Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Білім берудегі серіктестікті дамыту -

Білім берудегі серіктестікті дамыту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2011 | Размер: | Автор: Публикатор
. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша ПҚБА институтының
«Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану
-ғылыми (гуманитарлық)пәндерді оқыту әдістемесі»
кафедрасының аға оқытушысы
Айдосова Айгуль Ерубаевна
Шымкент қаласы, Тәжібаев атындағы №81 жалпы
орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Арипова Салима Сериковнаға

Білім берудегі серіктестікті дамыту
Кіріспе:
Кәсіби оқыту мәселелері
Кәсіби оқыту негізінен мұғалім жұмыс істейтін мәнмәтінде қалыптасады: сыныптағы жағдайға мемлекет мәдениеті елеулі ықпал етеді, ал ол, өз кезегінде, мектеп орналасқан қоғам мәдениетімен анықталады. Сондықтан мұғалімнің нақты сыныптағы жұмысын шынайы бағалау үшін олар жұмыс істейтін мәдени мәнмәтінмен қатар, уақыттың белгілі бір саяси мәнмәтінін де ескеру маңызды. Мұғалімдердің практикасы тұрғысынан алынған олардың күнделікті тәжірибесі олардың түсінігін қалыптастырады, ал олардың түсінігі тәжірибелерін қалыптастырады, сондықтан егер тәжірибе туралы оқыту дамуда көрінеді десек, бұл тамырын терең тартқан идеяларды естен шығаруға болмайды.
Мұғалімдер мектеп зерттеуімен айналысу арқылы өз сыныптары туралы білім түзеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, іс-әрекеттегі зерттеу үдерісін оқу үдерісіне ықпалдастыру оның жетілуіне ықпал етіп, мұғалімнің оқуын дамытып, оқушының оқу тәжірибесін жақсартады. Ұлыбританияда бұл Фрост, 2003; Опфер мен Педдер, 2010; Уилсон және Деметриу жұмыстарында көрініс тапқан, сондай-ақ 2007 жылы бұндай
жұмыстар Жаңа Зелландияда (Тимперлей және басқалар, 2007) және АҚШ-та (Дэсимон және басқалар, 2002) жүргізілді. Тимперлей зерттеу мен білім қалыптастыру үдерістерінің өзара байланысты екендігін айта отырып, аталған зерттеулер идеясын қорытуға талпыныс жасайды.
Қаралатын мәселелері мектептердегі іс-әрекеттегі зерттеулердің барлық аспектілерінде
басты мәселе болып табылады.
• Мектепті оқушылар үшін ең жақсы орынға айналдыруға мүдделі болу іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге түрткі болып табылады. Соған қарамастан оқытуды жақсарту мектептер оқу бағдарламаларын оқушыларға жеткізетін тәсілдерге техникалық өзгерістер енгізуге қарағанда неғұрлым ауқымды болып табылады. Іс-әрекеттегі зерттеу оқушылар мен мектеп қоғамдастығының көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыруы қажет.
• Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу басты мақсат болмауы керек: оны жүргізу барысында әрқашан бірінші кезекте оқушының да, мұғалімнің да жалпы жағдайының жайлы болуы ескерілуге тиіс.
• Іс-әрекеттегі зерттеу барысында, еріктен тыс, мектеп өкілдері (оқушылар да, қызметкерлер де) екі топқа бөлініп кетуі мүмкін: зерттеуге тартылғандар және де зерттеу жұмысынан тыс қалғандар. Зерттеуші мұғалім қарастыратын мәселелер де, ол қолданатын тәсілдер де оның әріптестеріне және мектеп мүшелеріне түсінікті болғаны өте маңызды.
• Зерттеуші мұғалімдер кәсіпқой ретінде өзінің іс-әрекетінде шынайы және бірбеткейболуы тиіс. Оқушылардың жайлы жағдайы және алқалылық қағидатының сақталуы әрқашанда ескерілуі керек.
Осы төрт ереже бұлар ескерілмесе, іс-әрекеттегі зерттеуді іске асыру өте қиын
болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Мұғалім мектептің күрделі өмірінде кездесуі мүмкін айқынсыздықты ескеруге тиіс.
Сынып базасындағы іс-әрекеттегі зерттеулер оқушылар туралы, олардың демографиялық ерекшеліктері, жетістіктері туралы жеке ақпараттың және осыған қатысты
басқа да деректердің жиналуын көздейді. Зерттеуші-мұғалім ата-аналардан есептілікті
жинақтауға, құрастыруға немесе осы тұрғыдағы ақпаратты жариялауға қатысты рұқсатын
алдын ала алуға тиіс. Мынадай сұрақтар бойынша ата-анадан алдын ала келісім беру туралы өтініш білдіріп, хат жазуға негіз бар екендігін атап көрсетуге болады:
• Сіз ақпаратты не үшін жинайсыз?
• Зерттеу барысында қандай ақпарат жиналады?
• Осы ақпарат қалай пайдаланылатын болады?
• Бұл ақпарат үшін нысаналы топқа кімдер кіреді?
Мұғалім, сондай-ақ іс-әрекеттегі зерттеудің жобасына енгізілген оқушылардың фотосуреттерін, бейне жазбаларын пайдалануға да ата-аналардың келісімін алуға тиіс. Жоғарыда келтірілген сұрақтарды рұқсат беру сұралған хатты жазу кезінде пайдалануға болады.
Тақырыптың тұжырымдамасы:

Іс-әрекеттегі зерттеулердің түрлері
Мұғалімдерді «іс-әрекеттегі зерттеу» терминінің анықтамасы мен оған тартылған қатысушылар санына қарай іс-әрекеттегі зерттеудің бірнеше түрі болатындығы абыржытады. Зерттеуді өзі жұмыс істейтін сыныптың проблемаларын зерделейтін бір мұғалім, жалпы проблема бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер тобы және мектеп, аудан, қаланың проблемасына көңіл бөлетін басқа да адамдар жүргізе алады. Ферранс (2000) іс-әрекеттегі зерттеуді мынадай үш түрге бөледі:
Жеке мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуі әдетте нақты сыныптағы бір мәселені қарастырады. Мұғалім оқыту стратегияларымен, сыныпты басқару, материалдарды пайдалану және оқушыларды оқытуға байланысты мәселелерге жауап іздеуі мүмкін. Бұл істе мұғалімдерге әдіскер, директор немесе ата-аналар көмектесуі мүмкін. Жеке іс-әрекеттегі зерттеулердің кемшіліктерінің бірі оның нәтижелерін басқалар талқылай алмайды, талқылау үшін мұғалім басқа мұғалімдерді кездесуге шақырып, конференцияларда таныстырылым жасауға немесе ақпараттық таратылымда, журналдар мен ақпараттық бюллетеньдерде жазба материалдарын беруге тиіс.
Бірлескен іс-әрекеттегі зерттеуге екі мұғалім немесе бірнеше мұғалімдер тобы және сынып немесе әдістемелік бірлестіктің өзекті проблемаларын шешуге қызығушылық танытқан басқа адамдар қатыса алады. Бұл проблема бір сыныпта ғана кездесуі мүмкін немесе көптеген сыныптарда кездесетін жалпы мәселе болуы ықтимал. Бұндай зерттеу жүргізетін мұғалімдерді мектепке қатысы жоқ адамдар, мәселен университет немесе қоғамдық серіктестіктер өкілдері қолдауы мүмкін.
Мектептің кеңейтілген іс-әрекеттегі зерттеуі жалпыға ортақ мәселелерге бағытталады,
мәселен:
- мектеп қызметіне ата-аналардың араласуы және осыған байланысты ол маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндігінше көп ата-ананы тартудың қолайлы тәсілдерін анықтау;
- мектеп өзінің ұйымдастыру немесе басқару құрылымына қатысты мәселелердің шешімін іздеуі.
Проблеманы зерттеудің іс-шаралар жоспарын жасап, деректерді жинау және талдау, сондай-ақ бекітілген зерттеу жоспарына сәйкес шешім қабылдау үшін мектеп қызметкерлерінің тобы бірлесе жұмыс істейді. Жетілдіруді қажет ететін салаларды анықтау немесе оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу үшін мемлекеттік тест бойынша балл санын талдауды мектепке арналған іс-әрекеттегі зерттеудің мысалы ретінде алуға болады. Бұнымен қоса бір-бірімен өзара байланыста үдерісті жетілдіріп, дамыту үшін біріккен команда жұмысында өзара келісушілік, бір бітімге келудің болмауы да шешуді талап ететін мәселе болуы мүмкін.
Топтық жұмыс жағдайындағы тиімді ынтымақтастық пен жалпы нәтижеге қосқан жеке адамның үлесі өте маңызды. Бұл мәселелер шешілгенде, осы жұмысқа бірлесе қатысудан рахат алып, оның нәтижесіне қанағантанушылық сезімі пайда болады.
Кеңейтілген аймақтық іс-әрекеттегі зерттеу анағұрлым күрделі болумен бірге, көп ресурстарды талап етеді, бірақ нәтижесі де ауқымды болуы мүмкін. Мәселелер ұйымдастыру үдерістеріне, қоғамдық үдерістерге, оқушылардың оқу үлгерімі немесе жүргізілген реформалар салдарына байланысты болуы мүмкін. Аймақтық іс-әрекеттегі зерттеулер бірқатар мектептерге тән ортақ мәселені немесе ұйымдастырушылық сипаттағы бір мәселені шешуге бағытталуы мүмкін. Бұндай зерттеудің кемшіліктерінің қатарына жалпы құжаттама әзірлеу және жүргізу қажеттілігін, зерттеу үдерісін одан әрі жалғастырып, дамытуды қолдау қажеттігін жатқызуға болады.Зерттеуге қатысушылардан деректерді жинау жобаға қатысушылардан іске толық берілуді, бекітілген жоспарға сәйкес барлық тапсырмаларды уақытында орындауды талап етеді. Бір жағынан, әртүрлі адамдардан тұратын топтардың қатысуы үдеріске қарқын береді және зерттеуді сапалы жүргізуге қызығушылық танытатын серіктестік қарым-қатынас қалыптастырады.
ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЗЕҢДЕРІ
• Іс-әрекеттегі зерттеудің сипаттамалары әртүрлі болғанымен, олардың барлық түрлері үшін ортақ элементтері де бар деуге болады. Уотерс-Адамс (2006) өз жұмысын осы ортақ элементтерді өзара салыстырып, сипаттауға арнаған:
• Іс-әрекеттегі зерттеуді өз тәжірибесін түсінуге және жетілдіруге тырысатын мұғалімдер жүзеге асырады. Бұл іс-әрекеттегі зерттеуге жекелік сипат беріп, білім беру тәжірибесі жүргізілген жағдайды сын тұрғысынан ойластыруға немесе оны мойындауға әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда зерттеу іргелі сипатта бола алмайды.
• Іс-әрекеттегі зерттеу жоспарлау, әрекет ету және әрекет туралы ойлану үдерісі арқылы жүзеге асады. Бұл оны «әрекет-рефлексия» циклі ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.
• Іс-әрекеттегі зерттеу тәжірибе туралы деректерді жинақтауды қамтиды.
• Іс-әрекеттегі зерттеу өз тәжірибелерінде өзгеріс енгізуді жоспарлап, ол іске асырылған өзгерістердің тиімділігін көруге тырысатын мұғалімдер үшін тән.
• Іс-әрекеттегі зерттеу жүйелілік және ғылымилық қағидаттарына сәйкес келеді.
Іс-әрекеттегі зерттеу барысында талдау жүргізіп, білімді қалыптастырған адамдар – практиктер (Waters-Adams, 2006).
ПРОБЛЕМАЛЫ САЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ
Мұғалімдерде тәжірибе барысында туындайтын, жауап алуды қалайтын бірқатар өзекті сұрақтары болатыны сөзсіз, алайда сұрақтардың арасынан күнделікті жұмыста аса маңызды және қызықты болып табылатын бір мәселені анықтап алу маңызды. Бұл іс-әрекеттегі зерттеудің бірінші кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде жан-жақты жоспарлау зерттеуді бастағанда қателікті болдырмауға көмектеседі, әрі мәселені зерттеу барысында көңілі қалмай, ынтамен жұмыс істеуге септігін тигізеді. Проблеманы зерттеуді бастар алдында бірнеше критерийлерді ескеру қажет болады. Ферранстың (2000)
пайымдауынша, зерттеу мәселесі болып
табылатын проблемалар:
• өзекті болуы керек;
• жоғары деңгейлі сұрақ болуы керек -иә/жоқ емес;
• жаргондарды қатыстырмай, қарапайым
• тілді пайдалана отырып жазылуға тиіс;
• қысқа болуы керек;
• тәжірибелік маңызы болуы керек;
• әлі жауабы болмауы керек.

Нақты, анық баяндалған сұрақты қалыптастыру зерттеуіңіздің сұрағына жауап беру жолында деректерді жинақтауда, қандай деректердің ең пайдалы екендігін анықтауға көмектеседі. Оның үстіне зерттеу жүргізу барысында нақты мақсатыңыз болса, сіз зерттелетін мәселеге тікелей қатысы жоқ көптеген ақпаратты жинауға уақыт жұмсамайсыз. Төмендегі мысалда мұғалімнің өзінің алғашқы кең ауқымды тәсілін қалай тарылтқаны көрсетілген.
Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудің осы кезеңінде басшылыққа алынатын басты қағидат зерттеу сұрағын қою, яғни мұғалім ықпал ете алатын бірдеңе бар ма екенін анықтау болып табылады. Қызықты және назар аударуға және күш жұмсауға тұрарлық бірдеңе бар ма? Кей кезде жеңіл деп қаралмай қалған мәселе сыныпта жайсыздық және шиеленесу сезімін тудыратын, шешуді талап ететін проблемаға айналуы мүмкін.
Сұрақтар мынадай салаларда туындауы мүмкін:
Оқушының нәтижелері (жетістігі, өмірлік бағдары);
Оқыту бағдарламасы (оқыту материалдарының тиімділігі, бағдарламаны пәндер бойынша қажетті білім көлеміне қойылатын мемлекеттік білім нормативтеріне сәйкес құру);
Оқу үдерісі (оқыту стратегиясы, қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар);
Мектептегі ахуал, мектеп мәдениеті (мұғалімдердің моральдық-өнегелілік
құндылықтары, мұғалімдер мен әдіскерлердің арасындағы қарым-қатынас
және т.б.)
Ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы (жиналыстарға келуі, мектептің іс-шараларына қатысуы).
Төменде келтірілген стратегия зерттеу сұрағын құрастыруға немесе
проблеманы айқындау үшін пайдалы бола алады:
Өзіңіздің сыныбыңыздағы немесе мектептегі жағдайды назар аудара отырып, мынадай сөйлемдерді толықтырыңыз.
Мен өзгерткім келетін жалғыз мәселе - бұл …
Менің тәжірибем … арқылы жақсартылуы мүмкін.
Мен жұмыс істейтін оқушыларға … қажет.
Мен … білгім келеді.
Маған… неге солай екенін білген қызық.
Оқытудағы ең маңыздысы - бұл …
Оқушылар үшін ең қолайлы оқыту ортасы … болып табылады
Маған … қалай ... зерделеу қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Альберттің мұғалімдер қауымдастығы, 2000
2. Teacher Association (2000). Action research Guide. [Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша
3. нұсқаулық].
Дереккөздер
1. http://www.teachers.ab.ca/SiteCollectionDocuments/ATA/Publications/Professional-Development/ActionResearch.pdf.
2. http://teachersnetwork.org/tnli/Action_Research_Booklet.pdf
3. http://www.edu.plymouth.ac.uk/resined/actionresearch/arhome.htm
4. http://www.eduweb.vic.gov.au/edulibrary/public/teachlearn/teacher/proflearn/Action_Research_Jeffrey_Glanz.pdf.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.