.
.
Бірлесу белесі Бірлесу белесі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1314 | Размер: | Автор: гостьЖастарға ұлттық тәрибе беруде адамның рухани дамуына, жетілуіне байланысты Абай ойларының маңызы зор. Абай адам тәрбиесіне өз шығармашылығында айрықша тоқталады. Абайдың толық адам концепциясын тәрбие негізінде бірден-бір ұстаным етіп алуға болады.
Осы бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сондықтан мұғалімде Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» деп аталған қасиеттер болғанда ғана оқыту жақсы болып саналады десе, хәкім Абай нағыз адам болу үшін нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек қажет деген. Абай адамның өз бойындағы ізгілікті сапаларды қастерлеп ұштай білуді мақсат тұтады.
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек». Абайдың осы ұстанымы жастарды адамгершілік тұрғыдан өз-өзін танып білуге тірек болатын үлкен бір қағида. Ақынның толық адам туралы айтқан ойларына тоқталмай, жаңашылдыққа ден қоюды өзіме ар деп санадым. Сондықтан да Абайдың әрбір сөзі менің жеке ұраныма айналған.
Қай ел, қай мемлекет болмасын оның дамуы білім деңгейімен өлшенеді.Білімі, ғылымы дамыған ел ғана әлемдік ең озық инновацияларды терең меңгеріп, өркениет биігіне қол соза алады. Бұл орайда ұстаздар қауымына жүктелер жауапкершілік жүгі үлкен. Бүгінгі күннің мұғалімдері оқушыға тек білім берумен ғана шектелмей, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтай отырып, тақырыпты терең, жана-жақты игеруіне күш салуы тиіс екені баршамызға белгілі.Сертификатталған мұғалім ретінде Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздерін әріптестеріме үйрету үшін бастауыш сынып мұғалімдерімен жұмыс жүргізу барысында сындарлы оқытудың тиімді тұсатырына көз жеткіздік.
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің тиімді тәсілдерінің бірі топқа бөліп оқыту болды.Топ атауларын тақырыпқа, өмірге байланысты атап, оларға түсініктеме беру арқылы оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударып отырды. Топқа бөліп сабақ өтудің өзі оқушыларды ұжымдық жұмыс жасауға, өзін-өзі реттеуге, өзгенің пікіріне құлақ асуға үйретті, оқушыларды көшбасшылыққа жетеледі. Нәтижесінде оқушылар топтық жүйеге бейімделіп, бірлесіп пікір ортақтастыруға там- тұмдап болса да төселе бастады. Басында бастауыш сынып оқушылары үшін бұл тәсіл қиынға соғады деген тұманды ойлар жұмыс барысында сейіле түскендей болды. Бұған дәлел ретінде 4 «а»,4 «ә»,
4 «б», 4 «в» сыныптарының мұғалімдері ОМЖ сабақтарының топтамасын жасап алып, бір апта көлемінде ашық сабақтар өткізді. Нақтылыққа көз жеткізу үшін бірдей әдстерді пайдалануға тырысты. «Нан» тақырыбына беттемес бұрын мұғалімдер «Нан дастарханымызға қалай келеді?» деген сұрақты алға тарта отырып, оқушыларды жұмысқа ынталандыруға және сыныптағы ахуалға белсенді қатысуына жағдай жасады. Нәтижесінде кішігірім сұрақ арқылы мұғалім оқушы мен тақырыпты қосатын діңгек жасап алды. Оқушылардан нанды қалай ашытатындығын, қалай пісіретіндігін, нанның қандай түрлерін білетіндігін сұрау арқылы қызығушылықтарын арттыруға тырысты.
Ерен еңбектің арқасында дастарханымыздан орын алатын нанның қасиеті мен маңызын тізбектей жөнелген оқушылар, «Нан» тақырыбына өздері- ақ бойлай жөнелді.
«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін әр сабақтарында арқау етіп отыруға тырысты. Өйткені бұл модуль- тақырыпты, алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, синтездеуге бағытталған пәндік шешім болды. Сыни ойлаудың нәтижесінде оқушылардың жаңа мәліметтерді іздеу қабілеттері мен өз ойларын дәлелдемелермен айта білу дағдылары қалыптаса бастады. Мәселен, қазақ тілі сабағында кездесіп жататын мағыналас, қарама-қарсы сөздердің мәні мен мазмұнына үңіліп,синоимдік қатарын түзіп, пікірлерін дәлелдеп беріп жатты. Мұның өзі біріншіден, оқушылардың синоним тақырыбын жақсы меңгергендіктерін көрсетсе, екіншіден, олардың жаңа тақырыпты сыни тұрғыдан ойлай отырып түсінуге қадам жасағандықтарын дәлелдейді.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулінің бір тармағы болып саналатын формативті бағалаудың бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген құлшынысын арттыруға тигізетін өзіндік әсерлерін байқадым. «Бағдаршам бағалау», «Бас бармақ бағалау», «Смайликтер арқылы бағалау» сынды стратегиялар бастауыш сынып оқушылары үшін формативті бағалаудың тимді әдістеріне айналды десем де болады.
«Талантты және дарынды балаларды оқыту» модульі шер толқытқан стратегияларды ұтымды қолдану барысында су түбінде жатқан асыл тастай жарқырап көрініп жатты. Әсіресе сурет салдыру, суретке қарап мәтін құру, логикалық сұрақтар беру, сахналық қойылымдар көрсетуде анық байқалды.
Соңғы саралау нәтижесінде 4-сыныптың төрт мұғалімі де сындарлы оқыту баланың сабаққа деген зейінін арттырып, ынтасын жоғарылатуға бірден бір ықпал етуші күш деген тұжырымға тоқталды. Бала алған білімін жадында сақтап қалу үшін пайдалы іспен айналысып отыруы керек, ең бастысы баланы жалықтырып алмауымыз шарт. Сол үшін сындарлы оқытуға көшу біз үшін ауадай қажет деген бастауыш сынып мұғалімдерінің сөзі, менің ойыма Мағжан ақынды еріксіз елеске түсірді. Сол себепті ойымды маңғаз Мағжан ақынның сөзімен аяқтағанды жөн деп таптым. «Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта ғана бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді.»
Анарбаева Қалима Ахметқызы
ОҚО. Мақтарал ауданы
Ш.Ділдабеков ауылдық округі
«Бірлік» ауылы Сұлтанбек Қожанов ЖОМ
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.