.
.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы Ақжігіт орта мектебі Сапарова Гулжан Cыңғырла, соңғы қоңырау
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2140 | Размер: | Автор: гостьСоңғы қоңырау мерекесіне арналған «Cыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынның жүрісі
Мектеп ауласы мерекеге сай безендірілген. Мерекеге келген қонақтарды, ұстаздарды, ата-аналар мен оқушыларды ретімен орналастыру.
Жүргізуші :Қайырлы күн! Құрметті қонақтар мен ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар! Бүгін кең байтақ Отанымыз Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордалары-мектептерде 2014-2015 оқу жылының «Соңғы қоңырау» мерекесі өтуде.Бұл өркениетті елдер қатарына қосылуға бет алған туған Қазақстанымыздың өміріндегі елеулі оқиғалардың біріне саналады.Осындай айтулы мерекелердің біріне саналатын «Соңғы қоңырау» салтанаты біздің мектебімізге де келіп жетті.Бүгінгі күн өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, өткенге есеп беріп, 11 жыл бойы тәлім-тәрбие берген ұстаздар мен ата-аналардың еңбегінің жемісі болып саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасынан шығып үлкен өмірге қадам басардағы қуанышты күні! Оның көңілі кеңдігіндей даламның, Мен жансам ұстазымша жанамын Үлкен дейді, кейде мені басқалар, Ұстазыма бәз-баяғы баламын,-демекші осыдан 10 жыл бұрын жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасынан өмірге жолдама алып ұшқан ұл-қыздарымыз бүгінде ойы толысқан, ержеткен аға-апаларымыз келіп тұр.Ендеше, 10 жылдық түлектерді ортаға шақырамыз. Сынып жетекшісі Атшыбаева Қамажай. ( Кездесуге келген түлектерді аттарын атап, ортаға шақыру). Жас жүректің өмірлік құштары- гүл, Бағбан- ұстаз баулыған құстары-бұл. Қоштасып бүгінгі күн ұясынан, Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр! Ұрпағың мақтануға болса лайық, Біз бүгін мақтанайық жар салайық ! Биылғы мектебіміздің 14-ші түлектерін, Құрметпен қол соғып қарсы алайық! Сынып жетекшісі Сапарова Гүлжан. Оқушыларды бір қыз, бір баладан атап тұру. Жүргізуші: Биылғы 2014-2015 оқу жылының «Сыңғырла,соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! (Ду қол шапалақ) Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңыздар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеру құрметі 10-сынып оқушысы Бейсенбаев Ерболат Азаматұлына беріледі. (Әнұран орындалады, оқушылар қосылып айтады) Жүргізуші: Жас та болса мектебіме бас болған, Ұйымшылдық ұжым үшін жақсы леп. Егізбай ағай үміт күтеді жастардан, Айтатыны ақ бата мен ақ тілек! Мектебімнің қиынына күйгені, Табыстарға мәз-мейрам болып жүргені. Сіздер үшін күйінгені, күлгені, Байнияз ағай, сөздер айтар, Жастарымды бастайтындай ілгері,- дей келе құттықтау сөз кезегі мектебіміздің басшысы Ережепов Егізбай Нариманұлы мен оқу ісінің меңгерушісі Таңатаров Байнияз Бердіқожаұлына беріледі.
Ән: «Балалық шақ» Орындайтын Қадамова Әсия
Жүргізуші: Қазекем қонақ десе көсіледі, Мұндайда жан түйіні шешіледі. Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген , Өзімен ала келер несібені! (Келген қонақтарға сөз кезегін беру: ардагер ұстаздар, ауыл әкімі) Сөз кезегін осы мектептің алғаш іргетасын қалаған, бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан ардагер ұстаз Баймұңалов Арал ағай мен Демегенова Мәрия апайға береміз. Жүргізуші: Қызыға да қызғанада қарайды, Жүздерінен бақыт нұры тарайды. Бізде үлкен болсақ екен деп олар, Саусақтарын әріп қылып санайды. Келер күнін қуанышпен өреді, Тірі болса мұны да әлі көреді. Қабыл ал, жас түлектер, сіздерге, Балдырғандар өз тілектерін айтады! Құттықтау сөз кезегі 1-сынып оқушыларына беріледі.( 11 сынып оқушылары өз сыйларын бүлдіршіндерге тапсырады) Жүргізуші: Алтын ұя, алтын бесік- мектебім , Мәңгі есімде анам болып өпкенің. Парызыңды өтедің сен білемін, Ал, қарызым саған берер көп менің,-дей келе сөз кезегін осыдан он жыл бұрын бітіріп, бүгін қуанышты күні алтын ұясымен, аяулы ұстаздарымен кездесіп жатқан төртінші түлектерге сөз кезегін береміз. Жұптық би. 11 сынып оқушылары Жүргізуші: Қоңырау сыңғыры көңілді тербейді, Бал даурен балалық айналып келмейді. Алғашқы ұстазың әліппе ұстатқан Жүректе ешқашан сөнбейді, – деп алғаш рет «Мектеп», «Ұстаз», «Отан» деген ұғымды санаға сіңіріп, білім нәрін берген, әріп танытып, достыққа жетелеген төртінші түлектердің алғашқы ұстазы Айбатырова Оразгүл Боранқызы мен биылғы он төртінші түлектердің алғашқы ұстазы қазіргі директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Базарбаева Гүлмира Оразалықызына құт-тықтау сөз кезегін береміз. Мында біреу жымияды қызына, Мында біреу ақыл айтады ұлына. Мында біреу сөз сөйлейді сызыла , Мында біреу елтіп отыр жырыма. Ол кім? – десең, Қуаныштан езулерін жимаған , Ұстаз білім берсе егер, жарық нұрын ол сыйлаған. Баласының болашағы үшін өмір сүретін , Ол ата-ана әлемдегі сыйлы адам, - дей келе, баласы үшін бар жақсылықты шашу қылып шашуға әзір ата-аналар келіп отыр. Сөз кезегін ата-аналарға берейік. Ән: «Ұстазым» Орындайтын Таушабаева Жанерке
Жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады, Түлектерге бақыт гүлі шашылады. Қимастықпен 11-сынып «Түлектер туын» , Ізбасар 10- сыныпқа тапсырады, – деп түлектер туын тапсыру мәртебесі 11-сынып оқушысы Сәуірбаева Мәдина Беркалықызына беріледі. 10 сыныптан қабылдап алушы Тәжиев Нұрсейіт.
Жүргізуші: Ата-ананың өмірінің жалғасы, Ұстазыңның енді толған арнасы. Өмір бақтың пісіп тұрған алмасы, Түлектерің сөйлейді. Кең пейіл мен ақ арманнан нәр алған, Туған жердің бақытына жаралған. Орын табар бақыт деген арнадан, Жүректерің не дейді? Түлектерім сөйлейді, - дей келе 11 жыл оқыған алтын ұя мектебіне, аяулы ұстаздарына деген тілектерін, жүрек түкпірінде жатқан жылы сөзін, рахметін, қимас сезімдерін білдірмекші. Түлектер атынан сөз кезегі Байғабылова Гүлзадаға Мұхаммедқызына беріледі. Арнау. «Талапкерге» Оқитын Жеңісбайқызы Мәдина
Жүргізуші: Нағыз жүрек тебірентерлік сәтте келіп жетті. 11 жыл бойы тек әр сабақ арасында естіп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ! Гүлдерге толы омырау, Әр түрлі әркім ойлайды. Соғылар соңғы қоңырау , Қаққызбай өмір қоймайды. Күмбірле, қоңырау күмбірле, Аттансын түлектер жаңа өмірге, - деп соңғы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып оқушысы Еламанова Жансая Нұрланқызына беріледі.
Жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің, Маңдайыңнан сыйпап өтер көкте күн! «Сәт сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз, Тілейміз біз армандарға жеткенін! - дей келе алдағы ұлттық бірыңғай тестіні жақсы тапсыру-ларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз. Осымен бүгінгі «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар! 11 сынып оқушылары хормен ән айтады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.