Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
CЫНДAРЛЫ ОҚЫТУ – CAПAЛЫ БIЛIМ БEРУГЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛ -

CЫНДAРЛЫ ОҚЫТУ – CAПAЛЫ БIЛIМ БEРУГЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1478 | Размер: | Автор: гость
. CЫНДAРЛЫ ОҚЫТУ – CAПAЛЫ БIЛIМ БEРУГЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛ

Искакова Жайна Аймуханбетовна
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ө.Жәнібеков ат. №73 гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасынан алған теориялық негіздерінен түрлі әдіс-тәсілдерді оқып білімімді жетілдірдім. Міне, «сол алған теориялық білімімді тәжірибеде ұштастыру мақсатында өтілген тізбектелген сабақтарымның топтамасына қандай өзгерістер енгіздім?», «Мен неліктен өзгеруім керек?», «Неліктен мен ескіше дәстүрлі оқыту тәсілінен алшақтап, жұмысты жаңаша бастауым керек?» - деген сұрақты өзіме қоя отырып, алдағы тәжірибеме көптеген өзгеріс енгізуіме тура келді. Аталған бағдарламаның 7 модульін сабақтарыма ықпалдастыру кезінде көптеген өзгерістер болды.Осы өзгерістер өз сабақтарыма тек оң нәтиже беріп отырды.
Ең әуелі сабақ жоспарынан бастайтын болсақ, ескіше дәстүрлі оқытудағы күнтізбелік сабақ жоспарында жыл бойы өтетін сабақты жоспарлап, күнделікті сабақ жоспарында ұзақ жазылған жоспар болды. Ол жерде сабақтың үш мақсаты: білімділік, дамытушылық, тәрбиелілік түрде алынып, мақсатқа қол жеткізуде дамытылмай, зерттелмей қалып қоятын. Яғни дәстүрлі сабақта орта мерзімді және қысқа мерзімді деген жоқ болатын. Орта мерзімді жоспардың бұрынғы күнтізбелік жоспардан артықшылығы 7 модульдің кіріктірілуі және әрбір сабақ үшін тек қолжетімді ғана мақсат қоюды көздейді екен және оқып үйренгендерінің нәтижесін көрсетіп жазып кетеміз,әрі әдіс- тәсілдер де нақты көрсетілуі керек екен. Осы жоспарды жасап орындауда мұғалім жан-жақты ізденеді, нақты іс-әрекетке көшеді. Сабақтың күнделікті жоспары бұрынғы сабақтарымда шұбалаңқы жазылатын. Қысқа мерзімді жоспарда қандай өзгеріс бар ? Бұл жердегі менің түсінгенім, әр сабаққа тек қолжетімді мақсат қоя білуді, сол бір сабақ көлемінде нақты ғана игерілетін лайықты мақсат қоюды білдім.Мен осылайша сабақтың қысқа және орта мерзімдерін жасауда үлкен өзгеріс барын білдім. Бұл тек жоспар құрудағы өзгеріс, бірақ сабақ кеезеңдерінде де көптеген өзгеріс жасауға тура келді. Сол себептен сыныпта да түрлі өзгерістер жасалды.
Бұл бағдарламаның негізінде барлық тапсырманы орындау кезінде тек топтық жұмысқа негізделеді, және жұптық, жеке жұмыстар да қатар жүріп отырады. Бұрынғы дәстүрлі оқытуда оқушылар барлық пәндерден үнемі жұппен орналасып, барлығы мұғалімге қарап, тек мұғалім іс-әрекетін бақылап отыратын еді де ешқанда қимылдауға да мұрша берілмей тыныш отыр, шуылдама, көп сөйлеме, артыңа бұрылма, артық сұрақ қойма , тапсырманы ешкімнен көрмей өзің ғана бітір деп шектеп тастайтындығымыз бәрімізге де белгілі әрекет.
Қазіргі сындарлы оқытуда парталарды оқушылар санына қарай топтап, оқушыларды топтастыру арқылы орналастыратындығы да үлкен өзгеріс. Әр сабақтарымда бұрынғыдан өзгеше әр-түрлі іс-әрекетпен шағын топқа бөліп алып топтаса жұмыс жасауға бағыттап отырдым. Міне бұл мен үшін де, оқушылар үшін де қызықты әрі үлкен өзгеріс болды.
Бірлескен жұмыс жүргізу мақсатында , кейінгі сабақтарымда оқушыларға түсінік жүргізіп, бағыт-бағдар берген соң өздері-ақ топтық тапсырманы орындауға үлгеретін болды әрі бірлік, бірегейлік, ұжымшылдық, ұйымшылдық әректтер қалыптастырып, сол арқылы өздерінің сыныпқа тікелей қатысы бар екендігін аңғартты. Осы бағытты ұстанған оқу үдерісінің барлығы да бірлескен әрекеттерді үйренудің негізі деп таниды. Ж. Пиаже (1960 мұғалімдерге арналған нұсқаулық 17 бет)бұл туралы былай жазады: «Адамның ақылы (ми деген мағынада) өзін таниды, яғни психологиялық тілмен айтқанда, басқа затармен немесе басқа ақылдармен ғана қатынаста болады». Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым-қатынаста дамиды, тек қарым-қатынас әрекеттері ғана оқушыларды жаңа түсінікке әкеледі. Ал қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға,(олардың пікіріне, идеяларына, көзқарасына, мінезіне ) бейімдеу деген сөз. Яғни осы Пияженің зерттеулеріне сүйене отырып оқушылар топтасқан жұмыс кезінде өз ойларына ой қосып туындата түседі деген сеніммен оқушыларға топтық тапсырма бердім.
Менің сабағымда да өзгерістер болғанына тоқталсам: мен сабағымда қандай өзгеріс енгізсем екен ?- деген сұрақты әр сабақ сайын ойлап, өзім шешім таба алдым. Сабақ барысында үйреншікті әдетпен үй тапсырмасын сұрап, сол бойынша сұрақ беріп, жауап алып журналға бағалап сабақты бастайтынбыз. Ал кейінгі сабақтарымда осы тәсілдерді қолдана келе сабақты бастау сәтіндегі өзгерістің бірі ол сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында жүргізілетін түрлі әдіс-тәсілдер болды. Мен осы мақсатта «Шаттық шеңбер» әдісін әр күні әрқалай ұйымдастырып отырдым. Мысалы: бір-біріне сәтті күн тілеу, жақсы тілек айту, болашақтағы арманына жету сияқты тапсырмалармен орындатып отырдым. Сергіту сәттері бұрын да өткізілетін, бірақ тек қимыл-қозғалыс түрінде орындататын болсақ, қазір сонымен бірге түрлі тренингтердің түрлерін орындату арқылы оқушыларды ойландыратын түрлерін қалыптастырдым.
Ал сабақтарымдағы негізгі өзгеріс ол аталған бағдарламаның жеті модулін белгілі бір стратегиялармен ықпалдастыра отырып нәтижелі білім беруге бағытталады. Әрбір сабақтарымда оқушыларды сын тұрғысынан ойлана алатын тұрғыда бағыттап отырдым. Бұрынғы сабақ өту тәсілінде мұғалім ретінде оқушыларға білімді дайын күйінде түсіндіріп бере салатын едік, ал бұл сабақтарымда сырттай дұрыс бағыт бере отырып, өздеріне тақырыпты зерттеп,талқылап, ой елегінен өткізіп, жан-жақтан ақпараттар әкеліп өз беттерінше ізденіп, өздері сабақтың тақырыбын аша білді.Мен сабақтарымда тек дұрыс бағдар беруші, көшбасшы ретінде сырттай бақылап тұрдым. Ең бір жақсы жағы оқушылар сыныпта еркіндік құра білді, еркіндікті сезінді. Бұрынғыдай мұғалімге тәуелді емес екенін білдім.
Енді бағалау жөніндегі өзгеріске тоқталсам, біз бұрын қолданған дәстүрлі сабақта мұғалім өзі ғана оқу үдерісін бағалап әрбір оқушымен санасып жатпайтын , яғни тек жиынтық бағалау ғана жүретін. Ал қазіргі сабақтарымда оқыту үшін бағалаудың сабағыма тиімді түрлерін пайдаландым. Осы бағалау тәсілдерін айтар болсам: өзін-өзі бағалау,бірін-бірі бағалау, критериалды бағалау, көңілді смайлик бағалау, BlOB ағашы т.б. бағалаулар түрін әр сабақтарымда қолдана алдым. Оқушылар бірін-бірі бағалау арқылы бір-бірінің деңгейінің қаншалықты екенін бағалай білді, әр оқушы өз деңгейін байқай білді, алған білімінің қаншалықты өз өмірі үшін пайдалы екендігін ол білімді қалай пайдаға асырамын деген оймен жүргізе алады. Мен үшін бұл бағалау түрлері өте тиімді болды, себебі оқушы өзіне-өзі баға бере білсе, ол келешекте өз орнын адаспай таба біледі. Осы бағалаудың түрлерін және басқа да жаңа тәсілдерін кейінгі уақытта пайдалана бермекпін. Мен оқушыларымның сабақтан алған әсерлерін байқап, өзім де іштей қуандым. Осы жеті модуль арқылы білім берсек оқушыларымыздың білім сапасы жақсы деңгейден көрінетініне сенімім мол. Сындарлы оқу бойынша білім ала отырып, өзім жан-жақты, түрлі әдіс-тәсілдер мен оқытудағы жаңа технологиялардың ұтымды жақтарын игере отырып өзіме көптеген сабақ алдым. Бұл теория оқушылардың сыни ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдерімен астастырыла жүзеге асырылады екен. Осы бағдарламаның түйінді идеяларын пайдалана отырып өз тәжірибемде сабақтар өтуде осы «Мұғалімге арналған нұсқаулық» кітабы маған көп көмегін тигізді. Осы бағдарламадан күтілетін нәтижеде оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, еркін тәрбиеленген,өзінің дәлелдерін сенімді түрде айта алтын, сыни көзқарасы мен пікірі жүйелі дамыған оқушы болып қалыптасуын қамтиды екен. Мен және менің сабақ өту тәсілім осылай өзгере бастады.
Мұғалім жұмысының ең маңызды тұсы жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, түсінігін жетілдіру, жақсарту арқылы жұмыс жасауы. Сынып ішін шағын топтарға бөліп қызу тартысты, сайысты өткізген сабақ оқушылар үшін де өте қызық әрі тиімді тәсіл екен. Мұғалім оқушылардың көп сөйлеуіне, өзі тапсырманы орындауына бағыт-бағдар беріп отыруы тиіс. Маған ұнағаны топқа бөлініп жұмыс жасау мен оның тиімділігі ұнады. Менің тағы да бір түсінгенім жаңа тәсілдердің озығын өз сабағымызға пайдалана отырып, оқушылардың өздерінің оқуына, көп сөйлей алуына, өз бетімен тапсырманы орындауына бағыт-бағдар беріп отыруымыз керек екенін ұқтым.
Осы курстан сабақ алуда аталған бағдарламаның жеті модулін пайдаланып сабақ өту оқушыларға қазіргі заман талабына сай сапалы білім беруде оң әсер ететінін түсіндім.
Балалардың сыни ойлауын дамытпас бұрын мұғалім өзі сыни ойлану қажет демекші, оқушының сын тұрғысынан дамуына мұғалім әсер етеді. Оқушыларға сұрақ қою кезінде де деңгейі мен жас ерекшелігіне қарай қалай жауап беретінін ойланып, содан соң сұрақ-жауап жүргізту керек. Егер осы процесс кері жүргенде оқушыға сұрақ ауыр тиіп, пәнге деген қызығушылығын төмендетіп психологиялық дағдарысқа ұрындыруы әбден мүмкін. Білім беруде жаңа әдіс-тәсілдердің озық үлгілерін, сындарлы оқытуды қолдана отырып оқытатын болсақ, біз үлкен жетістіктерге жетеміз екен. Өзіміз курстан өткендегі алған, пайдаланған әдістерді оқушыларыма сабақ кезеңдеріне ыңғайластыра отырып пайдаландым. Міне сол кездерде оқушылардың назарын, қызығушылығын, біз мұғалім ретінде өзімізге тез баурап алатындығымызды, пәнге деген қызығушылығы төмен оқушылардың қызығушылығының артуына мол септігін тигізетіндігін байқадым. Келесі күндері де оқушыларымның бүгін қандай етіп топқа бөлініп, қалай сабақ өтер екенбіз деген сабаққа деген ынтасы мен белсенділіктерін байқадым. Өзімнің бірінші Бетпе-бет кезеңінен алған білімімнің нәтижесінде, кейінгі мектеп тәжірибесі кезеңінде өзіміз бұрын оқытып жүрген дәстүрлі сабақ өту әдісінің ескі сарында өтетінін байқадым. Теориялық білімдерін ары қарай жалғастырып практикалық тұрғыдан іске асырмай қалатынын, біздің тарапымыздан мүмкіндік бермеуімізден екенін түсіндім. Оқушылардың сыни ойлануына да дұрыс жетектеуші сұрақ болмайтынын, ойлауларын шектейтініміз, сұраққа да жауапты толық ойланып айтуына да мүмкіндік бермей өзіміз жауабын бере салатындығымызды байқадым.
Мен бұл бағдарламадан мұғалім тек қана бағыт-бағдар беріп, ал оқушылар тапсырманы өздері оқып үйреніп, түсінулері керек екендігін білдім. Оқушыға өзінің оқып білуіне қолдау көрсетіліп, ұмтылыс жасалып отырса оларда басқаша көзқарас пайда болатынын сырттай байқап бағдарлап тұрдым. Осы әдіс арқылы оқытуда біз көптеген нәтижелерге қол жеткізетінімізді білдім.
Қазіргі қоғамның ең басты мәселесі заманға лайықты бәсекеге қабілетті оқушылар оқытуымыз керек десек, осы тұрғыдан дүниеге деген көзқарасын кеңейту өз-өзіне деген сенімділігін арттыру, менің де қолымнан бір нәрсе келеді екен ғой деген сияқты ой қалыптастыру және идея ойлап таба алатын, 21 ғасырға лайықты азамат болып тәрбиеленіп шығатынын түсіндім. Әрбір сабағымда ең әуелі топқа бөліну, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды көздедім және осы тапсырмаларды орындауда оқушыларымның күннен күнге сабаққа зор дайындықпен, талпыпыспен, әрі пәнге деген қызығушылықтары артып келе жатқандарын іштей байқап, өзімді жайлы сезініп отырдым. Топпен, жұппен жұмыс жасауда бірлікте ынтымақтаса әрекет етіп отырғандары, ұйымшылдық іс-әрекетін, сенімін құлшыныстарын көрдім. Сабақтың тақырыбының мәнін ашуда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін миға шабуыл жасау кезінде оқушының өз бетінше жұмыс істеудегі ерекшелігін көре отырып, оқушының ойлау қабілетінің дамығанын байқадым және барлығы топпен бірге әлеуметтік қарым-қатынаста болып бірін-бірі қолдап отыратынын түсіндім. Осы жұмыс орындауда балалар бір-бірімен пікір алмасып, ой бөлісіп отырды. Сыныптағы дарынды балалар топтық, жұптық жұмыс барысында қалған оқушыларды да топта жұмыс жасауына ықпал етіп, көшбасшылық жасай білді . Осы Сындарлы оқыту арқылы біз өз оқушыларымыздың білім сапаларын арттыра алатынымызға көзім жетті. Өз сабақтарымды өту кезеңдерінде оқушыларымда алға қарай ұмтылушылық, ынта ықылас, қызығушылық секілді оң өзгерістер барын байқадым. Бұл жерде еш нәрсе өзгерген жоқ, яғни сол бұрынғы тақырып бірақ түсіндіру мен әдіс-тәсілдер,ой басқа. Дәстүрлі сабаққа қарағанда оқушының өзі оқуына көп мүмкіндік берілетінін байқадым. Сабақтарымда оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау модулін енгізіп отырдым. Бұл модулдің бір ерекшелігі бала өзін-өзі бағалап, өзінің сабақта жасаған іс-әрекетіне баға бере алады және өзін-өзі реттеуге үйреніп отырады екен.
Қорыта айтарым, «Мен ары қарай нені дамытамын?»- дейтін болсам, осы аталған бағдарлама бойынша білім беруде оқушының өзі мен бірін-бірі оқытуда теория мен практиканы байланыстыра оқытып отыратын ең тиімді тәсіл екенін сеніммен айта аламын. Ескі дәстүрлі оқытуды жаңа жеті модуль арқылы оқытуға болатынын және осы оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда оқушылардың бойына білімді тек жақсы жағынан игеруіне қолайлы жағдай туғызу үшін бағыт-бағдар беріп отыру керектігін айтқым келеді.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық 3 (негізгі) деңгей 4-басылым Назарбаев зияткерлік мектебі 2015 ж.
2. www.45 minut.kz
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.