Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Cындарлы оқыту-тұлғаны қалыптастыратын тиімді тәсіл -

Cындарлы оқыту-тұлғаны қалыптастыратын тиімді тәсіл

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1363 | Размер: | Автор: гость
. Cындарлы оқыту-тұлғаны қалыптастыратын тиімді тәсіл
Утебаева Шолпан Берікқұлқызы
П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
ҚР « Білім беру ісінің құрметті қызметкері»
Бүгінгі таңда білім беру саласына жаңа реформалар еніп, соның нәтижесінде жаңа технология әдіс-тәсілдері қолданылып жатыр. Жеке тұлға, яғни дарынды, шығармашыл тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі маңызды іс болмақ.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім беру саласын дамыту жолына айрықша көңіл бөліп отыр. Елбасы жолдауында ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда ауқымды істер күтіп тұрғанын атап өтті. Соның бірі- орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерге Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту жүйесінің енгізілетіні. Бұл ретте педагогикалық ұжым алдында өзін-өзі дамыту, жетілдіру, жеке тұлғаға бағытталған жүйе құру міндеттері тұр. Қазіргі мұғалімдерді деңгейлі курстардан өткізіп, әлемдік озық тәжірибелерді меңгерту үшін 1,2 және 3 базалық деңгейдегі бағдарламалардың енгізілуі- осы игі бастаманың бірі. Мұғалімге сенім де мол, жауапкершілік те жоғары. Мектепте білім нәрімен сусындаған ұрпақтың жан-жақты жетілуіне, шығармашылық табыстарға жетуіне, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде айрықша еңбек етіп, бар күш-қажырын жұмсау керек. Әлемдегі педагогика мен әдістеме саласындағы жаңалықтардың ең тиімдісін үйреніп оны тәжірибеде қолдану біліктілігімізді арттыра түспек. Осы мақсатта сындарлы оқыту теориясына бағытталған деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттыру курстарында мұғалімдерге оқыту мен оқу барысын жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер берілуде. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыстар барысында оқушылар өз бетінше тұжырым жасау, ой қорыту, өзіне тиімдісін тани білу, проблеманы шеше алу жақтарын меңгереді. Пікірталас жүргізе білу қабілеті дамиды. Сын тұрғысынан ойлау мен дамыта оқыту қатар жүргізіледі.
Сын тұрғысынан ойлаудың нәтижелері былай болмақ:
1. Әдіс түрлерін меңгереді;
2. Белсенді іс-әрекет орнығады;
3. Жақсы қарым-қатынас орната білуге дағдыланады;
4. Басқаларды тыңдай білуді үйренеді;
5. Көзқарасын айқындайды;
6. Топтық тұжырымға келе білу дағдысы қалыптасады;
7. Топ алдында өз тұжырымын айта білуге, қорғауға сенімділігі артады;
Осының бәрі өздігінен білім ала білуін, сын тұрғысынан ойлау қабілетін, әдіс-тәсілдерді дағдыға айналдыруын қалыптастырады. Әлемдік педагогика мен әдістеме саласындағы жаңалықтар бізге жат емес. Әрине,оның ең тиімдісін үйреніп, тәжірибеде қолдану біліктілігімізді арттыратыны сөзсіз.
Сабақты түрлендіріп, оқушыларды қызықтыру үшін алуан түрлі әдістерді қолданған тиімді. Жиі қолданылатын әдістер оқушыларды жалықтырады. Менің өз тәжірибемде байқағаным, 5-6-сынып оқушылары жаңаны тез қабылдап, өзіңмен бірге сабақты ықыласты өткізеді. Өздеріне берілген тапсырманы орындауға құштар, әрі топпен жұмыс орындауға бейім. 6-сыныпта өткен «Есімдік және оның түрлері» тақырыбындағы сабағым туралы айтсам деймін. Бұл орайда айта кетер, ескеретін бір нәрсе –талдаудың бала жасының ерекшелігіне қарай , оны жалықтырмайтындай, қызығушылығын арттыратындай әрі қарапайым, әрі өмірмен, халықтық
педагогикамен байланысты болғаны дұрыс.
Өтілген тақырыпты, «Сан есімдерді» , естеріне түсіру, қайталап пысықтауда сұрақ-жауаптар алынды. Мәселен, «Балалар, сендер жеті аталарыңды білесіңдер ме?» деген сұраққа оқушылардың көбісі «Иә, білеміз»деп жауап берді. «Осы сан есімдерді оқығанда жеті санына қатысты сан есім түрін білдіңдер ме?» деген сұраққа «Жинақтық сан есім»деп жауап берді. 1-ден 7-ге дейінгі жинақтық сан есімдерді атап өтті.
Жаңа тақырыпты «Адасқан әріптер» әдісімен шешкізіп, слайд арқылы мәлімет бердім.
і р і к е
д с м е т
Есімдіктердің түрлерін оқып тану жұмысы кезінде оқушылар оның жеті түрі барын атады. Адам өмірінде немесе математика сабағында ғана емес, жеті санының қазақ тілі сабақтарында да қолданылатынын білді. Оқушылар қызығушылығын тудыру мақсатында жеті санына қатысты сөздермен топтарға бөлдім:
1-топ: «Жеті қазына»
2-топ: «Жеті ата»
3-топ: «Жеті күн»
Әр топ өз топтарының аттарының мағынасын тануда білгендерінше жауап берді, бір-біріне айтып түсіндірді.
Интертақтадан тақырыпқа қатысты мәліметтер берілді. Нәтижесінде тақырыпты, оның түрлерін білді және «7» санына қатысты мәліметтер алып, өз білімдерін толықтырды.
Ұлы ағартушыларымыз Ыбырай, Абай, Шоқан еңбектерінде, көзқарастарында үлкен тәрбиелік мән бар. Мысалы, Ыбырай Алтынсариннің балаларға арнаған әңгімелерінде адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелейтін мағына жатыр. Ол жасөспірімді «желкілдеп шыққан көк шөпке» теңейді.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды,- деп үміт артады.
Абай «бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол» деп, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге үйретеді:
Өсек, өтірік,мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз,- деп жаман әдеттен сақтандырса:
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой-
Бес асыл іс, көнсеңіз,- деп адамдық қасиеттерді атап көрсетеді.

Менің айтайын деген ойым, әр мұғалім (ол қазақ тілі мұғалімі болуы шарт емес) өз сабағында осындай халықтық ұғымдарды оқушы бойына сіңіре берсе дұрыс болар еді. Өйткені әр ұлттың өз қағидасы-өзінің ұлттық мұрасы екенін білген абзал. Халық педагогикасымен сусындай отырып білім алған ұрпақ ешкімнен кем болмасы анық.
Рабат ауылы
Қазығұрт ауданы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.