.
.
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 балабақшасы» МКҚК Дені саудың – жаны сау
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1415 | Размер: | Автор: гостьДене шынықтыру пәнінің жетекшісі:Атинова Асем Серикжановна
Білім беру саласы: Қатынас, таным.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау»
Сабақтың мақсаты: Балалардың көңіл-күйлерін көтеру, төзімділікке баулу, ептілігін, шапшаңдығын дамыту. Достық сезімге тәрбиелеу.
Сабаққа керекті құралдар: Доптар, тақтайшалар, жалаушалар, кегли.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, таныстыру, түсіндіру, үйрету.
Билингвальды сыңары: Жалау – флаг, көк түсті жалауша – синий флажок, сары түсті жалауша – желтый флажок. Доп – мяч.
Жүргізуші: Құрметті де қадірменді, спортсүйер қауым! Бүгінгі «Дені саудың – жаны сау» атты іс-шараны бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайысымызға қолдау көрсетіп, балабақша бүлдіршіңдерін ортаға шақырамыз. (Әуен) Балалар залға әуен ырғағымен кіреді. Қол белде тізені көтеріп жүреді, жарты шеңбер болып тұрады қонақтармен амандасады.
Қайырлы таң,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн,
Қайырлы күн!
Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Балалар «Дені саудың – жаны сау» спорттық мерекеге орман арқылы барамыз. Орманға жету үшін мына тапсырмаларды орындау керек екен. Балалар шеңбер болып жүреді, қол белде аяқ ұшымен қолды желкеге қойып өкшемен жүреді, қолды айналдырып тізені көтеріп жүру, қояндарша секіреді, шеңбер болып тұру. Жалаушаны алып жаттығулар жасау.
1. Қол белде аяқ иықтың бойында басты оңға, солға бұру, алға артқа иіп бастапқы қалыпқа келу.
2. Аяқ иықтың бойында, қолға жалау алып аяқ ұшымен тұрып, қолды жоғары созу. Бастапқы қалыпқа келу.
3. Қолды екі жаққа созып, қайта кеуде тұсына әкелу, бастапқы қалыпқа келу.
4. Қолды кеуде тұсына қойып, оңға, солға бұрылу.
5. Жалаушаны екі аяқтың қасына қою, қолды белге қойып, жалаушаны алу. Бастапқы қалыпқа келу.
Жүргізуші: Балалар, екі командаға бөлініп қатарға тұрады.
Ұраны:
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Жеңістерге жетеміз.
Ура, ура, ура деп ұрандаймыз.
Жарысты біз бастаймыз.
Ойын шарты:
1. Балалар екі командаға бөлінеді, төрт тағандап еңбектейді, қай команда бірінші келсе, сол команда жеңіске жетеді.
2. «Кім шапшаң». Балалар екі командаға бөлінеді, тақтайшаны артынан алып, алдына қояды. Қай команда бірінші болса, сол команда жеңіске жетеді.
3. Балалар екі командаға бөлініп, кеглидің арасымен допты алып жүгіреді. Допты кім мәреге бірінші болып әкелсе, сол команда жеңіске жетеді.
Тосын сәт:
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы бізге кім келді?
Балалар: Күз келді.
Жүргізуші: Күзде біз қандай жеміс-жидектерді жинап аламыз.
Балалар: Сәбіз, пияз, қызылша, жүзім, құлпынай.
Күз: Енді сендермен ойын ойнайық.
4. «Кім епті». Балалар екі командаға бөлініп, сәбізді жинап себетке салады. Кім тез жинап бітсе, сол команда жеңіске жетеді.
5. Балалар шеңбер болып тұрады, әр командадан бір-бір баладан шығып, олар қолдарына қамшыны алып шеңберді айналып шығады. Қай бала келсе, сол команда жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! «Дені саудың – жаны сау» атты спорттық мерекеміз осымен аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.