.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент елді мекені Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінің 2014-2015 оқу жылында бітіруші түлектерді шығарып салу сценариі үлгісі. «Диплом табыстау кеші»
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 10698 | Размер: | Автор: гостьТоп жетекшісі – физика және математика пәндері оқытушысы Азимханова Айнур Муратбекқызы
Тақырыбы: «Диплом табыстау кеші»
Мақсаты: Колледж бітіруші түлектерді жаңа өмірге басқалы отырған қадамдарымен құттықтап, ақ жол тілеу.
Фан-фар
1-жүргізуші: Студент қой еліміздің қаны, жаны
Студенттік кезден басталады бәрі-бәрі
Бүгінгі қоштасу салтанатына
Шырқалсын Қазақстан әнұраны
2-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер-әз жандар
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар
1-жүргізуші: Бізді үйреткен білімге жалықпастан,
Рахмет ұстазыма көзімді ашқан,
Біз-шәкірт, біз-Отанның болашағы,
Өмірдің басқышына қадам басқан- дей келе алдарыңызда «Мерей би» тобы
1-жүргізуші: Жүректерге нұр құяды асқақ үміт,
Болашақ күтер сендерді жүзі күліп
Мақсат көздеп ұмтылған сара жолың,
Жарқын таңға жеткізер бір тұңғиық.
2-жүргізуші: Түлектер, ашық болсын таңдарыңыз,
Аға жол ғой біздің де таңдарымыз.
Сіздер салған білімнің көпірімен,
Талай биік шығамыз шыңға әлі біз. –
дей келе бітіруші түлектерге ақ жол тілеу үшін сөз кезегін колледжіміздің директоры Жантлеуова Мейрамкул Сатыбалдықызын және колледжіміздің құрылтайшысы Сарманов Сержан Ерғалиұлын ортаға шақырамыз.
Ән __________________________________________________________________
2-жүргізуші: Ұшырса да бұл өмірде сан құсын,
Ұстаз-ғалым толастатпас мәңгі ісін,
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар студенттердің алғысын.
1-жүргізуші: 4 жыл бойы студенттік өмірге қанық болған студенттеріміздің өлеңдеріне кезек берейік: (екі жүргізуші кезек-кезек оқу)
Студенттік өмір – соғыс пен бейбітшілік
Екілік –қырсызға қамшы
Үштік – үміт шоғы
Төрттік – тәңір сыйы
Бестік – бақыт құсы
Куратор – студенттің өгей шешесі
Ректор – күн құдайы
Декан – жан құзыры
Пар – ұзақ уақыт қаңтарылу
Аудитория – ұйықтайтын орын
Сынақ – ұйықтамай өтілетін түн
Емтиханда отырған студент – жанталаса қаруланған мемлекет
Емтихан тапсыру – табада тірідей шыжғырылу
Сессия – қияметтің қыл көпірі немесе қатерлі кезең
Курстық жұмыс – жан беріп жан алмасу
Сәлемдеме – аңқылдап жеткен ақ жарма
Шпаргалка – жедел жәрдем
Оқу орны – жастардың сән үйі
Лекция – отты жылдар шежіресі
Үзіліс – бармысың бауырым іздеудегі жан құрбым
Кітапхана – білім кафесі
Стипендия – аштық арашасы
Диплом – тіршілік тірегі немесе өмірлік наның
1-жүргізуші:Жүргізуші: Түлектерге өздерінің ақ батасын берсін деген үмітпен сөз кезегін директордың кеңесшісі – Юсвалиев Каримжан ағайды, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Асылбеков Бақытжан Жамалбекұлын және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Пернебаева Ақерке Қалдарбекқызын ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Көптен күткен сәтте келіп туды. «Ветеринария» мамандығы, яғни ВТ 32-4 және ВТ 12-4 топ бітірушілерінің дипломын табыстау үшін колледжіміздің директорын Жантлеуова Мейрамкул Сатыбалдықызын ортаға шақырамыз.
(тізім бойынша студенттердің аты жөні оқылады).
Осы топ студенттерінің 4 жыл еркелігі мен бұзықшылығына шыдай білген, білім мен қатар тәрбие берген топ жетекшісі –Қонысбекова Мадина апайды, жақсы маман иесі болуға атсалысқан пән оқытушылары – Нурсеитов Махамбет ағайды, Бегимкулова Заида апайды, Фатхуллаев Хаят ағайды ортаға шақырамыз.
(суретке тусу естелікке)
ӘН(вальс)________________________________________________
1-жүргізуші: Маржаным терең жасырын
Ағады өмір асығып
Тарамда тарам жолдармен
Тарыдай кеттік шашылып-демекші кетерімізде білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызға арнап, шын жүректерімізден шыққан естелік өлеңдерімізді арнаймыз.- деген бітіруші түлектердің сөзіне кезек береміз.
1. Колледждің әркез тірегі,
Шапағын шашып жүреді,
Махамбет ағай біздерге,
«Адал бол!» дейді үнемі.
2. Күллі өмірін студенттерге арнаған,
Жасым ағайды ардақтамас барма жан?
Колледжден шықпасада қыс-жазы
Жемісі оның биіктерді шарлаған.
1. Адалдықпен сіңген оған ар, иба
Бұл кісіге жан жете ма дариға
Экономикадан қиналмауды үйреткен,
Мың алғыс Шынардай апайға
2. Білімімен таныс болған талайға
Ағайларға баға беру оңай ма?
Баулыған тек темірдейін тәртіпке
Мың рахмет Қойшыбек сынды ағайға.
1. Ақылды бол, адал бол,
Білімді сен адам бол.
Деп үйреткен ұстазым
Заида апай аман бол.
2. Білім десе бойымызда тұрар күш,
Шәкірттері шеттерінен тіл алғыш,
Талай рет тентектікті кешірген
Мадина апай өзіңізге мың алғыс
1. Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де қол созғанын
Хаят ағай шын жүректен тілейді
Шәкіртінің өзінен де озғанын
2. Еңбегін колледж үшін аямаған
Ақерке апай шәкірттерін аялаған
Компьютердің қыр-сырын меңгерем деп,
Панаңда барша студент саялаған.
1. Тілейміз біз амандық пен бақытты,
Тілейміз біз қуаныш пен шаттықты
Білім алған Алмадай ұстаздан
Біздей шәкірт шынындада бақытты
2. Студенттерді мәпелеп аялаған,
Достарынан бар көмегін аямаған.
Бүгінде ортамызда Қолдас ағай
Біздерден білімін еш аямаған.
1-жүргізуші: Біздер әлі өтелмеген парызбыз
Сары дала сайрап жатқан сан ізбіз
Аттарыда аталмаған ұстаздар,
Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз
«Мерей» би тобының өнерін тамашалаңыздар
2-жүргізуші: 4жыл бұрын нұрға толы жанымыз
Арман қуып келген едік бәріміз
4күндей боп 4жыл өтті қоштастық
Қоштасуға арналады әніміз
Достар, достар кетсекте біз есейіп
Бар қызығын өмірдің бір кешейік
10жыл өтсін, жыл20, 100жыл өтсін
Амандықпен әрқашан жүздесейік, кездесейік
1-жүргізуші: Студент достар!
Естіледі бүгін назды асыл ән
Ешбір жан жоқ ойға түсіп жасыған,
Қиналса да, қабақ шыту білмеген
Студенттер қуанышы тасыған.
2-жүргізуші: Жаса жарқын, жас білімгер ендеше.
Сендер үшін бүгінгі күн мереке,
Бәрі-бәрі саған ғана жарасар.
Ойын-сауық, әзіл-қалжың, келеке
1-жүргізуші: Өтер қыс та, өтер көктем, өтер күз
Бір күндері тарап-тарап кетерміз
Қанша алыс қиыр шетте жүрсек те,
Сағынысып, еске алысар ма екенбіз?
2-жүргізуші: Қуаныңдар, жасымаңдар бұл күнде,
Жоқ қой сеннен бақытты жан өмірде
Шаттық жолы студенттік кездер-ай
Әр бір бұл күн, ыстық біздің жүректе
«Мерей» триосының әнін тамашалаңыздар.
Кезекті «Электрмен қамтамасыздандыру» мамандығы, яғни ЭҚ 32-4, ЭҚ 12-4 топтарының бітірушілеріне диплом табыстау үшін ортаға колледждің құрылтайшысы Сарманов Сержан Ерғалиұлын ортаға шақырамыз.
(тізім бойынша тапсыру)
1-жүргізуші: Ендігі кезекте сөз кезегін студенттерімізге ақжол тілеу үшін 4 жыл бойы осы топтың еркелігі мен бұзықшылығына төзе білген Серекбаев Оразқұл ағайға берсек, және де шәкірттеріне білім беруден, уйретуден шаршамайтын Лапаев Жасим ағай мен Эсалиев Қолдас ағайды ортаға шақырамыз.
«Мерей» триосының әнін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші: Артта қалып балғын шағы - ертегі,
дәл бүгіннен басталады ертеңі.
Алып шығар ашық, терең теңізге
Арман атты ақ кеменің желкені.
1-жүргізуші: Бойға жиған салт-дәстүр мен мұраны,
Ел мүддесі болсын асқақ ұраны
Мәртебесін көтеретін биікке
Жас түлектер - тәуелсіз ел қыраны!
Ортаға білім мен қатар тәрбиені де үйреткен оқытушыларына өз лебіздерін білдіру үшін бітіруші түлектерді шақырамыз.
Бітіруші студенттің сөзі: Белгілі бір мамандық иесі атанып, өмір жолына енді ғана қадам басқалы отырған біздер осы уақытқа дейінгі білім беріп, тәрбиелеген ұстаздарымыздың сенімін ақтаймыз деген үміттемін. Барлығымыз сіздер сияқты білікті маман болатындығымызға сенеміз
2-жүргізуші:Бүгінгі колледж бітірушілерге арналған «Қош бол, студенттік кездер-ай» атты тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.