Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әдебиет сабағында жаңа технологиялардың тиімділігі. -

Әдебиет сабағында жаңа технологиялардың тиімділігі.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3228 | Размер: | Автор: гость
. Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Тұғыл ауылы
Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Усабаева Зауре Аскаровна

Әдебиет сабағында жаңа технологиялардың тиімділігі.
Қазіргі уақытта әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, заман талабына сай , беріп жүрген сабақтарының сапасы мен мазмұнына үлкен мән беріп, жаңа технологияларды пайдаланып, түрлендіріп өткізуде.
Оқитын пән қаншалықты жаңа , бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да , мұғалім оқушының өз белсендігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның да басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыруға, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Педагогикалық технология- жаңартушы, белгілі бір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекет десек, оның міндеті- оқушымен тығыз байланыста бола отырып, белгілі мақсатқа қол жеткізу.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030»Жолдауында: «Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, бүгіннен бастап тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек»- деген болатын.Осы қағиданы басшылыққа алсақ, мектеп оқушыларына сапалы білім мен саналы тәрбие беретін – оқытушылар екені анық.
Қазір жаңалық пен жаңа технологиялармен жұмыс істеу уақыты.
«Инновация» ұғымына тоқталсақ, ол «жаңа», «жаңалық», «жаңарту»дегенді білдіреді.Жаңалықтарды қалыптастыру , қолдану, нәтижесіне қол жеткізу әр сабақ беретін пән мұғалімдерінің шеберлігіне байланысты.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді міндеттейді. Әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады, өзін- өзі қалыптастырады.
Ең басты ерекшеліктері өзіндік ой – пікірі бар жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыт жасайды. Тағы бір ерекшелігі – жаңа материалдарды оқушы сабақ үстінде өз бетімен іздену арқылы меңгереді. Оқытудың жаңа технологиялары ойлау жүйесін қалыптастырып, өзіндік көзқарас, пікір айтуға іс- әрекетін бағалауға үйретеді.
Тіл және әдебиет сабақтарында «Жазу мен сызу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын қолдану өте тиімді. Осы технологиямен қоса Қ.О.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының да тиімділігі өте көп. Әдебиет сабағы - ой сабағы, ойлау сабағы, ойланту сабағы. Ұстаздың ой тастау, ойлау, ойланту технологиясы әдеби айтыс, пікірлесу, өзекті мәселелерді шешу, іздену сияқты өнімді әдістермен қатар оқушылардың өз бетімен ізденуіне жұмыс жасауына негізделеді. Ұстаздың басты ұстанымы ойлау болса, ол шәкірт тарапынан болатын әрекет. Ал ойланту – ұстаз тарапынан болатын іс – әрекет. Ұстаз өтілетін жаңа тақырыпты, алдын ала тапсырма арқылы ой тастатқызып, сабақтың өн бойында ойланту арқылы мақсатқа жетеді. Ой салу – ұстаз тарапынан, ойлану – шәкірт тарапынан, ойланту – ұстаз тарапынан, бір шешімге келу – оқушы тарапынан жүзеге асады.Қ.О. Бітібаева «Әдебиет пәні баламен нағыз қарым-қатынастың пәні, баламен нағыз достықтың, ынтымақтастықтың пәні» деген. Әдебиет – көркем сөз өнері. Әдебиетті сую, қызығып оқу – жай сауаттылық емес, өзінше шабыт, үлкен даналық.Әдебиет пәні –адам тәрбиелеудің ең басты ұраны.Себебі, оқушыны әдебиетшілер бейне арқылы тәрбиелейді.Сыни тұрғыдан ойлау- сынау емес, шыңдалған ойлау. Бағдарлама үш деңгейден тұратын оқыту мен үйренудің тәсілінен:
1) Қызығушылығын ояту;
2) Мағынаны тану;
3) Ой- толғаныс кезеңдерінен тұрады.
Ойлау, оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс – әрекет арқылы жүзеге асатын бұл технологияның да өз талаптары және тиімділігі бар.
1. Ойлары анық, пікірі жетік болу.
2. Оқушы бар ынтасын оқуға бағыттай отырып, өзі де тыңдап өзгені де тыңдата біледі.
3. Топпен, жекелей оймен бөлісе отырып, белсенді іс – әрекет арқылы ортақ шешімге келеді.
4. Оқушылардың жеке өзіне деген жауапкершілігі артады.
СТО бағдарламасы бойынша өткен сабағыма тоқталатын болсам, оның әрбір стратегиясы оқушыларға тиімді де олардың сол сабаққа деген қызығушылығын одан әрі арттырып, белсенде түрде жұмыс істеуіне күш береді.
10 – сыныпта «Шәкәрім –ірі тұлға және Абайдың талантты шәкірті » деген тақырыпта өткізген сабағымда «Топтастыру »стратегиясының тиімділігін олардың білгендерін нақтылап, тақырыпты және бейнелі тұжырымдай білуге үйренетінін көрдім.



Сабақты «Ой шақыру» стратегиясымен ашып алып, кейіпкер портретін жасайды. «Кубизм» стратегиясы арқылы осы тақырыпты жан- жақты ашып алуға да, толық мүмкіндік алады. Блум жүйесін пайдалау арқылы оқушы ізденеді, пікір алмасады, қорытынды нәтижеге қол жеткізеді.




2

3

1

6

4
5

СТО стратегиялары арқылы оқушыларды білім жүйесімен , іскерлікпен қаруландырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға күш саламыз.Жаңа қоғам ұрпағынан үлкен үміт күтеді. Олай болса , мұғалімнің иығына артылар жүк бұрынғыдан да күрделірек , ауырлау болады. «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - деген сөз бекер айтылмаса керек.Өйткені , өзі үнемі ізденісте жүретін мұғалім де, шәкірт те шығармашылықпен қызыға айналысады. Ал, шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Осы орайда айта кететін «Танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы-тәжірибе, ең мәртебесі - ойлау » деген Конфууцийдің сөзі ойға оралады.
Ендеше, танымның ең мәртебесі – ойлау арқылы балалар көзі ашық, көкірегі ояу болып қалыптаса алады.Оқушылардың ойлану арқылы түпкі нәтижеге қол жеткізуі үшін инновациялық технологияларды сабақта қолданамыз.
Педагогикалық технологиялардың ерекшелігі мен тиімділігі – оның талабы. Осы мақсатқа жетудің өзі оның іс – әрекетіне байланысты жұмыс жүргізуде. Сондықтан тиімділігі:
1. Белсенді жұмыс
2. Қызығушылық
3. Тыңдау
4. Шешім
5. Бағалау
6. Жоғарғы дағды қалыптасады.
Технологияның нәтижесі тиімді және дұрыс болу үшін, мұғалім мынаны ескеруі қажет:
1. Сабақтың мақсатын дұрыс қоя білу.
2. Сабақ барысын технология негізінде дұрыс құру.
3. Оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне мән беру.
4. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға іздену жұмыстарын жасау.
5. Оқушылардың жауабына еркіндік беру.
Осындай технологиялар оқу – тәрбие жұмысында оқушының жеке басын дамытуға бағытталып отырады. Қорыта айтқанда, технологияларды дұрыс қолдану арқылы оқушылардың ішінен дарынды, қабілетті оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттыру.
Мектеп - рухани өмір ұясы, ал мұғалім оқу мен тәрбиенің мазмұны мен формасын тиімді тәсіл арқылы қалыптастыратын бірден – бір тұлға десек, осы нәтижеге жету үшін жаңа технологияларды оқып – үйреніп, пайдалана білу керек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.