.
.
Анкета Экология және біз
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1790 | Размер: | Автор: гостьОблыс,аудан,ауыл: Батыс Қазақстан облысы,Қаратөбе ауданы,Қаратөбе ауылы
№Мектеп: МКҚК «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасы
Пән мұғалімі: әдіскер
Аты-жөні: Утеғалиева Айгүл Жауынбаевна
Экология және біз
(педагогикалық ринг)
А.Ж.Утеғалиева
МКҚК «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасының әдіскері
Педагогикалық ринг-шаршы алаңдағы педагогикалық ой пікірлердің сайысы.Қатысушылар өз ойын еркін айтуға және айтылған пікірлерге толықтырулар мен түзетулер енгізуге құқылы.Сондай-ақ пікірсайыста белсенділік көрсетуге , өз әріптесінің ой пікірлерін сыйлай білуге ,дәйекті дәлелдемелер келтіруге міндетті.
Мақсаты: мектепке дейінгі саладағы экологиялық тәрбие берудің жетістіктері мен акемшіліктерін анықтай білуге үйрету.
Міндетті:
-экологиялық тәрбие берудің алуан түрлі жолдары бар екендігін түсіну;
-ойлау дағдысын қалыптастыру;
-өз көзқарасын дәлелдеуге тапқырлық, дәлдік және әзіл-қалжың сезімдерін пайдалана білу;
Өткізу әдістемесі: Әділ қазы алқасы тағайындалады.жүргізуші педринг ережесімен таныстырады.Қатысушылар үш топқа бөлінеді.екі топқа тапсырмалар беріледі.әр топ өз тапсырмасын орындайды.дұрыс болмаса қарсы топ толықтырады немесе жауп береді. Жауп бермеген топтың ұпай саны кемиді.Сұраққа дайындалуға 3 минут, жауап беруге 1 минут беріледі,.5 баллдық жүйемен бағаланады. Ең көп ұпай жинаған топ жеңеді.Қатысушылардың жауабы, іс-әрекеті және сөйлеген сөздерін бағалау өлшемдері:
-жалпы эрудиция;
-кәсіби білімі, біліктілігі, іскерлік дағдысы;
-кез-келген қияндықтан жол тауып шыға алуы;
-дәлдік, түсініктілік, нақтылық;
-педагогикалық такт, әзіл-қалжың сезімі, пікір сайыс жүргізе білу мәдениеті.
Талдауға ұсынылытын сұрақтар:
І.
Бірінші топ:
Әріптерден сөз құрастыр .және оның мағынасын түсіндір.(Экология сөзін қалай түсіндіресіз?)
Екінші топ:
Әріптерден сөз құрастыр .және оның мағынасын түсіндір.(Табиғат сөзін қалай түсіндіресіз?)
Үшінші топ:
Әріптерден сөз құрастыр .және оның мағынасын түсіндір.(Тәрбие сөзін қалай түсіндіресіз?)
ІІ. Педагогикалық сұрақтар
Бірінші топ:
А) Мектепке дейінгі ұйымдағы экологиялық тәрбие бойынша бірлескен жұмыс және тәрбиелеу түрлерін атаңыз.
Б) «Табиғаттың арыз кітабын» жаса.(табиғат арыз айтпау,осындай болмау үшін не істеу керек?)
Екінші топ:
А) Мектепке дейінгі ұйымдағы экологиялық тәрбие бойынша бірлескен жұмыс және тәрбиелеу түрлерін атаңыз.
Б) «Құмырсқа» тақырыбын балаларға түсіндірудің технологиясы жазыңдар
Үшінші топ:
А) Балалардың отбасыме жүргізілетін экологиялық тәрбие бойынша жұмыс түрлерін атаңыз.
Б) «Су»туралы экологиялық плакат құрастыру.
ІІІ.Педагогикалық жағдайлардың шешімдерін табу:
1.Орман алаңында 5 жастағы балалар көбелектерді аулап жүр.Ортасында ең кішкентай бала: «Көбелектердің қанатын жағу керек,»-дейді.Қасында өтіп бара жатқан ер адам: «Көбелектердің қанатын неге жағасыңдар?»-деп сұрайды.бала жауап береді: «Әшейін».
Сұрақ: Балалардың сондай қатігездін немен түсіндіруге болады?
Балаларға «Табиғатқа қамқор» деген ұғымды тәрбиелеу үшін қандай әдіс-тәсілдер қолдану керек?
2.Мерей анасымен балабақшадан келе жатыр.Анасына топта өсетін гүлдерге қалай су құйғаны туралы айтты.Бірақ анасы Мерейді тыңдамады.
-Сіз мені неге тыңдамайсыз?-деп сұрақ қойды да алға қарай жүгіріп кетті.
-Бұл не деген еркелік?!-анасы ашуланып, өсіп тұрған ағаштың бұтағын сындырып,Мерейдің қолынан ұрды.
-Сенің табиғатқа қамқорлығың кімге керек?Сенсіз де табиғатқа қамқор болатын адамдар жеткілікті.
Сұрақ: Мерейдің анасының қатыгез қылығының ақыры қандай болады?
3. Әкесі Аманға жаңа ойыншық әкеліп берді де: -сындырушы болма,қымбатқа сатып алдым»-деді.Сондай әдемі машина.Келесі күні Аман ойыншығын құшақтап,аулаға шықты.сыртта оны достары қоршап алды.Аман машинасын құшақтап тұрып, мақтана сөйледі.Балалар- берші көрейін,берші жүре ме екен,кел бірге ойнайық, Аман болса ойыншығын құшағынан шығармай ешкімге бермеді.балалар өз беттерімен ойынап кетті. Аман ойыншығын үйге әкеліп, төсегінің астына қойып,сыртқа шықса, балалар қызу ойын үстінде бірі арық қазып, екіншісі топырақ тасып қызықты ойын бастаған,Аман қатты қызығып, қастарына жүгіріп келіп,мен де ойнаймын деп еді ешбір бала көңіл бөлмей өз беттерімен ойнай берді.
Сұрақ: Кім кінәлі? Сен әкесінің орнында болсаң не істер едің?
ІҮ.Ұлылар ұлағаты – айдарымен өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
Бірінші топ:Бір тал кессең-он тал ек.
Екінші топ:Бұлақ көрсең, көзін аш.
Үшінші топ:Ағаштың жемісін жеймін десең , түбіне балта шаппа.
Ү. «Ойлан,жауап бер»:
1.Дүние жүзінде неше мұхит бар?
2.Қазақстанда неше қорық бар?
3.Қазақтар найзағайды басқаша қалай атайды?
4.Зілзала деген не?
5.Тосын жел қалай аталады?
6.Судың деңгейінен көтерілуі не деп аталады?
ҮІ.Мақалды жалғастыр.
Бірінші топқа:
1.Ақыл-дария алсаң да таусылмайды,
Жер-қазына ... (саусаң да таусылмайды.)
2.Аяз,әліңді біл...(құмырсқа жолыңды біл.)
3.Еріңді талап ұшырар.. (құсты қанат ұшырар).
Екінші топқа:
4.Көлдің көркі-құрақ
(Таудың көркі-бұлақ)
5.Сөз анасы-құлақ,...
(Су анасы-бұлақ.)
6.Диқан-еккенін жейді,...
(жылқы тепкенін-жейді.)
Үшінші топқа:
7.Судың да...(сұрауы бар)
8.Батар күннің... (атар таңы бар.)
9.Жалғыз еменге ... (жәй түскіш.)
ҮІІ.«Бес жолды өлең» өлең деп аталады.Бұл тәсіл бойынша талданып отырған мәселенің әр адам үшін түйіні болып есептелетін сөзі таңдалады.Бұдан мына ретпен ой қорытынды жасау сұралады:
1-ші жолда-түйіндеп есептелетін сөз зат есім жазылады.
2-ші жол-сол сөздің сипатын білдіретін 2 сын есімнен тұрады.
3-ші жолда- бастапқы сөздің қимылын білдіретін 3 етістік жазылады.
4-ші жолда-мәселеге қатысты сезімді білдіретін 4 сөзден тұратын тіркес.
5-ші жолда-бірінші жолдағы сөздің синонимі тұрады.
І топқа . Экология
ІІ топқа . Табиғат
ІІІ. Тәрбие
Қорытынды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.