Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ -

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1391 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы ,Түркістан қаласы,
С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Хильветова Дильдара Абдурахмановна
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі - ел алдындағы маңызы зор міндет.
Оқу мектеп жасындағы оқушылардың негізгі таным әрекеті, оқушының жалпы психикалық дамуына, мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты болады. Оқу әрекеті - күрделі, жан-жақты үрдіс. Оқушы-ның ақыл-ой еңбегі жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты іске асырылып отырады. Қазіргі таңда мектептердегі дарынды балалар мен жұмыс істеу уақыт талабы.
Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жан-жақты тұрғыдан қарастырған жөн. Көп психологтар ой-өріс дарындылығын диагностикалау үшін мынадай негізгі функцияларды өлшеп, зерттеу қажет екенін айтады: ой, зейін, ерік, қабылдау, есте сақтау. Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамыған шағында нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеуге болады.
Дарын деген не? Дарын адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Яғни дарынды бала, асқан талант иесі. Дарындылық бала бойындағы алғырлық, зеректік. Меніңше, адамды танып-білу, оның бойындағы ерекше қабілетті көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбек етіп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін қадағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті жеке тұлғаны анықтауға болады. Егер мұғалім күнделікті сабақта оқушыға тапсырманы күрделендіріп беріп, бағыт-бағдар көрсетіп отырса, оқушы бұл тапсырманы орындағанда оқулық материалымен шектеліп қана қоймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып, ізденіп жауап береді. Және де деңгейлік тапсырмалар беру арқылы- оқушының қабілетінің шарықтау шегін, танымдық сұрақтар беру арқылы – оқушының жан-жақты ойлау қабілетін, теориялық тапсырмалар беру арқылы- тақырыпты меңгеру қабілетін, венн диаграммасы арқылы – салыстыру қабілетін, эссе жазу арқылы - оқушының іздену қабілетін, ал тест әдісін қолдана отырып оқушының есте сақтау қабілетінің деңгейін анықтауға болады. Сонымен бірге сабақта «дебат» әдісін қолдану оқушының өз ойын ашық айтуға, дәлелді сөйлей білуге, өз ойын жан-жақты толық жеткізе білуге дағдыландырады.
Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс-тәсілдерге сүйеніп, сабақ жүргізсе өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыптастыра алады. Дәстүрден тыс сабақтарды оқушылармен жүйелі өткізу олардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Математика сабағын өтуде өз пәніме деген оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып, қазіргі заман талабына қажетті білім алуға жағдай жасауға тырысамын. Оқушыларды сабақтан жалықтырып алмас үшін бүгінгі күндегі жаңа технология бойынша сабақ үлгілерін ойластырып, күнделікті жоспарға өзгерістер ендіріп, сайыс, дебат түрінде сабақтар өткіземін және сабақта оқытудың интерактивті әдістерін көп қолданып жүрмін. Сонымен бірге математика сабақтарында оқушыларға мынадай талаптар қоямын:
-үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша оқу;
-оқыған материалды математикалық тілде айтып шығу;
-тақырыпқа байланысты кесте жасау, тірек-сызбасын сызу, негізгі теоремалар мен формулаларды жатқа айту;
-тақырыпқа сай өз пікірін айта білу,
-қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдармен тақырыпты толықтыра білу.
Осы талаптарды өз деңгейінде орындаған оқушыны қабілетті деп танып, ол оқушымен мынадай жеке жұмыстар жүргіземін.

Оқу материалын толық игерту: Жарыстарға қатыстыру:
-салыстыру; -ғылыми жоба жарысы;
-кесте, тірек-схема; -білім сайысы;

Тұлғаны тану Дарынды баламен Тестпен жұмыс
жұмыс

Анықтамалармен жұмыс Қосымша материалмен
-жаздырту; жұмыс
-есте сақтау;

Дебат технологиясын қолдану оқушының зерттеу, іздену қабілетін шыңдайды.Оны дебат сабағының мынадай тиімділігінен көруге болады:
- оқушы пікірін ашық, іркілмей айтуға үйренеді;
- өз ойын дәлелді түрде жеткізе біледі;
- оқушының шығармашылық белсенділігі артады;
- ізденеді;
- өзіндік көзқарас қалыптасады;
- сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
- материал жинақтап үйренеді;
- зерттеу жұмысын жүргізеді.
Нәтижесінде оқушы оқулық материалымен шектеліп қана қалмай, қосымша материалдармен өз білімін толықтырады, кез-келген математикалық формулалар мен теоремаларға талдау жасай біледі, өзіндік пікір қалыптастыратын, шешендік өнерді игерген тұлғаға айналады. Сонымен бірге оқу, сөйлеу, жазу белсенділігі артады. Осындай тәсілдерді пайдалана отырып шығармашылықпен жұмыс жасайтын балалардың мынадай ерекшеліктерін анықталады:
1.Ойлау қабілеті басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр, өзін тануға құштар келеді.
2.Шығармашылықпен айналысуға, өз білімін сынауға тырысады.
3.Қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, табиғатты танып білуге тырысады.
4.Ақыл-ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды.
Осыны ескере отырып, зерттеу жұмыстарын жасату арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап және тест әдістерін түрлендіре отырып, жылдан-жылға оқушыларымның есте сақтау қабілеттерін арттыруға болады.
Ғылыми жұмыспен айналысу барысында, оқушының қызығушылығын арттыру үшін және зерттеу жұмысын ілгерілету үшін кітапханаларға бірге барып, көмек беріп отырған жөн. Жұмыспен айналысу барысында оқушыларға материал жинақтау әдістемесін, зерттеу нәтижелерін таблицаларға түсіру, олардың салыстырмалы мониторингісін шығара білуді кең көлемде таныстыру керек.
Бұл жерде ата-ананың рөлінің өте зор екенін атап өткім келеді. Сондықтан ата-анамен де байланыс жұмыстарын жүргізу керек. Мысалы:
-ата-ананың рухани сауаттылығын байқау;
-отбасының әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу;
-оқушымен ғылыми жұмыс жүргізуге ата-ананың келісімін алу;
-кездескен проблемаларды бірлесе отырып шешу.
Қорыта айтқанда, қабілетті, дарынды оқушыларды дәл таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімдерін және пәнге деген қызығушылығын аттыра білуіміз керек. Ең бастысы, оқушының табиғи талантын одан әрі дамытып, ерекше қабілеті бар баланы дарындыға айналдыра білуіміз қажет.Сонда ғана өз қабілетінің арқасында бәсекелестікке, көшбастылыққа, түрлі байқаулар мен конференцияларға қатысуға ұмтылысы жоғары дарынды балалар саны көбейеді.

ӘДЕБИЕТТЕР :
1. Жексенбаева Ү.Б. «Балалар дарындылығын диагностикалау». Алматы, 2005.
2. «Дарын» журналының жинақтамалары
3. Қазақстан мектебі» журналының жинақтамалары, 2007- 2009
4. Математика және салауаттылық негіздері журналының жинақтамасы. 2009
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.