Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Диалогтік оқыту-сұхбаттасудың, өзара тілдесудің тиімді құралы -

Диалогтік оқыту-сұхбаттасудың, өзара тілдесудің тиімді құралы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1165 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы Диалогтік оқыту-сұхбаттасудың, өзара тілдесудің тиімді құралы
Мақсаты Коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, топтағы мұғалімдерге түсіндіріп, меңгерту. Диалогтік оқыту арқылы бір-бірінің білетіндерін анықтау мақсатында жақсы қарым-қатынастық тілдік дағдыларын, білімге құштарлығын дамыту және зерттеуге ынталандыру, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушының өз ойын еркін айтып, бір-бірімен пікірлесуіне жағдай туғызу
Жалпы мақсат Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылықты арттыру
Күтілетін нәтиже Диалогтік оқытудың 3 түрін меңгертіп, сабаққа пайдалануды үйренеді; Оқу үрдісінде диалогтік оқытуды қолданудың маңызын түсінеді; Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады; Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды қалыптастырады. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөле отырып, әңгімелесуді, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша жүргізуге болатынын қалыптастырады. Диалогтік оқытудың оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.
7 модульдің қолданылуы 1. Диалогтік оқыту. 2.АКТ. 3.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 4.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер Жұптық және топтық жұмыстар жүргізу, сұрақ-жауап, талқылау, ой қорыту
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, интерактивті тақта, компьютер, постер, стикерлер
Ұйымдастыру кезеңі

Топқа біріктіру, топ ережесін қабылдау Коуч пен коучингке қатысушы мұғалімдермен сәлемдесу іс-әрекеттері 2мин.

Мұғалімдерге 3 түрлі суреттер таратылады, сол бойынша топқа бірігеді. Суреттер:
1.Оқушылар ортасында мұғалім;
2.Бір топ мұғалім:
3.Екі мұғалім (Тәлімгер мен тәлім алушы)
Суреттер бойынша 3 топқа бірігеді.
«Оқушы» « Мұғалім» «Тәлімгер» 5мин.
Мұғалімдер бір-бірімен жұмыс жүргізуге әрекеттенеді.

Мұғалімдердің мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, топ болып құралу.

Топ мүшелері сайланып, топ ережелері жасалады.
Сабақ кезеңдері Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
1-тапсырма. Постермен жұмыс.
«Суреттер сөйлейді» 10мин. Өздері бөлінген суреттер бойынша әр топқа тапсырма береді, сурет арқылы диалог құрастыру керектігін түсіндіреді Тапсырманы орындау барысында әр топ суреттермен жұмыс істейді, постер қорғайды.» Екі жұлдыз, бір тілекпен» бірін-бірі бағалайды.
Тақырыпқа сәйкес диалогтік оқыту модулі туралы мәлімет беру 6мин. Мұғалімдерге 7 модуль туралы түсінік беріп, соның ішінде ДО түріне тоқталып, оның түрлерімен және әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Жоғарыда топпен жұмысты сабақта қолданғанда оқушыға тигізетін әсері туралы айтып, түсіндіру. Мұғалімдердің мұндағы мақсаты 7 модульдің тиімділігін ұғынады және ДО оқушыны сөйлетудегі тиімді құрал екенін біледі, әрі сабақ барысында қолдануға әрекеттенеді.
Сергіту сәті 4мин. Ән. Бәрі музыка ырғағына қосылып ән айтады. Ән айту арқылы олардың бойында бір-біріне қарап айту,бірін-бірі тыңдап айту қалыптасады және көңілдері сергиді.
2-тапсырма «Бастама- жауап-кейінгі әрекет» 9мин. Мұғалімдерге «Менің атым Қожа» әңгімесі бойынша сұрақтар дайындау тапсырылады. 1-топ:Түрткі сұрақтар
2-топ:Сынақтан өткізу сұрақтары
3-топ.Басқаға бағыттау сұрақтары
3-тапсырма. Әңгіме түрін анықтау 5мин. Топтарға нұсқаулықтан ғалым Мерсердің зерттеуі бойынша анықталған әңгіменің 3 түрінің сипаттамалары беріледі. Топ мүшелері нұсқаулықпен танысады, өзара талқылайды . Интернеттен «Азамат» бағдарламасын көріп, ДО әңгіменің қай түріне жататынын дәлелдейді.
4-тапсырма.
Жинақтау және көңғіл-күйді бағалау 2мин. Смайликтер таратылады Смайликтер арқылы көңіл-күйлерін көрсетеді.
Бағалау 2 мин Бағалау парақшасын толтыру ұсынылады Топ бірін-бірі бағалайды, өзін-өзі бағалау шкаласын толтырады
Рефлексия 3 мин «Осы коучингте қандай әсерде болдың?» деген сұраққа жауапты сөйлем арқылы беру ұсынылады. 5 сөйлем жазу Топ мүшелері өз пікірлерін стикерлерге 5 сөйлемнен жазып тақтаға іледі.

Утебаева Шолпан Бериккулиевна
ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектеп
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.