.
.
Мектеп: С.Ерубаев атындағы №7 мектеп - интернат Әдептен озбайық.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1768 | Размер: | Автор: гостьТақырып: №10- сабақ. Әдептен озбайық.
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: әдепті болу, басқалар туралы жамандық ойламау, адамдарға риясыз қызмет ету.
Мұғалім: С.Асанова. Сынып: 6б оқушы саны - 27
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға дұрыс әрекет құндылығы арқылы қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп және оны сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
-оқушылардың әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету. -оқушылардың этикалық қарым – қатынастарын дамытуға, басқалар туралы жамандық ойламауға ықпал ету. - оқушыларды ізетті, әдепті болуға, адамдарға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.
Ресурстар: интерактивті тақта, құралдар, оқулық, оқушы дәптері,
түрлі түсті жүрекшелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті: Нұрға бөлену.(баяу әуен ойналады)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді.
Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын алып, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туыстарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге барлық адамдарға жан – жануар- ларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
10-сабақтағы «Тістелген алма» ел аузынан алынған әңгімені оқып талдау.
Талдау сұрақтары.
- Жігіттің қылығын қалай бағалайсыңдар?
- Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?
- Жігіт пен бақ иесі қызының қандай ортақ қасиеттері бар?
- Өздеріңнің бойларыңда осы қасиеттер бар ма?
- Мұндай адамдарды біз калай атаймыз? Ескерту:
3. Дәйексөз.
Адамда жақсы қасиет болмаса,
оған бақыт та, бақ та қонбайды.
Ж.Баласағұни.
Дәйексөздің мағынасын ашу. (Хормен қайталап, дәптерге жаздырту).
1. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
2.Адамның бойындағы жақсы қасиеттерді атаныздар?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
10 - сабақтағы «Тістелген алма» ел аузынан алынған әңгімені оқып талдау.
Талдау сұрақтары:
- Жігіттің қылығын қалай бағалайсыңдар?
- Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?
- Жігіт пен бақ иесі қызының қандай ортақ қасиеттері бар?
- Өздеріңнің бойларыңда осы қасиеттер бар ма? Мұндай адамдарды біз калай атаймыз?
4. Әңгімелеу. Мұғалім сыйы.
Екі дос
Екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін ұрып жібереді. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ештеңе демей құмға былай деп жазып қояды: «Бүгін мені жан досым ұрды!». Екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерден ішерміз деп келісіп алады. Бір кезде досынан таяқ жеген батпаққа аяғы кіріп шыға алмай қиналады. Тіпті тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы кұтқарып қалады. Батпақтан кұтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: «Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды», – деп жазады.
Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы:
– Ұрған кезімде құмға жаздың, ал енді не үшін тасқа жазып жатырсың? – деп сұрайды.
Сонда досы:
– Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын!.. - депті мейірлене.
Талдау сұрақтары:
Әңгімеден қандай әдепке жатпайтын қылықтар байқадыңдар?
• Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер? • Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме? • Әдепсіздік дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады? • Әдептілікті бізге кім үйретеді?
5. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.
(Балаларды түрлі түсті жүрекшелер арқылы үш топқа бөлу,сабақ соңында сол жүрекшеге парталасына тілек жаздыру, оны тілек ағашына жапсырту).
1-топ. Ойын «Әдепті сөздер» Балалар жартылай шеңберге тұрып , допты лақтырып қағып алу арқылы бір – біріне әдепті сөздер айтады. -рахмет - Айып етпеңіз. -сәлем! - Ғафпу етіңіз. -Амансыз ба ? - Оқасы жоқ -Қош келдіңіз! - Кешірім өтінем. -Сізді көргеніме қуаныштымын. - Сау болыңыз! - Кешіріңіз! - Қош болыңыз! – Көріскенше!
2-топ. Ойын «Жалғастыр» «Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі .Мұғалім басқы сөзі жазылған парақ береді, оқушы ойланып жалғастырып жазуы керек. - Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.) - Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.) - Құстарды ...........................(атуға болмайды.) - Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) - Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.) - Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.) «Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі) - Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) - Үлкеннің тілін...................(алу керек..) - Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) - Кішілерді..............................(қамқорлау керек.) - Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
3-топ.
Әдептілікке байланысты мақал –мәтелдер жазу.
Жеке жұмыс Парталарыңыздың үстінде екі парақ қағаздың біріне адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыздар. Екінші параққа адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазасыздар. Жазып болсақ, жаман қасиеттерді жазған қағаздарыңызды бүктеп қоямыз, ал жақсы қасиеттерді оқимыз. Мұғалім: осы жаман қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жазған жағымсыз қасиетерді жыртып тастайық. Балалар, енді әдептіліктің алтын ережелері туралы не айта аласыңдар?
6. Топпен ән айту.
Жан-досым (Т.Молдағалиев)
1. Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек кағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!
2. Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан аштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақта бiрге жүрiп адастық.
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін!
3. Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін.
Үй тапсырмасы.
№ 11сабақтан тапсырма:
М. Мақатаев «Көшеде» өлеңін жаттап келу, мағынасын дәптерге жазу.
8. Соңғы тыныштық сәті. Түйіндеу . Баяу әуен қойылады. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі өткен сабағымыздан не түйдік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт-дәстүрлерін, әдептерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
Өзімізге сүйіспеншілік нұрын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Өзін -өзі тану» оқулығы 6-сынып «Бөбек» Алматы, 2010ж
2. Самопазнание kz . 2014 қыркүйек №9
3. «Өзін -өзі тану» хрестоматиясы «Бөбек» ҰҒПББСО Адамды үйлесімді дамыту орталығы.
4. Мақал- мәтелдер жинағы.
5. Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. 6-сынып. «Бөбек»Алм. 2010ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.