.
.
Діни білім- тәрбие бастауы Діни білім- тәрбие бастауы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1999 | Размер: | Автор: гостьСеминар мақсаты:
1) Оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу.Пайғамбар хадистерін оқып,үйреніп жадтарына сақтауға ынта-ықыласын ояту.
2) Оқушылар мен ата-аналардың дәстүрлі дін туралы түсінігін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Хадистер
1.Кіріспе сөз-дінтану пәнінің мұғалімі Жұмағазиева. Ж.
2.М.Беспаев «Алланың бары ақиқат» әні жіберіледі.
Ислам діні-бейбітшілік,ізгілік діні.Әрине бір Алла бар.Алла-имандылық,данышпандылық,қасиеттілік,тазалық,шындық,ізгілік,бауырмалдық,білімділік әкеге құрметпен,шешеге ізгі құрметпен қарау.Міне нағыз ислам тағылымы.Өтірік айтпа,өзіңнен кішіні мәжбүрлеме,үлкенді құрмет тұтып,өсек айтпа,зинақор болма тура таза жүр деген.Адамгершілік пен ар сыпайылйқ пен сыйластйқ сезім мен сенімнің сан иірімдері бойымызда ғасырлар бойы Мұхаммед Пайғамбардың хадистерінің негізінде қалыптасты.
Семинарға 9-10-11 сыныптар қатысып отыр. Осы сыныптардан екі топ шығып отыр.Осы топтарға берілетін тапсырмалардан бастасақ.
Семинар 6 бөлімнен тұрады.
1 бөлім.
«Нағыз мұсылманның тілінен де, қолынан да мұсылман азап шекпеуі керек»
2 бөлім.
Ниеті таза адамдар.
3 бөлім.
Адам сұлулығы оның сөйлеген сөзінен білінеді.
4 бөлім.
Қолыңыздан келгенше біреуге жақсылық етіңіз.
5 бөлім.
Адамдағы жақсы қасиеттер.
6 бөлім.
Бүркенген қыз,қысқарған шалбар.
Осы бөлімдер бойынша ,әрбір топ өз пікірін білдіреді.Сонымен бірге ата-аналар,оқушылар,ұстаздар сіздерде өз пікірлеріңізді білдіріп отырыңыздар.
1 бөлім
Нағыз мұсылманның тілінен де, қолынан да мұсылман азап шекпеуі керек.
16 хадис: Көңіліңіз жұмсақ болса ,ізіңіздің алға басуын тілесеңіз,жетімнің басынан сипаңыз,есіркеңіз,тамақтандырыңыз-көңіліңіздің кірі кетеді.Жетімге жақсылық жасасаңыз Алланың рахметіне ие боласыз.
55 хадис: Сізге біреу аманат қойса оны берік сақтаңыз.Егер өзіңізге біреу қиянат істесе,сіз оған қиянат істемеңіз.Аманатқа қиянат жасамау асыл қасиет.Опасызға қарсы тұрудың өзі адал іс.
Оқушылар өз түсініктерін білдіреді.
1топ-Ақиқат
2 топ-Білім
Ендігі кезекті көрермендерге берсек.Сіз не айтар едіңіз
Сонымен бұл бөлімді қорытындылайтын болсақ біз екі топтың және көрермендердің сөзін сараптай келе мынандай тоқтам бәрімізге ортақ деп есептеймін.
2бөлім «Ниеті таза адамдар»
4 хадис:Бұзықтықтың 3 түрлі белгісі бар.
1.Өтірік айту.
2.Уәдеде тұрмау.
3.Аманатқа қиянат жасау.
83 хадис:Жақсы ісіңді қанағат тұтып,қанағат ет.Жаман ісіңе қамығып,қайғыр.Бұл имандылықтың белгісі.Абыройың артады.
197 хадис:Шапаныңыз қаншалықты әдемі, сәждеңіз қаншалықты үлкен,малыңыз қанша көп болса да Алла-тағала сән-салтанатыңызға қарамайды,ниетіңіздің дұрыстығына қарайды.Не істесеңізде адал көңіл,пәк жүрегіңізбен істеңіз.
1 топ Ақиқат
2топ-білім
Ендігі кезекті көрермендерге берсек.Ата-ана.
3 бөлім.
«Адам сұлулығы оның сөйлеген сөзінен білінеді»
80 хадис:Бір адам сөйлеп отырғанда жан-жағына қарай берсе,басқа біреуге сөйле деп айтпаса,бұл сөз де аманат болып саналады.Яғни біреумен сөйлескенде оның қадіріне нұқсан келтірмеу керек.Мұның пайдасы жоқ.
199 хадис:Сөзінде,пиғылында тұрақтылығы бар адамаға Алла тағала жылылық етеді.Сөз,пиғыл,іс барлығы әдеп деңгейінде болуы керек.
273 хадис:Мен тек қана ақиқатты айтамын.Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле.Өтірік аитпа.Жәй қалжыңдасаң да жалған қылық жасауға болмайды.
1 топ-Ақиқат
2 топ-Білім
Ендігі кезекті көрермендерге берейік.1 оқушы.
4 бөлім «Қолыңыздан келгенше біреуге жақсылық етіңіз»
208 хадис:Бір мүсәпір нан сұраса беріңіз.Ауру адамның халін сұраңыз,қолыңыздан келгенше біреуге жақсылық етіңіз,артынан оның пайдасын көресіз.
291 хадис:Көршщілеріңізбен сыйласып,ынтымақты болуыңызды тілеймін...Көршімен жақсы тұрудың өзі-қасиетті іс.
330 хадис:Барып тұрған оңбаған қылық келіп тұрған мүсәпір мен қонақтарды қабылдамау.Адамның адамдығы жомарттығынан көрінбек.
1 топ-Ақиқат
2 топ-Білім
Ендігі кезекті көрермендерге берейік.1 ата-ана.
5-бөлім. «Адамдағы жаман қасиеттер»
5 хадис:Шақырған жерге барпыңыз,достықты сақтайды.Бір адам асқа,тойға шақырса бай,кедей,молда,қожа,төрое,шәкірт демей бәрін бірдей көріңіз.Әрқандай жиынға шақырса қалмаңыз.
9 хадис:Алла-тағаланың жақсы көрмейтін адамы-дұшпандығын қатты сақтап,ұмытпайтын адам.Дұшпандығын сақтап,кек алам деген адам жақсы адам емес.
163 хадис:Күнәнің ең зоры –құдайға серік қосу,кісі өлтіру,ата-анасын ренжіту,өтірік куәгерлік ету.
1 топ-Ақиқат.
2 топ-Білім.
Ендігі кезекті көрермендерге берейік.1 оқушы.
6-бөлім. «Бүркенген қыз,қысқарған шалбар»
Қазіргі кезде қоғамымызда кеңінен көрініс тауып жүрген бүркенген қыз бен қысқа шалбар киген жастарымыз туралы ойларыңызды ортаға салыңыздар.
1 топ-Ақиқат.
2топ-Білім.
Ата-ана.
Қорытынды.
Дінге сену-сенбеу әркімнің өз еркінде.Дін адамдықты,адамгершілікті уағыздайды.Қазақтың ұлағатты үлкендері сөз өрнегімен,ақыл парасатымен,этика ұстанымымен елге елеулі,халқына қалаулы болған.Қазақтың ұлы ақыны Қашаған Күржіманұлының ел аузында жүрген бір өлеңінде «Діни- қарындас,жамағат,Пайғамбардың хадисі сіз бен бізге аманат»деген жолдар бар екен.
Қорытынды сөз мектеп басшысы Т.Темироваға және тәрбие ісінің меңгерушісі А.Каримоваға беріледі.
Ата-аналар,оқушылар,мұғалім жолдастар өз айтар ойларыңыз,пікірлеріңіз болса...
Мұхаммед Пайғамбарымыз: «Бір сағат білім үйрену бір түн құлшылық етуден жақсы.Білімніңтажалы-ұмытшақтық және ынта-ықыласы жоқ адамды оқытам деп ілімді заяламақ» деген жолдар бар екен.
Ендеше семинарымызды осы сөздермен аяқтаймыз.
Қ.Смағұлов атындағы орта
мектеп психологы
Сарбасова А.Қ
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.