Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Еңбектің  наны  тәтті -

Еңбектің наны тәтті

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4477 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Спабекова Майра
Бәйдібек ауданы
«Бөген» жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Өзін-өзі тану пәні

3-cынып

Сабақтың тақырыбы: Еңбектің наны тәтті
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Міндеті: 1. Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
2. Еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту;
3. Еңбексүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, дәптер, оқулық, түрлі түсті қағаздар, қайшы, мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ, суреттер.

Сабақтың барысы:

Оқушылар бір-біріне сәттілік тіледі.
Сәттілік біздер тілейік,
Мен саған, сен маған.
Күндей күліп жүрейік,
Күннің нұрын төгейік,
Мен саған, сен маған.

Сәлемдесу
- Cәлеметсіңдер ме,менің сүйікті оқушыларым! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын!Біз тағыда кең және жарық сыныбымызға келіп тұрмыз.

Шаттық шеңбері
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.
Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз».
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Балалар шеңберге тұрады қол ұстасып бір–біріне жүрек жарды тілектерін білдіреді.Осы шеңбер аясында М. Дауылбаевтың «Біз бақытты балдырған» өлеңін қосылып айтайық.

«Біз бақытты балдырған» өлеңі
( М. Дауылбаев)
Жайнатар кең өлкені,
Болашақтың ертеңі,
Біз бақытты балдырған –
Ата-ананың өркені.
Алдыңғы сабақтарда біз өнер мен білімді игеру мен ақылды болу үшін көп еңбектену қажеттігі туралы қызықты шығармала мен таныстық.Адам еңбектің дәмін өзі тер төккенде ғана жақсы сезінеді. Бүгін біз осы туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу
Мына сауалдар арқылы өз ойымызды айтып, әңгімелесейік.
• Адамға еңбекқорлық не үшін қажет?
• Өз еңбектеріңнің жемісін көрдіңдер ме және қандай сезімде болдыңдар?

Мәтінмен жұмыс
Балаларға Б. Досымовтың «Маңдай тер» атты мәтіні оқылып, мәтін бойынша сұрақтарға балалардың пікірлері тыңдалады.

Маңдай тер Б. Досымов
Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да үйде отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішінде жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.
- Ата, «маңдай тер» деген не? – деп сұрады бірде Хамит.
Атасы ойға шомылды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері тереңдеді. Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді. Қолына күрек ұстатты:
- Қане, екі-үш рет қазып ал!
Өзі шеткерірер барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты. Хамит пора-пора болып терледі. Үйге келген соң да атасы жақ ашпады.
… Жылдар өтіп жатты. Көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс салды. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп қолына ұстатты. Сондай дәмді!..
- «Маңдай тер» деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі!

Хамит атасын құшақтап алды.
Атасы Хамитке «маңдай тер» дегенді қалай түсіндірді?
Еңбекқор адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Сергіту сәті
Еңбектің мәнін түсіндіру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады.

Еңбек Н. Жанаев

Гүл өсірсең терлеп, (Қолдарын кезек-кезек жолдары көтереді.)
Мұның аты – еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Кесте тіксең зерлеп, (Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді.)
Мұның аты – еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Қырға шықсаң өрлеп, (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.)
Мұның аты – еңбек.
Қиындықтан бәрін (Құшағын ашады.)
Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды.)

Дәйексөз

Ребус шешу арқылы сабақтың дәйексөзі табылады.
’5’ ң ’’ ’’’ ’’’ ’ ’’ ң
ы ’’ ә ’’’ ’’і

«Еңбектің наны тәтті»

- Әр адам өз еңбегінің нәтижесін көргенде асқан қуанышты сезімде болады, оны басқалардың таптауына жол бермеймін. Әркімге өзінің еңбегімен келген нәрсе ыстық және ең қымбат. «Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар» деген халық даналығы осыдан шыққан.

Тапсырма
Шығармашылық жұмыс арқылы
Жағдаяттарды талдау

Сабақта оқушылардың алған білім-біліктерін дамыту мақсатында жағдаяттар беріледі. Оқушылар берілген суретке қарап, еңбектің түрлерін анықтау беріледі және сол бойынша әңгіме құрастырып жариялайды.


















Жана ақпарат

Оқушыларға еңбек, еңбекқорлық сөздерінің мағынасын ашып түсіндіріледі.


Ортақ қасиет

Еңбекқор Еріншек

«Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады.»

Еңбек туралы мақал – мәтелдерді білесіңдер ме?

Ердің атын ... шығарады (еңбек)

.... етсең ерінбей, (Еңбек)
Тояды ... тіленбей. (қарның)

... наны тәтті, «еңбектің)
Жалқаудың ... тәтті. (жаны)

... өмір жоқ, (Еңбексіз)
Ауырсыз ... жоқ. (жеңіл)

... түбі зейнет. (Еңбек)
Мақал-мәтел, нақыл сөздердің барлығы Адам-жеке тұлға болып қалыптасуымыздың көмекші құралы және әр мақалдың өзі тәрбиенің көзі болып саналады.
Ойын « Аралар »
Балалардың денесін сергіту мен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатында «Аралар» атты ойын жүргізіледі.

Бір топ бала қол ұстасып, шеңбер жасап тұрады да, үш-төрт бала ортаға шығады.

- Баудағы кім?
- Олар – аралар.
- Ара болсың, ызыңда
- З-з-з, ж-ж-ж, з-з-з, ж-ж-ж!
- Жұмыс істе, тығылма!

Аралар бір-бірімен сөйлесе бастайды, қандай жұмыс түрін көрсететінін келіседі. «Жұмыс істе тығылма!»- деген сөзді естіген кезде тоқыма тоқығандай, ағаш жарғандай, оны аралағандай, еден сыпырғандай қимыл – қозғалыстар жасайды:

Топ-топ ара ұшады,
Үстімен де бұтаның,
Астымен де бұтаның.
Үстімен де бұтаның.

Балалар осылай әндетіп, аралардың қимылын қайталайды да: «Тап болсаң бір жалқауға, алып кел оны ортаға!»- деп хормен әндетеді.

Аралар осы сөздерді айта жүріп, өздерінің қимылын қайталай алмаған «жалқауларды» ортаға шығарады да, өздері солардың орнына барып тұрады. Енді шеңбер жасап тұрғандардың бәрі дауыстап әндетеді:

Әй-әй, жалқау бұл қулар,
Жалқауды тез қуыңдар!
Сөйтіп, сұқ саусақтарын шошайтып тұрып жалқауларды аластайды. Бұдан кейін ойын қайта басталады.

Тыныштық сәті.

Балалардың денесі, ойы тынықтырылады.

Балалар денелерінді түзу, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырайық. Көздеріңді жұмуғада болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сеземіз.Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтыламыз.

(Осылайша 2 минут отырады)Балалар, ойланып болсақ көзімізді ашайық.

Дәптермен жұмыс

Оқушылардың еңбек туралы ойларын тереңдету мақсатында дәптерде берілген Ертай Ашықбаевтың «Маңдай тердің жемісі» өлеңін оқып, мазмұнына сәйкес сурет салады.

Психологиялық дайындық.
Ойнап күліп аламыз,
Оқып білім аламыз.
Сөзжұмбақтар шешеміз,
Жетілсін деп санамыз.

Тақтаға ілінген Сөзжұмбақты шешу.

Е
Ң
Б
Е
К

1. «Маңдай тер» әңгімесіндегі қарияның аты. (Балабек)
2. Б.Досымовтың әңгімесі. ( Маңдай тер)
3. Суреттерде қандай тақырып айтылады. (Еңбек)
4. Балабек қария бақ ішіне не егеді (Жеміс)
5. Хамиттің көшет еккен құралы (Күрек)

Жаттығу-ойлану.

2-тапсырма: «Өз еңбегіңнің жемісі неліктен тәтті?» деген сұраққа жауап береді.

Балалардың жауаптары: «Өйткені……………..»деп басталады:

- Өйткені өз қолыңмен жасайсың.
- Өйткені өз күшіңді жұмсайсың.
- Өйткені қиналып, шыдап көресің.

Сабақ қорытындыланып оқушылар марапатталады.
Үйге тапсырма:
Қорытынды.

- Адал еңбек адамды қуанышты сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа, байлыққа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбекті бағалап, қадірлейік деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз! Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар! Сіздерге арнайы сыныбымыздың атынан жасаған жүрекшелерімізді қабыл алыңыздар!

Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.

Жүрекше арқылы бір – бірімізге жүрек жарды тілегімізді айтайық.Бәріміз бірге А.Меңжанованың «Болайықшы осындай» әнін қосылып айтамыз.

Күтілетін нәтиже: Ұлттық сана сезімі оянған парасатты, мәдениетті, мейірімді, еңбекққор және басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу болып табылады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.