Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Білімді тиянақтау -

Білімді тиянақтау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1059 | Размер: | Автор: гость
. С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Алмаханова А.
Пәні: математика
2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау
Мақсаты: Ертегі әлеміне саяхатқа шығу.
Дамытушылығы: Есепті әртүрлі тәсілмен шығару дағдыларын пысықтай отырып, ойлау және есте сақтау, қорытынды жасау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, алғаш білімдерін, өмірді пайдалана алуға, шапшаңдыққа, өздерін өздері бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, ән күй.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
(Оқушылар орындарына отырады)
- Балалар бүгінгі математика сабағымыз ерекше түрде өтеді.
- Біз сендермен бірге ертегі сабақ өтеміз.
- Қандай ертегімен дос болатынын мына сандарды өсу ретінмен қойыңдар, ертегі аты шығады.
1 3 5 7 19 43 67 62
Б А У Ы Р С А Қ

Үй тапсырмасын тексеру: №6 мысал, 129 бет.
(48+2)+5=55
(57-7)-2=48
(36+7)+3=48
(65-7)+4=62

Дәптерге жазамыз:
Қаңдардың 30-ы.
Сынып жұмысы.
Қайталау
- Бауырсақ ертегісін кім біледі?
- Оқушылардан ертегі туралы сұрау? Слайд көрсету.
- Ертегінің ішіне кіру үшін мына құлыпты ашу қажет.
- Ол үшін арасындағы қалып кеткен сандарды толықтыру керек.
Ертегі туралы айту. Бауырсақтың іші пысып домалап орманға кетті.
1) Математикалық есептер
Сүрінбей бәрін өтіп көр.

2) Ал оның алдынан ... сәбізді жақсы көреді,
Секіріп өзі жүреді. (қоян).
Қоянның тапсырмасы: №1 тапсырма
а) 4 + 4 = 8 А

ә) 1 + 7 = 8 Ә

б) 4 + 3 + 1 + 3 = 11 Б

Ары қарай бауырсақ домалады.
Алдынан... Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елде іздейді,
Малдан жүдер үзбейді. (қасқыр)
Қасқырдың тапсырмасы: №2 тапсырма.
Оқулықтан №4 есеп, 130 бетте.

Ары қарай бауырсақ домалады.

Алдынан... Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспене. (аю)
Аюдың тапсырмасы: №3 тапсырма.
Әділеттің бойы 12 дм, ал Мәрленнің бойы одан 1 дм биік. Мәрленнің бойы неше дециметр? Кері есеп құрастыр.

Ары қарай бауырсақ домалады.

Логикалық есеп. №4 тапсырма.
Қасқыр, аю және қоян бауырсақпен кездескенге дейін, түймедақ, роза және қызғалдақ гүлдерін терді. Қасқыр түмейдақ пен роза гүлін термеді. Ал аю – роза гүлін тремеді. Сонда, қасқыр, қоян, аю қандай гүл терді?

Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Алдынан... Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай шу
Ол не? (түлкі)
Түлкінің тапсырмасы: №5 тапсырма.
Кітаптың ұзындығы 22 см, ал ені одан 4 см қысқа. Кітаптың ені неше см?

Білімді – мыңды жығар

83+7 92-9 68+6
83+9 74-8 5+85
92-2 93-8 93-3
68+2 8+85 74-6

Жарайсыңдар!
Бауырсақты
Құтқардыңдар!
Математикалық есептер жолынан
Сүрінбей бәрінен өттік!
Бауырсаққа көмектескені үшін барлық ертеге кейіпкерлері сіздерге рахмет айтады!!!

Үйге тапсырма: №6 мысал, 130 бет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.