.
.
Қарағанды облысы Бозша торғай
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1641 | Размер: | Автор: гостьШет ауданы
С.Сейфуллин кенті
Жарық жалпы орта білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Мұғалімі: Укенова Бақытнұр Көшербаевна Сынып: 1 «Б»
Пәні: ана тілі
Тақырыбы: Бозша торғай
Мақсаты: 1. Оқушыларға мәтін мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойын ашқызу және жаттығу жұмыстары арқылы заттың қимылын білдіретін сөздерді меңгерту.
2. Ой – өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін қалыптастыру және ізденімпаздыққа баулу, сөздік қорларын байыту.
3. Табиғатты аялауға, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау СТО стратегиясының элементтер
Сабақтың көрнекілігі: жұмбақ, құстар, ұя, көрініс.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық (кәне балалар біз бүгінгі бізге келген мұғалімдермен амандасып алайық.)
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Балалар біз өткен сабақ бойынша мен “Не білемін”
III. Ой шақыру
1. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
2. Көктем айларын білеміз ба? (Наурыз, Сәуір, Мамыр.)
3. Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (қар ериді, күн жылынады, құстар ұшып келеді)
4. Сендер қандай құстарды білесіңдер?
5. Мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін, сендер жауабын айтып, сол құсты мына ағашқа қондырамыз.
1. Қара түсті қарқылдақ,
Ұшып – қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем іздейді там – тұмдап. (Қарға)
2. Жасыл орман желекті,
Оның күтіп баққаны.
Тоқылдатса теректі,
Құртып қуып жатқаны. (Тоқылдақ)
3. Жай отырға қалпымда,
Екі қолым артымда.
Құшағымды ашқанда,
Көтерілем аспанға. (Торғай)
IV. Жаңа сабақ.
Ендеше бүгін біз “Бозша торғай” мәтінімен таныс боламыз. Мәтінді жазған автор: Нығмет Ғабдуллин. (aвтор туралы түсінік беру.)
V. Кітаппен жұмыс.
Оқулықтағы “Бозша торғай” мәтінін қараймыз.
- Өзім оқып түсіндірем.
- 2 – 3 оқушыға оқыту.
- Тізбектей оқу.
VI. Сергіту сәті. «Ұшты – ұшты» ойыны.
VII. Дәпрермен жұмыс.
Саз – су араласып, батпаққа айналған топырақ.
VIII. Көрініс «Жаман бала мен жақсы бала»
238 – жаттығу. Мәтіндегі көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып көшіру.
Атай торғайды үйіне әкелді.
Терезе жақтауына отырғызды.
IX. Қорытынды. Мен “Не білемін”
1. Мәтін не туралы?
2. Түнде ауа райы қандай болды?
3. Омар атай нені көрді?
4. Атай оған не істеді?
Бағалау.
Үйге тапсырма.
1. Мәтінді оқып келу.
2. Біз тұратын жерде қандай құстар бар. (Соны анықтау)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.