Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БОЛАШАҚ ҒАЛЫМНЫҢ  ҚАРТТЫҚҚА ҚАРСЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ -

БОЛАШАҚ ҒАЛЫМНЫҢ ҚАРТТЫҚҚА ҚАРСЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1533 | Размер: | Автор: Публикатор
. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қызылорда облыстық білім беру департаменті
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі
№249 мектеп-лицей

БОЛАШАҚ ҒАЛЫМНЫҢ
ҚАРТТЫҚҚА ҚАРСЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

СЕКЦИЯ: Валеология

ОРЫНДАҒАН: Зейнаддинова Інжумаржан – 4 «В» класс оқушысы

ЖЕТЕКШІСІ: Бисенбаева Сарқыт – бастауыш сынып мұғалімі

ҒЫЛЫМИ
ЖЕТЕКШІСІ: Имашев Нұрлан – жоғары категориялы мұғалім



Әйтеке би кенті
2010-2011 оқу жылы

АННОТАЦИЯ

Адам Ата және Хауа Анадан бастап адам өмірінің түрлі қырлары ең маңызды мәселе. Бұл мәселені шешу үшін бүкіл әлем ғалымдары ғасырлар бойы ойланып, толғануда. Соның ішінде мәңгілік өмір сүру проблемасы әлі де шешілмей келе жатыр. Кеңес Нұржанның зерттеу жұмысы осы маңызды проблеманы шешуге бағытталды.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: қарттық пен кәріліктің айырмашылығын және түрлі әдістер арқылы адам өмірінің ұзақтығын созуға болатындығын көрсету.
Зерттеу жұмысы кіріспе, зерттеу бөлімі және қорытындыдан тұрады. Кіріспе бөлімінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа
интеллектуалдық секіріс» атты лекциясынан үзінділер келтірілді. 2010 жылғы 1 ақпандағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен Астанада өткен ғылым және ғылым саясаты жөніндегі кеңес отырысындағы сөздері келтірілді.
Зерттеу бөлімінде қарттық пен кәрілік деген ұғымдарға толық сипаттама беріліп, С.М.Бубновскийдің, П.К.Ивановтың, П.Брэггтің жұмыстарына толығымен тоқталып, осы ғалымдардың әдістерінің адам денсаулығына оң әсерін тигізетіндігін өз бақылаулары бойынша дәлелдеп шықты.
Қорытынды бөлімінде зерттеуші әр адамның денсаулығы өз қолында екенін баяндады.
Зерттеу жұмысында оқушы валеология, геронтология ғалымдарының еңбектерін және осы әдістерді пайдаланып, емделіп шыққан азаматтарының пікірін пайдаланды.

АННОТАЦИЯ

Со времен Адама и Евы проявление человеческой жизни – самая важная проблема. Над решением этой проблемы работали из века в век лучшие умы человечества. Особенно до сих пор решается проблема продления жизни человека. Исследовательская работа Кенес Нуржана посвящена этой тематике.
Основная цель исследовательской работы: выявить различие между такими понятиями как, старость и старение, показать различные пути и методики продления жизни.
Научная работа состоит из введения, исследовательской и заключительной части.
Во введении приведены отрывки из выступлений Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева перед депутатами Парламента, перед казахстанскими учёными, а также студентами Казахского Национального Университета им. аль-Фараби.
В исследовательской части всесторонне раскрываются различия между понятиями старость и старение. Дается полное разъяснение работам С.М.Бубновского, П.К.Иванова, Поль Брэгга. И на примере различных людей показано оздоровительное воздействие этих методик на здоровье человека.
В заключительной части Кенес Нуржан показывает, что здоровье человека зависит только от него.
В своей исследовательской работе ученик использовал труды ученых – валеологов и геронтологов. А также мнения людей, вылечившихся от разных болезней по этим методикам.

ANNOTATION

An important thing in human life is Adam Ata and Haua Ana. To decide this problem are working all world scientists. The world scientists work to decide this problem. In this way problem of eternity life did not decide yet. Kenes Nurzhan’s research work is decide this problem.
The aim of research work: differences old ages and to show different methods of long life.
In research work has given introduction, research part and conclusion. In introduction part gave our President N.A.Nazarbaev’s word “To go to future with intellectually” for our deputy, for our people and for our students from Kazakh National University after Al-Pharaby.
In research work is given some definition for old ages. Full elucidate S.M.Bubnovsky’s , P.K. Ivanov’s, P.Bregg’s works and it gave some methods for humon health. In conclusion part researcher said that “Health is above wealth”.
In research work student used methods of healthy people and valeology, gerontology scientists’ works.

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ЖОСПАРЫ:

І. КІРІСПЕ:
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірді ұзарту мен жасаруды зерттеу
- болашақ ғалымдардың үлесінде

ІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
А) Қартайған кездегі маңызды физиологиялық жүйелердің
жағдайлары
Ә) С.М.Бубновскийдің жаттығулары. Буындарға арналған
гимнастика туралы
Б) П.К.Ивановтың сауығу әдістемесі. Мұзды сумен шомылу
туралы.
В) П.Брэггтің «Ашығудың ғажайыбы». Емдік ашығу туралы
Г) Түрлі сауығу әдістерін пайдаланып, емделіп шыққан
азаматтардың ой-пікірлері

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Өз денсаулығың - өз қолыңда

ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

І. КІРІСПЕ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірді ұзарту мен жасаруды зерттеу –
болашақ ғалымдардың үлесінде

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы 14 қазандағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойында оқыған «Болашаққа интеллектуалдық секіріс» атты лекциясында былай деді: «Төртінші – антиэйджинг (антикәрілік). Бұл өмірді ұзарту мен жасаруды зерттеу. Бұл зерттеулер қаншалықты күрделі көрінгенімен, адамзат ерте ме, кеш пе бұл мәселелердің бәрін шешеді. Біздің ғалымдарға да осы адамзаттың осы проблемаларымен неге айналыспасқа? Бұл жастар үшін қосымша рух беретін міндеттер емес пе?» және жас ұрпаққа былай деді: «Ұлттың үміті - сендерсіңдер. Саналы да сапалы, білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ.
Сондықтан елдің ертеңгі бақыты сендердің қолдарыңда деп мен айта аламын. Әйтсе де, бақыт ешбір жанды өзі іздеп келмейтіні белгілі. Бақ-дәулет, барша игілік адамның өз қолымен жасалады.Әр заманның өзінің артықшылығы мен қиыншылығы да болады.
Қазіргі бәсеке заманында қажыр-қайратың, ынта-жігерің, тынымсыз ізденісің болмаса, көштен қалу оп-оңай.
Данышпан ақын Шәкәрім бабаларың «Құбылған әлем жарысы. Ақылды жанның табысы» деп бекер айтпаған.
Ендеше, жастарға жүктелетін міндет те үлкен.
Бүгінде еліміздің даму сатысы маңызы үлкен межелі тұста тұр. Алдымызда Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесі келе жатыр.
Біз қазір бұл межеге іргемізді нығайтып, күш-қуатымызды арттырып, жетілген мемлекет ретінде келіп тұрмыз. Әлемді қалтыратқан қаражат дағдарысына байланысты қиындықтардың бетін қайтара білдік. Қазақстан – бүкіл әлем сыйлайтын және есептесетін беделі биік іргелі ел болды.
Міне, бүгінгі жауапкершілікті осындай дәрежедегі елдің игілігін одан әрі еселеп, озық елдердің қатарынан орын алу үшін сіздерге зор міндет жүктеледі. Алдымызда биікке жетелейтін үлкен мақсат тұр. Бұл, әрине, оңай шаруа емес. Бірақ, біз бұл міндетті жүзеге асыра аламыз.
Себебі, біз не істеу керек екенін білеміз. Елімізді өркендетудің барлық саласын ғылыми негізде қамтыған ұзақ мерзімді жоспарымыз бар.
Алыстан ойламаған жақыннан уайым табады деген бар. Біз болашағымызды болжап отырған елміз. Енді тек ұмтылыс керек, еңбек пен қабілет керек, ең бастысы, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігіміз керек.
Жастарға айтатыным: бақытты өмірді басқа жақтан іздемеңдер. Ата-бабаларымыздың айтып кеткен асыл сөздері есте болу керек. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген өсиет қалдырған. Өз Отаның бұл дүниедегі жәннәтің мен шуағың. Сондықтан білімдерің мен қайрат-жігерлеріңді өз елдеріңнің мүддесіне жұмсаңдар. Туған елің дәулетті, туған жерің сәулетті болса, сендер де әулетті, әлеуетті боласыңдар. Сол үшін менің қатарластарым еңбек етіп келеді. Бұл міндет сендердің де мойындарыңа түседі. Сонда өз ұрпақтарыңды ойлайтын боласыңдар. Сондықтан осы бастан қам жасау керек.
Еліңді сүйе білсең, жан аямай қызмет ете білсең, елің де сені алақанға салып аялай біледі. Осыны ұмытпаңдар. Туған елдеріңнің игілігі үшін жанкешті қайрат қылып, Қазақстанның мақтанышы болуларыңа тілектеспін, жас достар!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1 ақпан 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында «Халық денсаулығы - ол Қазақ¬стан¬ның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Бүгін біз медициналық қызметке нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру мен ақы төлеу жүйесін енгізуді дайын¬даудамыз. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайларды жасадық. Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады. Білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорын¬дар¬дың қызмет мәселелері жөніндегі республиканың заңнамалық актілеріне түзетулер енгізуді жеделдету қажет. Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкерші¬лігі қағидаты - міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» делінген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылдың 4 қыркүйегіндегі Ақордада өткен ғылым және ғылым саясаты жөніндегі кеңестің отырысында Қазақстан ғалымдарына қызық бір ой тастады. Қарап отырсаңыз, уайым-қайғысы аз, дамыған мемлекеттердің ғалымдары адам өмірін ұзартар жол іздеп жанталасуда. Мемлекет басшысы осы мәселеде Қазақстан ғалымдарына да бақ сынап көруді ұсынды. «Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер. Міне, қазіргі ғалымдар осындай шаруалармен айналысып жатыр. Мұндай жұмысты кез келген саяси жүйеде жасауға болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы және жастар мен ғалымдардың алдында айтылған сөздері мені ғылыммен айналысуға деген құштарлығымды оятты. Мен де аз да болса жоғарыда айтылған мәселелерге өз үлесімді қосқым келді. Мені де антиэйджинг проблемасы қатты толғандырып жүр еді. Сондықтан көп кітап, оқулық, журнал мен газеттер ақтаруға тура келді. Күні-түні интернеттен шықпадым. Аудармалармен айналыстым. Өйткені барлық ақпарат орыс тілінде берілді. Түрлі зерттеулер мен бақылаулар жүргізідім, тәжірибелерді өзімнен бастадым. Бара-бара атам мен әжем және туған-туысқандарым қосылды.

ІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
Халық денсаулығының негізгі көр¬сет¬кіш¬тері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті. Он жылда 652 мектеп және 463 ден¬сау¬лық сақтау нысаны салынды. Бүгінде бізде әлемдік деңгейдегі ме¬ди¬циналық орталықтар - Ана мен баланың ұлттық орталығы және Нейрохирургия институты бар. Биылғы жылы Кардиохирургия ор¬та¬лығын іске қосамыз. Барлық облыстарда қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету жақсаруда. Осының арқасында біз өз азаматтары¬мыздың мыңдаған өмірін сақтап қаламыз! Бізде қазірдің өзінде бұл бағыттағы әзірліктер бар. Біз одан әрі ілгері кетеміз. Жаңа Университеттің аясында Астанада үш жаңа ғылыми орталық құрылатын болады. Өмір туралы ғылымдар орталығы органдарды көшіру, жасанды жүрек және өкпе, бағаналы жасуша және ұзақ жасау медицинасы саласында әлемдік жетекші ғылыми орталықтармен бірлескен әзірліктер жүргізеді. («Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан)
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада, Ақордада өткен ғылым және ғылым саясаты жөніндегі кеңестің отырысында еліміздің ғалымдарына қызық бір ой тастады. Қарап отырсаңыз, уайым-қайғысы аз, дамыған мемлекеттердің ғалымдары адам өмірін ұзартар жол іздеп жанталасуда. Мемлекет басшысы осы мәселеде Қазақстан ғалымдарына да бақ сынап көруді ұсынды. «Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер. Міне, қазіргі ғалымдар осындай шаруалармен айналысып жатыр. Мұндай жұмысты кез келген саяси жүйеде жасауға болады. Және мемлекеттің ақшасына ғана емес, жекеменшік компанияларды тарта отырып та істеуге мүмкіндік бар. Мұндайды ойлап тапқан ел – ешқандай даусыз әлемдегі ең озық мемлекет саналатыны сөзсіз», – дейді Елбасы ғалымдарды барған сайын қызықтыра түсіп. (Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада, Ақордада өткен ғылым және ғылым саясаты жөніндегі кеңес отырысындағы сөзі).
Елбасымыздың осы сөздерінен кейін мен де осы мәселеге өз үлесімді қосқым келді. Қарттық пен кәрілік туралы көптеген адамдардан сұрай бастадым. Байқағаным қарттық пен кәрілікті адамдар айыра алмайды екен. Және адам ғұмырын ұзартуға болатын түрлі жолдарына мән бермейді екен. Сұрай келген жағдайда бір-екі ауызбен жауап қайтарғысы келеді. «Темекі шекпесең, арақ ішпесең көп жасайтын шығарсың» деп мені шығарып салады. Сонда үлкендеріміз білмегенде біз қайдан білеміз? Осы ой мені көп мазалап төмендегі ғылыми жобаға айналды.

Қартайған кездегі маңызды физиологиялық
жүйелердің жағдайлары
Қартаю – ағзада жас өзгерістерінен заңды түрде туындайтын жанамалас физиологиялық үрдіс. Қартаю мен кәрілікті, биологиялық процесс пен жас кезеңін, себеп салдарын бөліп қарастырған жөн.
Кәрілік – жеке дамудың ақырғы кезеңі, қартаю үрдісінің нәтижесі. Ғалымдардың пікірі бойынша, қартаю мерзімі (кәрілік) адам жасының ұзаруына байланысты өзгереді. Қазіргі уақытта кәрілік кезеңі 75 пен 90 жас аралығында өтеді.
Қартаюдың себебі мен мәселелерін медицинаның 2 бөлімі зерттейді: геронтология және гериатрия.
Геронтология – ағзаның қартаю көрінісін зерттейтін медико-биологиялық ғылымының бір бөлімі. Сонымен қатар геронтология ағзаның сыртқы ортаға бейімделуін, жас ерекшеліктерін, қартаюды баяулататын және өмір сүру ұзақтығын арттыруды қарастыратын бөлім.
Гериатрия – қартайған кезде көрініс беретін ауру түрлерін зерттеп, емдеу, алдын алу шараларымен айналысатын медицина ғылымының бір бөлімі.
Ағзаның қартаюы қарттық кезеңге дейін басталатыны белгілі. Әрбір жүйелердегі адам жасына байланысты өзгерістердің өрбуі және әртүрлі жылдамдығы қартаю үрдісіне тән. Қартаюдың алғашқы белгілерінің бірі – көлденең жолақты бұлшық ет атрофиясының нәтижесінде бұлшық ет күшінің әлсіреуі. Жастың ұлғаюымен қатар жүрек-қан тамырлар жүйесі қызметінің төмендеп, ішкі сөл бөлу (қалқанша без, бүйрекүсті, жыныс) бездерінің қызметінің әлсіреуі, ағзаның иммундық жүйесінің өзгеруі байқалады.
Жас ұлғайған сайын дене салмағы өзгереді. Ерлерде 35-тен 60 жасқа дейін жыл сайын дене салмағы 0,2-0,8 кг-дай шамада өседі, ал 60 жастан кейін дене салмағы азаяды: адам салмағының азаюынан басталған деминерализация үрдісі сүйек жұқаруына себеп болады. Жылдар өткен сайын көлденең жолақ бұлшық ет, бауыр, бүйрек лимфоидты жүйесінің семуі (атрофиясы) байқалады.
Қартайып келе жатқан ағзада қорғаныс қабілеті жеткіліксіз болады, жасуша деңгейіндегі белсенділік пен иммунитет азаяды. Бұл жағдайда инфекцияға деген ағзаның қарсы тұрарлық мүмкіндігі төмендейді.
40 жастан кейін қанның ұю жылдамдығы өзгереді, қанның белсенділігі жоғарылайды, тамыр ішіндегі қанның ұюының үдей басталғандығы байқалады.
Жас өткен сайын жүрек жиырылу саны төмендейді, мұның нәтижесінде қанның минөттік көлемі және жүрек индексі кемиді.
Қартаю барысында қан тамырларының атеросклероздық өзгерістері байқалады, олар организмдегі қан ағымын бәсеңдетеді, жүйелік-артериялық қысым деңгейі көтеріледі.

Сергей Михайлович Бубновскийдің жаттығулары.
Буындарға арналған гимнастика туралы

Сергей Михайлович Бубновский – 25 жасында көлік апатынан кейін екінші топтағы мүгедек болып саналды. Жүре алмағандықтан дәрігерлердің барлығы толыққанды, белсенді өмірді ұмытыңыз, тек ғана төсек тартып жатасыз дегенге қарамастан өзін-өзі тәрбиелеп, аяғына тұрғызды. Және қазіргі таңда өзінің ерлігі бойынша диссертация қорғап, дәрігерлердің пікірінің теріс екендігін дәлелдеп шықты. Қазіргі таңда көптеген азаматтарға қол ұшын беруде.
Медицина ғылымының докторы «Оздоровление позвоночника и суставов» атты ғылыми еңбегінде былай деп жазады: «Адам өмірінің жасы қарттық деген түсінікке ешқандай қатысы жоқ. Себебі ол 3 негізгі критерийге бөлінеді: пубертаттық (өтпелі), биологиялық (функционалдық) және паспорттық жас. Биологиялық жас пен инволюциялық кезеңге (климактериялық кезең) назар аударар едім, өйткені ол тіпті 38 жаста да басталуы мүмкін (өзімнің зерттеулерім). Физикалық тұрғыдан адамдар тіпті 45 жастан кейін едәуір өзгере бастайды. Алдыменен психологиялық жағынан адам өзін тежей бастайды – болды, шаршадым, мен енді рахаттанып демалуға тиіспін. Бұл қоғамдық өмірге байланысты. Үйім, саяжайым, немерелерім бар. Осылармен айналысамын. Әрине мұнда ешқандай жамандық нәрсе жоқ. Бірақ байқалмай нағыз осы кезеңде адам денесі баяу деформацияланады (өзгереді), бірте-бірте ағзаның функциялары жойыла бастайды. Өзіне көңіл бөліп, гимнастикамен айналысамын деген ұмтылыстары 2-3 реттен кейін кілт тоқтайды. Көбінесе тек жай серуендеу мен есіктің алдындағы отырғышқа отырып, өткен өмірімізді әңгімелегенді қалаймыз. Нағыз керемет өміріміз сонда қалды, қазір тек естеліктер айтумен ғана уақыт өткіземіз. Бәріне де көнуге болар еді, бірақ күні-түні ағзамыздың деформациясы маза бермейді. Емханаға баруымыз жиілеп кетті, ал дәрігер болса түсінбестікпен бір сөзді ғана: «Не дейсіз маған, жасыңыз келді ғой?» - деп қайталай береді. Төсегіміздің басында түрлі рецепттер мен дәрі-дәрмектер көбеюде. Аяғымыз, буындарымыз, жүрегіміз ауырып, маза бермейді. Міне енді жүрісіміз де өзгерді, бойымыз да шөгіп келе жатыр, денеміздің терісі салбырай бастады. Бұл жүдеу адамнан білінбес еді ғой, ал толық болса ше? Ентігуіміз, тершеңдігіміз көбейді. Өлім туралы түрлі ойлар мазалай бастады. Ең қорқыныштысы бұндай жағдай жылдан-жылға созыла береді. Ал сен өмір сүріп келе жатырсың. Егер бала-шағаң, немерелерің болса жақсы ғой, көңілің бөлінеді, алданасың, жаман ойлардан арыласың. Ал егер өз үйіңде жалғыздан-жалғыз болсаң, туысқандарың үйіңе көз тігіп отырған болса? Онда қайтпексің? Үйді алса алсын, ренжімейсің ғой. Ал мына қайратсыздық пен түрлі ауруымыз бізді тумбочканың үстіндегі дәрі-дәрмектерге қол созып, бірінен кейін бірін жұтуға мәжбүр етіп отыр.
Көп жылдан бері мен түрлі жастағы адамдардың денсаулығын қалпына келтіру мәселелерімен айналысып келемін. Және ортақ принциптер мен олармен жұмыс істеу ережелерін айқындадым. Сол ережелерінің бірін келтірсем: қарттық – ол адам өмірінің жасы емес, бұлшықет ұлпасының (мышечная ткань) жоғалуы. Бұндай жағдай кез келген жаста тап болуы мүмкін.
Үлкейгендігіне қарамастан үнемі сергек, қуанышты жүретін, ешкімге бағынышты емес, ешкімнің көмегіне зәру де емес адамдар тек ғана өзі сияқты дені сау адамдармен араласады. Бұндай адамдар өз денсаулығын бағалай біледі және денсаулық – бұл зор еңбекпен, өмірінің соңғы күніне дейін тұрақты қажырлы еңбекпен келетіндігін түсінген. Бұл - екінші ереже.
Жоғарыда айтылғаннан анық түсінгеніміз, қарттық бірден 22 жастан кейін адам ағзасының өсуі автоматты түрде тоқтаған кезде басталуы мүмкін. Мен мұны айтып отырғаным адам өзінің дене көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыруы қажет. Үнемі емханада учаскелік дәрігеріне көрініп, анализдерін тапсырып жүрген адамдар өзінің тұрақты қан қысымының деңгейін, температурасын және басқа да көрсеткіштерін біліп отырады. Ал шын денсаулықтың көрсеткіштерін ешкім білмейді. Бұл жерде денсаулық сақтау жүйесінің үлкен олқылығы ойсырап көрініп тұр, өйткені бұл жүйе денсаулықты қорғамайды, керісінше ауруды түрлі дәрі-дәрмектермен қорғап, ауруды мәпелейді.
Ойланып, талдай алатын адам өз ағзасын кез келген жаста өзін-өзі ретке, өзін-өзі қалпына келтіре алатындығын түсінеді. Бұл үшін қан қысымынан да басқа цифрларға назар аударуымыз керек. Мысалы: адамда 600 бұлшықет, 400 буын, 100 шаршы километр капиллярлар бар. Ал бұлшықет ұлпасы адам денесінің 40% салмағынан төмен болмауы тиіс. Бұлшықет ұлпасы басқарылатын дәнекер ұлпасына (соединительная ткань) жатады. Бұл ресурсты пайдалана білсек адамның еңбек ету қабілетін шексіз, толық қалпына келтіруге болады. Бұлшықет ұлпасы өзінің жұмыс жасауына бірақ нәрсені қажет етеді – жиырылу (сокращение) және босаңсу (расслабление). Адам тұрақты түрде өзінің бұлшықеттерін шынықтырса, бұлшықет ұлпасымен айналысса сонда ғана бұлшықет ұлпасы нағыз денсаулық ресурсы болып табылады.
Кез келген буынның жағдайы (ал омыртқа – буындардың жиынтығы) осы буынға жауап беретін бұлшық ет пен сіңірлердің жағдайына байланысты. Егер де бұлшықет пен сіңірлер жұмыс істемесе, буын өз қызметін тоқтатады. Түрлі ағза мүшелері мен ұлпаларына қуат беретін жүйке жолдары қызмет жасауын тоқтатады. Бұл жағдайда адам бірте-бірте кеуіп, шөгіп, мыжырая бастайды, жағымсыз кейіпке енеді немесе керісінше шектен тыс толығып кетеді. Бұл адамның табиғатына байланысты. Енді мұндай адамдар не істеуі керек? Дәрі-дәрмектер көмектеспейді, ал дәрігерлер болса дене қозғалыстарына тыйым салды.
Бірнәрсені білуіміз керек, адамның жасы келген сайын күші және күш шыдамдылығы сәл ғана азаяды, ал тұрақты түрде жаттығулар жасайтын болсақ тіпті азаймайды. Бұлшықеттердің күш шыдамдылығы 60-65 жаста шарықтау шегіне жетеді.
Адам күнделікті жұмыстан демалса болады, бірақ өз денесін демалдырмауға тиіс. «Жатқан тастың астына су бармайды» деген халық даналығы бар, өйткені жатқан тасты мүк басады. Адамның денесі де солай: егер ол ұзақ жатып демалған болса түрлі склероздар, мүшедегі тастар, буындағы хондроздар басталады. Алғашқы уақытта буындарымызды жаттығу арқылы қалыпқа келтірген кезде денеміздің барлық жері ауырады. Өйткені біздің денеміз жоғарыда айтылған ұзақ жатып қалған тасқа ұқсайды. Көп жатып қалған тасты көтеріп қалсаңыз оның астынан түрлі құрт-құмырсқа, жәндіктер шыға бастайды. Ал егер де азғантай уақыттан кейін тас тұрған жерге күннің сәулесі түсіп ауа барса, ол жерге қайтадан жаңарып, жасыл шөп шыға бастайды.
Енді қарттық пен түрлі аурулардың қамауында қалған адамдар не істеуі керек? Бұл үшін үйдің ішінде жасайтын үш қарапайым қауіпсіз жаттығулар бар.

ҚАРТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
Адам ағзасы өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі қалыпқа келтіретін жүйе. Бірақ бұл үшін нақты жағдайлар жасауымыз керек. Кинезистерапевттің (қозғалыс дәрігері) пікірі бойынша адам дәрі-дәрмектерден бас тартып, оны дене қимыл жаттығуларымен ауыстыруы керек. Ауырғанды бәсеңдететін, бүйрекке және ішкі мүшелерге кері әсерін беретін диклофенакті жұта бергенше бірнеше дене қимылдарын жасаңыз. Сол кезде ауырған жер білінбей кетеді, өйткені бұлшықеттердің өздері қабынуға қарсы және ауырған жеріңді жазып жіберетін қасиеттері бар.
Менің өмірім және дәрігерлік тәжірибем осыны дәлелдейді. Тұрақты түрде қимыл бағдарламасын орындаған кезде адамдар ауырмайтын болады. Бәрі оңай: бұлшықеттер жұмыс жасауға кіріседі, ұлпалардағы микроциркуляция калыпқа келеді және қабыну мен ісінгеніміз қайтады.
Тағы да қайталаймын, мен көптеген қарт адамдарды кездестірген болатынмын. Олар жазылып болмайтын буындарындағы аурулардан азап шеккені соншалықты тұтасымен түрлі дәрі-дәрмектерді жұта бастайды. Бұған адам үйрене бастайды және қызығы бұл дәрілер енді ешқандай әсер етпейді. Сонда мен былай деймін: «Дене жаттығуларын жасасаңдар жақсы болмай ма?». Сеніңдер - жүз есе артық!
Менің қорымда қарт адамдарға арналған үш құпиялы жаттығу бар. Ең азы аптасына үш рет жасайсыңдар, ал ең көбі – күнделікті. Бөлмеде міндетті түрде терезе ашық болуы тиіс.
Бірінші жаттығу: кеудені еденнен көтеру (отжимание от пола). Бұл сау, мықты адамдарға арналған жаттығу. Ал кеудені үстелден, орындықтан, жардан көтеру жаттығуын кез келген қарт адам орындай алады. Бұл жаттығу арқылы (мы разгружаем пояс верхних конечностей) денеміздің жоғарғы бөлігіне, яғни қолдарға көп көмек береміз. Мидан төмен қарай қан айналымын жақсартамыз және өкпе мен жүрекке көп жеңілдік береміз.
Орындықтан мүмкін болса 5-10 реттен қайталап, кезек-кезегімен істеген дұрыс. Мысалы, үстелге жақындаңыз, екі қолды тіреңіз, денеңізді тік ұстаңыз, шынтақ буындарыңызды бүгіп, дем шығарып барып қолдарыңызды түзетіңіз. (1,2 суреттерді қараңыз). Бара-бара денемізді көтеруді әр қайталау кезінде 50 ретке дейін жеткізсеңіздер.
Маған жақында сексендегі бір әйел келді. Өзі жүдеу, кішкентай, жалпы әлсіз екенін және арқасының тұтас ауыратындығын айтты. Әрине еденнен кеудесін бірде-бір рет көтере алмады. Оған үлкен үстелден кеудесін көтеруге ақыл-кеңес бердім. Бір-екі күннен кейін ол маған қайта келді, бет-әлпеті өзгерген, күліп отырып былай деді: «Бұл не деген рахат, өзіңнің денеңді, өзіңнің бұлшықеттеріңді сезіну».
Екінші жаттығу: дененің төменгі жақ бөлігіне, яғни аяқтарға. Бұл денемізді тік ұстап, бірақ қозғалмайтын тіреуішке тіреліп отырып, тұру. Мысалы, есіктің қырына жақындап екі тұтқаны қолымызбен ұстаймыз. Аяқтарымызды иығымызбен теңестіріп, дем тартқан кезде отырамыз, ал демді шығарған кезде денемізді тік ұстап тұрамыз. (3,4 сурет).
Оқырмандар отырып, тұруды неше рет жасауымыз керек деп сұрауы мүмкін. Бір отырып, тұрғанымызда 5-10 рет қайталауымыз керек. Басында бір-екі рет қайталасақ болады, ол жағдайымызға байланысты. Бара-бара 5 рет 10нан отырғанда 50-ге дейін жеткізуге болады. Жүрекке, миға қан айналымы жақсарады, шаршағандығымыз кетеді. Бұл тромбофлебиттің профилактикасы.
Үшінші жаттығу: денеміз бен омыртқамыздың орта бөлігіне арналады. Бұл жерде біздің ішкі мүшелерімізді – ішектер, өт қалтасы, бүйрек, бауыр, көкбауыр және омыртқамыздың бел, кеуде бөліктерін бірқалыпта ұстап тұру үшін арналады.
Осы мүшелердің бәрін біріктіретін жаттығудың аты «жартылай соқа». Екі аяқты көтеру арқылы ішті қатайту. Мұны қалай орындаймыз? Еденге жатамыз, қозғалмайтын бір тіреуішті ұстаймыз, аяғымызды 900-қа көтеріп, түсіріп тұрамыз, бұдан артық емес. (5-6 сурет). Түсінемін, үлкен адамдарға аяғының ұшын еденге тигізу қиын, бірақ бұның қажеті де жоқ. Тағы да сұрақ – бұл жаттығуды неше рет жасаймыз? әр қайталауда 5-10 рет жасасақ болады. Бұл ең азы. Бірте-бірте 15 иә болмаса 20 рет жасай алатындарыңызды сезсеңіздер, демек сіз дұрыс келе жатырсыз.
Бұл үш жаттығу күнделікті жарты сағаттың ішінде орындауға ақыл беремін. Күнделік арнаңыздар. Бүгін неше рет кеудеңізді еденнен көтердіңіз, неше рет отырып, тұрдыңыздар, неше рет ішіңізді қатайттыңыз(пресс) күнделікті жазып жүріңіздер. Ең бастысы өзіңіздің өсу динамикаңызды байқайсыз және ең маңыздысы сіз өзіңізді күннен-күнге жақсы сезіне бастайсыз. Кеудені еденнен көтеру жаттығуы басымызға көмектеседі, отырып, тұру аяғымыздың көктамырлардағы қан айналымын жақсартып, варикоз ауруынан сақтайды. Ал, үшінші жаттығудың барлық іш құрылысымызға пайдасы зор.
Бірнәрсені ескерткім келеді. Менің ақыл-кеңесімді тыңдап алып, осы жаттығуларды бірнеше рет жасап денелеріңнің әр жері ауырғаннан кейін мені қарғап, сілеп жүрмеңіздер «Әр жерім ауырып бара жатыр, енді не істеймін» деп. Денеңіздің ауырғаны, ол бұлшықеттеріңіз бүгінгі күнге дейін жалқауланып әбден біткені деген сөз.
Тағы да қайталаймын: бүкіл кинезитерапия жүйесі адамның күш-жігеріне негізделген. Сіз өзіңізді өзіңіз емдейсіз! Біз тек сіздерге ақыл-кеңеспен көмектесеміз. Алты немесе сегіз күн жаттығу жасасаңыз сіз өзіңізді керемет сезінесіз. Жоғары қан қысымыңыз бірте-бірте түсе бастайды. Өйткені қаңқа бұлшықеттері (бұл шеткі жүрек) жаттығулар жасаған кезде жүректің оң жақ қарыншасына және миға, қанның айналымына көмектеседі. Сол кезде жүрек бұлшықетіне көп көмек беріледі. Олай болмаса жүрекке денеміздің бұлшықеттері көмектеспесе жүрек жалғыз өзі қан айналымымен айналысса шаршайды және .... өледі.
Егер 50 рет кеудеңізді еденнен көтере алсаңыз, 50 рет отырып, тұра алсаңыз, 50-100 рет аяғыңызды еденнен жоғары қарай көтере алсаңыз – бұл дегеніңіз осы жаттығулардың шарықтау шегі деп есептеңіз. Бірақ болдым, толдым деп тоқтап қалмаңыз. Бұлшықтеттерді таң қалдыра беру керек, өйткені бұл сандарды 100-ге дейін жеткізуге болады, аптасына 3-4 рет жаттықсаңыз. Осыған қоса күнделікті 1 сағаттан 2 сағатқа дейін жылдам қадаммен серуендеңіз. Мүмкіндік болса бұл жаттығулардың бәрін таңертең бірден ұйқыдан тұра, сала таңертеңге асқа дейін орындаңыздар. Алға! Сәттілік тілеймін! Сіздің денсаулығыңыз тек ғана сізге байланысты.
Міне, мен сіздерге тағы да кезекті құпияларымды жарияладым. Сіздер менің ақылыма шыдамдылықпен және рет-ретімен қарайды деп сенемін. Сіз нешеде екеніңізді бұдан кейін сезбай де қаласыз».

Порфирий Корнеевич Ивановтың сауығу әдістемесі.
Мұзды сумен шомылу туралы.
Енді Порфирий Корнеевич Ивановтың табиғи сауығу әдістемесіне тоқталсақ. «Өлу бәріміздің қолымыздан келеді, одан да өмір сүріп үйренгеніміз жөн» («Умирать все умеют, надо жить научиться») қанатты сөзі бар. П.К.Иванов 1898-1983 жылдар аралығында өмір сүрген. Жартылай сауатты, қарапайым жігіт үлкен ойшылға, керемет емшіге, зерттеуші ғалымға айналды. Қоршаған ортаның адам ағзасына әсерін зерттеу мақсатында өз денесін ғылыми лабораторияға айналдырды. Ол қазіргі таңдағы медицинаның дәрі-дәрмекке сүйенетіндігін айтты. Ал негізінде әр аурудың себебі неде жатқандығын ешкім зерттемейді. Сол себепті үкіметтің көптеген қаржысы, еңбегі және ең бастысы адам денсаулығы құриды. Дәрі-дәрмектің орнына Иванов адамдарға өздеріңмен өздерің айналысыңдар деді. Ол үшін табиғат бізге 3 тегін зат беріп отыр. Олар: ауа, су және жер. Бұл қағиданы ол кісі бүкіл өзінің өмірімен дәлелдеді. Ивановтың кереметтілігіне индияның йогтары мен филиппин емшілері таң қалған болатын. Өйткені ол қатты аяз күндері тәуліктер бойы жалғыз іш киіммен далада жүретін еді. 100 күннен аса ашығатын еді. Бірнеше сағаттар бойы судың астында отыратын еді. Ауру адамдарды бір қабылдағанда жүрмейтіндерді жүргізіп, көзі көрмейтіндерді көргізіп жіберетін еді. Сондықтан оны адамдар «Ұстазым», «Жер құдайы» деп атаған болатын. Бұның бәрін Порфирий Иванов мақтанайын деп иә атағымды шығарайын деп істеген жоқ. Табиғатпен тығыз байланысса ғана адам ағзасы шексіз мүмкіндіктерге қол жететіндігіне көз жеткізді. Порфирий Иванов салауатты өмір сүрудың 12 ережесін жазып «Детка» атты керемет сауығу жүйесін бізге қалдырды. Ивановтың жүйесі бойынша сауығып жүрген адамдардың қарапайым адамдардан айырмашылығы ауа-райына қарамастан таңертең және кешкісін бір шелек мұзды су құйып алып, далаға жалаң аяқ шығып, Құдайдан өзіне, отбасына, туған туысқандарына, жора-жолдастарына бәріне денсаулық сұрайды. Содан кейін бір шелек мұздай суды басынан бастап төменге қарай құяды. Бұл Иванов әдісі бойынша адам өзін-өзі денсаулыққа сендіреді. (самокодирование по методу Иванова).
Мұзды суды құйған кезде (-11оС-тан төмен болуы тиіс) адамның температурасы күрт 42 градусқа дейін көтеріледі және бірден қалпына түседі. Дәл сол сәтте бойымыздағы түрлі ауру микробтары бірден өледі. Адам бойында миллиондаған температуралық датчиктер бар. Мұзды су құйған кезде ол датчиктер лезде миға «үстім, тоңдым» деген ақпаратты жеткізеді.
Сол сәтте адам ағзасы көп көлемде іштей жылу бөліп, ағза тез жылиды. Адам ағзасы 42 градус берген уақытта барлық микробтар өледі.
Мұзды су құю – ол ісік ауруларының ең керемет профилактикасы. Өйткені мұзды су адам ағзасынан рак клеткаларын шығарып жібереді. Радиациялық аймақта тұратын, радиациямен уланған адамдар бұл әдісті пайдаланса ұзақ өмір сүреді. (біз Байқоңыр айлағы орналасқан жерде тұрамыз. Ғарышқа әр ракета ұшқан сайын тонналап радиациялық қалдықтарды жұтамыз). Ғалымдар Ивановтың бұл сөзін тексеріп көру үшін 20 егеуқұйрықты (крысалар) алып екіге бөлді. 20-сын да радиациялық сәуледен өткізді. Бірақ 10 егеуқұйрыққа таңертең және кешкісін мұзды су құйды. Ал қалған 10-ына ешнәрсе істеген жоқ. Сол 10-ы рак ауруынан қайтыс болды. Ал күнде мұзды су құйып жүрген егеуқұйрықтар ешнәрсемен ауырған жоқ, рак ауруынан аман қалды.
Осыны білген Иванов ізбасарлары неше жыл қатарынан Чернобыль аймағындағы Брянск, Гомель, Чернигов облыстарына барып, адамдарға «Радиациямен уланған жерде аман қалғыларың келсе мұзды сумен шомылыңыздар» деп айтуын тоқтатпаған.
Сонда радиациялық уланудан, түрлі рак ауруларынан бұл мұзды су бізді сақтайтын болса, ендеше басқа ауруларды айтпай-ақ қоюға болады.
Порфирий Иванов 85 жасқа толған кезде 1982 жылы «Огонек» журналының №8 санында миллиондап келіп жатқан ақыл-кеңес, көмек сұрап келген хаттарға жауап беру мақсатында өзінің әлемге әйгілі болған «Детка» атты сауығу әдістемесін жазып кеткен болатын. Осыған назар аударайық:
1. Өзіңізді жақсы сезінгіңіз келсе күніне 2 рет табиғи мұздай суда шомылыңыз. Өзіңіз білесіз: көлге ме, өзенге ме, ваннаға ма әлде душ қабылдайсыз ба, болмаса үстіңізге су құясыз ба. Ыстық судан кейін мұздай су қабылдаңыз.
2. Табиғатқа шығып үстіңізге су құймас бұрын 1-2 минут жалаң аяқ жерге тұрып (қыс мезгілінде қар үстінде) терең демалып, өзіңе және барша адамзатқа денсаулық тілеңіз.
3. Ешқашан арақ ішіп, темекі шегуші болмаңыз.
4. Аптасына 1 рет, жұма күні 18-20 сағаттан бастап, жексенбі күнгі 12 сағатқа дейін ас пен сусыз ашығыңыз. Егер де қиын болса бір тәулік ұстасаңыз болады. Бұл сізге тыныштық әкеледі.
5. Жексенбі күні сағат 12-де табиғатқа жалаң аяқ шығып 1-2 рет терең демалып, жоғарыда айтылған сөздерді тағы да ойлаумен бол. Бұл сенің денеңнің мейрамы. Осыдан кейін не жегің келсе де жей бер.
6. Өз қоршаған ортаңды сүйе біл. Жан-жағыңа түкірме және де ішіңнен ешнарсені түкіріп шығарушы болма. Бұған үйрен, өйткені бұл сенің денсаулығың.
7. Кез келген жерде, әсіресе қарт адамдармен амандасып жүр. Денім сау болсын десең баршамен амандас.
8. Адамдарға көмектесе біл, әсіресе кедей, ауру, ренжіп жүрген, жағдайы болмай жүрген адамдарға. Қайырымдылықты қуанышпен жаса, сонда ол адамдар сенің достарыңа айналады.
9. Өз бойыңыздағы сараңдықты, жалқаулықты, қорқынышты, өркөкіректікті, екі жүзділікті, пайда күнемдікті, тойынғандықты жеңе біліңіз. Адамдарға сеніңіз және оларды жақсы көріңіз. Олар туралы жалған айтпа және олар туралы айтылған жалған әңгімелерді жүрегіңе жақын қабылдама.
10. Түрлі аурулар, әлсіздік пен өлім туралы ойлардан аулақ бол. Бұл сенің жеңісің.
11. Ісің мен ойың сәйкес келсін. Ақылдарыммен таныссаң – өте жақсы, бірақ ең бастысы осы ақылдарды өзің орында!
12. Бұл тәжірибелерді өзгелерге айтып, жеткізіп жүр, бірақ ешқашан мақтанба. Өзіңді жоғары ұстама. Қарапайым бол.

Поль Брэггтің «Ашығудың ғажайыбы» еңбегі.
Емдік ашығу туралы

Ал, енді америкалық профессор Поль Брэггтің керемет еңбегіне назар аударайық. Ол еңбегінің аты - «Чудо голодания» («Ашығудың ғажайыбы»).
Порфирий Иванов жүйесі бойынша адам ағзасы қалай керемет сауығатын болса, Поль Брэггтің ашығу жүйесі де дәл солай.
Неге біздің жасушаларымыз шлак пен уларды жинақтайды? Өйткені, ағзамызға ауадан және астан бізге нәрлі заттармен бірге шлактар мен улар да келеді. Жасушалар бұларды жылдан-жылға жинап, шлактана бастайды. Сол кезде ағзамыздың дұрыс әрі қалыпты жұмысының реті бұзыла бастайды. Мысалы, түскі астың уақыты жақындаған кезде адамның қарны аша бастайды, ал нәрлі заттар алынатын жер жоқ. Біздің аш қанымыз (голодная кровь) бүкіл ағзаның жасушаларын аралап, бойына жасушалардың ішінен шлактар мен уларды тарта бастайды. Және несеп-жыныс жүйесі арқылы оларды шығара бастайды. Осы процесті Поль Брэгг емдік ашығу деп атаған.
Ең болмаса аптасына 1 рет 24 сағат тамақтан бас тартсаңыз ағзаңыздың жасушалары шлактар мен уларды құрта бастайды. Және барлық сезім мүшелеріңіз жақсы жұмыс істей бастайды. Бұл кітапты жазған кезде Поль Брэгг 84 жаста еді. Ол былай дейді: «Маған үнемі мынадай сұрақтар қояды -Сіз жас кезіңізді арақ іштіңіз бе? Темекі шектіңіз бе? Кокаин иіскедіңіз бе? Ашықтыңыз ба? және Құрдастарыңыз мазақ қылып күлген шығар? - деп. Мен: Иә, әрине құрдастарым мазақ етіп күлді, бірақ бір ғана нәрсені айтайын. Маған күлген құрдастарымның барлығы баяғыда қайтыс болған. Ал мен болсам қазір 84 жастамын. Өзімді керемет сезінемін. Хоббиім - серфинг».
Әр адам кемінде 120 жас өмір сүре алады. Бірақ өз денсаулықтарына салғырт қарағандықтан ерте қайтыс болады. Өзі 96 жасында мұхитта серфингпен айналысып жүріп қайтыс болған, үлкен толқынның астында қалып тұншығып өлген.
Порфирий Иванов пен Поль Брэггтің ашығу әдістерінің дұрыстығын әрі пайдалы екендігін көптеген ораза тұтқан адамдардан байқауға болады. Кез келгенімен сөйлесіп қарасаңыздар ағзаларында Поль Брэггтің сипаттаған керемет өзгерістері туралы айтады.

Түрлі сауығу әдістерін пайдаланып,
емделіп шыққан азаматтардың ой-пікірлері

Б.Ж – зейнеткер, 76 жаста. Әйтеке би кентінің тұрғыны. «Алтын алқа» белгісінің иегері. Ауырмайтын жері жоқ, соның ішінде жоғарғы қан қысымы мазалайды. Белі және екі аяғы жүргізбейді. С.М.Бубновскийдің жаттығуларын күнделікті жасағаннан кейін өзін сергек сезінеді. Аяқ ауруын ұмытып, барлық тойларға жаяу барып келе береді. Және орыс ғалымының аты жөніне тілі келмесе де күнделікті батасына қосып отырады.
К.Б – зейнеткер, 72 жаста, Әйтеке би кентінің тұрғыны. Үлгілі отбасы иесі. Үйінде бір бөлмені тренажер залы ретінде жабдықтаған. Бүкіл отбасы болып бос уақыттарында С.М.Бубновскийдің жаттығуларын жасайды. Жылына 1 рет ораза тұтады. Қазіргі таңда денсаулығы өте керемет. Оның бір айғағы ретінде К.ағай моншаның бу бөлмесінде жарты сағат отырғаннан кейін, шығып денесіне бір шелек мұзды су құяды
Р.Б – зейнеттегі ұстаз, 67 жаста. Әйтеке би кентінің тұрғыны. Үлгілі отбасы иесі. Үйіндегі тренажер залында үнемі түрлі жаттығулар жасайды. Бос уақытында С.М.Бубновскийдің жаттығуларымен айналысады. Жылына 1 рет ораза тұтады. Қазіргі таңда денсаулығы өте керемет. Оның бір айғағы ретінде тойларға жаяу барып, жаяу келгенді жақсы көреді.
Л.Т – зейнеттегі ұстаз, 60 жаста. Төретам қыстағының тұрғыны. Көп балалы ана. Балаларын босанғаннан кейін салмағы күрт өсе бастады. Жүріп, тұру қиынға соқты. Аяғының қан тамырлары ісінгені соншалықты кейде жүре алмай үйде жатып қалатын. С.М.Бубновскийдің барлық жаттығуларын қалдырмай, күнделікті орындағанының арқасында қазіргі таңда қуанышында шек жоқ. және де С.М.Бубновскийдің әдісін өскелең ұрпаққа насихаттаудан жалықпайды.
Б.Ө. – мұғалім, 51 жаста. Әйтеке би кентінің тұрғыны. Жылдан жылға аурулары көбейіп, өзінің жағдайының нашарлап бара жатқанын сезіп П.Иванов әдісі бойынша мұздай суға шомылып және С.М.Бубновскийдің жаттығуларын күнделікті жасағанының арқасында жұмысқа деген ынтасы жоғарылады. Аптасына 1 рет Поль Брэггтің әдісі бойынша өз-өзіне ашығу жариялайды. Нәтижесінде қан қысымы қалыпқа келді, демікпесі азайды, бұлшық еттері қатайып, жүрісі дұрысталып, артық салмақтан арылып, күннен-күнге әсемденіп келеді. 100 рет емін еркін отырып тұра алады.
Т.Т. – техникалық қызметкер, 41 жаста. Әйтеке би кентінің тұрғыны. Апта сайын үйіне жедел-жәрдем көлігі келіп, ауруханаға алып кететін. Диагнозы: простатит. Бұл ауруға сипаттама берудің қажеті жоқ. Барлық ер азаматтың басында болатын жағдай. Тоқтар С.М.Бубновскийдің простатитке қарсы жаттығуларын күнделікті орындап, керемет нәтижеге жетті. Қуанышында шек жоқ. Бұл жаттығуларға қазіргі таңда отбасын да үйретуде.
Ж.Ө. – халық емшісі, 41 жаста. Әйтеке би кентінің тұрғыны. Дізесі ауырып, аяғын баса алмай қалды. Туған апасы Б.Ө.-дан ақыл-кеңес алып, Бубновскийдің жаттығуларын істей бастады. Аяғының ісуі бірте-бірте кетіп, 40 рет емін еркін отырып, тұра алатын болды.
Н.И – мұғалім, 40 жаста. Әйтеке би кентінің тұрғыны. 30 жастан кейін екі дізесі сырқырай бастады. Жүрген сайын ауырады. Басы ауырып, жылдан-жылға толықси бастады. Қазіргі таңда жоғарыда айтылған әдістерді пайдаланып, денсаулығын қалпына келтірді. Қысы-жазға қарамай мұзды сумен аулада шомылады. Түрлі жаттығулар жасайды және әрбір дүйсенбі күні 24 сағаттық емдік ашығуды ұстайды. 5 жыл қатарынан ораза тұтып келеді. Нәтижелері керемет. Бұл жаттығуларға қазіргі таңда отбасын да үйретуде. Өз ұжымын да салауатты өмір салтына үнемі шақыруда. Өзі темекі, арақтан бойын аулақ ұстайды. 500 рет отырып тұра алады, 50 рет еденнен кеудесін көтере алады, 50 рет еденнен аяғын жоғары көтереді. Бұның бәрі тек бір қайталаған кезде.
С.Б. – мұғалім, 39 жаста. Әйтеке би кентінің тұрғыны. Асқазаны үнемі ауырып, үлкен дәретке шығуы қиын болды. С.М.Бубновскийдің жаттығулары мен П.Брэггтің бір тәуліктік ашығуынан кейін өзін өте жақсы сезінеді.
Ш.Ж. – мұғалім, 34 жаста. Әйтеке би кентінің тұрғыны. Өте толық болғандықтан түрлі аурулар мазалай берді. Диагнозы: паропроктит. Емханаға жатуды жиілетті. Жұмыс ырғағы бұзылды. С.М.Бубновскийдің жаттығуларын күнделікті жасап, қазір өзін баяғы студент кезіндегідей сезініп жүр.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Өз денсаулығың - өз қолыңда

Барлық адам әдемі, ауырмай, ұзақ өмір сүргісі келеді. Әсіресе, өзінің жас кезіндегі бар денсаулығын еліне, отбасына, сүйікті жұмысына арнаған қарт адамдар. Алайда зейнеткерлікке шыққанда бар денсаулықтарын сарп еткендіктерін байқайды. Денсаулықтан айырылған соң тек ғана өлім туралы ойлар мазалай бастайды. Өлем дегенімен Құдай ала қоя ма? Осылай күннен күнге азап шегіп өмір сүре береді.
Бұл не деген өмір? Төсекке жатсаңыз да, тұрсаңыз да ауырмайтын жеріңіз жоқ. Денеңіз тас сияқты, барлық жеріңіз ауырады. Беліңіз бен буындарыңыз сырқырағанда жаныңызды қоярға жер таппайсыз. Маған мұндай өмірдің не қажеті бар? Отбасыма масыл болғанша өлгенім артық емес пе? деген көптеген ойлар мазалайды. Сонда не істеуіміз керек? Қан қысымыңыз жоғары, басыңыз, жауырыныңыз, беліңіз, қол-аяқтарыңыз сырқырап ауырады. Дәрілерді іше-іше асқазаныңызды құрттыңыз және күннен-күнге олар әсер етпейді де. Өйткені түрлі дәрі-дәрмектерді ішкен сайын сіз өз ағзаңызды өлтіруге айналдыңыз.
Ал, жоғарыда айтылған ағаларымыздың сауықтыру әдістерін орындасаңыздар: отырып-тұруларыңыз жеңілдейді, барлық ауруларыңыз артта қалып, өмірге деген құлшынысыңыз күннен-күнге арта түседі.
С.М.Бубновскийдің ең болмаса қажетті 3 жаттығуын күнделікті орындасаңыз кез келген тойда сіздер билеп жүретіндеріңізге кәміл сенемін.
Ал, егер П.К.Ивановтың әдісі бойынша мұзды суға шомылатын болсаңыздар қатерлі ісіктен, радиациядан және түрлі аурулардан аулақ боласыздар.
Ал, П.Брэггтің ашығу әдісі бойынша аптасына 1 рет 24 немесе 36 сағат асқазандарыңызды демалдырсаңыздар, ол ағзаңызды шлактанудан сақтағаныңыз.
Бұл ғалымдардың еңбектерінің дұрыстығын көптеген адамдар дәлелдеп, ұзақ әрі ауырмай өмір сүріп келеді. Сенбесеңіздер жоғарыдағы мен бақылау жүргізген азаматтармен сөйлесіңіздер!
Құрметті менің аталарым мен әжелерім! Мен сіздермен мәңгі бірге болғым келеді. Менімен бірге шөбере, шөпшек, неменелеріңізді көруге жазсын. Ол үшін менің осы ғылыми жұмысым сіздер үшін үлкен қозғаушы күшке айналады деп сенемін. Алла сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық берсін. Әумин!

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН
БАСПАСӨЗ МАТЕРИАЛДАРЫ:

1. «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: БОЛАШАҚҚА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ СЕКІРІС» Н.Ә.Назарбаев; «Егемен Қазақстан» газеті, 14 қазан 2009 жыл;
2. «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 01 ақпан 2010 жыл;
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылдың 4 қыркүйегіндегі Ақордада өткен ғылым және ғылым саясаты жөніндегі кеңестің отырысындағы сөзі;
4. З.Жөкебайқызы, С.Сейсенбекқызы. «Тәнтану» оқулығы;
5. С.М.Бубновский «Оздоровление позвоночника и суставов», «Редакция вестника «ЗОЖ»», 2007;
6. Лекции В.Г.Жданова «Верни себе зрение»;
7. Поль Брэгг «Чудо голодания»;
8. Порфирий Ивановтың «Детка» сауығу әдістемесі;
9. Себастьян Кнейп «МОЕ ВОДОЛЕЧЕНИЕ»;
10. Лекции М.Норбекова «Опыт дурака или ключ к прозрению»;
11. «Вестник ЗОЖ», 2010 жылғы газеттер;
12. Доктор Уоллок «Умершие доктора не лгут»;
13. С.А.Назарбаева, «Өзін-өзі тану» оқулықтары 1-11 кластар;
14. «Өзін-өзі тану» журналдары;
15. «Время» газеттері;
16. Интернет басылымдары;
17. «Валеология» оқу әдістемелік құралы, 2003 жыл;
18. Х.Қ.Сәтбаева «Валеология – денсаулық туралы ғылым» ғылыми-әдістемелік журналы, 1999 жыл.
19. «Валеология – денсаулық және өмірлік дағдылар» журналдары, (№3, №4) 2008 жыл.
20. «Валеология – дене тәрбиесі. Спорт» журналы, (№5) 2004 жыл.
21. «Аргументы и факты» газеті, (№8) 2006 жыл.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицейдің 4 «В» сынып оқушысы Зейнаддинова Інжумаржанның валеология секциясы бойынша «Болашақ ғалымның қарттыққа қарсы зерттеулері» атты ғылыми-зерттеу жұмысына

П І К І Р

Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицейдің 4 «В» сынып оқушысы Зейнаддинова Інжумаржанның бұл ғылыми-зерттеу жұмысы тың тақырыптардың біріне жатады.
Оқушы зерттеу барысында көптеген қарт адамдармен кездесіп, ой-пікірлерін жинақтады. Олардан біраз құнды мағлұматтар алған.
Сонымен қатар қарттықты жеңу жолдарын зерттеп жүрген ғалымдар: Сергей Михайлович Бубновский, Порфирий Корнеевич Иванов, Поль Брэггтердің еңбектерімен танысып, олардың құнды зерттеулерін өте орынды, жүйелі түрде пайдалана білген.
Қарттық пен кәрілікті жеңу жолдарын зерттеу барысында оқушының аянбай еңбек еткені көрініп тұр.
Кеңес Нұржанның бұл ғылыми зерттеу жұмысы жастар мен қарттарға валеологиялық тәрбие беру бағытында сүбелі үлесін қосатын баға жетпес еңбек деп есептеймін.

Сарқыт Бисенбаева ____________ №249 мектеп-лицей мұғалімі,
зерттеуші жетекшісі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицейдің 4 «В» сынып оқушысы Зейнаддинова Інжумаржанның валеология секциясы бойынша «Болашақ ғалымның қарттыққа қарсы зерттеулері» атты ғылыми-зерттеу жұмысына

П І К І Р

Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицейдің 4 «В» сынып оқушысы Зейнаддинова Інжумаржанның бұл ғылыми-зерттеу жұмысы тың тақырыптардың біріне жатады.
Оқушы Кеңес Нұржан ғылымға деген қызығушылығы алғашқы сөйлемдерден-ақ байқалып тұр және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа интеллектуалдық секіріс» атты лекциясынан үзінділер келтірді. 2010 жылғы 1 ақпандағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен Астанада өткен ғылым және ғылым саясаты жөніндегі кеңес отырысындағы сөздерін келтіргендігі қазіргі таңдағы жас ғалымдардың алдында тұрған үлкен проблеманың барын айқындап берді. Ол кәрілікке қарсы зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Бұл проблеманы толығымен сезінген оқушы өзінің ғылыми жұмысында кәрілік пен қарттықтың айырмашылығын аша білді және көптеген ғалымдардың еңбектерін талдап, саралай білді. Атап айтатын болсақ, олар әлемге әйгілі кинезитерапевт Сергей Михайлович Бубновский, ұлы ойшыл Порфирий Корнеевич Иванов және ғалым Поль Брэгг. Олардың еңбектерімен танысып ғана қоймай, олардың құнды зерттеулерін өте орынды, жүйелі түрде пайдалана білді.
Оған дәлел Нұржан зерттеу барысында көптеген қарт адамдармен кездесіп, ой-пікірлерін жинақтады. Олардан біраз құнды мағлұматтар алды.
Кеңес Нұржанның бұл ғылыми зерттеу жұмысы жастар мен қарттарға валеологиялық тәрбие беру бағытында сүбелі үлесін қосатын баға жетпес еңбек деп есептеймін және бұл жұмыспен тоқтап қалмай әлем ғылымына келешекте өзінің зор үлесін қосатындығына сенімдімін.

Нұрлан Имашев ____________ №170 мектеп директоры,
ғылыми жетекшісі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.