Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Егінші мен қасқыр -

Егінші мен қасқыр

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1487 | Размер: | Автор: гость
. Шахтинск қаласы
Ә.Бөкейханов атындағы мектеп -лицей
Бастауыш сынып мұғалімі
А.Т.Когабекова

Тақырыбы: Егінші мен қасқыр
Мақсаты: Оқушыларға ертегі жайлы мағлұмат бере отырып, «Егінші мен қасқыр» ертегісінің негізгі идеясын ашу.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Стратегиялар: «Жүректен жүрекке»; «Ой толғаныс»; «ортадағы қаламсап»; «Болжау стратегиясы»;

Сабақ жоспары:
Сабақ кезеңдері
Уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Бағалау Ресурстар: осы әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?
Кіріспе
Психологиялық дайындық Ұйымдастыру кезеңі
Мақсаты: жағымды эмоция орнату

Топқа бөліну
«Дәнді дақылдардың түрлеріне қарай бөлу»
Мақсаты:
топта жұмыс жасауға үйрету
«Ортадағы қаламсап»
Мақсаты: Қызығушылығын ояту « Жүректен жүрекке» - Балалар, біздің жүрегіміз қандай?
- Жұмсақ, жылы, ақ.
- Ендеше, сол жүрегіміздегі жылылықты бір – бірімізге ұсынайық.
О, достарым, келіңдер,
Қуанып қазір қол соғам.
Мынау - менің жүрегім,
Одан бәрі басталады.
Мынау – менің басым,
Осы бәрін басқарады.
Мынау - менің оң қолым,
Мынау - менің сол қолым,
Жалықпаймыз, саспаймыз,
Сабақты біз бастаймыз!

Оқушылар дәнді дақылдардың түрлерін таңдап әрқайсысы өз орындарына отырады

Топ басшысын сайлайды.
Оқушылар қаламсаптарын ортаға жинайды. Мұғалім қай қаламсапты таңдаса, сол қаламсаптың иесі сұраққа жауап береді. 1. - «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы кімнің аудармасы? 2. – Жаз мезгіліндегі және қыс мезгіліндегі шегірткені салыстыр. 3. - Құмырсқа шегірткені неліктен илеуіне кіргізбеді? 4. - Өмірде шегірткеге ұқсап қалмас үшін қандай әрекет етер едің? 5.-Шегіртке мен құмырсқаның іс-әрекетін сипаттайтын мақал –мәтел айту
Оқулықтарын дайындау
Дәптерге күнді жазғызу
Сәлемдеседі, шаттық шеңберінде тұрып, бір-біріне өз тілектерін айтады


Оқушылар дәнді дақылдардың түрлерін таңдап алып, бірдей дақылдар бір топ болып, шағын топқа бөлінеді.Топ басшысын сайлайды.

Оқушылар қаламсаптарын ортаға жинап, сұрақтарға жауап береді.

Әдебиеттік оқу кітабын, дәптерлерін дайындайды. Күннің ретін жазады.



«Жақсы»

«Жарайсыңдар!»

«Бас бармақ»

«Бәрекелді!»

Жұмсақ жүрек ойыншық

Дәнді дақылдардың суреттері

АКТ

Оқулық
дәптер


Тұсаукесер
10 мин

«Ой - қозғау»
Мақсаты: тірек сызба арқылы топтастыру
Топтастыру әдісі
Ендеше күз мезгілі туралы ойымызды өткен тақырыптарға сүйене отырып тірек-сызба арқылы топтастыру

-салқын күн, күн қысқарып,түн түн ұзарады,молшылық жапырақтар сарғаяды,егін жинау,құстар жылы жаққа қайтады Күз мезгілі туралы ойларын өткен тақырыптарға сүйене отырып тірек-сызба арқылы топтастырады, постерде қорғап шығады Бас бармақпен бағалау

Оқулық АКТ Постер Маркер

Негізгі бөлім
20 мин

Қорытынды
Жаңа білімді игерту «Болжау стратегиясы »
Мақсаты: Ой белсенділіктерінің дамуына ықпал ету

Сергіту сәті

«Бірлесіп жұмыс істеу»

«Ой толғаныс»
Сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсатын айту.

Серпілген сауал
-Суретке ат қой. -Суреттегі тағамдар туралы білетіндерінді айт -Осы тағамдар дастарханға қалай келетіні туралы әңгімеле - Асты қадірлеу жайлы әдептілік ережесі; -Дастархан мәдениеті жайлы әңгіме айту(ас ішу кезіндегі).
Оқулықпен жұмыс.
Әр топ жеке-жеке іштей оқу.
Күзде жер жыртады----------------тырмалайды--------------тұқым әзірлейді---------------себеді----------------- күзде егеді--------------көктемде шығады------------күтіп-баптайды---------------піседі----------орады---------------баулайды--------------кептіреді------------маялайды---------------бастырады-------------------ұн тартады----------------қамыр илейді-----------------пісіреді-----------------нан
Сергіту сәтін жасау
Күн шапағын жаяды
Тербеледі егіндік.
Егін ектік дән септік
Нанға тойып керілдік.
Дәптермен жұмыс Ертегі мазмұнына сүйеніп өлең жолдарын құрастыру
-------------------------- жыртады,
--- --------------------- себеді.
-------------------------- орады
------------------------- илейді
Егінші мен қасқыр» ертегісі ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар? Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың? Пікіріңді дәлелде. Осы ертегі мазмұнына сай қандай мақал-мәтел айта аласыңдар
1 Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2. Ас атасы - нан.
3. Дастарханда наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ
4. Нанға құрмет - елге құрмет.
5. Нан – дастархан байлығы
6. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті. Дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Әр топ жеке-жеке іштей оқиды;

Оқушылар мәтінмен танысады, топта бірлесіп талдап, талқылайды, қорғайды.
Сөздікпен жұмыс жасайды.

Сергіту сәтін орындайды

Өлеңдерін дәптерлеріне жазады Әр топтың жазылған өлеңдерін жеке- жеке оқу

Тұрмыс – салт ертегісі. Себебі бұл ертегіде адамның күнделікті өмірінен алынған яғни нанның дайындалу тәсілі айтылған. Пікірлерін дәлелдейді
Мақал-мәтелдерін айтады


«Епті екенсіңдер»

«Жарайсыңдар!»

«Смайлик»

«Тамаша!»

«Өте жақсы!»


Сұрақтар жазылған парақ

Оқулық.

АКТ

Дәптер

Рефлексия
Мақсаты: сабақтан алған әсерлерін анықтау Екі жұлдыз бір тілек Стикерлер арқылы сабақтан не білгендерін және не білгісі келгендерін жазады. «Өте жақсы!»
Кері байланыс
Стикерлер
Үй тапсырмасы
Мәтінді оқу және мазмұндау 7 тапсырма Мәтінді оқып және мазмұндайды
Бағалау

Топтың бағалауы, мұғалімнің бағалауы

Топтың мүшелері бағалайды, мұғалім бағалайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.