Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Білімді ұрпақ – мемлекеттің болашағы -

Білімді ұрпақ – мемлекеттің болашағы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1242 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Білімді ұрпақ – мемлекеттің болашағы

Заман үздіксіз жаңарып отыратын процесс, сол заманға лайықты өскелең ұрпаққа білім беретін, тәрбиелейтін мұғалім. Ал мұғалім өзінің ізденісін тоқтатқан жағдайда оның мұғалімдігі де тоқтайтындығын білеміз. Ендеше жаңашыл, соңғы технологияны меңгерген, әдіс-тәсілдерді игеру жағы мықты орныққан мұғалім заманға сай оқушыны оқытып, тәрбиелеп шығарады деп сенеміз.
Осыған орай, «Төрткүл» жалпы орта мектебінде Кембридж бағдарламасы негізінде: «Білімді ұрпақ – мемлекеттің болашағы» атты семинар болып өтті.
Семинардың мақсаты: Топтық жұмыс арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, бақылау мен талқылаудың нәтижесінде қорытынды жасауға үйрету.
Семинар барысында мектеп директоры М. Омарбек басшылық жасайтын «Төрткүл» жалпы орта мектебінің 85 жылдық тарихымен таныса отырып, Отанымыздың бір қатар тұлғаларын тәрбиелеп, білім берген мектеп екенінің куәсі болдық. Семинарға Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы Накипов Майхан ағай, аудандық білім бөлімінің әдіскері Естемесова Зухра апай қатысты. Мектеп директорының Кембридж бағдарламасы негізінде білім алып, мұғалімдерге үлгі болып, сонымен бірге бұл ұжымның жаңаша білім беру әдістемесіне көшкенін байқадық. Оған енген сабақтарымызда көзімізді жеткіздік. 2 «ә» сынып жетекшісі: Абу Айгүлдің ана тілі пәнінен өткен «Атай» атты ашық сабағында білімнің жеті кереметін тиімді пайдалана білді.
Нәтижелі білім алу үдерісі, мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модульдері аясында ғана жүзеге асады. ( Мұғалімдерге арналған нұсқаулық) Сабақ барысында сегіз тезисте орын алды. Айгүл апай сыныпта оқуға үйрететін білім ортасын құра білді. Оқушылар дерлік сабаққа
қызығушылық танытты. Оқушы өзін-өзі бағалай алды. Топтық жұмыс кезінде Мерсердің әңгімесінің 3 түрі орын алды.
3 «а» сынып жетекшісі Жора Дариға қазақ тілінен «Дара және күрделі етістік » атты өткен ашық сабағында «Оқу мен оқытудың түйінді тоғыз қағидатын» орындап шықты. «Қара жәшік ішіндегі жұмыс» та ретімен орын алды. Мерсердің «сұрақ қою тәсілдерінің» түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау түрлерін пайдаланды.
Сонымен бірге «Сыни ойлау арқылы ойды шыңдау» атты Тауасар Жамбылдың коучинг-сессия сабағына қатыстық. Бұл сабақ «білім мен тәрбие егіз» екенінің дәлелдеді. Кембридж бағдарламасы негізінде «Жигсо» стратегиясын қолдана отырып, топтарға оқушылармен қалай жұмыс істеу қажеттігі туралы түрлі сауалдар қойылды. Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы көпіршенің негіздеріне байланысты видео-роликтертерді көрсетті. Дәстүрлі ұстаздар мен жаңашыл ұстаздардың сабақтағы әрекеттерін ортаға салды. Салыстыра отырып, мұғалімдер ойларын айта білді. Маған ұнағаны «Бес саусақ» стратегиясы болды.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, сұрыптап қолданады. Өз пәні үшін тиімді, маңызды әдістерді жетілдіре түседі. Көрнекі педагог В. А. Сухомлинский «сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан еді. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Әрбір мұғалім қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Осылай тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдер бірлесе отырып, болашақ ұрпаққа білім беруде жоғары көрсеткіштерге ие болатыны сөзсіз...
















«Тоқсансай» жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Торғаутова Майра
Тел: 8 705 981 15 75
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.