.
.
Қызылорда қаласы Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы экономика пәнінің жоғары санатты мұғалімі- Ахметова Бану Бекишовна Экономиканың басты мәселелері
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5447 | Размер: | Автор: гостьЭкономика 5 сынып
Тақырыбы: Экономиканың басты мәселелері
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік мақсаты: Оқушыларды экономиканың басты сұрақтарымен таныстыру: Не өндіреді? Қалай өндіреді? Тауарлар мен көрсетілетін қызметті кім үшін өндіреді?
2. Оқушыларды түсінікті түрде дәстүрлі, командалық, нарықтық және аралас экономикамен таныстыру көзделеді.
2.Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың туған ел экономикасын дәріптеуі арқылы елжандылылық сезіміне әсер етіп,адамгершілікке баулу мақсаты қойылады.
3 Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың эконоикалық дүние танымдарын дамытып,экономика тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, «Экономикалық сөздік қоржыны», сұрақтары бар карточкалар, талқылау мен талдауға арналған ситуациялық (жағдайлық) есептер, оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Сабақ түрі: Жаңа білім берілетін аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Баяндау.Түсіндіру. Сұрақ-жауап. Дәптермен жұмыс. Топпен жұмыс. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі. Үш топқа бөлу. Аттарын қою. Экономика ғылымын үйрену барысында сендер қандай үш рольді орындайсыңдар? Топ аттары: 1. Жеке тұлға 2.Қызметкер.3. Тұтынушы.
2. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ- жауап арқылы жұмыс жүргізіледі. Оқушылардан экономика туралы түсініктері сұралады.
«Тірі сөйлем» ойыны .Тақтаға он бір оқушы шығады.Олардың әрқайсысы сөз жазылған карточкаларды алады (ғылым, экономика, қалай, зерттейтін,адамдардың , ресурстарды, бөлетінін, үшін, өз, қажеттіліктерін, қанағаттандыру) Бірлесе ақылдасып болғаннан кейін балалар: «Экономика –өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамдардың
ресурстарды қалай бөлетінін зерттейтін ғылым» деген сөйлем шығатындай етіп карточкаларын ұстап қатар-қатар тұрады.
3.Жаңа сабақ: Интерактивті тақтамен жұмыс. Тақырыбы: «Экономикадағы басты мәселелер».
Түсіндіру: Экономика грек тіліндегі йокос-шаруашылық және номос-заң сөздерінен шыққан. Экономика- шаруашылық және әлеумет пен қоғам берілген игілікті тіршілік ету жолына қалай кәдеге жарататынын зерттейтін ғылым.
Экономикалық ресурстар – табиғи ресурс немесе жер ресурсы ; еңбек ресурсы; капитал, кәсіпкерлік туралы слайдтар арқылы түсіндіріледі.
Экономиканың басты үш сұрағы: Не өндіреді? Қалай өндіреді? Кім үшін өндіреді? тақырыбында түсіндіріледі. Экономикалық жүйе типтері: Нарықтық, аралас, жоспарлы,дәстүрлі экономика терминдеріне шолу жасалады. Сабақты әңгімелесуден бастаймыз. Сұрақ: «Экономиканың басты мақсаты не? Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді жасау үшін не керек? Адам қажеттіліктері мен ресурстар туралы сендер не айта аласыңдар?»
Жауаптар: «Экономиканың басты мақсаты- қажеттіліктерді қанағаттандыру. Қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ресурстар керек. Адам қажеттіліктері шексіз, ал ресурстар шектеулі. Шектеулілік- әр адам керек болған нәрсенің бәрін ала алмайды, ол оның алатын ақшасына байланысты шектеулі. Кәсіпорындар ,фирмалар да ақшаны жұмсау мүмкіндігі жағынан шектеулі. Үкіметтің шығындары да шектеулі, себебі ел бюджетінің негізгі көзі- салық. Үкімет адамдар мен кәсіпорындарының төлеу мүмкіндігінен артық салық жинай алмайды. Сондықтан адам, кәсіпорын және мемлекет алдымен бірінші кезекте қажет қажеттіліктерді қанағаттандырады. Алдымен неге қолы жететінін таңдап, қалғандарын кейінге қалдыруы керек. Таңдау- шектеулі ресурстар қоятын талап.
Экономиканың міндеті- шектеулі ресурстарды пайдаланудың ең тиімді жолын анықтау. Осы міндетті шешу үшін үш сұраққа жауап табу керек: 1.Тауарлар мен көрсетілетін қызметтің қайсысын өндіру керек? 2.Осы тауарлар мен қызмет көрсетулер қалай өндірілуі керек? 3. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді кім үшін өндіру керек?»
Экономиканың бірінші сұрағы -НЕ? «Мектеп асханасы» социологиялық сұрастыруын жүргіземін.Үш партадан сұрастырушы 3 оқушы белгіленеді. 1.Сыныпта неше оқушы асхана қызметін пайдаланады? 2. Неше оқушы самса сатып алғысы келеді? Неше оқушы тәтті тоқаш сатып алғысы келеді? Біздің сыныпта қай тағамға ұсыныс көп? Асханада қай тауар көбірек сатылуы керек?
Экономиканың екінші сұрағы- тауарлар мен көрсетілетін қызметті қалай өндіру керек? Тауарларды әртүрлі жолдармен өндіруге болады. Мысалы, көйлекті өзіңнің қолмен, тігін машинасымен, ательеге тапсырыс беру арқылы тіктіруге немесе фабрика жұмысының дайын өнімін сатып алуыңа болады. Сергіту сәті: «Мақал ойла» Сұрақ: Қандай тамақ өнімін адам күніне үш реттен кем пайдаланбайды?(Нан- тамақтың атасы. Еңбектің наны тәтті.Нан болса, ән де болады.)
Үш топқа тапсырма беріледі. Мектеп асханасында түскі асқа 30 бөлке нан керек. Оларды мектеп асханасы жанындағы ас үйде, үлкен пеште және қамыр илеуіші бар нан зауытында пісіруге болады. 30 бөлке нанды ең тез және тиімді алу жолын анықтаңдар. Дәлелдеңдер. Әр топ өз ойларын айтады. Қорытындылап, ең дәлелді ойды атаймыз.
Экономиканың үшінші сұрағы: тауарлар мен қызмет көрсетулер кім үшін өндіріледі? Бұл сұрақтың бірнеше жауабы бар екеніне оқушылардың назарын аударамын. Мысалы, дәулетті адам машина сатып алып, оны міне алады. Аз табатын адам қоғамдық көлікпен жүреді. Егер адамның ақшасы тіпті аз болса, ол жаяу жүреді.
Сұрақ: Кез келген өндіріс үшін не қажет? Ел экономикасының қандай екені көп жағдайларда ресурстарға,
соның ішінде жер мен капиталға кім иелік ететінімен анықталады. Дәстүрлі экономика-жер мен капитал тайпаның ортақ иелігінде болып, ал шектеулі ресурстар қалыптасқан дәстүрлермен бөлінетін экономикалық өмірді ұйымдастыру жолдары. Дәстүр –бұл ұрпақтан-ұрпаққа өтетін, алдынғы ұрпақтан мұраға қалатын нәрсе. Мысалы: Отбасыдағы ата-аналар дәрігер болды, ал кейін осы кәсіпті балалары мен немерелері игеріп алды Бұл- отбасылық дәстүр. Әлсіз дамыған елдерде дәстүрлі экономика көбіне ауыл шаруашылығында бүгіндері де сақталып отыр.Үш сұрақ бойынша шешімді тайпада қолданылып жүрген дәстүр бойынша қабылданады.
Әміршіл экономика- капитал мен жер нақты түрде мемлекет меншігінде болатын экономикалық өмірді ұйымдастыру тәсілі, ол сонымен қатар барлық шектеулі ресурстарды бөледі.Үш сұрақ бойынша шешімді үкімет шығарады.
Рыноктық экономика- Жер, капиталға жеке адамдар иелік етеді. Шешімді сатып алушылар мен сатушылар қабылдайды.
Аралас экономика-жер, капиталға жеке адамдар иелік етеді.Шешімді сатып алушылар мен сатушылар, сонымен қатар мемлекет те шығарады..
Жаңа сабақты бекіту: Дәптермен жұмыс. Жаңа сабақта не түсіндің? Шағын эссе жазу тапсырылады. Жаңа экономикалық сөздер оқушылардың есінде сақталуы үшін сегіз оқушыны тақтаға шақырып «Серігіңді тап» ойыны жүргізіледі.Экономикалық жүйе типтерінің белгілерІ жазылған карточкалар бойынша әр оқушы өз серігін іздеп табады.
Жаңа сабақты қорытындылау: 1.Үй шаруашылығын дұрыс жүргізу ережелері- Жауабы-экономика
2.Табиғи, жер; Капитал; Еңбек ресурсы; Кәсіпкерлік.- Бір сөзбен қалай аталады? - Жауабы- Ресурстар
3.Экономиканың сұрақтары-Жауабы: (Не өндіреді? Қалай өндіреді? Кім үшін өндіреді?)
4. Ресурстар шектеулі, не шексіз? Жауабы: Қажеттілік
5. Дәстүрлі; Әміршіл; Нарықтық-Рыноктық; Аралас экономика Бұлар экономикада қалай аталады?-Жауабы-Экономикажүйелері 6.Не өндіру керек? Шығарылған, қолға түскен заттарды қалай өндіру керек деген сұрақтар тайпада қолданылып жүрген экономика қалай аталады? ( Дәстүрлі экономика)
7. Қандай экономика кезінде жер мен капиталдың иесі мемлекет болады? 8. Шаруашылық сұрақты сатып алушы мен сатушы шешетін экономика қалай аталады? 9.Аралас экономика туралы баянда. (Оқушылар ауызша айтады.)
Сабақтың қорытындысы «Экономикалық сөздік қоржыны» -экономикалық терминалогиялық сөздер қоржыны бойынша оқушылар жаңа экономикалық сөздердің ұғымына шолу жасап, экономикалық ой-өрістерін дамытады.
Үйге тапсырма: «Экономикадағы басты мәселелер» тақырыбында жан-жақты ізденіп, түсініктерін айтады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.