Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Діннің қоғамдағы ролі -

Діннің қоғамдағы ролі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2004 | Размер: | Автор: гость
. Утебаева Гулбану Оразбекқызы,
Ләнде Бөкенов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
ОҚО, Созақ ауданы
Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
Сабақтың мақсаты: Білімдік: Діни білім беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу; Оқушылардың діни сауатын ашу; Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңдағы діни ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушыларды БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, дамыта оқыту.
Тәрбиелік: Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / слайд суреттері - плакаттар.
Пәнаралық байланысы: Дүниежүзі тарихы, Дінтану, Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі.
• «Тұлғаны таны» Ойын 1. Білім мәдениеттің маңызды бөлшегін құрайтындығы жөнінде «Адамды білім сақтайды» деп айтқан қай ғалым? ХІІ ғасырда Яссы маңындағы Иүгінек деген қыстақта дүниеге келген. Араб, парсы тілдерін меңгерген. «Хибат ул-хакайк» (Ақиқат сыйы) дастаны 14 тараудан, 235 өлеңнен тұрады. Білім, әдеп, адамгершілік, еңбек туралы. Оны халық «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» деп бағалаған. Дастан қазақ тіліне аударылып, 1985жылы жарық көрді. Ахмет Игүнеки.
2. Фараб маңындағы Отырарда 870 -950 жылы дүниеге келіп, Бұхар мен Шашта, Бағдатта білім алған. Отырарда қыпшақ тілінде білім алып, Ифахан, Бағдат, Дамаск (Шам) қаласында араб тілін игерген. Ғылымның барлық салаларын меңгеріп, 50-ге тарта трактаттар жазды: «Ғылымдар энциклопедиясы», «Жұлдыз бойынша болжаулар» т.б. Философ, математик-, музыкант, Әлемнің екінші ғұламасы- Әбу Наср әл-Фараби.
3. Х-ХІ ғасырда өмір сүрген энциклопедист-ғалым. Астроном, математик, географ, геолог, философ, тарихшы, дәрігер, ақын. 22 жасында әйгілі ғылым ретінде танылып, парсы, араб, грек, үнді тілдерін меңгерген. 150 ден астам еңбектері бар: «асыл тастар», «Астрономияның кілті» т.б. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 бұрын, Денелердің жерге тартылысын Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын айтқан-Әбу Райхан әл-Бируни.
4. XII ғасырда Сайрамда дүниеге келіп Иасыда өмір сүрген, Бүхарада атақты Юсуф Хамадидан діни білім алған. Тарихи, этнографиялық, әлеуметтік, тілдік дерек беретін шығармасы көне түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған даналыққа адалдыққа, кішіпейілділікке, имандылыққа шақырады. «Көңіл айнасы», «Пақырнама» деген еңбектері бар-
Қожа Ахмет Яссауи «Диуан-и хикмет».
5. әл-Фарабидің шәкірті болған. Аристотелдің еңбектерін өзі оқып түсінуге ұмтылған. «Білім кітабы» деп аталатын философиялық энциклопедияның, араб және парсы тілдерінде жазылған терең ойлы өлеңдердің авторы.Өсімдіктердің өсу процесін бақылап, олардың емдік қасиеттерін анықтаған - Әбу Әли ибн Сина «Дәрігерлік ғылым каноны» атты 5 кітаптан тұратын медициналық энциклопедиясы бар.
6.1835-65 жылдары өмір сүрген географ, саяхатшы,ойшыл,тарихшы, этнограф, суретші. «Даладағы мұсылмандық туралы», «Сот реформасы туралы» еңбектері бар.
Ш.Уалиханов «Көшпелі қырғыздар туралы», қырғыздардың «Манас» жырын жазып алған.
Үй тапсырмасын пысықтау :
• «Кім жылдам» Оқу, білім, ғылым жайлы мақал-мәтел жарысы.
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Кіріспе. Адам баласы бүгінгі өркениетті қоғамға дейін түрлі даму сатысынан өтті. Соған орай әр халық өзінің таным-түйсігін қалыптастырды. Әрбір қоғамдық сатыдағы адам түсінігі, наным -сенімі бірдей емес. Содан да діннің түрлері өзгеріп отырған. Дін адам баласының Жаратушыға, айнала қоршаған ортаға деген наным-сенімі. Алғашқыда қарапайым табиғат күштеріне сиынудан туған дін мыңдаған жылдар бойында дамып, өркендеп, біздің дәуірімізге жетті. Кейбір діндер көп ұзамай жоғалып кетсе, енді бір діндер ұлттық дін деңгейіне көтерілді. Ал үшінші бір дін әлемдік беделге ие болды. Ондай діндер қатарына қандай діндер жатады?



Қазақстан Республикасының Ата Заңы- Конституциясының 1 -бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.» деп жазылған. Бұл- Қазақстанда ешқандай дін мемлекеттік емес, қай дінді жүрегімен қабылдауы немесе ешқандай дінге кірмеуі- азаматтың өз еркі дегенді білдіреді.
Бейнекөрініс көрсету «Діннің қоғамдағы рөлі»
Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси- экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Халықсыз билік болмайды, ал - дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі түрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді.
Қазақстанда қазіргі ахуал сан салалы әрі күрделі. Кейбір деректер бойынша, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700 жуық діни бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3201 болған. Олардың арасында 1652 исламдық, соның ішінде 1642 сунниттік, 2 шииттік, 2 сопылық, 4 ахмадия ағымдары бар. Бұған қоса Қазақстан аумағында православиелік шіркеуге жататын 241 діни бірлестік, 7 старообрядтық шіркеу, римдік- католиктік шіркеуінің 77 бірлестігі, бірқатар протестанттық бірлестік жұмыс істейді. Кейінгі уақытта католик, протестанттық жэне дэстүрлі емес діни кұрылымдар өз қызметтерін белсенді түрде жүргізуде.
Қазақ халқы қай кезеңнен бастап мұсылман дініне ене бастады?
Ислам араб сөзі, аллаға бойынұсыну деген мағына білдіреді, Ислам діні VI ғасырдан Арабия түбегінен тарай бастады, Ислам діні әлемде 1, 3 млрд адам ұстанады, және де мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекеттер де бар. Д.ж. 120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар. Ислам діні бүкіл әлемде көк пен жерді жаратушы, Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Ал ислам дінінің алғышартының бірі Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед алланың елшісі екендігіне куәлік беру. Ислам діні - адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке, бауырмашылыққа, қайырымдылыққа үйретеді, Имансыз ұлт болмайтынын түсінген атам қазақ, ислам дініне қатты көңіл бөлген, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»- деп жырлаған ұлы Абай ислам дініне берік болған . Сабақты бекіту :

Әлемдегі беделі бар діндер Пайда болған жері Уақыты Негізін салушы Қасиетті кітабы
Будда
Христиан
Мұсылман

Діни терминдер Мағынасы
Индулгенция Орта ғасырларда Рим папасының атынан сатылатын немесе ерекше қызметі үшін сыйға берілетін фамота.
Тиара Рим папасының ерекше тігілген бас киімі.
Митра Епископтар мен архиепископтардың биік бөркі.
Вакуф

Мешіт иелігіндегі жерлер
Нирвана Өмірде қуанбай қайғырмай бір күйде болу.
Хижра

Жыл санау жүйесі

Діни сенім Түсінігі
Анимизм канның жанмен байланысты екендігіне деген сенім
Тотемизм адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру
Магия табиғаттың дүлей кұбылыстарынан сақтану үшін әр түрлі тылсым әрекеттер жасау
Политеизм көп кұдайдың барына негізделетін діни жүйе
Фетишизм жансыз заттардың табиғаттан тыс қасиетіне, олардың магиялық қуатына деген сенімге

Үйге тапсырма: Дүниежүзіндегі беделі бар діндердің ұқсастығы мен ерекшелігін талдау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.