.
.
Еңбек тәрбиесінің мақсаттарымен міндеттерін үйрету Еңбек тәрбиесінің мақсаттарымен міндеттерін үйрету
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2333 | Размер: | Автор: гостьАдамның адам болып қалыптасуының құралы-еңбек. Еңбектің нәтижелі болуы әр адамның еңбекке саналы қатынасына байланысты.
Олай болса, бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталылықты, құштарлықты тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі, оны еңбекке дұрыс баулудың нәтижесі.
Тәрбие адамның ақыл-ойын дамытатын белгілі бір мағлұматтар беріп қана қоймайды, күнделікті өмірінде қимыл-әрекетін қамтамасыз етеді. Барлық денесінің қозғалысқа түсіп, бұлшық еттерінің дамуына, сомдануына, ми талшықтарының өсуіне мүмкіндік тудырады.
Баланың жас шағында алған дене тәрбиесінен еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуы мүмкін. Сондықтан баланы жас кезінен ұқыптылыққа баулып, қарапайым еңбекке үйрету, мінез-құлқының еңбекке бағытталуын қамтамасыз етіп тәрбиелеу жөн.
• Жастардың организмін дамыта отырып, сан қилы дене еңбегінің түрлерімен таныстыру.
• Оқу еңбегіне қызықтыру, үйрету, оған дағдыландыру.
• Шығармашылық еңбек дегенді түсіндіру, нәтижесін таныту, оны пайдалануды, бағалауды үйрету.
• Еңбек нәтижесіне, аз да болса жеткен табысына қанағаттану, қуану сезімін дамыту.
• Саналы да, сапалы да еңбек етуге әдеттендіру, өйткені еңбек қоғамның экономикалық байлығын арттырудың көзі.
• Еңбек ету іскерлігін, дағдысын дамыту.
• Еңбек мәдениетін сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге, ұқыптылықпен жұмсауға үйрету.
• Қабілетіне қарай, мамандыққа ие болуына бағыт беру.
• Еңбекке белсенділік, бастамшылдық, ұйымдастырушылық, оны жоспарлай білушілік мүмкідіктерін дамыту.
• Жас ұрпақтың еңбек арқылы адамдық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Жас ұрпақтың мінез-құлқындағы еңбектің бағыт алуы мектептен көп бұрын отбасында, өзіне-өзі қызмет ету, табиғаттағы еңбек, тұрмыстық-шаруашылық еңбек, ойын баласы кезеңінен басталады да, мектепте білім негіздерін игеру және сыныптан тыс тәрбие үрдістері кезінде жалғастырылады.
Қорыта келгенде, еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінде қалыптасқан білім мен білік дағды мен іскерлік жастардың өмірге, еңбекке құштарлығын арттырып, мүмкіндігін дамытатын сенімді құралы. Жастарды болашақ мамандығына, икемділігіне сәйкес тәжірибелік еңбекке дайындау, оларға еңбек етудің дағдыларын игерту, еңбек пәні мен сынып жетекшісінің басты парызы.
Байгелов Берік Болатұлы
«№1 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің
технология және сурет мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.