.
.
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Маржанбұлақ орта мектебінің Біз мектепке барамыз!
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1840 | Размер: | Автор: гостьмектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Бабаниязова Наурызгуль Садуакасовна
Біз мектепке барамыз!
Тақырыбы: «Біз мектепке барамыз!»
Топ бөлмесі салтанатты ертеңгілікке сай безендірілген. Қанатты сөздер және шарлар ілінген.
Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым, құрметті ұстаздар. Аяулы да ардақты ата - аналар, балалар.
«Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Кеше ғана алаңсыз ағаш атқа шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып дайындық тобын аяқтап, 1 сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер. Шәкірттер атының баласы емес, халықтың баласы болсын.
Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер дайындық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін, ән-күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен мақал-мәтелдермен өрнектеп өнерімізді ортаға салайық. Біліміміздің артып сөз байлығымыздың молайғанын санамыздың өскенін көрсетейік.
Айналайын, балалар,
Сендерде ой сана бар
Өздеріңнен өседі,
Өнершілдер даналар.
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Өтті қызық көп күндер,
6 жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
(Әр баланың ерекшелігіне тоқтала отырып, оларды ортаға шақыру)
Тобымыздың «Көркем аруы» Асылай
«Сымбатты аруы» Әсел
«Инабатты аруы» Гүлімай
Тобымыздың атақты бишілері: _______________________________
Тобымыздың сүйкімді де сүйікті қыздары: _______________________________
Тобымыздың білімді де дарынды балалары: _______________________________
Тобымыздың спорт шебері: _______________________________
Хор: «Мұғалім ол біздің»
1 - бала: Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін,
Алғашқы топты қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
2 - бала: Өз үлгіңді ұстаймын
Айтқаныңнан шықпаймын
Мен балапан құстаймын
Баулыдың сен мұғалім
3 - бала: Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суреттермен
Ол тәрбиеші тәтеміз
4 - бала: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Мектепалды тобымен қоштасып
Біз мектепке барамыз
5 - бала: Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз,
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз
6 - бала: Қуанышты көңілді
Нағыз жақсы мереке
Шығарып салмақ мектепке.
7 - бала: Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім
Би биледім ән тыңдап
Алаңдауды білмедім.
8 - бала: Біз балауса баламыз
Жетілді ой - санамыз
Даярлықпен қоштасып
Біріншіге барамыз.
9 - бала: Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алғыс
10 - бала: Күннің нүры шуақты
Сергітеді денемді
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді.
11 - бала: Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығармыз
Қуантып ата - ананы
Таза сәби жүрекпен
Айтамыз сізге мың алғыс
Ән: «Ертегілер елінде»
Би: «Испан» биі.
Мұғалім: Балалар біз Тәуелсіздіктің неше жылдығын тойладық
Балалар: 20 жылдығын
Мұғалім: Балалар біз қай елде тұрамыз?
Балалар: Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Мұғалім: Қазақстанның Елордасы қай қала?
Балалар: Елордамыз – Астана.
Мұғалім: Елбасымыз кім?
Балалар: Н. Ә. Назарбаев.
Мұғалім: Балалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне не жатады?
Балалар: Ту, елтаңба, гимн.
Мұғалім: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Желбіреген көк байрағы, айбынды елтаңбасы, асқақтаған гимні бар.
Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен!»
Би: «Қара жорға»
1 - бала: Зеңгір аспан көгілдір
Алтын күні төрінде
Тамылжытып төгіп нұр
Шаттық сыйлар көңілге
2 - бала: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көгілдір
Ортада аспан әдемі
3 - бала: Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы
Нұрын күндей төгіп тұр
Жылдарымыз жайдарлы
4 - бала: Құт береке - шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
5 - бала: Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт байрақты
Сол қырандай еркіндеп
Бала өседі талапты
6 - бала: Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер тамған
Билігі өз қолында
Еркіндігім Елтаңбам
Мұғалім: Гимн дегеніміз не?
Балалар: Әр мемлекеттің өз гимні болады. Оны салтанатты жағдайларда орындайды. Гимнді орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүректің тұсына қоямыз.
Ертегі: «Көбелектер»
Ән: «Отырардағы той»
А әрпі: Ата - ананың тілегі
Адам болып өскенін
Адамдықтың тірегі
Адал болып өскенін
Ш әрпі: Шананың да шардың да
Мен тұрамын алдында
Менен ғана басталар
Шұғыла да, шалғын да
Р әрпі: Раушан гүлін Раушан
Өте жақсы көреді
Үй маңына болсын сән
Деп өсіріп келеді
Т әрпі: Түлкі, тазы, тотықұс
Тырнаны оған қосыңыз
Басталар «Т» дон басталар
Терек, тарақ, тасыңыз
Л әрпі: Тастан тасқа секірген
Ұзын салпаң құлақты
Қойдан маза кетірген
Кім білмейді лақты
У әрпі: Уық деген немене?
Уыз жегің келеме?
Қай әріптен атаулар?
Басталып тұр атаңдар?
Би: «Өзбек» биі.
Ән: «Қошақаным»
1 саны: Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Барлық санға жол бастап
Ең басында тұрамын
2 саны: Бірден кейін тұрамын
Бірден кейін тұрағым
Бірді бірге қосқанда
Мен шығамын шырағым
3 саны: Екіден соң әрқашан
Үш саны мен тұрамын
Орныма барамын
Екі айшық саламын
4 саны: Үш сызықтан аяғым
Оқушылар қояды
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы
5 саны: Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті
Санашы бір қолыңның саусағын
6 саны: Мен өзімді қатарға
Бестен кейін тұрамын
Басым бірден басталып
Нөлмен бітер аяғым
7 саны: Қара мына қызықты
Көсеуді ұмытты
Жазылғанда қос дөңгелек
Бел ортамнан сызықты
8 саны: Менің атым сегіз
Жетіден соң десеңіз
Жеті болам бір тартсаң
Мен боламын сегіз
9 саны: Сегізден кейін тоғыз
Алтыны төбесінен тұрғыз
Сонда боламын тоғыз
10 саны: Әліппеде О-ға ұқсаймын
Санда 0-ге ұқсаймын
Жеке тұрсам мәнім жоқ
Бір орынды ұстаймын
Ән: «Ұстазым»
Ән: «Бала тілегі»
Мұғалім: Айналайын гүлдерім,
Айым менің күндерім
Маған қызық тілдерің
Естен кетпес күндерің
Сендердікі болашақ
Өтер балғын жастық шақ
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар.
«Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.