.
.
Бекітемін: Аудандық эксперттік Цитология
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1912 | Размер: | Автор: гостьЖ.Кереев атындағы орта мектебінің комиссия
директоры Салиев С.А ___________________
___________________ ____________________
Тақырыбы
Цитология
10 сынып
Пән мұғалімі:Нурмаганбетова Ж.Ж
Түсінік хат
Курс биологиядан өтіліп жатқан материалдарды нақтылау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын мен шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында орта мектепте мемлекттік стандартқа сай білім алу деңгейін қамтамасыз ете отырып 10класқа «Цитология» тақырыптарында арнайы факультатив бағдарламасы 1жылға жасалынды.
«Цитология» бағдарламасы 10класқа қосымша оқытуға арналған.
Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептің дамуы оқушыларды қазіргі жоғарғы технологияны заманға сай ,терең білімді азамат, білікті маман ретінде қалыптастыруға бағытталған. Факультативтің негізгі мақсаттарының бірі оқушылардың жас ерекшеліктерін .пәнге деген қызығушылығын, ынта-қабілетін ескеріп, оқу материалдарын сол ерекшеліктерге сай құрастыру. Оқушылар белгілі пәннен өздігінен жұмыс істеуге машықтанған бойда жинақталған энергияны босатуына мүмкіндік туады, шығармашылық белсенділігі артады және ой-өрісі дамып, биология ғылымының құпиясын тереңірек сезінуіне мүмкіндік туады. Жеке тұлғаны бағытталған оқытудың түрлерінің бірі-арнаулы факультативтік курстардың қазіргі заманға бейімдеп оқыту процесіндегі маңызы зор.
Курсты құрастыру кезінде оқушылардың бұдан бұрын алған білімдерін қайталау,бекіту және тереңдете оқытылу мақсат етіп қойылды.
Ұсынылып отырған курстың мазмұны биологияның мектептік курсына негізделіп, биология пәнін тереңдетуде қосымша материалдар енгізілді және сол қосымша материалдардың көмегі арқылы оқушы санасында жалпы дүниеге деген көзқарасы мен түсінігі толық қалыптасады.Теориялық білім жүйесін практикада қолдануға мүмкіндік туғызады.
Бағдарламаның жылдық сағат саны34, аптасына1сағат.Бағдарлама 3 бөлімнен тұрады.Бағдарлама мазмұнында биология ғылымының даму деңгейін ескере отырып, білімнің әр түрлі компоненттері (жаңа ұғымдар мен түсініктер, қызықты мәліметтер мен деректерт.б.) қамтылады. Соған орай түрлі сұрақтармен тапсырмалар, зертханалық жұмыстар, әңгіме, саяхат сабақтар оқытудың теориялық бөлімімен қатар практикалық жағы да қарастырылған.
Мақсаты:
Оқушылардың «Өсімдіктану» , «Жануартану», «Адам анатомиясы мен физиологиясы», «Жалпы биология»бөлімдері бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттыру, танымдық дербестігін дамытуға интелектуальдық және практикалық іскерлігін қалыптастыру.
Бағдарламадағы оқытудың міндеттері:
Оқушылардың негізгі оқулықтармен қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу бейімділігін арттыру.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, талдау және жинақтық дағдыларын қалыптастыру.
Бағдарлама бойынша оқушылар нені меңгеру керек:
-негізгі биологиялық терминдерді
-биология ғылымдарының зерттеушілерінің еңбектерін
-биологиялық процестердің заңдылықтарын
-органикалық құрылысы, қасиетін, қызметін
-адам организмі мен қызметін, денсаулық сақтау әдістерін
-тірі организмдердің табиғи қасиеттерін, ұрпақтан ұрпаққа беріп, қайталап отыру заңдылықтарын
Күтілетін нәтиже:
-оқушылардың қисынды ойлауын қалыптастыру, тереңдету
-табиғи обьектілерді, құбылыстарды елеулі белгілері бойынша саралап қортындылау
-Ақпарттық технология негізінде оқытып, электрондық оқулықтарды пайдалануға қол жеткізу.
Бағдарлама бойынша оқушы бойында қалыптасатын іскерліктер мен дағдылар
1. Өз пәніне оқушылардың қызығушылығын ояту.
2. Педагогикалық шеберліктің шыңына шығу үшін дағды мен біліктілікті шыңдауы.
3. Оқушының өзіндік ерекшелігін ашу, дамыту.
4. Оқушы бойындағы мүмкіншілігі мен қабілеттерінің ашылуына септігімді тигізу.
5. Оқушылардың өмірлік құндылықтары мен мақсаттарын айқындап алуына ықпал ету.
6. Оқушылардың интелектуалды ,эмоцияналды, рухани дамыған тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.
7. Сөздік қорын, еркін ойлауын дамыту.
Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы
«Цитология» 10класс
(Барлығы -34 сағат, аптасына 1сағат)
1. Микроскоптың ашылу тарихы.
2. Жасуша ұғымы.
3. Жасуша теориясының негізгі қағидалары.
4. Жасуша теориясын дамытуда ғалымдардың үлесі.
5. Тірі ағзаның басты белгілері.
Өсімдіктердің тіршілік әрекеттері. Өсімдіктердің құрылысы, қоректенуі , көбеюі, топырақ құрылымы.
6. Жануарлардың тіршілік әрекеті.
Біржасушалы және көпжасушалы жануарлардың құрылысы мен маңызы. Жорғалаушылардың, қосмекенділердің, балықтардың құрылысы мен көптүрлілігі. Құстар мен сүтқоректілердің құрылыстарының ерекшеліктері мен сан алуандығы.
7. Адамдардың органикалық дүниедегі орны.
Тірек –қимыл, қанайналым, ішкі секреция бөлімдері, тыныс алу, ас қорыту, көбею, зәр шығару жүйелерінің құрылысы.
8. Митоз.
9. Мейоз.
10. Цитоэкология.
11. Цитохимия.
Күнтізбелік жоспар. «Цитология» 10класс. Сағат саны 34 сағат, аптасына 1 сағат
Тақырыбы Сағат саны мерзімі Сабақтың түрі Сабақтың әдіс-тәсілдері Зертханалық жұмыс, топсеруен, өзіндік жұмыс.
Микроскоптың ашылу тарихы. 1 дәріс Оқу, баяндау
Жасуша ұғымы. 1 семинар пікірталас З.ж № 1
Жасуша теориясының негізгі қағидалары. 1 ізденіс пікірталас
Жасуша теориясын дамытуда ғалымдардың үлестері. 1 дәріс баяндау
Жасушаның химиялық құрамы. 1 шығармашылық Зерттеу әдістері
Прокариотты ағзалар. 2 ізденіс пікірталас З.ж №2
Эукариотты ағзалар. 2 пікірталас
Жасуша ядросы. 1 дәріс Оқу, баяндау
Цитоплазма . 1 шығармашылық Зерттеу әдістері
Плазмалемма. 1 семинар пікірталас З. ж №3
Цитоқаңқа және оның қызметі. 1 ізденіс пікірталас
Митохондрия құрылысы,қызметі. 1 дәріс Оқу, баяндау
Жануарлар және өсімдік жасушасының ерекшелігі 1 дәріс баяндау
Тірі ағза және қоршаған орта. 1 ізденіс пікірталас
Метаболизм. 1 семинар пікірталас
Энергиялық және пластикалық алмасу. 1 ізденіс пікірталас
Ақуыз синтезі. 2 дәріс Оқу
Генетикалық код.Көмірсулар мен майлар синтезі. 2 ізденіс пікірталас
Фотосинтез процесі. 1 шығармашылық Зерттеу әдістері
Катаболизм. 1 семинар пікірталас
Жасушаның тыныс алуы ,гликолиз. 1 дәріс Оқу, баяндау
АТФ синтезі. 1 ізденіс пікірталас
Хемосинтез. 1 дәріс Оқу, баяндау
Жасушаның тіршілік әрекеті. 1 ізденіс пікірталас
Митоз. 1 дәріс Оқу, баяндау
Интерфаза –жасушаның бөлінуге дайындық кезеңі. 1 Конференция сабақ пікірталас
Жасушанң бөліну фазалары. 1 семинар пікірталас
Мейоз. 1 ізденіс пікірталас
Амитоз. 1 дәріс Оқу, баяндау
Қорытындылау. 1 семинар пікірталас
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Калина Г. С. Мягкова А.Н. Методика обучения биологии (6-7)
2. Әлімқұлова Р.Ә. , Алпысбаева Р.А. ,өсімдіктер және жануарлар бөлімдері бойынша лабораториялық жұмыстарды өткізу. Алматы. 1987ж.
3. Корчагина В. А. Биология-М. , 1995ж
4. Қ. Құрманов. Жасыл әлем- алматы 1977ж
5. Бекенов А. Қазақстан сүтқоректілері. Алматы: «Ғылым» 1995ж.
6. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. 1-4 томдар- Алматы 1998-2003 ж.ж.
7. Әлімқұлова Р., Дүйсенбайұлы Б., Туребекқызы Е. Өсімдіктану 6-7 класс
8. Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері (оқу әдістемелік құрал)- Ақтөбе 2000ж.
9. Биология және салауатты салауаттылық негізі. Ғылыми педагогикалық журнал. 2001, 2002, 2004,2006жж
10. Ордабеков С. Жануарлар мен жәндіктер тарататын аурулар-Алматы Қазақстан,1985ж.
Пайдаланылған әдебиеттер.(оқушылар үшін)
1.Биология 6кл. Авторы: К. Жүнісқызы. Алматы «Атамұра» 2006ж
2. Биология 7кл. Авторы: Қ.Қайым. Алматы 2006ж
3. Биология.8кл. Авторы:Е.Очкур. Алматы «Мектеп»2008ж.
4. Биология.9кл. Авторы:Ж. Шілдебаев. Алматы «Мектеп»2005ж.
5. Биология10кл. Авторы:Т. Қасымбаева. . Алматы «Мектеп»2006ж.
6. .Биология11кл. Авторы:Р. Сәттімбеков. Алматы «Мектеп»2007ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.