.
.
Сабақтың тақырыбы: Бірдей сандарды азайту. Бірдей сандарды азайту
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1493 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsfСабақтың мақсаты :
Білімділік:Бірдей сандарды азайту тәсілдерінің, шығару жолдарын анықтауға және оны шығаруды үйренуді бірге орындау.
Дамытушылық: оқушылардың зейінін, зерде үрдісін дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелік: оқушыны ізденуге, салыстырулар жүргізе білуге, жеке, топ болып бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
* Бірдей сандарды азайту тәсілдерін, шығару жолдарын іс-әрекет арқылы шешуге көмектесу
* Өрнектерді бір-бірімен салыстыру, саралау, талдау жұмыстарын жүргізуге нұсқаулар беру
* Жеке жазып, жұпта ойларын бөлісіп, топта талқылау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру
Күтілетін нәтиже:
1. Бірдей сандарды шапшаң ойша азайтуды шығара алады ;
2. Оқушылар өзара жұптасып, топтасып әрекеттене алады;
3. Бірдей сандарды азайту тәсілдерін еркін қолдана алады;
4. Өз өмірінде, өз қажеттілігіне қолдана алады;
Сабақтың көрнекілігі: плакат, қапсырма, бешпент, маркер, , оқулық,
Сабақтың әдістері: топтастыру, ой шақыру, сұрақ –жауап, ойын.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. 171-беттегі 5-мысалды тексеріп шығу.
Үй жұмысын орындау,
Әр оқушының міндеті.
Тиянақты дайындау,
Әдеті болар күндегі.
Міндетіңді орында,
Қалып кетпе соңында.
Ерік күшің өзіңе,
Бағынбаса сорыңда.
ІІІ Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту. «Ой шақыру» әдісі
Тапсырма:Өтілгендер бойынша сұрақ-жауаптар.
1.Біздің еліміз қалай аталады?
2. Азайту амалының компоненттерін ата.
3.Еліміздің рәміздерін ата.
4. Қосу амалының компоненттерін ата.
5.Арқасында тауы бар шөл жануары?
6.Біздің елбасымыз кім?
7.Кітапты уақытша алып оқитын жер?
8.Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
9.Тауықтың бір аяғы мен тұрғандағы салмағы 2 кг.Ол екі аяғы мен тұрса неше кг. болады?
10.Үстел үстінде 4 шыбын тұрды. Біреуін өлтіргенде нешеуі қалады?
11.Үстел бетінің бір бұрышын арамен кесіп тастаса неше бұрышы қалады?
ІҮ Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс.
1-мысал.Ұжыммен жұмыс
-Балалар мына үстелде тұрған заттар туралы не ойлайсыңдар?
-Қапсырма деген не?
- Бешпент деген не?
-Оны неден жасайды?
-Ал енді осы заттарды есепке айналдырайық , мысалы төрт қапсырмадан неше бешпентке тігіледі.Суретпен жұмыс.
8 – 4 – 4 Жауабы: 2 бешпентке тігіледі.
2-мысал. Суретпен жұмыс.
-Білезік деген не?
-Ол неден жасалады?
-Кімдер тағады?
-Ал енді осы заттарды есепке айналдырайық , екі білезіктен неше адам қолына салады?
6 – 2 – 2 – 2 Жауабы: 3адам
3-мысал.Нәтижесінде нөл шығатындай етіп, қандай бірдей сандарды 8 (6 , 10 , 9 , 12) санынан біртіндеп азайтуға болады?
Үлгі: 8 – 4 – 4= 0 6-2 – 2 - 2= 0
8 – 2 – 2 - 2 – 2= 0 6-3 -3 = 0
10-2 -2 -2 -2 -2 - 2= 0 10 -5 - 5= 0
Түсіндіру әдісі.
4-есеп. Есепті шығар.
а) Ересек адам -13
Балалар -?, 49-ы артық
Шешуі: 13+ 49= 62
Жауабы: барлығы 62 бала келді.
ә) Ересек адам -13 ?
Балалар -?, 49-ы артық
Шешуі: 13+ (13+ 49) = 75
Жауабы: барлығы 75 адам келді.
Ү Сергіту сәті.
5-мысал. Тақтамен жұмыс.
х + 54 = 89 89 – х = 45 х – 54 = 45
х= 89- 54 х= 89-45 х= 45 +54
х= 45 х= 54 х= 89
45+54= 89 89-54= 45 89- 54 = 45
89 = 89 45= 45 45 = 45
7-мысал. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырма.
ҮІ Сабақты бекіту кезеңі: Кел, ойнайық! «Саңырауқұлақтар тер» ойыны.
ҮІІ Сабақты қорытындылау: Рефлексия.
-Балалар, бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Сабақ ұнады ма? – Несімен ұнады?
-Қандай тапсырмалар қызықты болды?
ҮІІІ Үйге тапсырма: 7-мысал. 173-бет.
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтап, смайликтер беремін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.