Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Біздің құндылығымыз – Тәуелсіз Қазақстан -

Біздің құндылығымыз – Тәуелсіз Қазақстан

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1083 | Размер: | Автор: гость
. Алдиярова Шара
Түркістан қаласы, № 15 М.Жұмабаев атындағы мектеп – гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тәуелсіздік күніне арналған әдеби кеш: «Біздің құндылығымыз – Тәуелсіз Қазақстан!»
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Аңсаған Тәуелсіздікке дана басшының данышпан көрегендігі жол бастап алып келді. Тәуелсіздікке қуғын-сүргінсіз, ақыл мен жүректің, қайраттың бірлігі алып келді. Осындай адаспай тапқан Ел бақыты – Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Күн санап, қарыштап дамып келеді. Егемендік алғалы бері еліміз көптеген қарқынды нәтижелі жұмыстар атқаруда. Ең, бірінші өз ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесін ала отырып, қаракөз қандастарымызды өз қазақ тілінде сөйлеуге ынталандырды.
Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында. Жас мемлекеттің шаңырағын шайқалтпау үшін Елбасымыз нақты қадамдар жасауда.
1 желтоқсан - Қазақстанда ұмытылмас тарихи күн. 1991 жылы 1 желтоқсанда еліміздің сындарлы шағында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өтті. Осы сайлауда Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев өте жоғары дауыспен Қазақстанның Президенті болып сайланды. Сайлауға жұрт бір кісідей қатысып, атсалысты. Президентке сенім артқан халық 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда оның пезиденттік өкілеттілігі 2000 жылдың желтоқсанына дейін ұзартылды. 1999 жылы 10 қаңтарда өткен бүкілхалықтық сайлауда Н.Ә.Назарбаев тағыда мемлекет басшылығына сайланды, балама негізде өткен осы сайлауда сайлаушылардың 79,78 пайыз дауысына ие болды. 2005 жылғы 4 желтоқсанда 7жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенттігіне сайланды.2011 жылы 3 сәуірде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлауда Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып тағы қайта сайланды. Бұл сайлауларда көріп отырғанымыздай халықтың Елбасымызға деген үлкен сенімі жатыр.
Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын!
1-оқушы. Отан
Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз,
Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!
Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,
Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.
Туған жұртқа тірек болу ерге-сын,
Құлдықты енді құдай басқа бермесін.
Атаң өлсе, өзің ата боларсың,
Ешқашанда Отан өле көрмесін!
Керек қылса, жолында оның құрбанбыз,
Бәріне де белді бекем буғанбыз.
Бір кеудеге екі жүрек сыймайды,
Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз!
2-оқушы Отаным менің!
Алтын күн шуағын Көк Байрақ шашатын,
Жатсынбай әлемге құшағын ашатын,
Қазақтың терінен нер алған даласы –
Тәуелсіз бейбіт ел!.. Мәңгіге жасасын!
Отаным сеземін өзіңмен
Шаттық пен бақыттың не екенін!
Сақ етіп, түркі деп, қазақ қып
Жаратқан ұлдарын мекенім!.
Азаттық бесігі бөбегін тербеген,
Шынайы сезімге шомылды ел деген!
Болашақ күтеді бақ қонған ұрпақты –
Біліммен өрлеген!.. Еңбекпен терлеген!..
Мақсатты бүгіні, ғажайып ертеңі,
Шындыққа айналды қаншама ертегі!
Бірлік деп қазаққа, достық деп бар елге –
Әлемге жар сала домбырам шертеді!..
3-оқушы Тәуелсіз Қазақстаным
Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным!
Ақ қанат таңның көрдім мен ғажап ұшқанын.
Көрдім мен сенің мөп-мөлдір айдындарыңды,
Алатау, Алтай, Қаратау айбындарыңды.
Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным!
Құлпырды жерім, қызғалдақ нұрға кеніліп,
Ақындар өлең оқыды жырға бөленіп,
Күйшілер шертті тәтімбет, Құрманғазыдан,
Домбыра – дала шанағына тұнған қазынам.
Ынтымақ, арыс күйлерін шертіп аймағым,
Қырандай қанат қағады еркін ойларым.
Тәуелсіздіктің әншілері шырқады әуендерін,
Қазақстан, Астана, өзен-көл, тау-тасым енді,
Әлемнің барлық жаңарған картасына енді.
Бостандығымның күн санап асқақтап әні,
Нұрлы болашаққа рухымыз бастап барады.
Ғаламға жайдың аспанға қазақ ұшқанын,
Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным!
4-оқушы.
Бас иемін, қазақ елім, қазағым!
Алақанды кеудеме кеп басамын.
Осы күнге шүкіршілік етіп мен
Өзің жайлы жаухар жырлар жазамын.

Қазақстан! Айбарлы ел, қазағым!
Аз емес қой кеше көрген азабың.
Қаншама жыл, қанша ғасыр өтсе де,
Өшпейді тек тарихтағы азалы үн.

Мақтанышым, қазақ елім, шаттығым,
Бүгін, міне, арайлана атты күн.
Нұрын сыйлап, күніміз тұр күлімдеп,
Тәңір жазса таусылмасын шаттығың.

5-оқушы.
Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға
Құлшылық етемін құмдарға
Тағзым жасаймын қырларға
Шүкіршілік етемін қашан да
Осы бір отанда тұрғанға.
Мұғалім: - Құрметті оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы. Ендігі кезекте «Тәуелсіздік» туралы мақал-мәтелдермен және қанатты сөздерді ортаға шығып айталық:
• Тәуелсіз елдің ұлы-өжет, қызы-қайратты, халқы -қаhарман.
• Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құдайдай құрметте!
• Тәуелсіздікті қорғау – ұлттың ұйтқысын сақтау, еліңнің жеріне жау жуытпау, халқыңның азбай-тозбай мәңгі өмір сүруіне өз үлесіңді қосу.
• Тәуекел – ердің қанаты.
• Ел ауырын ер көтереді.
• Ел бақыты – әділдік.
• Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ.
• Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

Сурет салу: Құрметті оқушылар ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз бүгін – өзіндік бет – бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз» - деп, мемлекетіміздің Тәуелсіз дамуын айқындайды.
Ендеше біз ендігі кезекте біз «Тәуелсіз Қазақстанның » өсіп-өркендеуін сурет арқылы көрсете білейік. (Оқушылар ортаға шығып сурет салады)

Мұғалім сөзі: Халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Мұндай құрмет кез-келгеннің еншісіне тие бермейді. Бұл жағдайды мақтанышпен, зор құрметпен айта аламыз.
Елбасының дүниежүзінде болып жатқан дағдарыстың алдын алу мақсатымен жоспарланған іс-әрекетімен таныстыра отырып «Нұрлы жол» Жолдауын жариялады. Мұнда көшбасшы, білікті басшы тапсырмасы бойынша үкімет дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасап берді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы халықтың шын ықыласына бөленген жыл сайынғы жыл құсындай қуанышты хабар күттіретін саяси үрдіске айналды. Өткен жылдарға қорытынды жасап, болашаққа басым қадамдарды айқындайтын жолдаудан халық көптеген жаңалық пен көңілге нық сенім ұялатады. Елбасының халыққа арнаған жолдауындағы әрбір сөзі шын мәнінде әрбір Қазақстандыққа шынайы рух беріп, осы елде өмір сүріп жатқан әрбір азаматқа жеке-жеке міндеттер мен борыш, сенім жүктеп тұрғандай.
Сөзімді қорытындылай, келе көрегенді де кемел саясаткер Елбасымыздың арқасында Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сеніміміз зор!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.