Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Болашақтың бақытына бастар бағдарлама. -

Болашақтың бақытына бастар бағдарлама.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1120 | Размер: | Автор: гость
. Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
Төкеев Бертай Есмаханұлы
Сайрам ауданы, №64 Ш. Рашидов атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Беглярова Нафиса Рустамбекқызы

Болашақтың бақытына бастар бағдарлама.

Ұстаз—ұлы ұғым. Ұғым атауы соншалықты үлгілі, тиянақты естіледі. Оның негізгі міндеті шәкіртіне өз пәнін меңгерту, үйрету. Одан да үлкен міндеті балаларды адамгершілігі күшті азамат етіп шығару. Мұғалім кәсібінің сапасы педагогтық әдеп пен ұстаздық шеберлік ұштасқанда өз нәтижесін береді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу -ұстаздың қолында. Ұлтты ұлт етіп, оны әлемдік деңгейге көтеретін –дарынды да талантты ұрпақ. Ғылыми ізденіске әр мұғалім оқушыны өзі таңдап, ортаға тартуға ықпал етеді. Әрбір ұстаз алдындағы міндет -өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып,оған бағыт-бағдар беріп, оны дамыта білу. Оларды баулып, қамқорлыққа алып тәрбиелеу -ортақ шара. Оқушы бойындағы дарынын қырағылықпен көре білу-мұғалім үшін аса қажетті қасиет.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан - жақты, білікті болуды талап етеді. Орта және қысқа мерзімді сабақтар топтамасын құрып оны өткізу кезінде мені және сыныпты үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын сездім. Алғашқыда сабақта қалай жұмыс жасаймыз? Тәжірибемде 7 модульді қамти аламын ба? Оқушылар қалай қабылдайды? Ең бастысы мен мұны қандай мақсатта орындап жатырмын? деген сұрақтар мазалады.
Мұғалім мен оқушы арасындығы қарым - қатынастың жақсы болуы үшін әрдайым жақсы атмосфера қалыптастырамын. Сабақтарымда сыныпта ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыруда мен оқушылар арасында ұйымдастыру ойындарын жиі пайдаланып жүрмін. Осы жаттығу нәтижесінде оқушылар қажет ақпаратты өте жақсы қабылдайды. Ал бұрынғы сабақтарда көбінесе топпен біріге отырып жұмыс жасау тек ашық сабақтарда, конференция сабақтарында өткізілетін. Үй тапсырмасын тексеру кезінде оқушылар тапсырмаларын өзара тексеріп, өзара бағалап отырды.
Топпен жұмыс кезінде оқушы мүмкіндігіне шектеу қоймау, өзара пікір алмастыру, пікірлерін дәлелдету және бағалау түрлері сабақтың сәтті өтуіне мол әсерін тигізді. Әрдайым топпен жұмыстан кейін сергіту сәтін ұйымдастыру әдетке айналып келеді. Яғни оқушылар ой жалғастырады. Ағылшын тілі пәні бойынша сабағыма өзгерістер енгізу барысында Бағдарламадағы жеті модуль стратегияларын ескере отырып, жаңаша жоспар құрдым. Сонымен бірге білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді меңгеру арқылы ағылшын тілі пәні сабақтарында бағдарламадағы жеті модуль аясындағы барлық стратегиялардың әдіс - тәсілдерін қолданып, жүзеге асыруға тырысып жүрмін. Осы жеті модуль стратегияларын қолдану арқылы сабақтарымды жаңаша өткізуде және өзгерістер енгізуде алдымен өзімнің сыни тұрғыдан ойлауымды дамыта отырып, оқушылардың сыни ойлау қабілетерінің өрістеуін дамыту керек деп ойлаймын. Сол сияқты деңгейлік білім беруде оқушылардың диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, өз еріктерімен тапсырмаларды орындауын, талқылауын және өзін - өзі бағалай алуын дамыта, өзгерістер енгізе отырып құрылған сабақтарым оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда. Сабақтардағы басты өзгерістер бұрынғы өткен дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы көбінесе оқушылардың топпен біріге отырып жұмыс жасауында және оқушылар жаңа тақырыпты проблемалық сұрақтар арқылы тақырыпты өздері ашуы және мақсат қоя білуінде. Сондай - ақ басқа да өзгерістер әрі қарай үй тапсырмасынан бастап, сабақтың әр кезеңдерінде де, сабақты қорыту барысында да көрініп отырды.
Сабақ барысында бірлесіп жұмыс жасау, өзі білгісі келетін мәселеге нар тәуекел ету, жазбаша және ауызша ой алмасу бүгінгі оқушылардың дағдысына айналуда.
Менің түйгенім, біріншіден, жаңа бағдарламамен өтілген әр сабақ, оқушы жүрегінен жол тапты деп ойлаймын. Екіншіден, «Жақсы оқитын баланы мадақтама, мақтама өр көкірек болады, нашар оқитын баланың еңсесін түсірме» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай әр оқушының жүрегінен жол таба білу керек. Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойын еркін айтатын болғандықтан, әр түрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын – мүмкін, қате немесе толымсыз – ойларын шыдамдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастауды өзімнің басты міндеттерімнің бірі деп есептеймін.
Осы күнге дейін өзімнің және оқушыларымның бойындағы өзгерістер:
1. Сабақты жаңашыл түрде жоспарлауым;
2. Оқушыларымның жаңашыл болуы;
3. Балалар ретімен кезектесіп сөйлейді, бірлесе дамиды;
4. Баға үшін емес, ой даму үшін оқи бастайды, бірақ әлі толық өзгеріске енген жоқпыз, себебі жаңашыл бағалауды да енді үйреніп келемін;
5. Сабақ барысында жаңа әдіс - тәсілдерді өз жанымнан қосуға мүмкіндік аламын;
6. Өз сабағыма өзім баға беремін және кемшілігімді түзеймін, жаңа жол іздеп, жаңаша талқылауды да үйреніп келемін.
7. Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:
- Мен не білемін?
- Мен жаңаша нені білдім?
- Менің білімім қалай өзгерді?
- Мен осы біліммен не істей аламын?
Әр оқушымның білімге деген құштарлығы мен ынтасын арттыруға көмектесу – осы Бағдарлама аясында алып отырған кәсіби білімімді шыңдап жетілдіру барысындағы жеті модульді әр сабағымда ықпалдастыра өткізіп, әр оқушымның жеке даму траекториясына шығу мен үшін жаңа парадигмаға сәйкес ізденісті қажетсінетін, үнемі үздіксіз даму үстіндегі жаңашыл ұстаз ретіндегі түйінді әрі ең маңызды аспект болып табылатынын ерекше атап өткім келеді.
«Жаңа формация мұғалімі»... Бұл атау да бүгінгі таңда педагогика қызметі саласында жиі ауызға алынып жүрген жаңа ұғымдардың бірі екендігі баршамызға белгілі. Қазіргі кезде жаңа формация мұғалімі ретінде даму-уақыт талабы.
Атап айтсақ, Кембридж тәсілінің теориялық негіздері арқылы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің үш айлық біліктілікті арттыру курстары мұғалімдер қауымы үшін үлкен жаңалық, өзгеріс, жаңа бастау десек те болады. «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан маған жаңаша жұмыс істеуге, оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруыма тура келді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымызбен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалағандай.
Десек те, өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Сол себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енді. Ол- жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылық, түпкі нәтижеге деген сенімділік, өз ісімнен қанағат табу. Жаңа бастамалардан мен бұрын қорықпасам да, бір дүдамал ой кейін тартатын. Қазір мен кез келген істі ешқандай іркіліссіз қолыма алатын болдым, яғни тәуекелге бел бууға әр уақытта дайынмын, мені ештеңе тоқтата алмайтынын аңғардым. Себебі, мен нені және қалай істеу керек екенін үйрендім.
Екінші жетістігім - өзімді шыдамдылыққа үйреттім. Мен бұрын баладан жауап алғанша асықсам, қазір оқушының мүмкіндігінше ойлануын бірінші орынға қоятын болдым. «Жаңа сабағың өткен сабақтың жалғасы ғана емес, ол жаңа ой, жаңа сезім, жаңа қызығушылык және құмарлық тудыратындай сабақтасуы керек»- дегендей, мен де әр сабағымда балалардың қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді ( топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, диалог арқылы оқыту, блум таксономиясы негізінде сабақ өту) кеңінен қолданамын. Бүгінгі күнде балалар жаттанды нәрсені қайталамай, өз ойын еркін дәлелдеп айтуға, бір-біріне құрметпен қарап көмектесуге, топ ішінде өзін «жеке тұлға» ретінде санап, көшбасшы болуға, өз беттерінше ізденіп жұмыс істеуге, бір-бірін және өзін-өзі әділ бағалауға, бір-бірінің жұмыстарын қәдірлей білуге төселіп, қазірде бұл қалыпты жағдайға айналғандай.
Мен енді басқа машинаға отырдым деп есептеймін. Бірақ бұл көліктің жүргізушісі – (мен емес) менің оқушыларым. Олар басқарушы, жаңа жол іздеушілер, ситуациялардан шығып, мақсатына жетушілер. Ал мен болсам, бағыттаушымын.
Өзімнің осы жетістігімді басқа әріптестеріммен бөлісу мақсатында шағын шығармашылық топ құрып және оларға ықпал ете алдым. Іс-тәжірибе сабақтарыма қатысқан әріптестерім мен қолданған әдіс-тәсілдерді өздері де сабақтарына енгізе отырып, оң өзгерістерімен бөлісті.
Менің түсінгенім- жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес, тек осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек.
«Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек»- демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау сияқты қасиеттер тоғыса келе , олар мейірімділік атты ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана біз діттеген мақсат- мүддемізге жетіп, «Ұлы ұстаз» деген ардақты атаудың шын иегері болатынымызға кәміл сенемін.
«Адамның қолынан келмейтін еш нәрсе жоқ»
Абай Құнанбайұлы
Абай атамыздың ойын басшылыққа ала отыра, өз ойыммен бөлісер болсам, ең бастысы «Мен жаңа формация педагогі ретінде қалыптастым ба, бұл менің қолымнан келді ме, жоқ па?» -деген сауал туындайды. Шынында да, кешегі дәстүрлі сабағым мен бүгінгі, яғни жеті модульді ықпалдастырып, өткізіп жатқан сабақтар тізбегін таразыға салар болсам, арасы жер мен көктей екен. Аса маңызды ерекшелік ол оқушыларымда өзіндік білім алу дағдыларының қалыптасуы, кенеттен қалыптасқан жағдаяттар бойынша шешім қабылдап, шыға білулері, өздерінің пікірлерін дәлелдеу арқылы жеке тұлға ретінде шыңдалулары және сыныптағы мейірімді атмосфера үлгісінде қоғамдық жағымды қарым- қатынастың құрылуының басты себебі деп тұжырымдаймын. Осы ойлаудан келесі өлең жолдары санама иірілді.
Жеті модульді жеті атамдай есте сақтадым,
Болмысымды өзгертуді бастадым
Бойымдағы күш қуатымды арттырып,
Ізденімпаз ұстаз болуға бағыт алдым!
Әйтсе де, өзімді –өзім жаңа үлгідегі педагог ретінде қалыптастыру жолы әлі де жалғасуда...
Үшінші (базалық) деңгейлік курсты тамамдаған кезде, бағдарламаның мақсат міндеттерін толық түсінгендей болғанмын. Уақыт өте келе сусындаған білімімді қайта қарастырып, көп ойланып, тәжірибемде қолданып көріп, сәтті және сәтсіз жақтарын ұштастырып жүрмін. Дегенмен, аяулы тренеріміз бағыттап жіберген сәтте әлі де аяғын нық баспаған баладай болсақ, бүгін өз жолымызды тауып, реттеп әр пән мұғалімі өз пәніне кірігіп, нығайтып калды деуге болады. Бағдарламаның негізігі идеясы бір болғанмен, әр пәнге әртүрлі жолдармен кірігеді. Сол себепті, шет тілі мұғалімі болғандықтан, ойымды ағылшын тілінде қорытқым келеді.

The important thing is not so much that every child should be taught,
as that every child should be given the wish to learn.
John Lubbock

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық /3 - деңгей/
2. Мерсейтова С. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын ойлауын дамыту нысандары мен әдістері
3. 12 жылдық білім беру. Республикалық ғылыми - әдістемелік және ақпараттық талдамалық журнал
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.