Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Еңбекпен тапқан тиын» (грузин ертегісі) -

«Еңбекпен тапқан тиын» (грузин ертегісі)

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2922 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО. Отырар ауданы, Темір ауылы
«С.Әлиев атындағы шағын жинақты
жалпы орта мектеп» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Практикант: Бақытбекова Жазира Бақытбекқызы

Әдебиеттік оқу 3«А»-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Еңбекпен тапқан тиын» (грузин ертегісі)
Мақсаты:
а) Білімділік: Ертегі мазмұнын әңгімелеу, ертегіні өз ойларымен жалғастыруға, рөлге бөліп оқуға және сахналауға үйрету. Жалқаулыққа, еңбекқорлыққа байланысты мақал - мәтелдердің мән - мағынасын ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық тапсырманы орындата отырып, оқушылардың ой - өрісін дамыту, актерлік шеберліктерін, дұрыс сөйлеу әдебін қалыптастыру.
б) Тәрбиелік: Ертегі мазмұнымен таныстыра отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, үлкенді тыңдауға, жалқаулықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, сюжетті суреттер, мақал – мәтелдер, слайд
Пәнаралық байланыс: сурет, музыка
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа назар аудару.
Психологиялық дайындық!
ІІ.  Ой тастау: Қазір жылдың қандай мезгілі?
« Күннің шуағына өз қуаныштарын жазу »
ІІІ.  Сыныпты топқа бөлу , топ ережесін еске түсіру.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!- деп ақын Қ. Мырзалиев жырлағандай, әдебиеттік оқу сабағын бастаймыз.
ІҮ. Үй тапсырмасын сұрау:
Жекен Жұмаханов «Ер еңбекте сыналады»
1. Құрылыс жұмыстарына қажетті қандай көлік түрлерін білесіңдер?
2. «Бәрін бітірген өзім» деп мақтанған қай көлік еді?
3. Көтергіш кранның жұмысы қандай?
4. Мақтаншақ машина қандай жағдайға тап болды?
5. Көтергіш кран қандай көмек көрсетті?
6. Мақтаншақ машинаға көтергіш кран қандай ақыл айтты?
Жауап беруші
1. Көтергіш кран, жүк машинасы, трактор, т. б
2. Зауыттан жаңа шыққан жүк машинасы мақтанғанда жер - көкке сыймайды.
3. Көтергіш кран әлденеше бөренелер мен ағаштарды жоғары көтереді.
4. Жауын-шашыннан құрылыс маңайы лайсаң батпақ болып, сол жерге жүк машинасы батып қалады.
5. Кран ұзын мойнын бұра келіп, шұңқырда тұрған машинаны жоғары көтеріп әкетті.
6. Жүк көтергіш машинаны дөңес жерге шығарып тұрып:
- Балақай, бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері, өз орны бар. Бәріміз де тек құрылысшының көмекшісіміз,- деді.
Ү. Жинақтаушы
«Ер еңбекте сыналады» деп бекерге айтылмаса керек. Өйткені әрбір тіршілік иесі өзіне тиесілі жұмысты жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен жасаса, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мақтаншақтықтан, ұқыпсыздықтан, жалқаулықтан арылмайынша, жұмысың алға баспайды. Сондықтан өзіңе тапсырған істі мұқият, тындарымды етіп орындау керек. Еңбек ер атандырады.
ҮІ. Өткен сабақты бекіту:
«Галереяға саяхат» әдісі бойынша мәтін мазмұнына сай салған суреттер топтамасынан салған суреттерін қабырғаға іліп, сол жайында әңгімелеу.
VІІ. Жаңа сабақты меңгерту:
- Ертегі деген не, балалар?
- Ауызша жеткен халық шығармаларының түрі.
- Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?
Ертегі түрлеріне тоқталу

Қиял - ғажайып ертегілер Жан - жануарларға
Шыншыл ертегілер
Әр ертегі түрлеріне мысалдар келтіру.
ҮІІІ. Сергіту сәті : «Мен айтамын, сен жалғастыр!»
Мақалдың алғашқы жолы айтылады, соңын оқушы жалғастырады.
- Еңбектің наны тәтті, ............................
- Еңбек ерлікке жеткізеді,
- ............................................... .
- Еңбек етпеген, .......................
- Оқу инемен ...........................
- Жақсы адам- елдің ырысы,
.........................................................
1. Оқу инемен құдық қазғандай.
2. Еңбек ерлікке жеткізеді,
Ерлік елдікке жеткізеді.
3.Жақсы адам- елдің ырысы,
Жақсы жер-жанның тынысы.
ІХ. Жаңа сабақпен жұмыс
- Балалар, ендеше бүгін біз «Еңбекпен тапқан тиын» атты грузин халқының ертегісімен таныс боламыз.
Кіріспе әңгіме: Грузин ұлты - Грузия мемлекетінің халқы. Олар грузин тілінде сөйлейді. Грузия мемлекетінің астанасы - Тбилиси. Бұл ел мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым - қатынас орнаған.
Х. МҰҒАЛІМНІҢ ТҮСІНДІРМЕСІ
ХІ. Сөздікпен және дәптермен жұмыс:
Кәрілік - қартайып, қарт
Тірнектеп - еңбектеніп
Ымырт жабылған - қараңғы түскенг мезгіл
Бұлжытпай - екі етпей, айтқанын тыңдау
ХІI. Оқулықпен жұмыс: 1. Ертегіні рөлге бөліп оқу.
ХІII.Топпен жұмыс .Оқушылармен жүргізілетін шығармашылық жұмыстар:
1- топ: Ертегіні әрі қарай жалғастырып көр.
2- топ Ертегіні сахналаңдар.
3-топ Егер баланың орнында болсаң не істер едің ?
ХІV. « Идеялар себеті » стратегиясы
Ертегіге сүйеніп, мінездеме бергіздіру. Әке, шеше, бала
ХV. Жаңа сабақты бекіту:
Ой толғаныс.
- «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?
- Шыншыл ертегі. Себебі бұл ертегіде баланың ақшаны өз еңбегімен тапқаны жөнінде айтылады.
ХVІ. Ұжымдық жұмыс
 Осы ертегі мазмұнына сай қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Кім еңбек етсе, сол тоқ. т. б.
ХҮІІ. Жаңа сабақты қорытындылау:
«Соңғы сөзді мен айтам» стратегиясы
• Ертегінің аты
• Ертегі қай елдікі?
• Кейіпкерлері
• Ана мен баланың іс - әрекетіне өз көзқарасың
• Ертегі немен аяқталды?
• Нені үйрендің?
ХҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Ертегіні түсініп оқу
ХІХ Кері байланыс - Не білдік? - Не ұнады?
Ұнаған жері Қиын тиген тұстары Алған құнды ақпараттар

ХХ.Бағалау. Оқушыларды мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.