Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ САН ЕСІМДЕР -

ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ САН ЕСІМДЕР

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1679 | Размер: | Автор: гость
. Төле би ауданы Леңгер қаласы №7 жалпы орта мектебі
қазақ тілі 3 сынып Турсункулова Гульмира
ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ САН ЕСІМДЕР

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға дара және күрделі сан есімдер туралы білім беру, сұрағын анықтату. Сөйлем ішінен ажырата, салыстыра білуге үйрету.
2. Сөз таптары туралы ой-өрісін дамыту.
3. Қатесіз көркем жазуға, әсемдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сурет, үлестірмелі тапсырмалар, ешкі және жеті лақ, плакаттағы тапсырмалар.
Әдісі: түсіндірк,талдау, пікірлесу, ой қозғау.
Түрі: топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) балалардың сабаққа дайындығын тексеру;
б) сабақ топтық жұмыс түрінде, ертегі желісімен өтетінін хабарлау.
II. Психологиялық дайындық:
Мұғалім: Екі көз не үшін керек?
Балалар: Бір жақсылық көру үшін.
Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек?
Балалар: Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: Екі қол не үшін керек?
Балалар: Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: Екі аяқ не үшін керек?
Балалар: Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін.
- Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, көздерімізді жұмып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейік.
- Ертеде бір ешкі жеті лағымен суатқа су ішуге келсе, алдынан ашыққан қасқыр шығып, тап беріп, қуа жөнеледі. Жан сауғалап қашқан лақтардың ең кішісі басқаларынан адасып қалыпты.
- Бүгінгі сабақа сендер білімдеріңді ортаға сала отырып, адасқан лақтың өз тобына қайта қосылуына көмек көрсетулерің керек.
Алдарыңда кездескен кедергілерді жеіе отырып, тапсырмаларды орындауларыңа тілектеспін.
- Лақ келе жатып екіге айрылған жолды көреді. Қайсысын таңдарын білмей, сасқалақтап тұрған лаққа көмектесейік, ол үшін үй тапсырмасын тексереміз.
III. Үй жұмысын тексеру.
I топ II топ III топ
Сан есім деген не? Есептік сан есім Реттік сан есім дегеніміз
Мысал келтіру. дегеніміз не? не?
Мысал келтіру Мысал келтіру

"Біздің мектеп" әңгіме.
Ішінен сан есімді тауып, оның сан есімнің қан түрі екенін ажыратады.
Өткенді қайталау.
Қалғандары ережені қайталайды.
- Лақ тиісті бағыттағы жолға түсіп, келе жатса, алдынан өзен жатыр. Ол өзеннен жүзіп, арғы бетіне шығуы керек. Ол үшін суретке назар аударайық.
IV. Жаңа сабақ.
- Суретте қандай бейнелерді көріп тұрсыңдар?
- Барлығы неше адам?
-Тағы нелерді көріп тұрсыңдар?
- Барлығы неше үй құсы?
- Неше тауық, неше балапан
Сандарға назар аударайық. Олар қалай жазылған?
- Бір сөзбен жазылған сандарды қандай сан есім деуге болады?
- Екі немесе одан да көп сандармен жазылған сан есімдерді қандай сан есім деуге болады? ( ережесін қорытып көріңдер)
Сендердің қорытқан ережелеріңмен кітаптағы ережені оқып салыстырайық.
V. Дәптермен жұмыс.
Сөздік диктант.
Тапсырма: дара сан есімнің асытын бір сызықпен, күрделі сан есімнің астын екі сызықпен сыз.
Бес, жиырма бес, он тоғыз, үш, алты, елу төрт.
- Өзеннің арғы бетіне өткен лақ қуанышпен келе жатыр еді, алдынан тағы қасқыр кездесті. Қасқырдан қорыққан лақ не істерін білмей тұрып қалды. Қасқырдан құтқару үшін мына санмен жазылған сөздерге зейін аударыңдар. Әр топтан 1 оқушыдан шығады. ( плакаттың астындағы санды жазбаша түрде жазу, талдау керек)
I топ II топ III топ
1, 21, 761 80, 6, 124 594, 8, 45

- Жазған сандар сан есімнің қай түріне жататынын анықтаңдар?
- Осы сандардың ішінде қай санға байланысты ауданымыздың мерейтойы болғалы жатыр?
Сергіту сәті.
Кітаппен жұмыс.
- Қасқырдан құтылып, әндетіп келе жатқан лаққа түлкі кез болады. Түлкіден құтқару үшін кітаптағы 462- жаттығуға көңіл аударайық. ( өз бетімен)
Тапсырма: дара және күрделі сан есімдерді жазбаша жазу керек.
Інім 4 жаста, мен 7 жастамын. Ол 1-сыныпта мен 4-сыныпта оқимын. 2000 жыл. Бір тәулікте 24 сағат бар.
Осы уақытта әр топтан 1 оқушыдан шығып үлестірмелі тапсырманы орындайды.
1-тапсырма:
1) Сан есімге байланысты 1 сөйлем құрастырып жаз.
2) Сан есімнің түрлеріне мысал келтір.
2-тапсырма: Көп нүктенің орнына сан есімдерді қойып, сөйлемді оқы.
- . . . бала саяхатқа шықты.
- Асан алыстан көрінген . . . салт аттыны көпке дейін танымай тұрды.
2) Сан есімді сөзбен жаз: 9, 46, 175
3- тапсырма:
а) Сан есімді ата.
- Екі аққу көл бетінде қалқиды.
- Арман шаңғы жарысына қатысып, бірінші орыға ие болды.
ә) дара және күрделі сан есім жаз.
- Лақ түлкіден құтылып, енді үйіне қарай келе жатса үлкен тауды көріп, өте алмай сендерден көмек сұрайды. Ол үшін плакаттағы сөйлемдерге көңіл аударыңдар.
VII. Сен білесің бе?
Тапсырма: Сан есімдерді атап, түрін ажырат.
- Адам баласының басында өмір бойы 725 шақырым шаш өседі.
- Ересек адам жүрегінің салмағы 220-240 грамм.
- Адам ағзасында 4 минерал бар, олар: апатит, арогонит, кальций, кристоболит.
- Адам миында 1 секунд ішінде 100 000 химиялық реакция жүреді.
- Адам күніне 23000 рет тыныс алады.
- Өмір бойы адам терісі 1000 рет ауысады.
- Сөйтіп біздің лағымыз ата-анасымен, бауырларымен қауышып қуанышқа кенеледі. Сендерге көп рахмет айтуда. ( Қуаныш білдіріп, қол шапалақтау)
VIII. Сабақты пысықтау.
" Кім жылдам?" ойыны.
Әр топ мүшелері кезектесіп дара және күрделі сөздерді бір-бірлеп жазу керек.
Сабақты бекіту.
465- жаттығу ( ауызша)
IX. Рефлексия.
X. Бағалау.
XI. Үйге тапсырма: 469-жаттығу.
Ереже жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.