Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Біздің көше -

Біздің көше

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 9695 | Размер: | Автор: гость
. Облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығы.
Атырау қаласы.
Педагог – дефектолог Утепкалиева Айжан Казиханқызы.

Күні,айы: 16.02.2016ж
Баланың аты-жөні: Ғ. А, И. А, Ж.У.
Туған жылы:__14.05.2012, 08.10.2010, 05.05.2011ж.
Диагнозы:___РОП.ЦНС.ОНР-I- II ур.
Сабақтың тақырыбы: Біздің көше
Сабақтың түрі:_ойын-сабақ
Сабақтың мақсаты:Балалардың мекен-жайы туралы,өздері тұратын көшесі туралы білімдерін дамыту. Өз көшелерін таза ұстауға тәрбиелеу.
Коррекциялық мақсаты:Балалардың ойлау, есте сақтау және қолдың ұсақ моторикасының қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: балаға өзі тұратын көшесін құрметтеп, көркейтуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: зәулім үй, жер үй, қала, ауыл.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әнгімелеу, сұрақ-жауап, мүсіндеу.
Көрнекілігі: «Біздің көше» сюжетті суреттер, слайд, мультимедия.
№ Іс-әрекет бөліктері Маманның іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
I
Ұйымдастыру
Сәлемдесу.Баланың назарын сабаққа аудару.

II Ынталандыру
Мақсаты:
баланың көңіл-күйін көтеріп, сабаққа дайындау. Шаттық шеңбері:
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз. Балалар қызығушылықпен орындайды.
III Ізденістер ұйымдастыру. -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
Қане,баріміз бірге айтайық: желтоқсан, қаңтар,ақпан.
Қыста көшеміз толы қар болады. Біздер ата-анамызға көмектесіп сол көшемізді қардан тазалауымыз керек.
Оны немен тазалаймыз?
Тыныс алу жаттығуы: «таза ауа».
Мұрын арқылы терең дем алу, ауыз қуысы арқылы шығару.
Артикуляциялық жаттығулар :
«тәтті тосап», «әткеншек», «шарбақ»

Балалар,бүгін біздер өздерің тұратын мекен-жай туралы,өздерің тұратын көше туралы әңгімелейміз.
Диалогтық жұмыс:
Кәне,кім өзі тұратын мекен-жайы,көшесі турлы әңгімелеп бере алады?
Көшелеріңнің атын білесіңдерме?

Слайдпен жұмыс.
«Менің мекен-жайым»
Балалар ,қане бәріміз Әли мен Айяның мекен-жайы туралы мультфильмді қызықтайық.
Балалар өз көшелерін қалай тазалап жатыр?
Қане қараңдаршы көшелеріне жас тал шыбықтарын егіп жатыр. Біздерде өз көшемізді таза,ұқыпты ұстауымыз керек. Көктемде жас тал егіп,көшемізге қоқыс тастамай,әр кез таза ұстауымыз керек.
Ғажайып сәт: есік соғылады.
Балалар,біреу есік соғып тұр,кім екен?
Ішке МАИ қызметкері кіреді,қолында бағдаршамы бар.
-сәлематсыздарма балалар,мен сендерге жол жүру ережесі туралы қысқаша әңгімелеп берейіндеп қасыма Бағдаршм досымды ерте келдім.
Жұмбақ жасыру:
Бір көзім кідір дейді,
Бір көзімжүгір дейді,
Бір көзім абайла дейді,
Қарап ал маңайға дейді.
-Міне көрдіңізбе біздің балаларымыз жұмбақты жақсы шешеді,біздер мынадай жақсы тақпақта білеміз.
Қимылды ойын «Бағдаршам».

Қане балалар менімен қосылып айтайық:
Қалада көлік көп,
Қалада апат көп.
Сақтайтын апаттан,
Тек қана бағдаршам.
Суретпен жұмыс: «көше тәртібі»
МАИ қызметкері балалармен қоштасып,бағдаршамын сыйға қалдырып кетеді. Қыс
3 айдан тұрады

Күрекпен тазалаймыз.


балалар айнаға қарап қосылып жасайды.

Балалар барынша әңгімелейді.

Балалар слайдқа назар аударады.

Балалар МАИ қызметкерімен амандасады. Әңгімесін тыңдайды.

Балалар жұмбақ жауабын шешеді.

Балалар қызыға ойнайды.

Балалар қосылып қайталайды.
IV Қортындылау,өзін-өзі бағалау Сұрақ-жауап:- балалар,бүгін сабағымызда біз не туралы айттық?
-бізге қонаққа кім келді?
-біз не туралы мультфильм көрдік?
-көшемізді қалай таза ұстауымыз керек?
-жол ережесінен не ұқтыңдар? Балалар жауабы.

Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс:мекен-жай,көше,жол жүру ережесі.
Түсінігі: өздері тұратын көшелерін таза ұстауға,жол тәртібі туралы мағлұмат алды..
Көрсете білуі: «Бағдаршам» қимылды ойын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.