Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Білім. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. -

Білім. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1524 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО облысы
Түлкібас ауданы
Жаскешу ауылы
С.Сейфуллин атындағы ЖОМ
Шопаева Дина Оңалбайқызы
1-сыныпта

Сабақтың тақырыбы: Білім. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: сынып оқушыларының білім туралы ұғымын кеңейту. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер туралы білімін тиянақтау, ой ұшқырлықтарын байқау, көркем, сауатты жазуға баулу.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: болашаққа өз үлесін қоса білетін, туған жерін, елін, тілін құрметтейтін, білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, туған жерге арналған суреттер, кеспе қағаздар, интерактивті тақта.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру, ойын.
Түрі: Жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.
Қайырлы таң деп айтамыз,
Күнде бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Жақсы балалар, осындай жақсы сөздермен сабағымызды бастайық.
Балалар қазір қандай сабақ? (Ана тілі)
Қазір қай мезгіл? (қыс мезгілі)
Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
Ауа райы қалай? (күн аязды, суық)
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге қандай тапсырма берілді? (Жылыжайда)
Мәтінді оқыту.
Көрініс көрсету.
Мазмұнын әңгімелеу.
а) Жылыжай деген не? Қалай түсінесің?
ә) Тірі табиғатты ата.
б) Оларға қажетті жағдайларды ата.
в) Жылыжайда нелерді өсіруге болады?
III. Мақсат қою кезеңі. «Ой шақыру»
Балалар қазір тақтаға орны ауыстырылып берілген сөздер ілемін. Ал сендер олардың ретін тауып орналастырыңдар. Сонда өте мағыналы бір сөйлемді оқи аласындар.

Кәне дайынбыз ба?
«Ұлт – болашағы білімдінің қолында »
- Біздің ұлтымыз -
- Тіліміз -
- Ел басымыз кім?
- Қайда тұрамыз?
Жеріміз өте кең. Жер көлемі жөнінде дүние жүзі бойынша 9 орында тұрмыз. Бұл жерге бірнеше мемлекет сиып кетеді екен. (картамен жұмыс)
Презентация арқылы Қазақстанның табиғатын тамашалау. Ендеше осындай кең байтақ еліміздің ертеңі сендердің яғни білімді ұрпақтың қолында.
Ендеше мына көріністі тамашалайық. (көрініс «Байлық, бақыт, ақыл»)
Ақылды адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдай біледі. Ақылды болу үшін оқу, іздену, үйрену қажет.Яғни адамға білім қажет екен.
IV.Жаңа сабақты меңгерту.
- Балалар, бүгін біз Өтебай Тұрманжановтың «Білім» атты өлеңімен танысамыз.
Тұрманжанов Өтебай (15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында дүниеге келген. 1978 жылы қайтыс болған.) – жазушы. Балаларға арналған әртүрлі тақырыпта әңгімелері мен өлеңдері бар. Соның бірі «Білім» атты өлеңі.
а) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
ә) Мазмұнын түсіндіру.
Адам өмір бойы өзіне құпия, сыры беймәлім нәрселерді білуге құштар болады. Білімді мектептен немесе оқу орындарынан алуға болады. 1қыркүйек – Білім күні. Бұл күні барлығымыз Білім күнін мерекелейміз. Алғашқы қоңырау соғылып, жаңа өмірге қадам басамыз. Сонымен қатар кітап, газет, журнал, оқу ақпарат құралдарын тыңдап өз білімін тереңдетеді.
Балаларға өлеңді оқыту (6 оқушы).
Білім, байлық сөзіне дыбыстық талдау жасау.
a) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
ә) Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
б) Жуан дауысты дыбыстарды ата.
в) Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
Мысалы: ұры, жалқау, өрт, оқу, ине, құдық. Жуан ба, жіңішке ме?
V.Сергіту сәті.
Бір, екі, үш,
Біз жинаймыз күш.
Қолға қалам аламыз
Әдемі етіп жазамыз.
VI.Дәптермен жұмыс.
43-жаттығу. Мақалды көшіріп жазу.
Жуан айтылатын сөздерді тап. Айтылу себебін түсіндір.
VII. Миға шабуыл.
Балалар сендерге таңдау береміз. Байлық қажет пе, білім қажет пе? Әрқайсысың өз ойларыңды айтыңдар.

Білім Байлық
сені бағады сен бағасың
досыңды көбейтеді жауыңды көбейтеді
таусылмайды жұмсасаң азаяды
көпке жетеді жоғалады, өледі
ел құрметтейді мақтаншақ болады
есеп жүргізбейсің күнде есептейсің
X. Ойын. «Кімнің жұлдызы биік».
Білім туралы мақал-мәтелдер айту.
Тақпақтар айту.
XI. Қорытындылау.
Біз нені ұқтық? Білімді болу қажеттігін ұқтық.
Білімді болу үшін не қажет?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев : «Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл», - деп атап өтті. Бұл тұста Ел Президентінің әрбір айтқан сөздері білім ордамыздың әрбір ұстазына, оқушыға артар жүгі ауыр, жауапкершілігі мен сенімі зор болмақ. Ендеше балалар еліміздің ертеңі, болашағы сендердің қолдарыңда. Сендердің білімді де, білікті азамат болып өсетіндеріңе сенеміз.
XI. Үйге тапсырма.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. 44-жаттығуды орындау.
XII. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.