.
.
Абдикаримова Ажар Мутиголлаевна Ұ дыбысы мен әрпі.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2018 | Размер: | Автор: гостьАқтөбе қаласы,
№23 орта мектеп-лицейінің
бастауыш класс мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Ұұ дыбысы мен әрпін таныстыру меңгерту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Ұ дыбысы мен әрпін таныстыра отырып, оның дуысты дыбыс екенін түсіндіру.
Ұ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, дұрыс жазуға, есте сақтауға үйрету, ұ әрпінің бас әрпін және кіші әрпін жаздыру, өздіктерінен жұмыс істеуге баулу.
Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік көзқарасын жетілдіру, қиялын шарықтатып, ойын ұшқырлау, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Ойындарды пайдаланып, еңбектенуге, ұқыптылыққа, сыйластыққа еңбекке баулу. Құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ жауап,түсіндіру.
Көрнекілігі: суреттер, слайд, кеспе буындар, сөзжұмбақ, т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Үлкенге де сіз Бар кітапқа бас болған
Кішіге де сіз Әліппе ғылым анасы.
Сәлем бердік сіздерге, Әліппеден басталған
Құрметпенен біз. Даналықтың данасы.
Ой қозғау.
-Дыбыстар қалай бөлінеді?
-Өтілген дауысты дыбыстарды атаңдар?
-Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
-Дыбыстан не құралады?
-Буыннан не құралады?
-Сөзден не құраймыз?
-Өте жақсы балалар біз өткен сабақта қандай дыбыс пен әріппен таныстық?
-Ж дыбысы мен әрпі.
-Олай болса үйге берілген тапсырманы тізбектей оқиық.
-Оқулықтағы сюжетті суреттер бойынша баланың іс әрекетін әңгімелеу.
-Жақсы және жаман қасиеттер туралы әңгімелеу.
Жаңа сабақты меңгерту
-Өте жақсы балалар , енді тақтадағы мына суретке назар аударайық.
-Балалар ойнап жүріп не көрді?
-Ұяда неше балапан екен?
-Балалар не істеді?
-Сендер болсаңдар не істер едіңдер?
-Балалардың ісі дұрыспа?
-Балалар балапанды қайда салды?
-Ұяға.
-Жақсы осы ұя деген сөзді барлығымыз хорман айтып көрейікші.
-Бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
-Ұ дыбысы.
-Бүгінгі сабағымызда біз ұ дыбысы мен әрпімен танысамыз.
-Ұдыбысын барлығымыз айтып көрейікші.
-Ұ ұ ұ ұ ұ
-Ұ дыбысы қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
-Дауысты дыбыс.
-Қайдан білдік?
-Себебі ол дауыс кедергісіне ұшырамай,созылып айтылып тұр.
-Тақтадағы мына өлең жолдарына назар аударайық.
-Ұя,ұлу,ұшақтың
-Басын бастап беремін.
-Құс,жұмыртқа бұтақтың
-Ортасында келемін.
-Суреттер көрсету,суреттегі заттардың атауын атап,ұ дыбысы мен әрпінің сөздегі орнын анықтап,буынға бөлу.
-Ұлу сөзіне дыбыстық талдау жасату, буынға бөлу.
-Ұлу буындарын дауыстатып оқыту.
-Ұлу сөзінің бірінші буыны қанша дыбыстан құралған?
-Ол қандай дыбыс?
-Ұ дыбысы.
-Екінші буын неше дыбыстан құралған?
-Олар қандай дыбыстар?
-Ұлу су жәндігі.Ол қыста қауашағында жатады. Күн жылынған соң,олар қауашағынан шығады.
Оқулықпен жұмыс.
-Оқулықтағы сөздерді буындап оқу,мағынасын түсіндіру.
Ұл ұлу бұтақ бұлақ
Ұлан ұлар бұлбұл құрақ
Үнтаспадан құстардың үнін тыңдату.
-Балалар ненің дауысын естідіңдер?
-Құстардың.
-Жақсы балалар енді бұл қандай құстардың дыбысы екенін білу үшін, мына жұмбақтарды шешіп көрейік.
-Қандай құстарды көріп тұрмыз?
-Тырна ,қарлығаш,бұлбұл,қарға және сендерге таныс емес құр деген құста бар екен.
-Енді балалар оқулығымыздағы «Құстар» деген мәтінді оқымыз. Барлығымыз назар аударып тыңдап отырамыз.
Сурет арқылы мәтіннің мазмұнын түсіндіру.
-Балалар құс туралы кім сөйлем құрайды.
Құстар біздің досымыз.
Сергіту сәті.
Ойын: «Сиқырлы сандық.»
Сандық ашылады.ішінен суреттер алып,буынға бөліп,сөйлем құрайды.
Дәптермен жұмыс.
Ұ ұ әріпн жазу.
Әріп элементтерімен таныстыру.
Ауада жазу.
Ұ ұәрпін дәптерге жазу.
Сөзжұмбақ шешу.
1.Тал басында тамаша үй.
2.Қанатты тұлпар,көкте самғар.
3. Шыр көбелек айналар,
Беліне жіп байланар.
Сабақты қортындылау:
-Балалар, сонымен біз бүгінгі сабағымызда қандай дыбыспен,әріппен таныстық?
-Ұ дыбысы мен әрпі.
-Ұ дыбысы қандай дыбыс?
-Жуан дауысты дыбыс.
-Ұ дыбысына сөз айтайықшы.
-Ұя,ұршық,ұлан,бұғы,т.б
-Ұ дыбысы сөздің қай жерінде келеді?
-Сөздің басында және ортасында.
-Қандай мәтінмен таныстық?
-Құстар.
-Құстар сөзіне сөйлем айтайықшы.
-Қандай құстарды жыл құстары дейміз?
-Жыл құстарына арнап ұя жасайық.
-Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта ,
Жем шашуды ұмытпа.
Бағалау:
Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар мадақталады.
Үйге тапсырма: ұ дыбысына байланысты берілген сөздерді, «Құстар» мәтінін оқып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.