Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Достығымыз  жарасқан -

Достығымыз жарасқан

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2159 | Размер: | Автор: гость
. Астана қаласы
№ 10 мектеп-гимназиясы
Аймагамбетова Жазира Аманбаевна
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Тақырыбы: Достығымыз жарасқан
Мақсаты: Қазақстан Республикасының халықтар достығы еліміздің бірлігінің кепілдігі екенін таныту, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Өзге ұлт өкілдерінің республикамызға келуі жайлы тарихымен таныстыру, мағлұмат беру.
1 жүргізуші:Армасындар халайық
Бармасындар халайық
Келді наурыз сағынтып
Қыздарға алқа тағынтып
Наурыз келсе құт келгені халайық
Ұлысты қарсы алайық
2 жүргізуші: В марте весенний ветерок проказник,
Ласково гуляет по ветвям
У нас большой великий праздник,
Новый год, Наурыз-мейрам!
1 жүргізуші:Уа, халайлық, құтты болсын мерекең,
Құтты болсын, құтты болсын берекең.
Наурыз тойы тойланады мектеп,
Қош келдіңдер мерекені көруге!

2жүргізуші : Счастье, здоровья вам желаю,
Шлю привет всем селам,городам.
С праздником великим поздравляю,
Мы встречаем Наурыз-мейрам!
Қазақтың ұлттық киімдегі қыздар шашу шашады.
1 жүргізуші :Құрметті қонақтар, «Достығымыз жарасқан» атты Қазақстан халықтарының достығы фестиваліне қош келдіңіздер!

2 жүргізуші:Кең байтақ жазиралы дархан өлкемде тұрып жатқан, көп ұлтты бауырластар, достар! Мәртебесі көкке жеткен еліміз көптеген жетістікке жетті. Жүзден астам ұлт өкілдері «Отаным - алтын ордам» дейді, өйткені біздің ел - татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын біздің ту ортақ.
1 жүргізуші:Бір шаңырақтың астында қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, белорус, кәріс татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Көп ғасырлар бойы олар бір – бірінің салт – дәстүрін құрметтеп, жерімізді бөлісіп отыр.
2жүргізуші:Міне,бүгін бәріміз адамзат тарихындағы ең көне мерекелердің бірі – Наурыз мейрамын тойлағалы отырмыз. Біздің фестиваліміз осы мейрамға арналған.
1 жүргізуші:Наурыз – Ұлыстың ұлы күні, үлкен мейрам. «Наурыз» парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» не «жаңа жыл»- дегенді білдіреді. Бұл күнді ата – бабаларымыз жыл басы деп есептеп, мерекелік ас – наурыз көже әзірлеген. Адамдар «Ақ мол болсын!», «Ұлыс оң болсын!», «Ұлыс береке берсін!», «Ұлыс бақытты болсын!» деп, бір – бірін құттықтайды. Бұл күні бәрі ән айтып, би билеп, көңіл көтереді, ренжіскендер татуласады.
2 жүргізуші: С приходом Наурыза встречают Новый год, весну и солнце. И конечно к такому празднику тщательно готовятся. Таджики называют этот праздник « Гульнавруз», татары «Нардуган», украинцы « Сороки», греки « Патрик». Так что праздник Наурыз празднуют все народы Казахстана – представители 126 национальностей, которые живут в едином стремлении жить в мире и согласии друг с другом, построить процветающее государство.
1 жүргізуші:Міне, бүгін де біз өз өнерімізді ортаға салғымыз келіп отыр, біз де бұл мейрамды қуанышпен қарсы аламыз, себебі біз бір шаңырақтың астында тұрамыз, бұл мейрам бәрімізге ортақ.
1, 2 жүргізуші:Наурыз мейрамы құтты болсын!
Мереке «Наурыз» әнімен ашылады.
2 жүргізуші:Қазақта «Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт, кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, қазақ, грузин,
Орыспенен украин
Терезесі тең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
Сахнаға қазақ халқының өкілдерін шақырып, өнерін тамашалайық.
1 жүргізуші:Орыс, қазақ туыс боп ағаласып,
Қаны, тілі жатыр ғой араласып.
Отбасылық бақыты ортақ болсын,
Қол ұстасып, еңбек ет, дала ғашық!
Ортамызға орыс халқы өкілдерін шақырайық.
2 жүргізуші:Қазақ жері – достықтың гүлстаны,
Дарқан өлкем – мерейлі ырыс бағы.
Күрестерде, еңбекте, мерекеңде,
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
Сахнаға осетин ұлтының өкілдерін қошеметпен шақырайық.
1 жүргізуші: Аман боп халқымыз мәңгілік,
Жүрейік достықтас ән құрып.
Бірлік пен ынтымақ нығайса,
Атады әрқашан таң күліп. Кезекті украин халқына берейік.
2 жүргізуші:Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер.
Қошеметпен алдымызға әзірбайжан халқын шақырайық.

1 жүргізуші:Жүрегімнен күмбірлеген күй ақты,
Арнасынан аққан өзен сияқты.
Арынды күй махаббатты шертеді
Туған жерге, Отаныма шуақты.
Құрметті көрермен, татар халқының өнерін тамашалайық.
2 жүргізуші:Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша - бау. Қошеметпен алдымызға өзбек халқын шақырайық.
1 жүргізуші:Қазақ жері маған да болған мекен,
Дүние де дәл мұндай ел бар ма екен?!
Досқа - дарқан, дұшпанға сонша қатал,
Сүйем оны, сағынып, самғап жетем. Ортамызға белорус халқы өкілдерін шақырайық.
2 жүргізуші:Отанды
Жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз. Құрметті көрермен, армян халқының өнерін тамашалайық.
1 жүргізуші :Отан деген - атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан - ана,
Отан - үлкен
Қазақстан - туған ел! Кезекті түрік халқына берейік.
2 жүргізуші :Қазақстаным, ел болдың тәуелсіз,
Шаттанып билеймін әуенсіз.
Балалар еңбегі азат күн,
Қолдайық, қорғайық біз бен сіз. Ортамызға қырғыз халқы өкілдерін шақырайық.
1 жүргізуші:Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы. Кезекті кәріс халқына берейік.

2 жүргізуші:Біздің орта қүйіміздің шаңырағы биік, керегесі берік, босағасынан ырыс – дәулет кетпегенін қалаймыз. Оған Қазақстанда тұратын барша халықтың өзінді күлес қосуымен бір – бір уық болып қадалғанын жақтаймыз. Ашық, көк аспан астында барлық елдер тату – тәтті өмір сүруіміз керек.

1 жүргізуші:Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын! Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.