.
.
Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай ауылы Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің бейнелеу өнері,сызу,технология пәндерінің мұғалімі Сабыргалиева Гулжан Тулеуовна Бизнес жоспар
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4593 | Размер: | Автор: гостьСыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Бизнес жоспар
Сабақтың мақсаты: рыноктық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпкерлік және оның бизнес жоспарының мәні, мақсаты, міндеті туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: кәсіпкерлік және кәсіпкерлікпен айналысу үшін бизнес жоспар құру туралы білім беру
Дамытушылық : оқушыларды кәсіпкерлікті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, ынталандыру және өздерін болашақ маман ретінде елестете алу білімдерін дамыту
Тәрбиелік : басқарудың жүйесін оқып жоспарлай білуге,тануға тәрбиелеу, болашақта мамандық таңдауға бағыт – бағдар беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек –сызбалар, сурет-сызбалар, таратпа материалдар, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: экономика, тарих, бейнелеу, математика.
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Дайындық бөлім: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
Өткенді қайталау(5 минут)
Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріледі. Сұрақтарға қысқаша мазмұнды жауап беру керек.
1. Кәсіпорындар нешеге бөлінеді?
2. Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз не?
3. Кәсіпкерліктің принциптері қандай?
4. Кәсіпорындардың ұжымдастыру формасы не?
5. Бәсекелестік дегеніміз не
Жаңа сабақ.
Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір баға мен және белгілі бір уақыт кезеңінде сатыпалуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері.
Бизнес жоспар
Жоспарлау- жетістікке жетудің негізі, ойлау, одан кейін жоспарлаған нәрсеңді бүге-шігесіне дейін анықтап алу, өңдеу.
Болжам- болашақта болатын оқиғаларды суреттеу. Демек, кез келген істі бизнес-жоспардан бастау керек.
Потенциалды несие беруші үшін бизнес-жоспар тәуекелділік. Кепілдік, несиені қайтару деген сияқты сұрақтарға жауап береді.
Бизнес – жоспардың көлемі 50-70 беттей болғаны дұрыс. Кәсіпорынның атауы, жобаның аты, жобаны өңдеушылер – бұлар міндетті деректемелер. Перде беті мынадай деректемелермен толықтыруға болады: жобаның басталуы мен жалғасын табуы, жобаның құны, бизнес жоспрдың қандай мақсатқа арналғандығы, шығынның өтелуі т.б.
1.Түйін.
2.Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы.
3.Жоба бойынша шығарылатын өнім, көрсетілтін қызмет түрлері туралы жалпы сипаттама.
4.Маркетингіліг жоспар
5.Ұйымдастырушылық жоспар
6.Қаржы жоспар
7.Жобаны заң жүзінде пысықтау.
Сергіту сәті: Президенттің жолдауын тыңдау( 2014 жылғы, үзінді бейне баян 3 минут)
Тапсырма орындау: 3 топқа тапсырма беріледі. Әр топ өткен тарау бойынша белдемше өндіруге бизнес жоспарын құрады. (5 минут) әр топқа қорғауға 3 минуттан уақыт.( 9минут)
Сабақты қорытындылау: Не білдім? Не үйрендім? Не үйренгім келеді? Сұрақтарына жауап беру арқылы қорытындылау (3мин)
Оқушыларды бағалау: Оқушыларға тартылған бағалау парғындағы бағаларды талдай отырып бағалау (2 минут)
Үйге тапсырма:белгілі бір кәсіпорынға арнап бизнес- жоспар құру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.