.
.
БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ-ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ! БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ-ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ!
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5272 | Размер: | Автор: гость6 қараша күні «Байқоңыр «Космос» колледжі» білім мекемесінде ҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен «Біздің таңдауымыз-жемқорлықсыз болашақ» атты конференция өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықтың Отанымыздың экономикасының гүлденуіне, халықтың жарқын болашағына тигізетін зияндығы туралы оң ақпарат беру арқылы мемлекеттің өзекті мәселелерін шешуге ат салысушылықтарын қамтамасыз етіп, жастардың азаматтық позициясын нығайтып, азаматтық белсенділіктерін оятып, әрбір азаматтың бойында мемлекетінің тағдыры мен болашағы үшін жауапкершілігін қалыптастырып, мемлекеттің болашағын қалыптастырушы, жауапкершілігі мол азамат тәрбиелеу мақсатында өткізілген конференцияға «Нұр Отан» париясының Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты А.Дауленбаев, Байқоңыр қаласы прокуратурасының прокуроры С.Қосқан, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің штаб инспекторы Н.Ж.Кребаев және колледж ұжымы мен студенттері қатысты.
Конференцияда баяндамалар оқылып, бейнероликтер көрсетіліп, елдің еңбегін еш ететін, мемлекеттің іргесін сөгетін бүгінгі таңдағы қауіптің бірі – сыбайлас жемқорлықтың зардаптары айтылып, онымен күресудің жолдары туралы молынан ақпарат берілді.
Сыбайлас жемқорлық – заң бұзушылықтың ең үлкен түрі. Қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы түйткілді түбірімен жоюға белсенді түрде араласуы міндетті. Жемқорлықтың тамырына көпшілік болып күрескенде ғана балта шабатынымыз белгілі.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйесі мен оны алдын-алу жұмыстарының алғашқы қадамы ҚР Президентінің 1997 жылғы 21 қазанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Жоғарғы тәртіптік кеңесі туралы» Жарлықтың қабылдануымен басталады. Қазіргі уақытта Қазақстан Орталық Азия өңірінде ғана емес, тұтастай алғанда ТМД бойынша да жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты дамыған заңнамасы бар ел болып табылады. Мұндай құқықтық актілердің қатарына 1998 жылғы “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Заңды, Жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қосуға болады. 2005 жылы мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі бекітілді. Ал 2007 жылдың 12 қаңтарында “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” заң қабылданды.
Бұл заңнамалық актілердің мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлеу, мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына қойылатын талаптарды арттыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамның барлық салаларында тәрбие мен білім, өзара достық және іскерлік қарым-қатынаста, мінез-құлық пен құқықтық санада жемқорлық жегі құртымен күресте төзбеушілік ахуалын орнатып, онымен тұрақты күрес идеологиясын қалыптастырды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Елбасымыз өз сөзінде: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде – оларға жастайынан имандылық пен салауатты өмір сүруді саналарына сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген.
Үлкен жетістік үлкен мақсаттан басталады. Елінің көркеюіне үлес қосып, ұлттық рухымызды асқақтатып, өзге ел алдында бәсекеге қабілетті ел болу үшін қажымас еңбек ету, іздену, саналы білім алу – жастардың басты міндеті.
Біз, жастар жемқорлықсыз білімге талпынып, саяси сауатты, салауатты, халқымыздың қалаулы азаматтары мен азаматшалары болып өсуге ұмтыламыз.
Егер өзімізді Қазақстан Республикасының азаматымын деп санап, кемел келешегімізге жол ашпақ болсақ, осы дерттің тамырына балта шабуға өз үлесімізді сөзбен емес, іспен қосайық. Жемқорлықты жұмыла күрессек қана жеңеміз!
Ақнұр Жұмабекова,
«Байқоңыр «Космос» колледжі»
білім мекемесінің 3-курс студенті,
студенттер кеңесінің төрайымы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.