Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Д  дыбысы  және  әріпі -

Д дыбысы және әріпі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2219 | Размер: | Автор: Публикатор
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы,
«П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектеп» КММ
Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі
Сауат ашу пәні
Жұманова Ақбөпе Сағынтайқызы

Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы және әріпі
Сабақтың мақсаты:1) Д дыбысы және оның әріп таңбасымен
таныстыра отырып, сөздің дыбыстық
мәдениетін сақтап, таза сөйлеуге үйрету.
2) Ойын арқылы ақыл ойын, сөздік қорын
дамыту.
3) Д әріпі бар сөздерді дұрыс айтуға,
сол сөздерді дұрыс жазуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі:Кеспе әріптер, доп, домбыра, мысық,
ит, түлкі, қасқыр суреттері.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Көжектерім тұрыңдаршы,
Беттеріңді жуыңдаршы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Қане, сабаққа қарашы.
ІІ. Сұраққа жауап алу арқылы үй тапсырмасын еске түсіру.
— Балалар, мынау не?
— Мысық.
— Ол қайда жүреді?
— Ол үйде жүреді.
— Осы мысық бізге мынадай тапсырма беріпті, біз сол тапсырманы орындайықшы.
— Дыбыс дегеніміз не?
— Әріп дегеніміз не?
— Дыбыстар нешеге бөлінеді?
— Өткен сабақта қандай дыбыс өттік?

— Балалар, мынау не?
— Күшік.
— Ол қайда жүреді?
— Ол үйде жүреді.
— Кімнің үйінде күшігі бар?
— Оның аты қандай?
— Осы күшік бізге мынадай тапсырма беріпті, біз сол тапсырманы орындайықшы.
Қдыбысы бар сөздер айтқызу және қол шапалақтау арқылы
буынға бөлдіру.
Қа – ла қар – мақ
тақ – та қар – ға
қай – шы қол
- Қане, балалар енді Қ дыбысына «Құмырсқа» өлеңін айтып жіберейікші.Құмырсқа
Еңбек сүйгіш құмырсқа,
Ерте шығып жұмысқа.
Жаздай астық тасиды,
Толтырады ас үйін.
Қыстай тыныш жатады,
Рахатқа батады.
ІІ.Жаңа сабақ
— Балалар, мынау не?
— Түлкі.
— Ол қайда жүреді?
— Ол орманда жүреді.
— Кім түлкіні көрген, біз оны қандай ертегілерден оқыдық?
— Осы түлкі бізге мынадай жұмбақ жасырыпты, біз сол жұмбақты шешпесек ол біздің тауығымызды жеп кетпекші. Біз тауықты құтқарайық.
Сол аяқ пен оң аяқпен,
Кезек оны табаді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді. (Доп)
Бір түймелі, екі желілі,
Күйдің көрігі, әннің көлігі. (Домбыра)

Доп, домбырасөздерде бірінші қандай дыбыстан басталып тұр?
— Д дыбысынан.
— Д дыбысының баспа және жазба түрін көрсету.
— Д дауыссыз дыбыс.
— Ддыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі.
— Балалар, мынау не?
— Қасқыр.
— Ол қайда жүреді?
— Ол орманда жүреді.
— Біз оны қандай ертегілерден оқыдық?
— Осы қасқыр бізге мынадай тапсырма беріпті, біз сол тапсырманы орындамасақ ол біздің қойымызды жеп кетпекші. Біз тқойды құтқарайық.

Д дыбысы бар сөздер айтқызу және қол шапалақтау арқылы
буынға бөлдіру.
Дәп – тер дом – бы – ра
да – ла дас – тар – хан
дой – бы доп

Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

ІV. Тақтамен жұмыс
Дала, доп сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

V.Дәптермен жұмыс.
1. Тақтаға жазып көрсету.
2. Ауа арқылы жаздырту.
3. Дәптерлеріне дала, доп сөздерін жаздырту.

Д дыбысына байланысты өлең оқып беру.
Добым, добым домалақ,
Домалатсам жоғалат.
Домбырамен күй тартып,
Қой қамадым қоралап.
VІ. Сабақты қорытындылау.
— Бүгін қандай дыбыспен таныстық ?
— Д дыбысы.
— Д дауыссыз дыбыс.
— Ал, балалар сабағымыз аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.