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
Эльмуратова Кулаш Жаркинбаевна
Ш.Уалиханов ат. № 18 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы /үлгісі/ өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болды. Оқу үрдісіне жаппай жаңа педагогикалық технологияның түрлері енгізілуде. В. Беспальконың тілімен айтқанда: «педагогикалық технология» дегеніміз тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданатын әдіс-тәсілдер – оның құрамды бөлігі». Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда-ақ – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту - заманның басты талабы.
Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру - мұғалімнің зейін-зердерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көрсете алады.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы «интерактивті» сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді. Сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес. Сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Мұғалім жаңа материалды өте қызықты әрі түсінікті етіп түсіндіру үшін ең керекті бірден-бір құрал – интерактивті тақта. Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жаңа сабақ барысында қосымша қызықты материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы жеткізуге, өзінің жаңа идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсетуге болады.
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақтаның түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
Сабақта компьютерлік желіні интернет ресурстарымен толықтырып отырудың өзі - білім берудегі ақпараттандыру үдерісінің іс жүзіне асқанын көрсетеді. Атаулы жұмысты қарау барысында информатиканы оқытуды ақпараттандырудың жаңа бір әдісін байқауға болады.
Электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты - білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Көп функционалды электрондық оқулықтар:
• Оқушылардың өз бетінше білім алу қызметін ұйымдастыруға;
• Әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесіңде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;
• Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипермәтіндік және гипермедия жүйелерін пайдалануға;
• Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;
• Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесін автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне қарай тапсырмалар беруге;
• Оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
• Қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әдістеменің ерекшеліктері: оқытудың компьютерлік әдістерін «интерактивті» деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне «дыбыс беру», олармен диалог «жүргізу» қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.
Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу ұстазға да, оқушыға да қолайлы, әрі тиімді. Оқушыны ұстаздың жалаң сөзінен гөрі көз алдындағы тақтадан көріп жатқан бейне көп қызықтырады. Бұл – баланың білімге деген ынтасын арттыратын таптырмас құрал.
Күнделікті сабақта барлық оқушыларға интерактивті тақтаның тиімділігі:
• Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• Экономикалық тиімділігі және білім сапасына әсері зор;
• Қарапайым қолмен ұстап, көзбер көріп, сезіне білуі;
• Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы зор;
• Оқушы білімін тексеруде нәтижелі көрсету.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы - әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық дағдыларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын, интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Жаңа ақпараттық бірлікті қалыптастыру:
• мектептің материалдық – техникалық базасына;
• ақпараттық қоғам саясатына мақсаты мен міндеттеріне;
• оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;
• оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне;
• педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне;
• оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағыты мен өзара байланысына тәуелді.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық – педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
• оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жоғын анықтау;
• оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
• мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үдерісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
• оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияны пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында алдағы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта,қалай дамуы керек екендігін белгілеп берді. Әрине,осы міндетті болашақта жастардың жүзеге асыратындығы күмәнсіз.
Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен, ұлтжандылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.