.
.
Ақтөбе қаласы Дос іздеген Доп
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3457 | Размер: | Автор: гость«№33 «Нұрсәт» мектепке дейінгі білім орталығы
Тәрбиеші: Саркулова З.К.
№ 5 «Күншуақ»
мектепалды даярлау тобындағы интеграцияланған ҰОІӘ
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»
Бөлімі: өзін-өзі тану,ҚМҰҚ, көркем әдебиет, сурет салу
Тақырыбы: «Дос іздеген Доп»
Мақсаты:
Білімділігі: балалардың заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай топтауға, жол ережесі туралы білімдерін кеңейтуді ойын арқылы үйрету.
Дамытушылық: креативтік ойлау қабілеттерін, коммуникативтік - тілдік құзіреттілігін жетілдіру, өздігімен тапсырмаларды шешужолдарын таба білу дағдыларына машықтандыру.
Тәрбиелік: Адам бойындағы құнды қасиеттерді дарыта білуге, достыққа, қамқорлыққа, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, ашық алаңқайдағы ойыншықтар, доптар, қолшатырлар әр балаға, сюжеттік-ролдік ойын «Бағдаршам» атрибуттары, ашық алаңқайдағы гүл, теректер макеттері
Қолданылатын әдіс - тәсілдер:АКТ, Блум таксономиясы, көрсету, сұрақ - жауап, ойын ойнату
Блум бойынша ойлау білігінің иерархиясы (сатылары)
Білік Бағалау нысаны Пайдалы етістіктер Қарапайым сұрақтар
Білім Бала ақпаратты есіне сақтайды немесе қайта жаңғырта ала ма? Әңгімелеу, атап шығу, суреттеу,сәйкестендіру, орналастыру, жазу, табу, көрсету, атау ...кейін не болды?
неше ...? .....ол адам қандай болды?
......атай аласың ба?
.....қасында не болды? суретте
Неліктен.........айта аласыз ба?
.....мағынасын айт
....дегеніміз не?
Жауаптардың қайсысы ақиқат, қайсысы жалған?
Түсінік Бала түсінікті немесе ойды түсіндіре ала ма? Түсіндіру, жоспар құру,талқылау, ажырату, болжау, қайта тұжырымдау, салыстыру, суреттеу
Өз сөздерімен жаза аласыз ба?
....қысқаша жоспарын жаза аласыз ба?
Сіздің ойыңызша әрі қарай не болуы мүмкін?
Сіздің ойыңызша, кім.....?
.....негізгі ойы қандай?
....арасында айырмашылықты табасыңдар ма?
.....арасында қандай айырмашылық бар?
Сіз ......айтып тұрғанға мысал келтіре аласыз ба?
......анықтама бере аласыз ба?
Қолдану Бала ақпаратты басқаша қолдана ала ма? Шешу, көрсету, қолдану, құрастыру, аяқтау, топтастыру Берілген ақпарат негізінде ....... бойынша нұсқаулық жасап шығара аласыз ба?
Сізде .... болса, бұл ақпарат пайдалы болар еді ма?
........ететіндей, басқа мысал келтіре аласыз ба?
Бұл .... болуы мүмкін еді ма?
.....сияқты қасиеттер бойынша топтастыра аласыз ба?
Егер..... сіз қандай факторларды ауыстыратын едіңіз?
Қолданылған әдісті өзіңіздің тәжірибеңізді қолдана аласыз ба?
..... сіз қандай сұрақ қояр едіңіз?
Талдау Бала әртүрлі құрамдастар арасында айырмашылық таба ала ма? Талдау, ажырату, зерттеу, салыстыру, сәйкестендіру, топтастыру, түсіндіру, бөліп алу, жарнамалау .....негізгі тақырыбы не?
......қаншалықты ұқсас болар еді?
Если бы ... [не] произошло, каким бы был возможный результат?
Егер ......болғанда(болмағанда), нәтиже қандай болар еді?
Басқа мүмкін болатын тағы қандай нәтиже көріп тұрсыз?
Қандай себептерге байланысты өзгерістер болды?
Сіздің ..... ұсынылған......салыстырыңыз?
..... кезінде мүмкін болатын жағдайды түсіндіре аласыз ба?
....мәселелері қандай?
.....арасында айырмашылығын таба аласыз ба?
Ойында, оқиғада қайталанған жерлері қандай болды?
Синтез/ құру Бала жаңа өнім немесе қөзқарас айта ала ма? Құрастыру, ойлап шығару, болжау, жоспарлау, жобалау, қиялдау, ұсыну, өңдеу
....үшін жобалау
.....туралы өлең шығару
......мүмкін болатын шешімдерді айта аласыз ба?
Барлық қорды қолдану мүмкіндігіңіз болса, мәселені қалай шешер едіңіз?
.....мәселесін шешудің өзіндік тәсілін құрастыр.
Егер ..... не болар еді?
Қанша әдіспен сіз......?
......үшін жаңа ерекше қолданысты ойлап тап
Дәмді тағамның жаңа дайындау жолын жазу.
Нәтижені бағалау Бала шешім мен ұстанымын ақтай ала ма Іріктеу, жүргізу, таңдау,шешу, тексеру, бағалау, есептеу, анықтау
....үшін тиімді шешім бар ма?
.....құндылығын бағалау
......туралы ұстанымды қорға
Қалай ойлайсыз,....... жақсы ма әлде жаман ба?
Каким образом Вы бы справились с ?
..... қандай өзгерістер ұсынар едіңіз?
Как бы Вы себя чувствовали, если... ?
Егер.....өзіңізді қалай сезінер едіңіз?
......қаншалықты тиімді?
.......туралы не ойлайсыз?
Танымды –оятушылық: Тәрбиеші: - Балалар, сендер далада жүгіргенді, секіргенді, доппен ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Ендеше мен сендерді ашық алаңқайға ойынға шақырамын. (Балалар ашық алаңқайға келеді.)
Доппен ойын: «Не жақсы, не жаман» (Балаларға допты лақтыру «досыңды ренжіту»,«ойыншықты сындыру», «гүлдерді суару», «Ағаштарды суару», «анама көмектесу»т.с.с балалар допты қағып алып сұрақтарға жауап береді) Тәрбиеші: - Мен сендерге, осы доп туралы «Ақылды әңгімелер» жинағынан бір қызық әңгіме оқып беремін. Ақылды әңгімелерді тыңдаған балада ақылды болады. Ал, ақылды болған жақсыма?
Балалардың жауаптары.
Әңгіме «Дос іздеген доп» деп аталады. Ұйымдастыру – іздену Әңгімені оқу. 1.Айдардың бөлмесінде ойыншықтар арасында көне резеңке Доп өмір сүрді.Айдар оны ешқашан жумаған.Сондықтан ол өте лас, асфальтқа ұра-ұра сызылып, жыртылып кеткен.Бірақ ол әлі де биікке секіре алады, онымен түрлі ойындар ойнауға болады.
Сергіту сәті: «Доп, добым, домалақ,
Қайда кеттің домалап,
Бір, екі, деп ұрдым,
Еденге сен секірдің,
Үш, төрт деп ұрдым
Шатырға сен секірдің,
Бес, алты, деп ұрдым, Ішіне ендің гүлдердің.
2.Бірақ Айдар онымен ойнамай, бұрышқа лақтырып тастады. Тіпті ол туралы ұмытып кетті. Оған себеп: Айдарға үлкен, үрленетін доп сатып берді. Енді Айдар ескі добына көңіл аудармай жаңа доппен ойнайтын болды. Ойын: «Барлық доп бірдей болсын» (интеракт тақтада орындау)
Резеңке доп өзінің досына қатты ренжіді. Ол одан кетіп қалуды ойлады. Бір күні есік ашық қалған кезде шығып, домалап кетеді. Ол ұзақ қала көшелерінің бойымен, аурухана мен дүкендер, зауыт, мектеп, балабақша маңында домалап жүрді.
Тар және соқпақ жолда, көшеде, тіпті жол бойында үлкен автокөліктермен жарысты. Бір күні ол жүк машинасының астына түсіп қала жаздайды, бірақ бақытына орай, дөңгелек арасынан өтіп кетті.Оның қорыққаны сондай, жаяу жолға дейін домалап барды.
Тәрбиеші: Доптың қылығы дұрыспа? Доп неге ренжіді? Топта бір-бірімізді ренжітсек не деуміз керек? Доп үйінен шығып кетіп, қандай оқиғаға тап болды?
Балалардың жауаптары
Тәрбиеші: -Балалар,ендеше ойын ойнайық.
Ойын: «Бағдаршам»
Шарты: Балалар тұрады, бағдаршам қызыл түсті көтергенде - балалар бір адым артқа жылжиды. Сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады. Жасыл түсті көтергенде бір адым алдыға жылжиды.
3.Бір кезде қатты жаңбыр жауды. Ән: «Жаңбыр»
Жаңбыр алдымен допты жуды, бірақ қатты балшық оны қайта ластап, жабысқақ балшық домалауға кедергі жасады.
4.Доп жай домалап, қатты шаршап, ұйықтап кеткенін байқамай қалды. Қалаға қараңғы түсті. Айнала өте қараңғы және аздап қорқынышты. Доп біреудің дем алысынан оянып кетті. Көзін ашып қараса, жүні салбыраған ит оны үлкен табанымен жай ғана қозғап тұр екен. Оның басы үлкен бүкіл допты жауып тұр. Доп «бұл ит кәзір мені жеп қояды», -деп қатты қорықты. Бір мезетте итті қожайыны шақырды. Бұл өте ақылды ит екен. Өз қожайынына тез арада жүгіріп кетті, сонан соң олар бір жаққа кетіп қалды.
Тәрбиеші: -Балалар ит туралы не білесіңдер.
Балалардың жауаптары
5.Міне , таң да атты.Адамдар үйлерінен шығып, жұмысқа асығуда. Үлкендер жұмысқа асығып барады, ал балалар ше? Доп балалардың қайда асығып бара жатқанын көргісі келіп, портфельдері толы балалардың соңына ерді. Олармен бірге доп мектепке домалап келді. Мұнда олар даурығып, шулап жатты: бір топ бала ойнап жүрсе, үш қыз әңгімелесіп отыр.
-Ой, доп,- деп біреуі допты аяғымен теуіп жіберіп, футбол ойнап кетті.
Бір кезде қоңырау соғылды. Мектеп айналасы жым-жырт болды. Доп тағы да қамығып қалды.
-Дана, тездет, әйтпесе балабақшаға кешігеміз!-дегенді доп естіп қалды.
«Балабақша деген не екен? Бұл балаларды ағаш сияқты отырғызатын жер шығар, мүмкін. Қарап көрейін», -деп Доп қыз бен анасы кеткен жаққа қарай бет алды.
Тәрбиеші: -Балалар, доп балабақша деген не екенін түсінбеді, ал сендер балабақша туралы не білесіңдер? Онда кімдер бар, немен айналысады? (Балалардың жауаптары)
6.Бұл жерде де мектептегідей бала көп екен. Доп екі қабатты үйдің жанында домалап келеді. Бірақ бұл балалар өте кішкентай болды, бұл жерде де өте шулы және қызық болды, сол бойда бір бала допты қолына алып:
-Балалар, қараңдаршы, қандай жақсы доп, бірақ ол өте лас. Онымен ойнауға болмайды. Оны жуайық, - деді.
-Жуайық! Жуайық!- деп шулады балалар. Балалар допты топқа әкеліп, жуып, кептіріп еді, жап-жаңа болып шыға келді. Сонан соң балалар далаға жиналды.
-Допты өзімізбен бірге аламыз ба?-деп Дана сұрады.
-Әрине, аламыз,- деді тәрбиеші.
Балалар далаға шыққан соң, доппен ойнай бастады. Балалар доппен түрлі қызықты ойындар ойнады. Оларға да, допқа да қызық болды.
Рефлексифті түзету
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Доп Айдардан кеткеннен соң не болды?
Достық деген не?
Сенің ойыңша әрі қарай не болады?
Сен допқа қандай кеңес берер едің?
Айдар басқаша іс-әрекет жасайтын жағдайға мысал келтір.
Бұл шынайы өмірде болуы мүмкін бе?
Айдарға қандай сұрақ қояр едіңдер?
Егер доп ренжімегенде, нәтиже қандай болар еді?
Әңгімедегі жағдай не себептен болды?
Әңгімеде шешуші кез қандай болды?
Достық немесе доп туралы өлең шығару.
Доп үйден кетпегенде, не болатын еді?
Доптың орнында сен өзіңді қалай сезінер едің? Доптың әрекеті туралы не ойлайсың?
Тәрбиеші: -Балалар, егер осы доп сендердің досың болғанда, қандай болар еді?Сол Доп туралы сурет салайық
Балалар доптың суретін салады
Тәрбиеші: - Міне, балалар, біздер өзіміздің ақылды, тәртіпті, білімді, жақсы балалар екенімізді көрсеттік.. Достық көмегімізді бердік. Ендеше, кәне бәріміз доп туралы өлең шумағын айтайық. Балалар: Добым, добым, домалақ,
Қайда кеттің домалап. _
Қызыл, жасыл, сары, көк
Ойнайтын сенімен бала көп.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Пішіндерді. көлемді, санауды, салыстыруды.
Игеру : Тәулік бөліктерін ажырату, жол ережесін білу. Меңгеру : Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.