.
.
Мерзімі: 17.03.2015 Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1691 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsfСыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы : Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.
Сабақтың мақсаты: Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау туралы түсінік беру.
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ОүБ және ОБ,Жас ерекшелікке сәйкес оқыту,Талантты және дарынды балаларды оқыту,Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Стратегиялқ іс-әрекет:«Күн сәулесіндегі менің қасиеттерім»әдісі,«Синонимдес сөздер.» әдісі «Қар көшкіні»әдісі, «ДЖИГСО» әдісі, «Крестиктер-нөлдіктер»әдісі. «Бес саусақ»әдісі
Уақыт өлшемі Жоспар мазмұны Мұғалім іс әрекеті Оқушылардың іс әрекеті Ресурстар
3 мин І. Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Оқушыларды психология
лық дайындау.
Өзін -өзі реттеу. Сыныпқа ену, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, сәлемдесу.
«Күн сәулесіндегі менің қасиеттерім» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын Орындарынан тұрып сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.
Оқушылыр әрқайсысы бір парақ қағаз алып соған күн сәулесін салады да,оның шуақтарына өз бойындағы жақсы қасиеттерін жазады,қағаз келесі оқушыға беріледі.Ол оқушы жолдасының бойында расымен сол қасиеттер болса астын сызады,қалып кеткендері болса сәуле сызып жазып қояды.Ойын қағаз өз егесіне қайтып оралғанша жалғаса береді.
Парақ,қалам.
3 мин Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.
«Синонимдес сөздер» әдісі бойынша топқа бөлу Оқушылар синонимдес сөздер жазылған тілме қағаздарды біріктіру арқылы шағын топтарға бөлінеді.Мысалы,парта,орындық,бор,тақта дегендер бір топ,т.с.с Тілме қағаздар
5 мин Үй тапсырмасы
Сұрақ-жауап әдісі арқылы Қар көшкіні әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау
Архимед күші дегеніміз не?
Архимед күшінің формуласы қалай қорытылады? Оқушылар қағазға үй тапсырмасы бойынша 3 сұрақтан жазып,оны бүктеп бір біріне қар сияқты лақтырады.Тоқта дегенде әркім өзіне түскен қағазды ашып,ішіндегі сұраққа жауап береді. А4 қағаз
16 мин Негізгі бөлім(жаңа сабақ) Мағынаны тану Мұғалім тақырыбын топтарға бөліп беріп,ЖИГСО әдісі арқылы жаңа тапсырма береді. Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасап,түсінгендерін постер бетіне түсіреді. Оқулық,ғаламтор,плакат,түрлі-түсті қаламдар.
2 мин Сергіту сәті Аңшы,арыстан,ханшайым ертегісі бойынша сергіту сәті Оқушылар мұғалім 1,2,3 деп санағанда бір-біріне қарап аңшы,арыстан немесе ханшайым бейнесінде тұрады.
7мин Сабақты бекіту
Жаңа сабақты бекіту үшін «Крестиктер-нөлдіктер» әдісі бойынша сабақты бекіту
Мұғалім тақтаға сандар жазылған кесте қояды,санның астында сұрақтар бар. Оқушылар өздері қалаған санды таңдап астындағы сұраққа жауап береді.Жауап дұрыс болса квадратқа крестик қояды,,жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі топ сол сұраққа жауап беруге мүмкіндік алады. Квадрат бейнеленген плакат
3 мин Бағалау.
Әр топтың басшысын сайлап, тапсырма орындау барысында, топ мүшелерін бағалатады. Әр топ басшысы өзінің топ мүшелерін бағалайды. Түрлі-түсті стикерлер.
2 мин Үйге тапсырма Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.тақырыбын оқып келу Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау тақырыбын оқып келеді. Оқулық
4 мин Рефлексия. «Бес саусақ» әдісімен кері байланыс орнату
Оқушылар қағазға алақан суретін салып,әр саусаққа бүгінгі сабақ бойыеша өз пікірлерін білдіреді.
Бас бармақ-Бүгін мен жаңадан нені үйрендім?
Балан үйрек-Не жасадым және неге қол жеткіздім?
Ортан терек-Менің көңіл күйім?
Шылдыр шүмек-Бүгін кімге көмектесе алдым?
Кішкене бөбек-Қандай қиындық болды,оны жеңе алдым ба? А4 қағаз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.