Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бір шаңырақ астында, бір дастарқан басында -

Бір шаңырақ астында, бір дастарқан басында

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4426 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Бір шаңырақ астында, бір дастарқан басында

Мақсаты: Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.
Көрнекілігі: шаңырақ, қанатты сөздер, ұлттық киімдер.
Қатысатындар: мұғалімдер,оқушылар, ата-аналар.
Туды енгізу.
Гимн орындалады.

Фанфары. Жүргізушілердің ортаға шығуы.

1 - жүргізуші:
Пай - пай, киелі неткен жер!
Батырлар дүбірлеп өткен жер!
Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал - сері кеткен жер,
Бас иіп иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Мына өлке, мына аймақ,
Бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға.
Тағзым жасаймын қырларға,
Шүкірлік етемін қашан да,
Осы бір Отанда тұрғанда.

- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2 - жүргізуші:
Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады деп, бүгінгі 1мамыр Татулық, бірлік, ынтымақ күнімен баршаңызды құттықтап, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойына орайластыра өткелі отырған «Бір шаңырақ астында, бір дастарқан басында» атты фестивалімізді ашық деп жариялаймыз./ Гимн орындалады. /

1 - жүргізуші: Ассамблея.
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы»деген тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮІІ сессиясын өткізген болатын. Қазақстан халқына бақ болып қонған келісім мен бірлік «Бір ел – бір тағдыр» ұстанымына сүйене отырып, Қазақстанның барша азаматын Елбасының ел тұрғындарына жолдаған «Болашақтың іргесін бірге қалайық» атты Жолдауындағы міндеттерді іске асыру жолында бір елдің баласындай, бір қолдың саласындай жұмылуға шақырды.
Ассамблеяның ХҮІІ сессиясының қатысушылары Қазақстан халқының ұлттық рухы – дәстүр, отансүйгіштік, жаңару мен жеңіс рухын нығайтуға шақырды.
Біз, ел азаматтары, Ұлт көшбасшысы Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен бірлесе отырып, күшті, ырыс - ынтымағы тасыған, өркені дамыған Тәуелсіз Қазақстанды құратынымызға сенеміз!
2-жүргізуші:
“Бір шаңырақ астында, бір дастарқан басында” атты мерекелік іс - шараға қош келдіңіздер!

«Жаса Қазақстан» әніне әр ұлттың өкілдері шығып, билейді.

1-жүргізуші:
1995жылдың наурызында дүниежүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл - ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

1 - жүргізуші
Ағайын - туған - бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! – дей келе мерекеге құттықтау сөз мектеп директорына беріледі!

2 – жүргізуші:
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр – деп әр ұлт өкілдерін ортаға шақырайық!

( Шаңырақ ұстап ортаға қазақ халқы шығады)
Қазақ халқы:
- Қазақстан мемлекеті - көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.
2.Орыс халқы;
3.Татар халқы;
4.Ұйғыр халқы;
5.Корей халқы.



1 – жүргізуші:
Бұл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.

Әдеби монтаж

1 – жүргізуші:
Бүгін де әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді-демекші келесі кезекте әр ұлт өкілдерінің салт - дәстүрлеріне кезек берейік.
Қазақ халқының салт – дәстүрі “Бастаңғы”
Орыс халқының салт-дәстүрі - “Масленица”
Татар - халқының салт-дәстүрі - “ Сабан той ”
Ұйғыр халқының салт-дәстүрі - “Машрап”
Корей халқының салт-дәстүрі - “Баланың 1 жасқа толуы”

2 – жүргізуші:
Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.



1 - жүргізуші
Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә! Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?
Оқушы: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе тыныштық, бірлік.
Оқушы: Әрине, халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды.

2 - жүргізуші
Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?
Оқушы: Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол. Елдегі тыныштықты халық «береке - бейбітшілік» дейді.

1 - жүргізуші
Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдансын.

Туды алып шығу
Гимн

Хор: «Егеменді Қазақстан»

1 – жүргізуші:
1 - мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.

2- жүргізуші:
Осымен «Бір шаңырақ астында, бір дастарқан басында» атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.