.
.
Тақырыбы: «Дүкенде» (мазмұнды – рөлдік ойын) «Дүкенде» (мазмұнды – рөлдік ойын)
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3205 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsfМақсаты:
Білімділік: балалардың мамандықтар жайлы білімдерін жалғастыру.Тауарларға қарай дүкендерді ажырата білуге, сатушыға дүкенде өз сұранысын білдіруге үйрету.
Дамытушылық: балалардың байқампаздығын, ой - өрістерін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.Диалогты сөйлеу тілін және сөздік қорын молайту.
Түзетушілік: сөйлеу барысында дұрыс сөйлеуін қадағалап, дыбыс кемшіліктерін түзету.
Тәрбиелік: балаларды көпшілік жерде өзін дұрыс ұстауға, үлкендердің еңбектерін құрметтеуге, мәдениеттілігін көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, көрсеткіштер, кеңсе тауарлары, ойыншықтар, атрибуттар.
Ашық тәрбиелік іс – шараның барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Тұрыңдар, қонақтармен сәлемдесіңдер (экран арқылы).
-Саламатсыздар ма?!
-Отырыңдар (экран арқылы).
-..., сұра, бүгін айдың нешесі? (экран арқылы).
- ... бүгін айдың нешесі?
-Бүгін он екінші ақпан.
-..., сұра, аптаның қай күні? (экран арқылы).
- ... аптаның қай күні?
-Аптаның жұма күні.
-Қазір жылдың қай мезгілі? (экран арқылы).
-Қазір жылдың қыс мезгілі.
-Қыс айларын атаңдар? (экран арқылы).
-Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Бүгін ауа райы қандай? (экран арқылы).
-Бүгін ауа райы....
ІІ.Тілдік жаттығу
-Біз дұрыс сөйлейміз.
Жақсы оқып сабақты,
Мақсатым бұл ұраным.
Үлкен болып өскенде,
Сатушы болып тұрамын.
-Біз не істедік? (экран арқылы).
-Біз дұрыс сөйледік.
ІІІ.Негізгі бөлім
-Бүгінгі ашық тәрбиелік іс – шараның тақырыбы: «Дүкенде»
-..., менен сұра, бүгін біз ашық тәрбиелік іс – шарада не істейміз? (экран арқылы).
-Айгерім апай, бүгін біз ашық тәрбиелік іс – шарада не істейміз?
-Балалар, бүгін біз жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.
Жоспар:
1.Суретпен жұмыс
2.Ойын
1.Суретпен жұмыс жасаймыз.
-Балалар, жоспар мен керекті сөздерді пайдаланып суретпен жұмыс жасаймыз.
Жоспар:
1. Суретте не бейнеленген?
2. Дүкенде нелер сатылады?
3. Адамдардың іс - әрекеті
Керекті сөздер: бейнеленген, әмбебеп дүкені, кеңсе тауарлары, ұннан жасалған тағамдар, сатып алып жүр, ойыншықтар, заттарды іздеуде, ет қосылған тағамдар.
-Суретте әмбебап дүкені бейнеленген.
-Олар: кеңсе тауарлары, ойыншықтар, көкөністер, ұннан жасалған тағамдар бөлімдері.
-Суретте кеңсе тауарлары бөлімі бейнеленген.
-Дүкенде дәптерлер, қаламдар, сөмкелер сатылады.
-Апа сатушыға ақшасын беріп жатыр.
-Басқалары өздеріне керекті заттарды іздеуде.
-Суретте ойыншықтар бөлімі бейнеленген.
-Ойыншықтар бөлімінде жұмсақ аюлар, қуыршақтар, көліктер, әртүрлі ойыншықтар сатылады.
-Суретте көкөністер бөлімі бейнеленген.
-Дүкенде қызанақтар, әртүсті болгар бұрышы, қиярлар сатылады.
-Адамдар асқа керекті көкөністерді іздеуде.
-Суретте ұннан жасалған тағамдар бөлімі бейнеленген.
- Дүкенде тәтті нандар, түрлі күлшелер, ет қосылған тағамдар сатылады.
-Адамдар өздеріне ұннан жасалған тағамдарды іздеуде.
-Біз не істедік? (экран арқылы).
-Біз суретпен жұмыс жасадық.
2.Ойнаймыз.
Ойын аты: «Әмбебап дүкенінде»
-Балалар, қазір біз кеңсе тауарлары бөлімінде ойын ойнаймыз.
-Кеңсе тауарларына нелер жатады?
-Дәптерлер, қалам, өшіргіш, сызғыш, желім, сурет дәптер, түрлі – түсті қарындаштар жатады.
-Кеңсе тауарларын қайда қолданамыз?
-Кеңсе тауарларын мектептерде, мекемелерде қолданамыз.
-Ойынды бастаймыз. Ойынға бізге үш адам керек.
-Кім менеджер болғысы келеді?
-Мен менеджер болғым келеді.
-Кім кассир болғысы келеді?
-Мен кассир болғым келеді.
-Кім кассир көмекшісі болғысы келеді?
-Мен кассир көмекшісі болғым келеді.
-Қалғандарын сатып алушы боласыңдар.
Ойын барысы:
Бала анасымен дүкенге кіреді.
Анасы мен баласы: Саламатсыздар ма?!
Менеджер: Саламатсыздар ма?! Қош келдіңіз. Қандай көмегім қажет?
Анасы: Бізге мектепке керекті дәптерлер, қалам, сызғыш, күнделік, дәптер қаптағышы, сөмке керек.
Менеджер: Міне, алыңыз (дәптерлер, қалам, сызғыш, күнделік, дәптер қаптағышын көрсетеді).
Анасы: Рахмет. Бізге ақшасын есептеп беріңізші.
Менеджер: Кассаға өтіңіз.
Анасы кассаға келеді.
Кассир: (калькулятормен есептеп) сізден 950 теңге.
Анасы: Міне, (1000 теңге береді).
Кассир: Сіздің қалған ақшаңыз. ( 50 теңге қайтарады).
Кассир көмекшісі оқу құралдарын сөмкеге салып береді.
Анасы: Рахмет, сау болыңыз.
Кассир: Сау болыңыздар. Келіп тұрыңыздар.
Дүкенге келесі бала кіреді.
Бала: Саламатсыз ба?!
Менеджер: Саламатсыз ба?! Қош келдің. Қандай көмегім қажет?
Бала: Маған сурет салуға қажетті заттарды көрсетіңізші.
Менеджер: Міне, көріңіз ( сурет дәптер, түрлі – түсті қарындаштар, сызғыш , өшіргіш, қарындаш, бояуларды көрсетеді).
Бала: Осы заттарды аламын. Ақшасын есептеп беріңізші.
Менеджер: Кассаға өт.
Бала кассаға келеді.
Кассир: (калькулятормен есептеп) сенен 1200 теңге.
Бала: Міне (1200 теңге береді).
Көмекшісі сурет салуға арналған заттарды сөмкеге салып береді.
Бала: Рахмет, сау болыңыздар.
Кассир: Сау бол. Келіп тұр.
-Балалар орындарына отырады.
-Балалар сендерге ойын ұнады ма?
-Ия.
-Қазір тағы да ойыншықтар бөлімінде ойын ойнаймыз.
-Балалар, қандай ойыншықтар түрлері бар?
- Доп,қуыршақ, дәрігер ойыншығы, жұмсақ ойыншықтар, көліктер бар.
-Ойыншықтар неден жасалады?
-Ойыншықтар жұмсақ матадан, резинадан, пластмастан, ағаштан жасалады.
-Ойынды бастаймыз. Ойынға бізге үш адам керек.
-Кім менеджер болғысы келеді?
-Мен менеджер болғым келеді.
-Кім кассир болғысы келеді?
-Мен кассир болғым келеді.
-Кім кассир көмекшісі болғысы келеді?
-Мен кассир көмекшісі болғым келеді.
-Қалғандарын сатып алушы боласыңдар.
Ойын барысы:
Қыз дүкенге кіреді.
Қыз: Саламатсыз ба?!
Менеджер: Саламатсыз ба?! Қош келдіңіз. Қандай көмегім қажет?
Қыз: Менің інімнің туған күні еді. Сіз ер балаға қандай ойыншықтар ұсына аласыз?
Менеджер: Бізде әртүрлі ойыншықтар бар. Сізге резеңке доптар, жұмсақ аюлар, көліктер бар(ойыншықтарды алып көрсетеді).
Қыз: Маған көлікті беріңізші. Қанша теңге тұрады?
Менеджер: 2500 теңге тұрады. Кассаға өт. Сол жерге төлейсің.
Қыз кассаға барады.
Кассир: сенен 2500 теңге.
Қыз: Міне, алыңыз ақшаны береді.
Кассир көмекшісі көлікті пакетке салып береді.
Қыз: Сау болыңыздар.
Кассир: Сау бол. Келіп тұр.
Дүкенге әжесі мен немересі кіреді.
Әжесі: Саламатсыз ба?!
Менеджер: Саламатсыздар ма?! Қош келдіңіздер. Қандай көмегім қажет?
Әжесі: Менің немереме қандай ойыншығыңыз бар?
Менеджер: Бізде қыздарға арналған ойыншықтар көп. Жұмсақ аюлар, қуыршақтар, дәрігер ойыншығы мен дәріхана ойыншығы бар (ойыншықтарды алып көрсетеді).
Әжесі: Қайсысын аласың?
Немересі: Қуыршақты алғым келеді.
Әжесі: Бізге қуыршақты беріңіз. Қанша тұрады?
Менеджер: Кассаға өтіңіз.
Әжесі мен немересі кассаға келеді.
Кассир: Сізден 1700 теңге.
Әжесі: Міне, алыңыз (ақшаны береді).
Кассир көмекшісі пакетке қуыршақты салып береді.
Әжесі: Рахмет, айналайын!
Кассир: Сау болыңыздар! Келіп тұрыңыздар.
Балалар орындарына отырады.
-Балалар сендерге ойын ұнады ма?
-Ия.
-Балалар, біз не істедік?
-Біз ойнадық.
IV.Қорытынды
-Біз не істедік?
-Біз сөйледік.
-Біз суретпен жұмыс жасадық.
-Ойнадық.
-Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер жақсы сөйледіңдер, жақсы ойнадыңдар. Тұрыңдар.Қонақтармен қоштасыңдар.
-Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.